Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Авторлық бағдарлама "Жұмекентану"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Еңбекші орта
мектебі
Қазақ тілі пәнінің
мұғалімі
Әмірханова Сара
Бекетқызының
«Жұмекентану» авторлық
бағдарламасы
Жалпы орта білім беретін мектептің 10
-сыныбына арналған
Авторы: Әмірханова Сара
Бекетқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі,
Филология
магистрі
Авторлық бағдарламаның
презентациясы: «Жұмекентану»
(PDF)
Әмірханова Сараның «Жұмекентану» бағдарламасы
жерлес қаламгер
Жұмекен Нәжімеденовтің әдеби мұрасын түгел танып,
тәлімдік мәні бар шығармаларын терең оқытуға
арналған.
Мектепішілік сараптау комиссиясында қаралып, пайдалануға ұсынылған
Хаттама №______ « _________ » ______
Сараптау комиссиясының төрайымы : Ф.Қаусова
Пікір жазған бірлестік жетекшісі : Г.Сахипова
ПІКІР
Әмірханова Сараның «Жұмекентану» бағдарламасы жерлес қаламгер Жұмекен Нәжімеденовтің әдеби мұрасын түгел танып, тәлімдік мәні бар шығармаларын терең оқытуға арналған.
Қазіргі заман талабына сай қазақ тілі мен әдебиетін жете меңгеру үшін өз ұлты мен тіліне деген оқушыларлдың сүйіспеншілігін арттыру үшін бағдарламаның маңызы зор.
Жұмекеннің ақындық,күйшілік , жазушылық шығармашылығына көңіл бөлініп, зерттеу мақалаларымен сабақтаса берілген.
Оқушыларға Мемлекеттік Гимн авторларының бірі Жұмекен жайлы терең білім беруге, ой-өрісін кеңейтуге негізделген.
Пікір жазған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің бірлестік жетекшісі : Г.Сахипова
Түсінік хат
Әдебиет – сөз өнері. Әдебиет пәні де өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы»деуге болады.Әдебиет пәні арқылы жеке тұлғаның рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден, елін, азаматты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Ақын әр уақытта да әділетсіздікпен күресудің кепілі — өз бойындағы адамгершілікті сақтай білу, — деп түсіндіреді. Жұмекеннің адамгершілік тақырыбына жырлаған шығармалары – адамды әділетсіздік тұсында күреске, қатер тұсында жауапкершілікке шақырады. Жұмекен поэзиясының азаматтық үні де осында. ҰБТ – де қазақ әдебиеті пәнін кейбір оқушылар таңдап, сынақ тапсырды. Онда әдебиеттен жалпы мектеп курстарының тақырыптары қамтылған, ұсынылған бағдарламада оқушының әдебиет пәніне деген қызығушылығын арттырады, сынаққа дайындықта білімін шыңдайды, толықтыра түседі.Берілген бағдарламада Жұмекен шығармалары мен қатар әдебиет теориясының мәселелері де толық қамтылған.Жұмекен тек қазақ әдебиеті тарихында емес, бүкіл қазақ халқының тарихындағы үлкен де ерен құбылыс. Тамаша ақынның ,кемеңгер ойшылдың, дарынды сазгердің өмірімен қайраткерлігі тарихи жағынанда әдебиет тұрғысынан да өте қызық. Сондықтан элективті курстың басты мәселелерінің бірі-жасөспірімдерді Жұмекен өмірі, шығармашылығы арқылы тәрбиелеу, олардың Жұмекен шығармаларын оқуға деген құштарлығын, белсенділігін арттыру, дамыту.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Қоғамның негізгі мақсаттарының бірі-мектеп қабырғасында қабілеті анықталған жастардың талаптарын дамыту» керек екен іайтылған.
Осы орайда Жұмекентану элективті курсын жүргізудің қазақ әдебиеті пәні бойынша болашақта білімін жалғастырғысы келетін мектеп оқушылары үшін мәні зор.
«Жұмекентану» бағдарлы курсының мақсаты мен міндеті:
Мақсаты:
Білімділік: Қасиетті Құрманғазы даласының төл перзенті, жерлес қаламгер Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту.
Дамытушылық:Жыр жиһазына айналған Жұмекен поэзиясы мен прозасынның өзіндік ерекшелігін ұғындыру, Жұмекендікпін деп отырған әрбір балғын шәкірттің жүрегіне жерлес қаламгеріміздің даралығын танытып, шығармаларымен терең таныстыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға баулу, әндерін,күйлерін үйрету.Романдары мен поэмаларын талдау,сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Жұмекен поэзиясы мен прозасының тереңдігін сезіндіру адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру,
Міндеттері:
1.Жалпы білім беретін 10-сынып оқушыларының әдебиетке деген көзқарастарын қалыптастырып, тәрбие құралы ретінде пайдалану, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру.
2.Теориялық білімдерін практикамен үштастыру, жаңа тақырыптармен таныстыру, ақынды жаңа қырынан таныту.
3.Қазақ елін әлемге танытатын Мемлекеттік Гимн авторларының бірі-Жұмекен шығармаларын зерттеп, зерделеу-жас ұрпақ парызы және мәнгілік жалғасатын іс екендігін ұғындыру.
4.Таңдау курсына ден қоюына байланысты оны болашақ әдеби зерттеу еңбектерінде пайдалана отырып, мұғалімдерді даярлау
ісіне пайдалану әдіс- тәсілдерін анықтау. Еңбекқорлыққа, саналылыққа тәрбиелеу. Жұмекен шығармаларының таралуын насихаттау.
Бұл курс аптасына бір рет, барлығы-34 сағатқа жоспарланған. Курс сабақтары әр түрде өткізіледі: «Ашық ойлар» сабағы, семинар сабақ, «Пайымдау» сабағы, сайыс сабақ, шығармашылық-ізденіс сабақ,саяхат сабақ т.б. Жұмекен шығармаларын оқыту қарапайымнан күрделіге қарай оқыту негізінде жасалған.Оқыту оқушы түсінігіне жақын және лайықты ұғымдардан басталады. Балаларға үнемі бағыт-бағдар беріп, өз бетімен ізденіп жұмыс жасау үшін қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады.
Күтілетін нәтиже: «Жұмекентану» элективті курсы бойынша жеке тұлға төмендегі білімдерді меңгеріп шығулары керек: Жұмекен өмірбаяны; Жұмекен өмір сүрген ортасы; Жұмекен туыстары, отбасы жөніндегі мәліметтер; Жұмекен жайлы зерттеулер; Жұмекен мұрасының рухани көздері; Жұмекен және өнер; Жұмекеннің балаларға арналған өлеңдері ;Жұмекеннің прозалық шығармаларына талдау жасай білу; Жұмекеннің ойшылдығы мен күйші-сазгерлігі.
Бағдарламаны оқытудағы қойылған мақсатқа жету әдістері:
1.Тақырып бойынша талдау жасау,курстың мақсаты мен міндеті,аталу себебіне талдау жасау.
2.Мектеп,ауыл,аудан кітапханаларындағы ғылыми және көркем әдебиеттеррді,ғаламторды басшылыққа алу.
3.Ж.Нәжімеденовтың поэзиялық және прозалық шығармаларымен таныстыра отырып,шығармашылықпен жұмыс жасай білуге, пәнаралық байланыс жасауға ,тапсырмаларды өзбетімен орындай білуге үйрету.
4.Ж.Нәжімеденовтың әр саладағы шығармаларының өн бойы-тәрбиелілік,имандылық,парасаттылық.Жеке тұлғаның қаламгермен рухани жақындасуына ықпал ете отырып,өлеңдері мен прозалық шығармалары арқылы игерілген білімнен тәлім-тәрбие алу,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар:
1.Тақырыптың мақсаты мен міндетін толық ұғыну.
2.Кітапханалармен байланнныс жасап,ғылыми еңбектермен танысу.
3.Өлеңдерін стильдік,тақырыптық тұрғыда және өлең құрлысына. талдау жасай білу.
4.Прозалық шығармаларын тілдік тұрғыда және образдық талдай білу.
5.Кейіпкер мен қаламгердің өзіндік ұқсастықтарын ұғына білу.
6.Жұмекен шығармаларын жатқа айта білу және шығармаларынан тәлім-тәрбие алу.
«Жұмекентану» элективті курсының мазмұны.
1-сабақ. Жұмекен Нәжімеденовтың ғұмырнамасы.Жұмекеннің 1935 жылдың 28 қарашасында Атырау облысы теңіз ауданы Қошалақ ауылына қарасты «Ашақ» деген жерде дүниеге келуі .Әкесі Сабыржанның 1940 жылы әскерге алынуы,Отан соғысында қаза болғандығы;Жұмекеннің атасы мен әжесінің ,анасының тәрбиесінде өсуі;Атасы Нәжімеденнің ақын,домырашы, ел алдында беделді,адамгершілігі мол адам болғандығы;
2-сабақ. Азаматтық,, ақындық қалыптасу ортасы.Жұмекннің Нұржау орта мектебін үздік бітіргендігі,алғаш еңбек жолын «Қызыл оба» селосындағы мектеп интернатында тәрбиеші болып бастауы ;Жұмекннің күйшілігі,оқу іздеп Алматыға баруы,Қарағандыда шахтада жұмыс жасауы.Таланты домбырашының Алматы консерваториясының халық аспаптары факультетіне оқуға түсуі;Табиғатынан таланты Жұмекеннің ақындық жолды таңдауы.
3-сабақ.Жұмекен лирикасы және кейіпкерлері.Ж.Нәжімеденовтың 60-80 жылдар аралығында қазақ поэзиясына өзіндік үн қосуы;Табиғи талантты еңбекқорлықпен ұштастыра отырып лирика биігінен көріне білуі;Ақынның лириклық қаһарманы –интеллект,халық мүддесін ойлаушы;Жұмекен лирикасының заман дүбірімен үндесуі;ақын шығармаларындағы ерекше қадірленетін кейіпкерлердің бірі- өз әжесіне деген махаббаты-жалпы әжелер әлемін әлдилеуі;
4-сабақ. Жұмекеннің туған жер тақырыбындағы жырлары. Туған жерге арнаған шығармалары арқылы жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру.Құрманғазы ауданындағы елеусіз кішігірім Қошалақ құмының бүгінде республика жұртшылығына Жұмекен жырлары арқылы танылуы; «Қошалақ»,, «Туған жер», «Менің қағбам»,, «Алыстағы ауылда», «Дыңғызыл» т.б өлеңдеріндегі ауыл суретін табиғи ,қарапайым қалпында жарқын жырлауы.
5-сабақ. Жұмекен және балалар поэзиясы .Бала- болашақ өмір жалғасы.Ақынның ең нәрлі жыр шумағын- перзенттеріне арнауы; «Ұлым,саған айтам» жинағының барлық әкелер жүрегіндегі сүйіспеншілікті дөп басып айтуы,Табиғатпен қатар балаларды қорғау ,аялау әр ата-ананың парызы болса,баланың да ата-ана сенімін ақтау керек екендігін ақынның мазмұнға толы шағын өлеңдері арқылы меңгерту,
6-сабақ. «Кішкентай» романының кейіпкерлері және тіл өрнегі.“Кішкентай”романының негізгі тақырыбы – соғыстан кейінгі жылдардың ауыртпалығы, ауыл адамдарының қажымас қайраты, ел тірег бол білуіі; Романдағы кейіпкерлердің өмірде болған адамдар екендігі- Әжімгерейдің прототипі- Жұмекеннің өз атасы- Нәжімеден.Әжімгерейдің кемпірі-өз әжесі.
Сейсімет- Хисмет есімді ауылдастарыныңбірі.,Идаят-өзі;Романнансиноним,антоним,омоним,тұрақты сөз тіркестері мен мақал- мәтелдерді тауыпталдау жасауға үйрету,
7-сабақ. Жұмекеннің шығармашылығы.
Ақын шығармашылығының 3 кезеңге бөлінуі,Біріншісі-«Балаусадан» -«Ақ шағыл» романына дейінгі кезең,екіншісі-прозаға ден қойған жетпісінші жылдар,үшіншісі-«Жеті бояудан»басстап өмірінің ақырына дейін поэзия аспанында шарықтауы;Алғашқы өлеңдер жинағы- «Балауса», 1961-1972жылдар аралығындағы жинақтары,«Жоқ ,ұмытуға болмайды» поэмалар жинағы мен «Жарық пен жылу»өлеңдер жинағының-сыйлыққа ие болуы;Жұмекен 14 дастан,3роман,2 повест авторы.
8-сабақ. «Менің Қазақстаным» әні және Жұмекен.
Жұмекен жырының бар қазаққа ортақ қазына екендігі,Жұменкн өлеңінің Шәші әуенімен бірігіп,қазақ ұлтының ұлы гимніне айналуы,өнер құдіреті; «Біздің ел бақытты,біздің ел осындай»деп жырлаған Жұмекен ақынның елінің жүрегінде мәңгілік орын табуы;
9-сабақ. Жұмекен шығармаларындағы еңбек тақырыбы.Игілік пенжақсылықтың бәрі-еңбек арқылы келетіндігін ақын шығармалары арқылы ұқтыру,Жұмекн еңбекті-адамның жоғарғы қасиеті деп санайды,Еңбек тақырыбына арналған бір топ өлеңдер«Шахта туралы есте қалғандардан» деп атлатындығы,осыөлеңдері арқылы жер асты жұмысының суреттерін елестете отырып,ебекқор болуға тәрбиелеу;
10-сабақ. Ақынның өнерді дәріптеуі. Жұмекен -өнерпаз,домбырашы-күйші,Адамға рухани нәр беретін-өнер тарапындағы еңбегк екендігін ұғындыра білу,Өнерпаз ақынның күйлерді нақышына келтіре орындай отырып,саз өнерін де нақышына жеткізе жырлай білген;Ақынның өнер тақырыбындағышығармаларының оқуш ыжүрегінен жол таба алатындығы;
11-сабақ. Ақынның көңіл-күй лирикасы. Көңіл –күй лирикасы да лириканың ірі салаларының біріЖұмекен ақын да өз көңілімен,өзімен-өзі болып,толғанады,Жұмекен-сыршыл ақын. «Қоңыр дәптер»топтамасын-көңіл-күй өлеңдерінің жиынтығы деуге болады.
12-сабақ. Жұмекен поэзиясындағы монологтар. Монологтың өзі ақындық өнердің даралық сипатын танынытатындығы,Жұмекен монологтары бейбітшілікті,жер тағдырын,Отан,туған жер,халық тағғдыры,өнерді, эстетикалық парызды толғауы ;халық өкілі ретінде халық жүрегіндегі толғанысты дөп басып айтуы, «География»монологіне талдау жасау;
13-сабақ. Жұмекеннің балладалары .Жұмекеннің жетпіске жуық баладаларыбар.Оларды екі топқа бөліп қарастырамыз: біріншісі:-аңыз сюжетке құрылған балладалар,Екіншісі қазіргі заман бейнесі,моральдық тақырыпқа құрылған;Бірінші топтағы балладалардың негізгі тақырыптары ескі заман көріністері,махаббат ,туған жерге деген сүйспеншілік,ерллік,адалдық,ар-намыс,өнер екендігі;екінші топтағы балладалардың тақырыбы-соғыс жылдарынан көріністер мен экологиялық жайларды қамтуы;
14-сабақ. Жұмекен балладаларындағы ауыл экологиясы .
Қазіргі кездегі үлкен проблемма-бұл ауыл экологиясы.Жұмекеншығармаларындағы табиғатты қорғау ,оның сұлулуғы мен қасиетін сақтау негізгі идеялардың жиынтығы екендігі,Ауа ,су ,жер,жалпы тіршілік аясын уландырмау керек екендігі ақын шығармалары арқылы меңгерту,Ақын табиғат пен өркениеттілік бірін –бірі толықтырып отырса деген арман-тілегін ұсына отырып,оқушысына кемел ой тастайды;
15-сабақ.Жұмекен балладаларындағы адамгершілікті дәріптеу.Адамның азаматтық ,адамгершілік негізі-Ар.Барлық істе туындаған ойды Ар –басқарып,саралайды,жүйелейді;Жұмекен шығармалары арқылы адамгершілігі мол ұрпақтар тәрбиелеу;
16-сабақ.Жұмекеннің дастандары.Алпысыншы жылдарда ақын қаламынан сегіз дастан туындаған,Жұмекен дастандарын :Алғашқы дастандар,Майдан тақырыбындағы дастандар,Публицистикалық дастандар,,Философиялық дастандар,Тарихи дастандар деп бөліп қарстырамыз;
Ақынның дастандарынан тәлім алу;
17-сабақ. «Кішкентай » -шағын дастан.
«Кішкентай» дастаны- «Балауса» жинағына енген дастан.;Бұл-қазақ халқының өнері,өнерпаз жасы туралы шығарма.Толғау бірінші жақта баяндалады;Лирикалық кейіпкердің Асан бабадай ой қозғауы,ғажайып тіршілікті армандауы арқылы өнер биігіне ұмтылуының шебер суреттелуі;
18-сабақ. «Ән бұлағы» поэмасы.
Жұмекеннің алғашқы поэмалрының бірі-Жұмекен.Қазақ өнерінің саңылағы Естайдың «Хорлан»әні негізінде жазылған бұл поэма ;тарихи тұлғалардың адалдығы мен махаббатқа беріктігін- адамдықтың басты қасиеті деп есептеуі,адамзат сезімінің туын биік ұстап,жастарды адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге үйрету;
19-сабақ. «Менің әкем» поэмасы
«Менің әкем»-лирикалық- публицистикалық поэма.
Шығарма тоғыз тараудан тұрады,Ақын қазақхалқының өміріндегі тарихи кезеңдерге шолу жасайды,,халық тағдырымн байланыстырады ,шығарманың қазақ өміріне арналғандығы; «Әке-казақ образы»-осы дастанның діңгегі екендігін ұғындыру;
20-сабақ Жұмекен жырларындағы ана тақырыбы
Ана тақырыбы-ақын шығармашылығында ерекше орын алатын тақырыптың бірі;Ана алдындағы борышты ақтауды ақын «Ақ сүт»атты балладада кеңінен ой өрбітеді,Баллада кейіпкері ана мен бала,ананың ақсүтін ақтау қиын парыз екендігін ұғындыру,жас жеткіншектерге үлкен ой тастау;Ананы қадірлеу-Отанды қадірлеу деп түсіну;
21-сабақ «Даңқ пен Дақпырт» романы.
«Даңқ пен Дақпырт» романының басты кейіпкері өнер адамы –Идаят,Жұмекеннің өзі.Шығарма екі бөлімнен тұруы:біріншісі-Даңқ,екіншісі-Дақпырт бөлімі;Өнерден өз орынын таба алмай Идаяттың өнер жолындғы өмірінің шынайы бейнеленуі;Романды сатылай кешенді түрде талдй білуі;
22-сабақ «Қошалақтың қоңыр ұлы» (эссе жазу)Халқымыздың сыршыл да ,ойшыл,философ ақыны Жұмекен жайлы сыр-толғау.
23-сабақ.Жұмекен шығармаларындағы өлең өлшемдері.Өлеңдегі негізгі қуат,негізгі күш- ырғақ..Жұмекен қазақтың өлең өлшеміндегі дәстүрін жалғастырушы ретінде 6,7,8,9,11 буынды қолданған,соңғы шығармаларында 14,15,16,18 аралас буындарды қолдану арқылы қазақ поэзиясының өлең өлшеміне өзіндік жаңалықтар енгізуін мысалдарымен түсіндіру;
24-сабақ. Жұмекен және Чили тақырыбы
Жұмекеннің интерноционолист ақын екендігіи дәлелдейтін шығармалары-Чили тақырыбына арнаған өлеңдері;Чили халқының ауыр жағдайына арнаған «Чили,Чили»атты өлеңі еді;Жұмекен Чили халқына өз жырлары арқылы күрес жолыеда мойымауға шақырды;
25-сабақ .Жұмекеннің жаңа дастандары .
Жұмекеннің жаңа дастандарөмір шындығын бейнелейді,сексенінші жылдарда жарық көрген «Ашық аспан», «Шуақ», «Қыран қия», «Менің топырағым»-дастандары-өмірді шынайы бейнелеген шығармалар екендігі;
26-сабақ. «Ақ шағыл » романы. Романдағы ауыл өмірінің суреттелуі;Соғыстың аыл өңіріне тигізен зардабы жайлы әңгімелеу;шығармададағы елді -мекен атауларына көңіл аудару;
27-сабақ. Жұмекен өлеңдеріндегі дала мен табиғат суреті
Жұмекен-дала перзенті.Ол-табиғат аясында тәрбиеленіп,құмда өскен ақын;Ақын табиғат құбылыстары мен дала суретіне көптеген төл туындыларын арнады;Ақынның бір топ өлеңдері-тау мен құмға арналғандығы, Табиғат-тәрбиеші,өйткені бәріміз де табиғат перзенттеріміз екендігін ұғындыру
28-сабақ Жұмекен поэзиясындағы көркемдегіш құралдар.
Ақын сөзді құбылтуға ерекше мән берген ,Жұмекеннің метафора,символ,метонимия,синекдоха,пернелеу тб көркемдегіш құралдарды қолдану ерекшелікт ері бірден байқалады.Жұмекеннің өлең қисынын өзінше өруі,шығармашылық ізденістегі жаңашылдығын дәріптеу;
29-сабақ. «Жұмекен -жыр жиһазы» шығарма
Оқушылардың «Жұмекентану » дәрісінен алған ой-өрістерінің деңгейін байқау; жазу стилін көркемдігін бағалау; ой еркіндігіне, тіл ерекшілігіне, терең ойлылығына мән берілуі;
30-сабақ. Жұмекен және өлең философиясы.
Жұмекен философ ақын,ол-поэзияғафилософиялық толғаныстар әкелген ақынӨмір-күрес деген философиялық опікірді — өз ұстанымы ете отырып,оқырманды да жақсы өмір сүре білуге шақырады;
31-сабақ. «Тамырлары тереңде,бұтақтары биікте» (ой толғау).
Ақын-шындықты жырлаған қайсар жыр иесі,ақын-шалқыған шабыт иесі,жыр бәйтерегі.Жұмекеннің ешкімге ұқсамайтын дара тұлға екендігін ұғыну,жұмекен жайлы ой толғау;
32-сабақ . Жұмекен жайлы естеліктер
Жұмекен шығармашылығын зерттеуші ғалымдардың еңбектерімен тныстыру,ақын-жазушыларрдың естеліктерін жинап,альбом жасақтау
33-сабақ. Жұмекеннің жанұясы, ұрпақтары.
Жары –Нәсіп Мұстаққызы,Ұрпақтары:Қызы- Сайда Ұлы-
Мағжан,жайлы деректерге тоқталу,оқушыларға жанұялық суреттерін, таныстыру;,ақынның өз перзентері мен жарына арнаған шығармаларын да меңгерту
34-сабақ. «Жұмекен және әдебиет» сынақ –тест
«Жұмекентану» курсынан өткен білімдерін саралау мақсатында төмірі мен шығармашылығна тест жүргізу,оқушыларға тест дайындату.
«Жұмекентану» элективті курсының бағдарламасы
Р/с |
Сабақтың мазмұны |
Сағат саны |
|
1 |
Жұмекен Нәжімеденовтың ғұмырнамасы |
1 |
|
2 |
Азаматтық,, ақындық қалыптасу ортасы. |
1 |
|
3 |
Жұмекен лирикасы және кейіпкерлері. |
1 |
|
4 |
Жұмекеннің туған жер тақырыбындағы жырлары. |
1 |
|
5 |
Жұмекен және балалар поэзиясы |
1 |
|
6 |
770 ₸ - Сатып алу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |