Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Авторлық бағдарлама "Мамандық таңдау" 9 сыныпт
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Қ.Билялов атындағы гимназия
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Авторлық бағдарламанын тақырыбы:
Мамандық таңдау
Дайындаған: технология пәні мұғалімі
Ш.М. Кожахметова
Ұсынамын: Қ.Билялов атындағы гимназия директоры
М.Сағатбеков
Қаралды: Тарбағатай аудандық білім беру бөліммінің
жанынан құрылған шығармашылық топ
Бекітемін: Тарбағатай аудандық білім беру бөліммінің
әдістемелік кабинет меңгерушісі
Н.Құрманғалиева
Ақжар
Кіріспе
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің өркендеп дамуы үшін «2050 жылға арналған стратегиялық бағдарламасы» халық талдауына түсіп, еліміздің болашағына айқын-сара жолға бағыт-бағдар беріп отырғаны белгілі. Стратегиялық бағдарлама еліміздің болашағын жеті күрделі бөлімдерге бөліп, осы салада жастарға білім беру мәселесіне ерекше тоқталды. Аға буын салған қоғамды дамыту үшін жеріміздің кеңдігі, қазба-байлықтың молдығын пайдаланып, оны өндіріп-өңдеу, іске асыру үшін еліміздің тірек күші- жастары еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін, білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін, қоғамдық сұраныстарға жауап беретін кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына, мектеп табалдырығынан бастап өмір талабына сай кәсіптік бағыт бағдар беру, болашақ мамандығын дұрыс таңдауна педагогикалық қолдау жәрдемдесу керек.
Мамандық таңдау - жауапты да күрделі іс-әрекет. Кәсіп пен мамандық ұғымдарын қамтитын түрлі қызмет салалары өте көп. Тек кәсіптік техникалық оқу жүйесінің өзінде ғана 1500 - ден асатын кәсіптің түрі бар. Ал, жалпы қоғамдағы мамандықтың қазіргі кезде 30 мыңнан асады. Атақты ұстаз Ахмет Байтұрсынов; «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек»,-деп ұлы өсиет қалдырғаны белгілі.
ХХІ ғасырды білімділер ғасыры десек, ғылым мен білім саласында еңбек ететін жастарымыздың алдында үлкен жауапкершіліктер тұр. Демек, сол жастарға кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына бағдар беру – басты мақсатымызға айналуы керек. Осы мақсатты іске асыру барысында төмендегі бағдарлама құрастырылды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты:
Оқушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттыру, мамандық таңдаудың мағынасы мен мәнін түсіндіре отырып өз бойындағы бейіндік қасиеттерімен ұштастырып өзін өзі дұрыс анықтай білуіне, және қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын мамандықты таңдауға даярлау
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
- оқушы тұлғаны қалыптастыру және дамыту (соның ішінде қызығушылығы,
икемділіктерін, мінезін, тұлғаның моральдық сапасын және бағытын);
- икемділіктерді қалыптастыру және дамыту туралы әңгімелесу, белгілі бір кәсіпке
(мамандыққа) қарама қайшылықтар туралы түсіндіру;
- практика кезінде әрбір оқушы өздерінің кәсіптік қызығулары және
икемділіктерін тексеруге жағдай жасау;
- оқушыларды Республикадағы, аудандағы, қаладағы негізгі жұмыс түрлері мен
таныстыру;
- әрбір кәсіптің ауыл шаруашылығы және мәдениеті, кез келген кәсіпті
құрметтеуді, оқушыларды аудан, қала, Республиканың еңбек сіңірген
адамдарымен таныстыру;
- белгілі бір кәсіп және мамандық қоятын білім, іскерлік, дағдыны сипаттау, ауыл
шаруашылығы жұмыс үшін қандай ақыл ой, күш-жігерлік
тапсырмаларды және икемділіктер қажет екенін анықтау;
-таңдаған кәсібін және жүмыс барысында алда кездесетін қиындықтарды игеру
мүмкіндіктерін көрсету;
- еңбек жағдайы және сипаты, қоғамдық өзара қарым-қатынастар,
қызығулықтар және жұмысшылар жалақысы туралы ақпарат беріп отыру;
қазіргі кезде жаңа техника мен технологияның енуіне байланысты әр кәсіптің
еңбек жағдайы, сипаты өзгерулерімен таныстыру;
оқушыларды мамандық таңдауға сүрақтар бойынша консультациялар беру;
- бітірушілерді мектеп бітіргеннен соң да оқу және жұмыс нәтижелері
ақпаратын талдау және талқылау:
Курс жүктемесінің көлемі:
9 -сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат
Күтілетін нәтиже: Кәсіптік бағдардың жүргізілуі, оқушылардың қазіргі кездегі сұранысқа сай еңбек етуі болып отыр. Ол мектеп қабырғасын бітірісімен белгілі мамандық алмаса да мамандыққа бағыт-бағдар алып шығуы қажет. Яғни, оқу орнына бармаған жағдайда жұмыссыздар санын көбейтпей өзінің кәсібін жасау. Ал оқу орнына барған жағдайда өзінің икемділігіне, қызығуына, қоғам қызығуына сай мамандықты дұрыс әрі, саналы таңдауы. Өмірде өз орнын табуына өте қажетті кәсіптік бағдар жұмыстары әлі де болса күрделі зерттеуді, оны жеке ғылым саласы ретінде қарастыруды талап етеді.
р/с |
Сабақ тақырыбы |
Сағат саны |
1 |
Курсқа кіріспе |
1 |
1 |
Мамандық таңдау міндеті. Кәсіби маман |
1 |
2 |
Мамандықтың салаларымен танысу. Кәсіби карьерадағы жетістіктер. |
1 |
3 |
Жер шаруашылығындағы мамандықтар. Жергілікті жердегі мамандықтар. |
1 |
4 |
Тамақ және жеңіл өнеркәсіптеріндегі кәсіби қызмет. |
1 |
5 |
Сауда сферасындағы жұмысшылар. |
1 |
6 |
Аппараттар мен құрылымдар, материалдарды пайдалану оларды құрастыру сыяқты техникалық бұйымдармен жұмыс істейтін мамандықтар. |
1 |
7 |
Мал шаруашылығындағы мамандықтар. Жергілікті жердегі мамандықтар. |
1 |
8 |
Еңбек объектісі тірі организмдер, жануарлар, өсімдектер, биологиялық процес. |
1 |
9 |
Мамандық түрлерінің адам өміріне әсері. Мамандық типтері. |
1 |
10 |
Кәсіби маңызды қасиеттерді дамытуда адамның мүмкіншілігі. |
1 |
11 |
Келешек мамандықтары. |
1 |
12 |
Мамандық стереотиптерін айыра білу. |
1 |
13 |
Кейбір мамандықтардың ерекшеліктерімен спецификасы. |
1 |
14 |
Мамандық өрісіндегі «еңбек» түсініктерін жоғарылату. |
1 |
15 |
«Алыс» және «жақын» мақсаттарды қойып, оған жету жолдары. |
1 |
16 |
Табысқа жету жолдарын саралап, ондағы «ұмтылыстың» маңыздылығын көрсету. |
1 |
17 |
Мамандықтың «Адам – белгі жүйесі» саласына шолу, осы салада қажетті адам қасиеттеріне талдау жасау. |
1 |
18 |
Мамандықтың «Адам – техника» саласына шолу, осы салада қажетті адам қасиеттеріне талдау жасау. |
1 |
19 |
«Адам –адам» Мамандық түрлері, осы салада қажетті адам қасиеттеріне талдау жасау. |
1 |
20 |
Әдеби - шығармашылық еңбек топтарындағы мамандықтар. |
1 |
21 |
Белсенділік, шығармашылық таңдаған мамандығына қажетті қасиеттер. |
1 |
22 |
МЕН концепциясы. Болашақ мамандығым. |
1 |
23 |
Адамдармен қатынасу арқылы жүргізілетін жұмыс түрлері. |
1 |
24 |
Коммуникативті ұйымдастырушылық қабілет. |
1 |
25 |
«Алыс» және «жақын» мақсаты. |
1 |
26 |
Мамандық иелерімен кездесу. |
1 |
27 |
Диагностикалық сұхбат. Өзін-өзі таны, басқалардың сезіміне сыйластықпен қара. |
1 |
28 |
Өзін-өзі таны, өзгенің пікірін сыйла, өз құндылықтарын арттыр. Психологпен кездесу. |
1 |
29 |
Алғашқы диагностикалық жұмыстар. Өзін-өзі бағалау деңгейлері. |
1 |
30 |
Қызығушылық картасы. Дифференциалдық сауалнама. |
1 |
31 |
Кәсіптік дайындылық. Дифференциалдық сауалнама. Сенің шығармашылық әлеуетін қандай? |
1 |
32 |
Қызығушылық картасы. Дифференциалдық сауалнама. |
1 |
33 |
Жергілікті кәсіпкерлермен кездесу. |
2 |
34 |
Кәсіптік диагностика. Дифференциалдық сауалнама. |
1 |
Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.Алматы, 2007.
2. Жолмұқан Түрікпенұлы. Кәсіптік бағдар. -Алматы: Санат, 1995-145 бет.
3. Мектеп және мамандық таңдау. Мектеп баспасы, Алматы: 1973-207 бет
4. Витиньш В.Ф. Реформа школы и профессиональная ориентация
школьников; - М.: Педагогика, 1988-120 с.
5. Захаров Н.М. Профессиональная ориентация школыников. - М.:
Просвещение, 1988-272 с.
6. Климов Е.А. Как выбрать профессию. - М.: Просвещение, 1990-160-с.
7. Клосова Л.А. Профессиональная ориентация учащихся и труд семейные династии. - Воронеж: Изд. Вор. универ, 1992-136с.
8. Чистяков С.Н., Захаров Н.М.Профессиональная ориентация школьников. - М.: Педагогика, 1987-160 с.
9. Шадиев Н.Ш. Венкласная и внешкольная профессиональная ориентация учащихся. - Ташкент: Фантазия, 1988-112 с.
10.Калугин Н.И. и другие. Профессионалыная ориентация учащихся. - М.: Просвещение, 1983-190 с.
11. Кальней В.А. и другие. Основы методики труда и профессионального образования. - М.: Просвещение, 1988-179 с.
12. Сейтешов А.П. Пути профессионального воспитания учащихся молодежа. - Алматы: Мектеп, 1988-189 с.
13.Чистяков Н.Н. жәнө т.б. Еңбек пәні мұғаліміне оқушылардың кәсіптік бағдары туралы. - Алматы: Мектеп, 1988-176 бет.
14.Мудрик А.В. О воспитании старшеклассников. - М.: Просвещение, 1981-146
15.Дьяченко Н.Н. О профессиональном орентации молодежа. - М.: Высшая школа, 1969-135с.
16.Профессиональная орентация учащихся. / А.Д. Сазонов, В.Д. Симоненько, С.В. Аванесов, Б.И. Бухалов; Под. ред. А.Д. Сазонов. - М.: Просвешение 1988-235 с.
17. Профессионалыная орентация и обучение труду в сфере обслуживания. - М.: Высшая школа. 1979-137 с.
18. Профессиональная орентация молодежи. /Сб. ст. Науч ред. и автор К.К. Платонов. - М. Высшая школа. 1978-199 с.19. Профессиональная орентация молодежи. / (А.Д Сазонов, Н.И. Калугин, А.П. Меныциков и другие). -М.: Высшая школа, 1989-223 с.
20. Человек и профессия. - Под. общ. ред. Е.А. Климова. -Ленинград, 1979-147 с.
21.Шевченко Ю.А. Край удивительных профессии. - М.: Просвещение, 1981-123 с.
22. Школа и выбор профессии. - Педагогика, 1987-121 с.
23. Трудовое обучение, воспитания и профессиональная ориентация учащихся средных общеобразовательных школ. / Под. ред. В.М. Каратова. - М.: Просвещение, 1980-237 с.
«Коммуникативті ұйымдастырушылық қабілеті» әдістемесі.
Мәлімет; «Сіздер төменде келтірілген сұрақтарға жауап беруіңіз керек. Әр сұрақ бойынша еркін және сол сұрақ тұсына «+», «-» белгісін қойыңыз. Басқа ешқандай белгі қоймаңыз. Бұл жерде жақсы жаман жауаптар жоқ».
Сұрақтар:
1. Сіздің әрдайым араласатын достарыңыз көппе? |
2. Көптеген жолдастарыңызды өзіңіздің шешіміңізді мойындайды ма? |
3. Жолдастарыңыз сізді өкпелетіп қойса, сізді көп толғандырады ма? |
4. Туындаған критикалық жағдайларда сізге бағдар (дұрыс бағыт) алу қиын ба? |
5. Түрлі адамдармен танысуға ұмтылысыңыз бар ма? |
6. Сізге қоғамдық жұмыстармен айналысқан ұнайды ма? |
7. Сізге уақытты адамдармен емес, кітап немесе басқа жұмыстармен айналысып өткізу ұнайды ма? |
8. Жұмысыңызды іске асыру кезінде қиындықтар жолықса сіз оңай берілесіз бе? |
9. Сіз өзіңізден жасы үлкен адамдармен оңай араласып кете аласыз ба? |
10.Өзіңіздің жолдастарыңызбен түрлі қызықты ойын-сауықтарды, салтанатты кештерді ойлап тауып ұйымдастырғанды ұнатасыз ба? |
11. Жаңа қосылған ортаңызға сіңіп кету сізге қиын ба? |
12. Бүгінгі бітіретін істі ертеңге қалдырған күндеріңіз жиі болған ба? |
13. Бөтен адамдармен араласып кету сізге оңай ма? |
14.Жолдастарыңыздың сіздің айтқан іс әрекетіңіз бойынша жұмыс жасауына талпындыңыз ба? |
15.Жаңа үжымда қалыптасу сізге қиын ба? |
16. Жолдастырыңыз уәдесін, міндетін орындамаған жағдайларда сіздің олармен араларыңызда түсініспеушілік болады ма? |
17. Сәтті жағдайларда жаңа адаммен танысып араласуға ұмтыласыз ба? |
18.Жауапты жұмыстарды шешу кезінде сіз міндетті өзіңізге көп аласыз |
19.Сізді айналадағы адамдар жалықтырадыма, оңаша қалғыңыз келеді? |
20.Сізге түсініксіз жағдайларда дұрыс бағдар ала алмай қаласыз ба? |
21.Сізге әрдайым адамдар арасында болған ұнайды ма? |
22. Егер бастаған ісіңізді аяқтай алмаи қалсаңыз сіз жаман күйде боласыз ба? |
23. Адаммен танысу кезінде (егер сіз бірінші танысу керек болсаңыз) қысылып, ұялып, ыңғайсызданасыз ба? |
24. Жолдастарыңызбен жиі араласу сізді жалықтырады ма? |
25. Сіз ұжымдық сауық шараларына қатысуды ұнатасызба? |
26. Жолдастарыңызды толғандырып жүрген сұрақтарды шешу барысында сіз басымдылық көрсетесіз бе? |
27. Сіз өзіңізге жақсы таныс емес адамдар арасында сенімді емессіз? |
28. Өзіңіздің әділдігіңізді дәлелдеуге сіз сирек ұмтыласыз? |
29. Сізге мүлде таныс емес жағдайды игеріп кетудің еш қиындығы жоқ? |
30. Мектептегі қоғамдық жұмыстарыға қатысасыз ба? |
31.Өзіңіздің таныс адамдар ортасын шектеуге(жолдастарыңыздың көп емес болғанына) ұмтыласыз ба? |
32.Сіздің пікіріңізді немесе шешіміңізді жолдастарыңыз бірден мақұлдамаған болса, оны орындатуға сіз ұмтылмайсыз? |
33.Сізге таныс емес ортада өзіңізді ығайсыз сезінесізбе? |
34. Жолдастарыңызға түрлі шараларды ұйымдастыруға белсене араласасызба? |
35. Көпшілік адамдар арасында сөйлегенде өзіңізді сенімді әрі ұстамды ұстай білесіз бе? |
36. Іс жұмыстар мен кездесулерге сіз жиі кешігесіз бе? |
37. Сіздің жолдастарыңыздың көп екен, сол рас па? |
38. Сіз өзіңіздің жолдастарыңыздың арасында әрдайым белсендісіз бе? |
39. Онша таныс емес адамдар мен араласқанда сіз жиі өзіңізді ыңғайсызсезініп, қобалжисыз ба? |
40.Жолдастарыңыздың үлкен ортасында сіз өзіңізді сенімді сезінесіз бе? |
Кесте 7. Диагностикалық сұхбаттың жауап парағы
1 |
11 |
21 |
2 |
12 |
22 |
3 |
13 |
23 |
4 |
14 |
24 |
5 |
15 |
25 |
6 |
16 |
26 |
7 |
17 |
27 |
8 |
18 |
28 |
9 |
19 |
29 |
10 |
20 |
30 |
Нәтижені өңдеу.
Жауап парағындағы көрсеткіштерді сандық өңдеу үшін, жауап нақты дұрыс берілген жауабы болу керек (дешифратор). Ол жерде коммуникативті немесе ұйымдастырушылық дәрежесі айқындалады. Дешифратор көмегімен сай келген сұрақтар алынады. Коммуникативті немесе ұйымдастырушылық икемділігінің бағалы коэффициенті (К), әр тараудағы мүмкін болатын санның (20) сай келуінде байланысты.
Xk X0
Кк =------- және К0 =-------:
20 20
мұнда, К - бағалау коэффициентінің өлшемі; Хк және Хо - дешифратор жауабымен сай келгендер.
КҰҚ әдістемесінің дешифраторы.
Коммуникативті икемділіктер. Ұйымдастырушылық икемділіктері.
1 + |
11- |
21 + |
31- |
|
2 + |
12- |
22 + |
32- |
3- |
13 + |
23- |
33 + |
|
4- |
14 + |
24- |
34 + |
5 + |
15- |
25 + |
35- |
|
6 + |
16- |
26 + |
36- |
7- |
17 + |
27 + |
37 + |
|
8- |
18 + |
28- |
38+ |
9 + |
19- |
29 + |
39 - |
|
10+ |
20- |
30 + |
40- |
Нәтижені бағалау.
Бұл әдіс бойынша алынған көрсеткіштер 0-ден 1-ге дейін (вариант), 1-ге жақын көрсеткіш коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары деңгейін, 0-ге дейін жақын - төменгі деңгейді көрсетеді. Бағалау коэффициенті - бұл зерттеудегі көрсеткіштердің алғашқы сипаттамасы. Нәтиженің сапалы болуы үшін бағалау шкаласы қолданылады.
Кесте 8. Коммуникативті икемділіктерді бағалау шкаласы.
К |
О |
Коммуникативті икемділіктердің айқындалу деңгейі. |
0,10-0,45 |
1 |
Төмен |
0,46 - 0,55 |
2 |
Ортадан төмен |
0,56 - 0,65 |
3 |
Орташа |
0,66 - 0,75 |
4 |
Жоғары |
0,76 - 1 |
5 |
Өте жоғары |
Кесте 9. Ұйымдастырушылық икемділіктерді бағалау шкаласы.
К |
О |
Ұйымдастырушылық Икемділіктердің айқындалу деңгейі. |
0,20-0,55 |
1 |
Төмен |
0,56 - 0,65 |
2 |
Ортадан төмен |
0,66 - 0,70 |
3 |
Орташа |
0,71-0,80 |
4 |
Жоғары |
0,81-1 |
5 |
Өте жоғары |
Сабақтың тақырыбы: МЕН концепциясы
Мақсаты: МЕН концепциясынан мағлұмат алу, түсініктерін кеңейту, өзін өзі тануды дамытуды жалғастыру, өз құндылықтарын арттыру.
Керекті құралдар : жеке жұмыс дәптерлері, кісі басына А 4 форматты қағаз.
Барысы:
МЕН концепциясын 3 тұрғыдан сипаттау:
-
МЕН нағыз;
-
МЕН кіршіксіз;
-
МЕН басқалардың көзімен;
Оқушылар алдымен өздерінің «портреттерін» осы 3 тұрғыдан (3бағанда) жасайды, сонан кейін өз дәптерін оңға жылжытып, сол жақтағы көршісінің дәптерін алып, көршісіне жазады. Қайтадан кері қайтқан соң талдау жасалады:
-
Өзің туралы нені жазу қиын болды? Қай жағдайда?
-
Басқаның көзқарасымен келісесің бе? Нені өзгерткің келеді?
-
Басқа адамға жазғанда өзіңді қалай сезіндің? Неден қиналдың? Неге қиналдың?
Қорытындылай келе «Өзіңді жеке адам ретінде дұрыс қабылдай алдың ба? Өзгені жеке адам ретінде қабылдай алу үшін нені ескеруіміз керек?» деген сұрақтарға жауап іздей отыра өзгенің ерекшеліктерін ескеріп, өзгенің сезім, шешімдерін сыйлай білуіміз керектігін және өз сезімдеріңнің де өзгеден ерекше екендігін, көп сәйкес бола бермейтіндігін тұжырымдаймыз.
1.«Менің футболкам» атты жаттығуды жасау: өз жеке басыңның ерекшеліктерін білдіретін қасиеттеріңді футболка бетіне сурет немесе логотип арқылы көрсету. «Сиқырлы сандыққа» салынып, араластырылып, бір-бірден шығарып иесін табуға әрекеттенеміз. Бойынан дұрыс қасиет таба алмағандарға көптеп бір-бір жақсы қасиетін айту арқылы көмек жасаймыз.
2. Тапсырма: «Сөйлемдерді аяқта»
«Мен өзімді бақытты сезінетін кездерім .... ...болады»
«Жаман сезімдер ...............кезде болады»
« Мен неге ...................екенімді түсіне алмаймын»
«Менің өмірім бақыттырақ болар еді егер.......»
«Мен өз бойымдағы ең негізгі, өзгерткім келетіні..............»
3. «Менің әлемім» атты жаттығу орындалады: А 4 форматты қағаз таратылады. Осы беттің ортасына әркім өз ғаламшарын салады, «мен» деп ортасына жазады. Содан кейін өз ғаламшарынан басқа ғаламшарларға сызықтар жүргізіледі:
-
Менің сүйікті ісім.......
-
Менің сүйікті түсім....
-
Менің сүйікті жануарым.....
-
Менің сүйікті жолдасым.....
-
Менің сүйікті дыбысым.....
-
Менің сүйікті иісім......
-
Менің сүйікті ойыным.....
-
Менің сүйікті киімім.....
-
Менің сүйікті әуенім.....
-
Менің сүйікті жыл уақытым.....
-
Менің ең жақсы көріп істейтін ісім....
-
Менің ең жақсы көріп баратын жерім.....
-
Менің сүйікті әншім немесе тобым.....
-
Менің сүйікті кейіпкерлерім.....
-
Мен өз бойымда ...... деген икемділіктің бар екенін сезінем.
-
Мені ең көп таңдандыратын адамым.....
-
Өте жақсы ...... істей аламын
-
Мен ..... істейтініме сенімдімін.
-
Мен өзіме сенімдімін, өйткені........
Бұл «жұлдызды карта» әркімнің қайталанбастай ерекшеленетін мүмкіндіктерінің мол екенін көрсетеді және барлығымызға ортақ нәрсені де көрсете алады. Сондықтан да біз бір-бірімізге керекпіз және әр адам оның қасындағыларға көңілді, қуанышты болу үшін жағдай жасай отыра жетістіктерге жетуге болады.
Сабақтың тақырыбы: «Алыс» және «жақын» мақсаты.
Мақсаты: «Алыс» және «жақын» мақсаттарды қойып, оған жету жолдарын ойластыру, ұмтылуға баулу.
Мамандықтармен танысуды жалғастыру: «Адам – көркем образ».
Құрал жабдықтар: жеке жұмыс дәптерлері.
Барысы: 1. Алдыңғы жұмыстарды, автопортретті қарап отырып қай уақыт кестесінде жұмыс жасап отырғанымызды айқындаймыз. Оған алыс, жақын перпективалық мақсаттар ойланып, оған жету жолдарын «қадамдап» ойластырамыз. Алғашқы және соңғы қадамды ойластыру өте маңызды.
Келесі кезеңде осы жазылғандардың ішінен, осы жылға ең маңызды 4 мақсат таңдап алып жазамыз. Оның сізге маңызды екеніне сенімдісіз бе? Егер сіз оның маңызды екенін анық білетін болсаңыз, сіз оған қалай жету керектігін таба аласыз. 4 басты, негізгі мақсатыңыздан құралған тізім дайын болған соң жоғарыда айтылып кеткен ережелерге сәйкестігін қараймыз, түзету керек болса түзетеміз.
Енді мақсатқа жету үшін сенің бойыңда қандай қорлар бар соның тізімін жасаңыз. Ол сенің мінезіңнің бір ерекшеліктері болуы мүмкін, немесе қолдайтын достарың, немесе қаржы қоры, білім деңгейің, бойыңдағы энергияң, тіпіт уақыт қоры болар ма екен т. с.с.
Осыдан кейін өміріңізде табысқа жеткен кездеріңізді есіңізге түсіріңіз, оның маңызды болуы міндетті емес. Ол кез келген жағдайда болуы мүмкін: сабақта жақсы жауап бергеніңізден бастап достарыңмен өткізген кешке дейін. Сол кезде сіз жоғарыда аталып өткен қандай қорды барынша тиімді пайдаландыңыз?
Сондай 3-5 болған оқиғаларды есіңізге түсіріңіз. Сол кезде не істеп едіңіз, қандай бойыңыздағы қасиетті, қор түрін, мүмкіндікті пайдаландыңыз дәптеріңізге жазыңыз.
Осыдан кейін, мақсатқа жету үшін сіз қандай адам болуыңыз керек еді соны сипаттаңыз.
Мүмкін сізге жинақы, тәртіпті болу керек пе еді, әлде керісінше еркін, ойыңа келгенін тоқтамай істей сала алатындай болу керек пе еді. Мүмкін сіз өз уақытыңызды дұрыс пайдаланып, өз - өзіңізді бағалауыңызды жоғарылатып үйренгіңіз келетін шығар? Өз тұлғаңыз туралы ойланып, кем дегенде бір бетке сол туралы толтырып жазыңыз.
Тапсырма орындалған соң дәл қазір сіздің ұмтылысыңызға, мақсатқа жетуіңізге не кедергі жасайды? соны бірнеше тезиспен ғана құрастырыңыз. Нақтылы не кедергі? Не сізді шектейді? Мүмкін сіз уақытыңызды дұрыс жоспарлай алмайтын шығарсыз. Немесе жоспар бар, бірақ оған кірісе алмай жүрсіз бе? Мүмкін сіз бірден көп жұмыс істейтін шығарсыз, немесе керісінше, бір ғана іске шоғырланып, қалғандарын жіберіп алып жүрген шығарсыз. Мүмкін сіз «ештеңе шықпайды» деп қорғанатын шығарсыз.
Әр адамда ондайлық шектеулер болатын шығар, бірақ біз сол шектеуден құтыла алатынымызды мойындасақ біз шынында да одан құтыламыз.
Осы кезеңде біз бағанағы таңдап алынған 4 мақсатымыздың әрқайсысына жету үшін қадамды жоспар жасауымыз керек. Түпкі мақсаттан бастап бүгінгі күнге дейін не істейтінімізді әр қадам ретінде жазамыз. Тіпті дәл бүгін не істеуіміз керектігіне дейін қарастырайық. Д.Карнеги айтпақшы «Өміріңде істей алатынның бәрін, тек қана бүгін істей аласың». Ендеше осыдан бастауға болады: түпкі мақсатыңды ойлап алып , оған жету үшін ең бірінші не істеуім керек,- деген сұраққа жауап іздей отырып, қадамды жоспар жасаймыз.
Қадамды жоспардың дұрыс болатынына сеніміңіз аз болса, сіздің иеленгелі отырған барлық мақсатыңызға не кедергі екенін өзіңізден қайталап сұраңыз. Жағадайды өзгерту үшін «бүгіннен» жұмыс жасау мүмкін шығар. Осы мәселені (бүгіннен) шеше отырып негізгі мақсатқа жақындайсыз.
Сөйтіп ең негізгі алғашқы қадам жасалды. Сіз өзіңізге не керек екенін нақты білесіз: сіз оны түпкі мақсаттан бастап бастапқы әрекеттеріне дейін сипаттап шықтыңыз; жеке тұлғаңыздың қай жақтары мақсатқа жетуге көмектесетінін, қайсысы кедергі жасайтынын анықтадыңыз.
-
Келесі қадамның мақсаты – табысқа жетудің өз стратегиясын жасау:
-
Жетістікке жеткен адам моделін жасау. Ақылын тыңдау;
-
өзіңнің жоғарғы бір жетістікке жеткен кезіңді еске түсіру, релаксация жаттығуы; (72-бет, 6)
-
өзіңнің ең тамаша (кіршіксіз) күніңді ойша суреттеу;
-
ең жақын, ең жақсы, сенімді (кіршіксіз) қоршаған ортаңды ойша суреттеу;
-
Мамандықтың түрлерімен таныстыруды жалғастыру.
Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау міндеті. Кәсіби маман.
Сабақтың мақсаты: Мамандық таңдаудың қыр – сырларын меңгерту; мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақ.
Адам өз өмірінің негізгі бөлігін кәсіптік қызметпен айналысуға жұмсайды. Адамның тағдыры оның қандай мамандықты таңдағанына тікелей байланысты. Мамандық таңдау – қиын міндет.
- Балалар, мамандық таңдау – сендердің жастарыңда ең маңызды шешімнің бірі болып табылады. Сендердің алдарыңда мыңдаған мамандықтардың ішінен өздеріңе лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ. Таңдаған мамандық адамға ұнауы керек және адамның сол мамандыққа икемі, бейімі болуы керек.
«Бір жылдығыңды ойласаң – егін ек, он жылдығыңды ойласаң – ағаш ек, жүз жылдығыңды ойласаң – мәдениетті, білімді ұрпақ өсір» - дегендей, біз мамандықты сапалы таңдауымыз керек. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Неліктен мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарау керек? Мамандық таңдауда қалай қателеспеуге болады?
Біріншіден, таңдаған мамандық адамға ұнауы қажет. Екіншіден, адам сол мамандыққа технологиялық жағынан сәйкес келуі және жұмысты алып жүре алатын қабілеті болуы керек. Сонымен бірге таңдаған мамандығы еңбек рыногында сұранысқа ие болуы қажет.
Психолог Е.Климов кәсіби ортаны 5 типке бөледі:
Мамандық типтері:
1. Адам – өнер.
2. Адам- табиғат.
3. Адам –адам.
4. Адам – техника.
5. Адам –белгі –жүйе.
Кесте 3. Мамандық жіктеулерін сызба түрінде көрсетуге болады.
Мамандық таңдаудағы ең күшті әсер етуші – оның қызығушылығы мен бейімділігі.
Мамандықты өмірлік етіп бір рет таңдайды деген пікір бар, бірақ бұл дұрыс емес. Өйткені адамдар өмір бойы таңдау жасайды. Адамның өзі, өмірге деген көзқарасы, қабілеті жылдардың өтуімен өзгеріп отырады.
ІІІ. Бекіту
Психологиялық сәт: Психогеометрия
ІV. Қорытынды. Қорыта келе айтсақ, кәсіби маңызды қасиеттерге не жатады? (Ол- белсенділік, шапшаң ойлау, салыстыру, талдау, ұйымдастырушылық, дәлелдеу, байқампаздық, қарым- қатынас жасау, шығармашылық.)
V. Бағалау. Оқушыларды мәнжазба және сабаққа қатысымы бойынша бағалау.
VI. Үйге тапсырма. §1,2 оқу.
Сабақтың тақырыбы: Кең көлемде мамандықтар туралы талдау жасау.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды мамандық таңдауға көмектесу, маман
иелерінің атқаратын қызметін білу, білім шыңына талпынуға
алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай қасиеттер болу
керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу;
Дамытушылық: Оқушы шығармашылығын, тілін дамыту, жеке
басының сапалық қасиеттерін арттыру, жеке тұлға қалыптастыру
бағытында дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды кәсіпке еңбектенуге, отан- сүйгіштікке,
адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс
Сабақтың типі: білімді қорыту және жүйелеу.
Сабақтың әдісі: ой шақыру, түсіндіру, көрсету, интерактивті тақтамен жұмыс, суреттер.
Пәнаралық байланыс: информатика, география,әдебиет, өзін-өзі тану, биология.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тамақ өнеркәсіп мамандықтары туралы түсінік
Ауыр өнеркәсіп мамандықтары туралы түсінік
ІІІ. Қазіргі кездегі аса қажетті мамандық түрлері.
ІV. Қорытынды. Сенде бір кірпіш дүниеге....
Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді.” деген Н.Ә.Назарбаев.
Адамгершілік
Қайрымдылық
Адам бойындағы
асыл қасиеттер
Шыдамдылық
Мәдениеттілік
Еңбекқорлық
Отансүйгіштік
Білімділігі
Сыйластық
Пікір-талас сұрақтары:
-
Өз ата-анаңның мамандығы ұнай ма? Әлде туысқаныңның мамандығы ұнай ма?
-
Ата-аналарың өз мамандықтары жөнінде не айтады?
-
Сен ата-аналарыңның жұмыс орнында болдың ба?
-
Ата-аналар мамандықтарының қандай қажеттілігі бар деп ойлайсың?
-
Таңдаған мамандығы жөнінде не білесің?
Мамандықтар әлемі
Мамандық топтары:
-
Әдеттен тыс жағдайда жер астында, су түбінде, ауада жұмыс істейтін мамандар
-
Тұрмыстық мамандар. Бухгалтер, экономист, сызбашы, мұғалім, т.б
-
Адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін аса маңызды ерекше моральдық жауапкершілік жағдайдағы еңбек
-
Ашық аспанда өте құбылмалы температурадағы жағдай
Қазіргі кездегі аса қажетті мамандық түрлері.
-
Автоматика технологиясы - автоматты түрде әрекет ететін құрылғылар мен жүйелер туралы теориялар және қолданбалы ғылым саласы.
-
Автоматты басқару технологиясы - қандай да бір объектіні (машинаны, аспапты, жүйені, үрдісті) берілген алгоритмге сәйкес адамның тікелей қатысуынсыз басқару.
-
Автоматтандыру технологиясы - техникалық құрал жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу (тасымалдау), пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын болжайтын экономикалық-материалдық тәсілдер мен басқару жүйесін пайдалану.
-
Электроникалық технология - ғылым мен техниканың вакуумда, газда, сұйықта, қатты дене мен плазмада, сондай-ақ олардың бір-бірімен жанасу шекарасында байқалатын электрондық және иондық құбылыстарды зерттеуге және оларды қолдануға арналған ғылым саласы.
-
Электртехника технологиясы - электр энергиясын практикалық мақсатқа пайдалану мәселесін зерттейтін ғылым. Бұл саладағы мамандарды энергетикалық институт, университет және энергетикалық колледждер даярлайды.
-
Энергетикалық технология - шаруашылықтың энергетикалық қорды және әр түрлі энергияны өндіру, түрлендіру, жеткізу, пайдалану мәселелерін қамтитын саласы. Энергетика саласы өндірілуіне қарай: жылу энергиясы, су энергиясы, атом энергиясы, күн энергиясы, термоядролық энергия, жел энергиясы, геотермальды энергия болып бөлінеді.
-
Информациялық технология - түрлендіру, баяндау, хабарлау, мәләмет беру. Олар: телефон байланысы технологиясы, мобильдік байланыс, офистік, шеткері аймақтық, компьютерлік маркетинг технологиясы, тігін және қолөнер технологиясы.
Мамандық таңдауда жулдыздардың көмегі.
Балықтар Таразылар
Балық жұлдызында туылғандарда Өмір бойы көңілді
Салмақтылықпен шыдам бар, Таразылар жүреді.
Кішіпейіл өздері. Тартымды әрі сүйкімді,
Шешімін кейде таба алмай, Ақыл-оның тірегі.
Біраз уақыт шырмалар. Белсенділік қабілеті
Жалғыз өзі-ақ жұмысын Өн бойынан табылар.
Тыңдырғанды қалайды. Адвокат, дипломаттардай
Әртіс, дәрігер, ғалым да Мамандықтар ағылар.
Осылардан тарайды
Сарышаяндар Суқұйғыштар
Сыр сақтайды жүректе, Әділдікті қолдайды,
Болашаққа қол созғыш. Жаңашылдық жолында.
Еңбекқор, құмар білімге, Қайсар берік мінезін
Әртіске ұқсас бұл жұлдыз. Ту қып ұстар қолына.
Таудан сырғанағаннан Адамдармен лезде-ақ
Ғылымға жолы болғыш-ақ. Тіл табысып танысып.
Спортсмен, химиктей Психолог, ұстаз да
Мамандықтар жол ашар. Жұлдызға тән мамандық.
Торпақтар Арыстандар
Мейрімді, сыналды, Илікпес сәл мінезі бар
Үйлесімді, шыдамды, Осы айда туған жандардың.
Ықшам және ыңғайлы. Қонақжай, әділ, сенімді,
Ақыл-ойы қалыпты, Сүйеді қалжын тармағын.
Тындырады бар жайды. Президент, қай басшы да
Жалқаулығы тағы бар, Арыстандардан шығады.
Көңілшек жан торпақтар. Билікке құмар өздері,
Мейрам күні қашанда Биікте болар тұрағы.
Жасайды түрін тамақтың.
Бикештер Тауешкілер
Әртістік қабілетімен Сенімді, берік, белсенді,
Шығар талай жолдардан. Жұмысқа өте бейімді.
Білімге құштар сезіммен Мейрірімді жүзімен
Көрінер талай қырлардан. Жарқыратар күйіңді.
Өзіне лезде қаратар Тауешкілер өздері-ақ
Сөйлескен әрбір адамды. Тыңдырады бар істі.
Дәрігер, ұстаз, фармацевт Мамандыққа икемді,
Болсаң, достар, жарадың. Болар биолог, тарихшы
Олар-аспаз, әртіс те,
Билікке де ыңғайлы.
Байлық десе қос қолдап,
Бар жанымен қолдайды
Шаяндар Мергендер
Ұмытатын анда-санда Бәрі жақсы көреді
Шаянның бар мінезі. Мергенде туған жандарды.
Сезімтал, таза жүректі, Өздерін жақсы күтеді,
Ыстық оған күн көзі. Философ, ойшыл, қиялшыл,
Ән айтпай-ақ, күлмей-ақ Құшығында жүрер арманның.
Оқыр кітап ұзақ күн. Ешкімге иіліп бағынбас
Мейрімді сыпай, Тік мінез тағы бар.
Мінездері тұрақты. Астроном, дәрігер, репортер
Мамандық табылар.
Егіздер Тоқтылар
Құбылмалы мінезі, Мұғалімінің белгісіндей
Бірақ олар сүйкімді. Алғыр олар өмірде.
Көрейікші бәріміз Оттай жанып әзілмен
Осындайда сыр таңдап. Көтеріңкі көңілде.
Егіздер бірақ ақылды, Болса да сәл тік мінез,
Жарқыраған жүздері, Байқатпайды бұл тоқты
Түртіп қалсаң ашумен Әскер, юрист, журналист
Шағымданар өздері. Болар бәлкім атақты.
Сөзі дұрыс болмаса да Әзілі бір басына жетеді,
Дәлелдеуін қоймайды, Әр сөзімен елітеді.
Бірақ тағы әріден Әділдікті дәріптеп
Бәрін біліп ойлайды. Ой-өрісті кеңітеді.
Даналық сөздер.
Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Байлық-қанағат пен еңбекте.
Аз жұмыс қиынсыңсаң-көп жұмысқа тап боласың.
Азға қанағат қылмасаң-көптеп құр қаласың.
Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.
Еңбек етсең қара жер де береді, құр тастамайды.
Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше, ешбір талатта,
Ешбір кемеңгер де шықпайды.
Мақал-мәтелдер.
Қорытындылау
Сонымен,балалар, бүгінгі «Кең көлемде мамандықтар туралы талдау жасау» тақырыбындағы сабағымызды жақсы маман иесі болу үшін көп оқып, оқығанды тоқып, оны келешекте мамандық таңдауда дұрыс шешім жасауға пайдалануға ой түйдік. Бүгінгі сабақты қорыта келе, мынадай талаптарға назар аударып, мамандықты дұрыс таңдай білейік:
1. Біріншіден, таңдаған мамандық адамға ұнау керек.
2. Екіншіден, адам сол мамандыққа техникалық жағынан сәйкес келуі және жұмысты алып жүре алатын қабілеті болу керек.
3. Сонымен бірге таңдаған мамандық еңбек нарығында сұранысқа ие болуы қажет.
Барлықтарына сәттілік тілей отырып, өздерің қалаған маман иесі болыңдар,- деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Бағалау. Үйге тапсырма : Реферат.