Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Авторлық бағдарлама «Ойна-да ойлан!»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА «Ойна-да ойлан!»
Түсінік хат
Балаларға арналған қарапайым математикалық түсініктерді дамыту жөніндегі бағдарламаларда балалардың алдынғы топтарда алған білімдерін жалпылау, жүйелеу, кеңейту және тереңдету қаралған.
Балалар сан, пішін туралы өзара байланысы бар түсініктерді меңгеруі, кеңістік пен уақытты бағдарлай алуы тиіс.
Математикалық байланыстар мен байланыстылық туралы түсінік қалыптастыру, тиісті амалдарды меңгеру ортаңғы тобындағы балалардың көрнекті – бейнелі ойлауын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Балалар көзбен көріп, іштей есептеуге үйренеді, олардың көз мөлшер, пішінді шамалау жылдамдығы арта түседі.
Бұл жас мөлшерінде ойлау қабілетін, ойлау дербестігін дамыту, талдау, салыстыру, қорыту секілді ойлау әрекеттерін дамытудың да маңызы зор.
Бұл бағдарлама қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға қосымша балалардың математикалық білімін кеңейтіп, математикаға деген қызығушылығын арттыру үшін қажет.
Бағдарламада кеңістік, уақыт арқылы бағдарлау, заттарды санау, сызықтар, қазақ халқында жиі қолданылатын сандар, сандар қатары, математикалық ертегі логикалық тапсырмалар, қызықты жаттығулар, дидактикалық ойындар, есептер, геометриялық пішіндер туралы танымдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Сандар мен оларға қолданылатын амалдар, есептер және геометрия элементтері де қамтылған. Сондықтан тереңдете үйрету арқылы баланың математикалық сауаттылығы артады.
Кіріспе
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді.
Бағыты: жаратылыстану-математика
Жаңалығы: Мектепке дейінгі білім берудің мазмұндық аспектілерін баланың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған қосымша бағдарлама.
Өзектілігі: «Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігі» (ҚР-да білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан)
Ерекшілігі: Дидактикалық ойындар балаларды бақылау, салыстыруды үйретеді; зейін, ой, ес, шапшаң т.б. психикалық сапаларды, тапқырлық, зеректік, есептеу т.б. математикалық қабілеттерін дамытады; баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.
Педагогикалық мақсатқа лайықтылығы. Бұл авторлық бағдарлама мектепке дейінгі жастағы, қоршаған ортасын жаңа танып келе жатқан, балаларды қарапайым математикалық түсініктермен, қоршаған орта және айналамен таныстыруға арналған. Бағдарламада жоспарланған тақырыптар балаларды алған білімдерін функционалды және шығармашылықпен қолдану, зерттеу жұмыстарын жүргізу, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдеріне белсенді қатысу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бағдарламаның басты мақсаттары: Дидактикалық ойындарды қолдану және әзірлеу арқылы мектепке дейінгі жастағы балаларды қарапайым математикалық түсініктермен, қоршаған орта және айналамен таныстыру; жеке тұлға етіп жан-жақты тәрбиелеу.
Міндеттері:
— Мектепке дейінгілерді заттың түсімен, пішінімен, көлемімен таныстыру, заттардың сипаттамалық белгілерін қабылдауды жетілдіруге бағытталған дидактикалық ойындар мен жаттығулар жүйесін құру.
— Балалардың сөздігін толықтыру, дыбысты дұрыс айтуларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді, өз ойын дұрыс айта білуді дамыту;
— Қоршаған заттарға ұқыпты қарау; мінез-құлық ережесі туралы, ересектер және құрдастарымен өзара қатынас туралы, жеке тұлғаның жағымды және жағымсыз қасиеттері туралы адамгершілік түсініктерін қалыптастыру арқылы жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі математиканы оқытудың стратегиялары:
1. Математика негіздерін практикада қолдану арқылы бүлдіршіндердің іс-әрекетін ұйымдастыру;
2. Түсіндіру, идеяларымен таныстыру, диалогтарға қатыстыру, математикалық тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау барысында коммуникативтік дағдыларын дамыту; өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).
3. Өзіндік іс-әрекетін, топтық жұмыс, оның барысында бірін-бірі үйретуды ұйымдастыру:
4. Математиканы негіздерін үйретуде балалардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамыту.
Күтетін нәтиже: Балалар кеңістік денелерді, геометриялық фигураларды ажыратып, логикалық ойды дамытуға арналған білімдерді меңгереді. Математикалық тілде сөйлеуге машықтанып, ой-өрісін дамытады; коммуникативтік дағдыларды, психикалық сапаларды, математикалық қабілеттерін дамытады; өз жұмысын талдауға және түзетуге үйренеді (рефлексия). Оқушылар ойын арқылы бір бірімен тіл табысып, тез ұғынысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты, білімділікті үйренеді.
Тақырыптық жоспар
Сабақ реті |
Сабақ тақырыбы |
Vақсаты |
Құрал-жабдықтар |
Ойынның мазмұны |
Сағат саны |
||
Геометриялық пішінге арналған дидактикалық ойындар – 12 сағат. |
|||||||
1 |
«Дәл осындай пішінді тап» |
геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру. |
бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер. |
Алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады. |
1 |
||
2 |
«Үйдің есігін жабайық» |
заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан, жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. |
үйдің, есіктің суреттері. |
Қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну. |
1 |
||
3 |
«Үй құрылысының ретін көрсет» |
түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту. |
баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі. |
Үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну |
1 |
||
4 |
«Жұбын тап» |
геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту. |
әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері. |
Ггеометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру. |
1 |
||
5 |
«Әдемі кілемшелер» |
бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу. |
қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер. |
Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды |
1 |
||
6 |
«Таныс пішіндер доминосы» |
геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру. |
пішіндер бейнеленген суреттер. |
Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді. |
1 |
||
7 |
«Зейінді бол» |
Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу. |
Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер /5–сурет/. |
Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен 1-ші /2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші, 6-шы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады. |
1 |
||
8 |
«Мынау қай пішін?» |
Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу. |
Картоннан жасалған геометр. пішіндер 5 түрі |
Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды. |
1 |
||
9 |
«Кім зейінді?» |
Белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру. |
Сіріңке қорабында таратпа геометр. пішіндер. |
Тәрбиеші төмендегі бейнелерді геометриялық пішіндерден алып бейнелер құрайды. Жылдам болған бала мадақталады. |
1 |
||
10 |
«Қандай пішін шықты?» |
Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу. |
Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары |
Тәрбиеші үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады. Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты? |
1 |
||
11 |
«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр» |
Геометриялық пішіндерді танып, атай білугеүйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтырту. |
Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер. |
Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр. |
1 |
||
12 |
«Қандай пішін жетіспейді?» |
Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу. |
Геометриялық пішіндер. (Қораптан алу) |
Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады. |
1 |
||
Кеңістіктер туралы дидактикалық ойындар – 9 сағат. |
|||||||
13 |
«Доппен ойнау» |
Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту |
доп. |
1-нұсқау. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады. «Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады. 2-нұсқау: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі. Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады. |
1 |
||
14 |
«Кеңістік» |
балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту. |
әртүрлі заттар бейнеленген суреттер. |
Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Суреттерді таратып беру. Оларды орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді. |
1 |
||
15 |
«Ойыншықты тап» |
Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету |
Топтағы ойыншық. |
Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады. |
1 |
||
16 |
«Жоғарыда–төменде, биік-аласа» |
жоғары- өмен, биік-аласа ұғымдарын пысықтау. |
Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған. |
Тақтаға бір баланы шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек. |
1 |
||
17 |
«Оң және сол» |
Он және сол жақты, үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру. |
үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.
|
Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді. |
< Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |