Материалдар / Авторлық бағдарлама "Практикалық жұмыстар мен тесттер жинағы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама "Практикалық жұмыстар мен тесттер жинағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда органикалық химия бөлімі бойынша практикалық жұмыстар мен тесттер құрастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1429
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталық















ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР МЕН ТЕСТ ЖИНАҒЫ

(Органикалық химия бөлімі бойынша)

Тамбаева К.Қ.

60 жалпы білім беретін орта мектеп

























Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ғылыми-тәжірибелік кеңесінде ұсынылған







Құрастырушы автор : Тамбаева К.Қ. - Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің химия пәнінің оқытушысы



Пікір берушілер:



1. Жұбандықова М.К.– Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталықтың «Техникалық және кәсіптік білім» бөлімінің әдіскері, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі.

2.Г.Е.Нурмаханова - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының кандидаты.











Бұл әдістемелік құрал мектеп оқушыларына, колледж, лицей студенттеріне және жалпы білім беретін оқу орнының мұғалімдеріне арналған.

Орта кәсіптік білім беру жүйесі бойынша бөлінген сағат есебіне арналып, жинақталып, таңдалып, арнаулы орта оқу орынына арналған жинақ ретінде қабылданады.





Кіріспе

Пәннің мақсаты: Органикалық химия пәнінің негізгі мақсаты – осы пәннен дәріс курсын толықтыра отырып, студенттердің тәжірибелік іс-дағдыларын игеруіне көмектесу, органикалық заттарды синтездеудің мүмкіндіктері, олардың құрылысын анықтау, реакциялардың механизмі, органикалық заттардың жалпы айналу заңдылықтары, олардың қасиеттері мен қолданулары жөнінде керекті білімдермен толықтыру. Органикалық химия ғылым ретінде, ең алдымен заттар және олардың айналуы кезіңдегі процестермен тығыз байланыста болады.

Пәннің мазмұны: Органикалық химия табиғаттағы заттардың алуан түрлілігін танып білуге, органикалық дүниенің бірлігін айқындауға, табиғаттағы заттардың өзгеру процестері, олардың өздеріне тән заңдар бойынша өтетіндігін, тіршілік құбылысының негізінде табиғаттан тыс күштер емес, атом және молекулаларда жүретін толығынан материалды процестер жататындығын түсінуге мүмкіндік береді. Оқу пәні жүйесінде химиялық құрылыс теориясы ғана емес, сонымен бірге молекулалардың кеңістіктік құрылысы және химиялық байланыстардың электрондық табиғаты да дәлелді тұрғыдан оқытылады. Органикалық химия практикумының мақсаты студенттерді негізгі органикалық заттармен, олардың физикалық және химиялық қасиеттерімен, алыну жолдарымен таныстыру. Бұл оқу-әдістемелік құрал органикалық қосылыстардың барлық негізгі кластарын қамтиды. Барлық тақырыптарда өткен материалды бекіту үшін бақылау тапсырмалары мен сұрақтары берілген.

Органикалық химия зертханасында жұмыс істеудің жалпы ережелері

Студент зертханалық жұмысты жасаудың алдында келесі ережелерді орындауы тиіс:

1. Алдымен студент оқулықтан зертханалық жұмысқа қажетті тарауларды, дәріс конспектісін оқып және зертханалық жұмыстың мазмұнымен танысады.

2. Тәжірибеге қажетті ыдыстардың, реактивтердің, құрал- жабдықтардың тазалығын тексермей жұмысты бастамайды.

3. Тәжірибені жасағанда оқулықта көрсетілген жұмыс ретін сақтап, жұмысқа қажетті заттардың дәл мөлшерін алуы тиіс.

4. Тәжірибе кезінде зертханада орынсыз қозғалыс жасап, сыртқы киіммен тұруға болмайды.

5. Жанғыш және қауіпті заттармен жұмыс жасағанда сақтық шараларын мұқият орындауы қажет.

6. Тәжірибе кезінде байқалатын құбылыстарды зер салып бақылап, өзгерістерді арнаулы дәптерге жазып отыруы керек.

7. Зертханада тамақ ішуге, темекі тартуға болмайды.

8. Зертханалық жұмыс біткеннен кейін әрбір студент жұмыс орнын, қолданған ыдыстарды жуып, тазалауы қажет.

Тез тұтанатын заттармен жұмыс істеу

Тез тұтанатын эфир, спирт, сіркеэтил эфирі, бензол, газ және т.б. заттармен жұмыс жасар алдында келесі сақтық ережелерді білуі керек:

1. Тез тұтанатын заттарды құйғанда немесе өлшегенде оларды оттан алыс ұстау;

2. Тез тұтанатын заттарды баяу, жалыннан алыс қыздыру;

3. Тез тұтанатын немесе ұшқыш заттарды жалыннан, электр плиткасы тұрған жерден алыс ұстау керек

Қопарылғыш және күйдіргіш заттармен жұмыс істеу

Органикалық химияның зертханалық жұмыстарында металл натрий, күйдіргіш сілтілер, концентрлі қышқылдар, қопарылғыш заттар қолданылады. Осы заттармен жұмыс жасағанда сақтық ережелерін білу керек:

1. Металл натриймен, калиймен жұмыс кезінде көзге көзілдірік кию қажет;

2. Металл натрий, калийді қолмен ұстауға, сулы орынға немесе қалдық заттар салынатын ыдысқа тастауға болмайды;

3. Күкірт қышқылын сұйылту үшін суға күкірт қышқылын құяды;

4. Қышқыл немесе сілті қосылған қоспаның аузын қолмен басып тұрып немесе ашып қойып, қатты шайқауға болмайды.

Уландырғыш заттармен жұмыс істеу

Бром, хлор, азот оксидтері, ацетилен, анилин және т.б.заттар жасалынатын тәжірибелерді тартпа шкафта жасайды

Жазатайым жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек

1. Күйген кезде көрсетілетін алғашқы көмек:

- Термиялық күйген кезде күйген жерді калий перманганатының ерітіндісімен немесе этил спиртінің ерітіндісімен жуып, күйікке жағатын майды жағып, үстіне мақта қойып, дәрігерге жіберу керек;

- Қышқылмен күйген кезде бірден күйген жерді сумен жуып, 1%-тік сода ерітіндісіне батырылған мақта қою керек;

- Сілтімен күйген кезде бірден күйген жерді сумен жуып, 1%-тік сірке қышқылының ерітіндісіне батырылған мақта қою керек;

- Броммен күйген кезде күйген жерді 1%-тік сода ерітіндісімен бромның қызғылт түсі кеткенше сүртіп, содан кейін күйген жерге 5%-тік мочевина ерітіндісіне батырылған мақта қою керек;

- Сұйық фенолмен күйген кезде күйген жердің терісін глицеринмен сүртіп, содан кейін сумен жуып, глицеринге батырылған мақта қою керек;

- Көзге қышқыл тиген кезде сумен тиянақты жуып, содан кейін, 2%- тік натрий бикарбонатының ерітіндісімен шаю керек;

- Көзге сілті тиген кезде сумен тиянақты жуып, содан кейін, 2%-тік бор қышқылының ерітіндісімен шаю керек.

2. Егер тәжірибе кезінде әр түрлі (анилин, фенилгидразин, нитро- ароматты қосылыстар және т.б.) уландырғыш заттармен адам уланса, бірден таза ауаға шығарып дем алдырады.

3. Қолды шынымен кесіп алған жағдайда, жараға 3%-тік йодтың спирттегі ерітіндісін жағу керек. Егер қан тоқтамаса, онда жараға 10%-тік темір(111) хлоридінің ерітіндісіне батырылған мақта қойып, дәрігерге жеткізу керек.

4. Егер тәжірибе кезінде сынауықтағы немесе колбадағы заттар жана бастаса, тез ыдыстың аузын асбестпен немесе су орамалмен жабады, жану күшті болса, онда әрбір зертханада болатын құммен, жамылғымен өшіреді.



1-Практикалық жұмыс

Көмірсутектер және оның галогентуынды

Молекулаларының моделін (үлгісін) дайындау

Пластиленнен немесе «Молекула құруға арналған атомдар модельдері» жиынтығы бөлшектерінен келесі атомдар модельдерін дайындаңдар:

а) Метан молекуласының моделі. Бір түсті пластилиннен өлшемдері бірдей кішкене шарлар (сутек атомдары), ал екінші түсті пластилиннен диаметрі алдыңғылардан 1,5 есе үлкен шар (көміртек атомы) дайындандар.Бұл көміртек пен сутек атомдарының өлшемдік қатынастарын дұрыс көрсетеді. «Көміртекті» шардың бетіне бірдей қашықтықта болатын төрт нүктені белгілеңдер. «Молекула құруға арналған атомдар модельдерінің жиынтығындағы» көміртекті шарда саңылаулар ба.Белгіленгеннүктелеге стеженьдеді (сіріңкелерді)кіргізіңдер және солардың көмегімен сутекті шарларын біріктіріңдер.Шарлары стерженьдер (валенттік байланыстар) арқылы байланысқан атомдарды көрсететін метанның шарстерженьді моделін алдық;

ә) Пропан молекуласының моделі.Пропан молекуласын дайындауға метан молекуласының моделін пайдаланамыз.Қосымша бірдей қашықтықта орналасқан белгіленген төрт нүктелері бар екі көміртек жарлар және төрт сутек шар дайындаңдар.Метан молекуласының моделінен бір сутек шарды алып тастап,оның орнына көміртек атомдарының арасындағы бұрыш шамамен 109° болатындай етіп көміртек шарды орналастырыңдар.Екінші көміртек атоммен стерженьнің көмегімен бұрышы 109° болатындай етіп үшінші көміртек шарды біріктіріңдер.Көміртек атомдар беттеріндегі белгіленген нүктелермен стерженьдер арқылы сутек шарларды біріктіріңдер.Сонымен біз пропан молекуласының моделін алдық;

б) 1-хлорпропан молекуласының моделі.Көміртек және сутек шарларынан түсі өзгеше және сутек шардан диаметрі екі есе үлкен болатын шар дайындандар.Бірінші көміртек шарынан бір сутек шарын алып тастап,оның орнына басқа түстегі (хлор атомы) шарын кіргізіңдер.

Метан молекуласының құрылысы



2- Практикалық жұмыс

Органикалық заттың сапалық құрамын анықтау

Органикалық заттардың құрамына кіретін элементтерді сапалық анықтау үшін оларды бейорганикалық қосылыстарға айналдыру. Мысалы, зат құрамындағы көміртекті көмірге (күйеге ) немесе көміртек (ІV) оксидіне, сутекті суға айналдырып алып түзілген қосылыстарды анықтайды.

  1. тәсіл. Органикалық зат құрамындағы көміртекті күйеге айналдыру арқылы анықтау.

Бұл әдіс оргаикалық зат құрамындағы көміртектің тотығып, көмірге (күйеге) айналуына негізделген. Тотықтырғыш ауадағы оттек. Қара түс көмір (күйе) түзілгенін дәлелдейді. Реакция нәтижесінде түзілген су буланып ұшып кетеді.

Реактивтер мен құрал –жабдықтар: глюкоза (қант немесе басқа органикалық зат), қандауыр, спиртшам.

Жұмыстың орындалуы.

Қандауырдың ұшымен глюкозаның (қанттың немесе басқа органикалық заттың) бірнеше кристалын алып, жалынға ұстап ептеп қыздырыңдар. Глюкоза әуелі балқиды, содан соң қоңырланып жанып кетеді. Қандауырда қара түсті көмірленген масса қалады. Бұл нені дәлелдейтінін түсіндіріңдер?

2 – тәсіл. Органикалық заттағы көміртекті анықтаудың қолайлы жолдарының бірі затты мыс (ІІ) оксидіне тотықтыру. Себебі мыс (ІІ) оксиді мен түзілген металл мыстың түстері әр түрлі, бұл заттар зиянсыз және оңай табылады.

Бұл діспен көміртек пен сутекті сапалық анықтау үшін органикалық зат ретінде парафинді, глюкозаны, қантты, крахмалды немесе басқа органикалық заттарды алуға болады. Органикалық зат реакцияға толық түсу үшін, мыс (ІІ) окссидін кемінде екі есе артық алу керек. Немесе органикалық зат пен мыс оксидінің дайын қоспасын пайдалануға болады. Реакция глюкоза, қант сияқты кристалды зат алынса, оны мыс оксидімен (ІІ) жақсылап араластыру керек. Егер парафин алынған болса, оны балқытып, мыс (ІІ)оксидімен араластырады.

Реактивтер мен құрал – жабдықтар: Сынауық, ұстағышы бар металл тұрғы, қыздыруға арналған қажетті құралдар, газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындалған сынауық, қосымша сынауық, парафин (немесе басқа органикалық зат), мыс (ІІ) оксидінің ұнтағы, кальций (барий)гидроксидінің мөлдір ерітіндісі, сусыз мыс (ІІ) сульфаты.

Жұмыстың орындалуы.

Сынауық газ жүретін тығыны бар түтікті кигізіп, оның герметикалығын тексеріңдер. Құрғақ сынауыққа 0,5 – 1 г ұнтақ мыс (ІІ) оксидін және оның жартысындай парафин (немесе басқа органикалық затты) салыңдар. Парафин оксидті сіңіру үшін сынауықты қыздырып, парафинді балқытыңдар. Көрсетілген суретте сынауықты тұрғыға көлбеулеу етіп бекітіп, оның аузына таяу жерге бұршақ дәні шамасындай сусыз ақ түсті мыс (ІІ)сульфатын салыңдар. Сынауықты газ жүретін тығынмен жауып, түтіктің екінші ұшын 1,5 -2 мл кальций гидроксидінің ерітіндісі құйылған сынауыққа батырыңдар. Зат қоспасы салынған сынауықты қауіпсіздік шараларын сақтап қыздырыңдар. Органикалық зат мыс (ІІ) оксидімен әрекеттеседі: CxHy + CuO = Cu + CO2 + H2O Сәлден соң газ жүретін түтік арқылы бөлінген газ әкті судың ерітіндісін лайлайды. Қыздырып жатқан сынауықтың қабырғасына су тамшыларының қонғанын, ақ түсті мыс сульфатының көгергенін бақылаңдар. Тәжірибе аяқталғаннан соң, әуелі ерітінді құйылған сынауықтан түтікті шығарып алып, сосын қыздыруды тоқтатыңдар. (неге?) Суыған соң, 1 сынауықтағы ақ қағазға төгіп алып зерттеңдер. Бақыланған құбылысты түсіндіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.







3 -Практикалық жұмыс

Этилен алу және оның қасиеттерін зерттеу

Реактивтер мен құрал –жабдықтар: тұрғы, газ жүретін түтік, сынауықтар, этил спирті, күкірт қышқылы, кальций карбиді, су, мұнай, бензол, калий перманганаты, және иодты су.

Жұмыстың орындалуы.

Этилен, ацетилен, мұнай үлгісі мен бензолдың калий перманганаты мен йодты суға қалай әсер ететінін компьютерлік- техникалық жабдықтарды пайдаланып көрсету.

Этилен алу және оның қасиеттерін зерттеу

Реактивтер мен құрал – жабдықтар: сынауық, ұстағышы бар металл тұрғы, спиртшам, газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындалатын сынауық, кішірек екі сынауық, кәрлен ыдыстың ұсақ сынықтары, этил спирті, концертрлі күкірт қышқылы, бромды (йодты) су (50мл суға 2-3 тамшы бром немесе йод) және калий перманганатының күкірт қышқылымен қышқылданған ерітіндісі, сіріңке. Газ алуға қажетті құралдарды түгендеп алып, герметикалығын тексеріңдер.

Жұмыстың орындалуы. Этил спиртін дегидраттау арқылы этилен алу.

Реакция жүргізетін құрғақ сынауыққа 1-1,5 мл этил спирті мен 2-3 мл концентрлі күкірт қышқылының дайын қоспасынан 3-4 мл абайлап құйып алыңдар. Қоспаны қыздырғанда, біркелкі қайнауы үшін қоспа құйылған сынауыққа аздап кәрленнің ұсақ сынықтарын салу керек. Сынауықты газ жүретін түтігі бар тығынмен жауып, көлбеу етіп тұрғыға бекітеді. Қоспаны қауіпсіздік шараларын сақтай отырып қыздырыңдар.

Этиленнің бромды (йодты) сумен әрекеттесуі.

Газ жүретін түтіктің ұшын 1,5-2 мл –дей бромды ( йодты) су құйылған сынауыққа салып, ерітіндіні түссізденгенше газ өткізіңдер.

Этиленнің калий перманганатымен әрекеттесуі. Қоспа құйылған сынауықты қыздыруды тоқтатпай, газ жүретін түтіктің ұшын калий перманганатының қышқылданған ерітіндісі құйылған сынауыққа батырып, ерітінді түссізденгенше этилен жіберіңдер.

Этиленнің жануы. Қоспаны қыздыруды тоқтатпай, газ жүретін түтіктің ұшын жоғары қаратып, бөлініп жатқан газды тұтатып, этиленнің жануын бақылаңдар. Қыздыруды тоқтатып, қоспа салқындағаннан кейін жұмыс орнын жинап, тәртіпке келтіру керек.

Сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Этил спирті мен күкірт қышқылының қоспасын қыздырғанда кандай газ бөлінеді?

  2. Газды бромды (йодты) су және калий перманганатының ерітіндісі арқылы өткізгенде не байқадыңдар?

  3. Этилен неліктен метанға қарағанда жарқыраған жалынмен жанады?

  4. Этилен қасиеттерінің қаныққан көмірсутектерінен өзгешелігі неде?

Сәйкес реакциялардың теңдеулерін жазып, байқаған құбылыстарды түсіндіріндер.



4 - Практикалық жұмыс

Карбон қышқылдарының қасиеттерін зерттеу

Мақсаты: карбон қышқылдарының қасиеттерін зерттеу

Реактивтер мен құрал- жабдықтар. Сірке қышқылының ерітіндісі, сынауықтар мен тұрғы, әмбебап (көк лакмус) және фенолфталеин ерітінділері (не қағаздары), сілті ерітіндісі, магний (мырыш) ұнтағы (түйірлері), кальций (натрий) карбонатың, этанол, концентрлі күкірт қышқылы, натрий хлоридінің қаныққан ерітіндісі.

Жұмыстың орындалуы:

1.Сірке қышқылының физикалық қасиеттері және индикаторға әсері Сірке қышқылының 0,5-1 мл ерітіндісі н сынауыққа құйып алып, түсіне көңіл аударыңдар, абайлап йісін байқаңдар.Сынауықтағы ерітіндіге берілген индикатор ерітіндісінен тамызыңдар(немесе индикатор қағазымен тексеріңдер).Не байқалады? Карбон қышқылдары күші жағынан қандай қышқылға жататынын түсіндіріңдер.

2.Қышқылдың сілті ерітіндісімен әрекеттесуі Алдынғы тәжірибедегі индикатормен тексерілген сірке қышқылының ерітіндісіне индикатордың түсі өзгергенше сілтілі ерітіндісін тамшылатып құйып, қышқылды бейтараптаңдар.

3.Сірке қышқылының белсенді металдармен әрекеттесуі Сірке қышқылының 1-1,5 мл ерітіндісіне берілген металды салыңдар. Газ бөлінгені бақылаңдар. Реакция баяу жүрсе, аздап қыздырып жіберіндер.

4. Қышқылдың тұздармен әрекеттесуі Сынауыққа 1-1,5 мл сірке қышқылының ерітіндісін құйып алып, оған аздаған натрий карбонатының ұнтағын (не бордың кішкене түйіршігін ) салып,газ бөлінуін бақылаңдар.Сірке қышқылы мен көмір қышқылының күштері туралы тұжырым жасандар.

5. Сірке қышқылын спирттермен әрекеттестіріп күрделі эфир алу Сынауыққа 1,5-2 мл сірке қышқылын құйып алып, оған сонша мөлшерде этанол қүйыңдар. Үстіне абайлап 1 мл күкірт қышқылы ерітіндісін қосындар. Сынауықты салқындатқыш ұзын түтігі бар тығынмен жауып, байқап қыздырындар. Қыздыруды тоқтатып, сынауықтағы қоспаны натрий хлоридінің қанық ерітіндісі бар ыдысқа құйыңдар.Тығыздығына, түсіне йісіне көңіл аударыңдар. Карбон қышқылының қасиеттерін минерал қышқылдардың қасиеттерімен салыстырыңдар.

Барлық байқаған құбылыстарды түсіндіріп , жүрген химиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.



  1. Практикалық жұмыс

Майлардың қасиеттерін зерттеу

Мақсаты: майлардың қасиеттерін анықтау және оның қанақпандығын дәлелдеу

Реактивтер мен құрал- жабдықтар: өсімдік майы және тоңмай , су қолда бар органикалық еріткіш, натрий карбонаты мен калий перменганатының ерітінділері.Сынауықтар, тұрғы, шыны таяқша, тығыны бар түтікше.

Жұмыстың орындалу

Майлардың суда және органикалық еріткіште ерігіштігін тексеру

Үш сынауық алып, 2 сынауыққа 1 мл- ден өсімдік майын құйып, ал үшіншісіне 1 г тоңмай салындар. Өсімдік майы құйылған бір сынауыққа 3мл су құйып шайқандар да қыздырыңдар. Байқалған құбылыстарды тұжырымдаңдар.Қалған еріткіштер құйып, араластырыңдар. Органикалық еріткіштерде майлардың ерігіштігі туралы қорытынды жасандар.

Майлардың қанықпағандығын анықтау

Сынауық алып, әрқайсысына екі тамшыдан өсімдік майларын (күнбағыс, мақта, зығыр) құйып, оларға натрий карбонаты мен калий перменганаты ерітінділерін тамызып, жақсылап араластырыңдар. Ерітіндінің күлгін түсі жойылады. Сұйық майлардың қасиеттерін осы жүргізілген тәжірибелер арқылы сипаттаңдар. Неліктен перманганаты ерітіндісі түссізденеді? Қорытынды жазындар.



6 - Практикалық жұмыс

Белоктардың қасиеттерін зерттеу

Мақсаты: ақуыздың қасиетімен денатурация құбылысын зерттеу

Реактивтер мен құрал- жабдықтар: белок ерітінділері, тұз, азот, күкірт қышқылдары, мыс сульфатының ерітіндісі, қорғасын ацетатының ерітіндісі, фенол, формалин, этил спирті, натрий хлориді.

Жұмыстың орындалуы:

А. Белокты минерал қышқылдар көмегімен тұнбаға түсіру Үш сынауықтың біреуіне- азот қышқылынан, екіншісі-күкірт қышқылынан, үшіншісі- тұз қышқылынан 3 мл құйып, оларға сүт белогынан 1 мл қосса, ақ түсті белок тұнбаға түседі. Қоспаны шайқаса, азот қышқылы бар сынауықтағы тұнба мөлшері арта түседі де, ал тұз және күкірт қышқылы бар сынауықтағы қоспа еріп кетеді.

Ә. Ауыр металл тұздары қатысында белокты тұнбаға түсіру Екі сынауыққа 2 мл-ден белок ерітіндісін құйып,біреуіне араластыра отырып мыс (ІІ)сульфатының ерітіндісінен, екіншісіне-қорғасын ацетаты ерітіндісінен бірнеше тамшы тамызса, тұзды ортада нашар еритін белоктар ірімшіліктелген тұнба түзеді. Тұз ерітіндісі артық қосылса , тұнба еріп кетеді. Ауыр металдың кейбір тұздары қатысқан кезде бөлінген белоктар қайта ерімей, денетурацияға ұшырайды, сондықтан да (мысалы, сынап тұзы) улы болып келеді.

Б.Формалиннің және спирттің белокқа әсері Екі сынауықтың біреуіне этил спиртін, екіншісіне формалин құйып, олардың үстіне 1 мл-ден белок ерітіндісін қосады.Сонда екеуінде де тұнба түзіледі.Тұнба су қосып, араластырыңдар.Тұнба ерімейді.

Белоктың қыздырғанда ұюы (денетурациясы)

Жұмыртқа белогы ерітіндісін сынауыққа құйып алып, қайнағанға дейін қыздырыңдар.Сұйықтың неге лайланғанын бақыландар. Ерітіндіге су қосыңдар. Тұнба ери ме? Себебін түсіндіріндер.



  1. Практикалық жұмыс

Пластмассаның қасиеттерін зерттеу

Мақсаты: пластмассаның физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: электр өткізгіштікті сынайтын құрал, сынауық орнатылған тұрғы, газ жүретін түтікше, қысқыш, қайшы, спитршам, сіріңке, әр түрлі пластмасса: полиэтилен, поливинил, полиэстирол, полиметалметакрилат, фенолформальдегид пластмассы, 20%-тіккүкірт қышқылы және азот қышқылы, натрий (калий) гидроксиді, бром суы, 0,1%-тік калий перменганатының ерітіндісі, бензин, дихлорэтан, лакмус қағазы (көк, қызыл), су.

Жұмыстың орындалуы:

1. Пластмассаның физикалық қасиеттерін зерттеңдер: а)түрі; ә) қаттылығы; б) беріктігі; в) электр өткізгіштігі; г) тығыздығы (судан ауыр немесе жеңіл); ғ)органикалық әсері;

2. Пластмассаның химиялық қасиеттерін тексеріңдер: а) сілтіге және қышқылға тұрақтылығы; ә) спиртшамның жалынына ұстап жангыштығын, жалынның түрін, жанған кезде газ бөліне ме (ыдырай ма?), йісі қандай, бақыландар (тартпа шкафта астында жағу керек).

3. Полистирол немесе полиметилметакрилаттың деполимеризаялануы. Суреттегі құрылғыны құрастырындар.Сынауыққа пластмасса салыңдар да аузын тығыны бар түтікшемен тығындандар.Түтікше басқа ұшын сумен суытылған таза сынауыққа салындар. Пластмассаны спиртшаммен қыздырындар. Пластмасса ыдыраған кездегі буы сынауыққа жиналады. Бром суы және калий перменганатының ерітіндісімен пластмассаның деполимерленген өнімін тексеріңдер.Не байқадыңдар? Пластмасса физикалық және химиялық қасиеттерін кестеге жазындар.

Пластмассаның химиялық формуласы

Физикалық қасиеттері

Химиялық қасиеттері








  1. Практикалық жұмыс

Глицериннің мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі

Мақсаты: глицериннің қасиетін анықтау

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: глицерин, су, мыс (ІІ) сульфатының 2% ерітіндісі, 10% натрий гидроксидінің ерітіндісі, сынауықтар

Жұмыстың орындалуы:

1. Глицериннің суда еруі. Сынауыққа 2 мл су құйып, оған сонша мөлшердегі глицерин қосып араластырады. Одан кейін тағы 2 мл глицерин қосып, шайқандар. Глицериннің ерігіштігі туралы не айтасындар?

2. Глицериннің мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі. Сынауыққа 3-4 мл мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісі құйып, оның үстіне натрий гидроксидінің ерітіндісін мыс гидроксиді толық тұнбаға түскенше құяды. Тәжірибе дұрыс шығу үшін сілтіні артық алу керек. Қоспаны екі сынауққа бөліп, біреуіне бірнеше тамшы глицерин тамызып, екінші сынауықпен салыстырады. Содан кейін глицерин қосқан сынауықты шайқап, қайта салыстырады. Глицерині бар сынауықтағы қоспа еріп, ерітінді ашық көк түске боялады. Құбылысты түсіндіріп, реакция теңдеуін жазындар.





9 - Практикалық жұмыс

Крахмалдың қасиеттері

Мақсаты: крахмалдың қасиеттерін анықтау

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: крахмал, салқын және ыстық су, йод ерітіндісі, күкірт қышқылы, жаңа дайындалған мыс (ІІ) гидроксидінің ерітіндісі, сынауықтар

Жұмыстың орындалуы:

1. Крахмал клейстерін дайындау.

Сынауыққа 5 мл су құйып, үстіне аздап крахмал салып, қоспаны араластырыңдар. Түзілген қоспаға ыстық су құйылған ыдысқа араластыра отырып құйындар. Крахмал клейстері түзіледі.

2. Крахмалдың йодпен әрекеттесуі.

Сынауыққа крахмал ерітіндісінен 2-3 мл құйып алап, оның үстіне бірнеше тамшы йод ерітіндісінің қосындар. Қоспаны қыздырындар. Не байқадыңдар? Қандай өзгерістер байқадыңдар? Салқындатқанда бұрынғы түсі қайта орала ма?

3. Крахмал гидролизі.

Сынауыққа 6-8 мл клейстер құйындар, оған 2 мл күкірт қышқылын қосындар. Қоспаны 5-6 мин қайнатыңдар. Бір минут өткен сайын 1 мл сұйық үлгі алып, суда тез суытып, йодтың бір тамшысын қосындар. Сонда йодпен реакция кезінде үлгілердің біртіндеп түсі өзгеретіндігі байқалады. Үлгі түсінің йод әсерінен пайда болуы тоқтаған кезде оған жаңа дайындалған мыс (ІІ) гидроксидінің тұнбасын қосындар. Қоспаны қыздырындар.

Крахмалды күкірт қышқылымен қосып қыздырғанда қандай процесс жүреді? Мыс (ІІ) гидроксидінің түсі қалай өзгереді? Сәйкес реакциялардың теңдеулерін құрындар.

































І-НҰСҚА


1. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясын ашқан жылы

А)1861

В)1862

С)1961

Д)1962

Е)1865

2. Метанның кеңістіктегі пішіні

А)куб

B)сфера

C)тетраэдр

Д)октаэдр

Е)квадрат

3. Изомерлер дегеніміз

А)құрамы бірдей құрылысы әртүрлі заттар

B)қаныққан көмірсутектер

C)органикалық заттар

Д)бейорганикалық заттар

Е)қанықпаған көмірсутектер

4. Бутанның формуласы

А) C5H12

B) C5H10

C) C5H11

Д) C6H12

Е) C4H10

5. Гомологтар - дегеніміз:

А) құрамы және құрылысы ұқсас, бірақ бір немесе бірнеше СН2 –тобында айырмашылығы бар заттар.

В) бірнеше буындардан түзілетін макромолекулалар

С) құрамы бірдеі, бірақ құрылысы әртүрлі заттар

Д) жалғыз электроннан тұратын бөлшектер

Е) дұрыс жауап жоқ

6. Барлық органикалық қосылыстардағы көміртегінің валенттілігі нешеге тең

А) 4

B) 2

C) 3

Д) 1

Е) 2 және 4

7. Сутектік байланысты қалай белгілейді:

А) нүктелермен;

В) бағдаршамен;

С) үш нүктемен;

Д) пунктирмен;

Е) әріптермен

8. Этиленді көмірсутектердегі атомдардың гибридтенуі:

А)sp3 ;

В)sp2 ;

С)sp;

Д)гибридтенуге ұшырамайды;

Е) s2

9. Этилен молекуласындағы σ-байланыстардың саны:

А)1; В) 2; С)4; Д)5; Е)6.

10. Этиленнің полимерленуінен түзілетін зат

А) полибутилен

В)полипропилен

С) полиэтилен

Д)полипентилен

Е)полигексилен

11. Алкендерге тән реакция:

А) алмасу

В)орынбасу;

С)жану;

Д)айырылу;

Е). қосып алу;

12. Алкендердің сапалық реакциясы:

А)гидрлеу;

В)жану;

С)бромды сумен әрекеттесуі;

Д)дегидрлеу;

Е) дегидраттау.

13. Полимерлену реакциясы кезінде қандай байланыстар үзіледі:

А) σ;

В) σ және π;

С) σ және 2 π;

Д) π;

Е) 2 π.

14. Циклопарафиндер қандай көмірсетектерге изомер бола алады:

А)алкандарға;

В)алкадиендерге;

С)алкендерге;

Д)алкиндерге;

Е)арендерге.

15. Катализатор ретінде концентрлі күкірт қышқылын қолданғанда бутанол-2 қандай затқа айналады?

А) бутан;

В) бутен-1;

С) бутен-2;

Д) бутин-1;

Е) бутадиен-1,3

16. Бутадиен-1,3-тің құрылымдық формуласы

А)CH2 = CH – CH = CH2

В) CH2 = CH – CH - CH2

С) CH2 = CH – CH = CH3

Д) CH2 = CH = CH – CH3

Е) CH3 – CH2 – CH = CH2

17. Заттың дұрыс атауын беріңіз: CH2 = C - C – CH3

| |

СH3 СH3

А)2-метилбутен-1

В)2,2-диметилбутен-1

С)2,3-диметилбутен-1

Д)2,4-диметилбутен-1

18. 50 л этиленді жағуға қанша ауа қажет:

А)750 л;

В)1500 л;

С)150 л;

Д)300 л;

Е) 500 л.

19. Егер 11,2л ацетиленнен (қалыпты жағдайда) 10г бензол алынатын болса, онда бензолдың теориялық мәнімен салыстырғандағы массалық үлесін есептеңіз.

А) 80%

В) 85%

С) 90%

Д) 77%

Е) 67%

20. Сутек бойынша тығыздығы 28, көміртегінің 85,7 % және сутегінің 14,3 % массалық бөліктері бойынша көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңыз.

А)С4Н8;

В)С4Н10;

С)С3Н8;

Д)С5 Н10

Е)С5 Н8



ІІ-НҰСҚА

1. Органикалық химия дегеніміз

А) оттегі қосылыстарының химиясы

В) көміртегі қосылыстарының химиясы

С) хлор қосылыстарының химиясы

Д) бром қосылыстарының химиясы

Е) сутегі қосылыстарының химиясы

2. Сутегін бөліп алу реакциясы қалай аталады

А)хлорлау

В)дегидрлеу

С)гидрлеу

Д)галогендеу

Е)тотығу

3. Алкандар дегеніміз

А)құрамы бірдей құрылысы әртүрлі заттар

B)қаныққан көмірсутектер

C)органикалық заттар

Д)бейорганикалық заттар

Е)қанықпаған көмірсутектер

4. Бутенның формуласы

А) C4H12

Б) C5H10

В) C4H11

Д) C6H12

Е) C4H8

5. Радикалдар - дегеніміз:

А) құрамы және құрылысы ұқсас, бірақ бір немесе бірнеше СН2 –тобында айырмашылығы бар заттар.

В) бірнеше буындардан түзілетін макромолекулалар

С) құрамы бірдеі, бірақ құрылысы әртүрлі заттар

Д) жалғыз электроннан тұратын бөлшектер

Е) дұрыс жауап жоқ

6. Пропиленнің полимерленуінен түзілетін зат

А)полиэтилен

В)полипропилен

С)полибутилен

Д)полипентилен

Е)полигексилен

7. Байланысты қалай белгілейді:

А) грек әрпімен;

В) бағдаршамен;

С) нүктемен;

Д) пунктирмен;

Е) әріптермен

8. Ацетиленді көмірсутектердегі атомдардың гибридтенуі:

А)sp3 ;

В)sp2 ;

С)sp;

Д)гибридтенуге ұшырамайды;

Е) s2

9. Этилен молекуласындағы π -байланыстардың саны:

А)1;

В) 2;

С)4;

Д)5;

Е)6.

10. Ацетиленнің тримерленуінен түзілетін зат

А)полиэтилен

В)полипропилен

С)полибутилен

Д)бензол

Е)полигексилен

11. Алкиндерге тән реакция:

А)қосып алу;

В)орынбасу;

С)жану;

Д)айырылу;

Е)алмасу.

12. Ацетиленнді алудың карбидтік әдісін көрсететін реакция:

А)СаС2 + 2Н2О → С2Н2 + Са (ОН)2;

В)СаО + 3С → Са С2 + СО;

С)С2Н4 → С2Н2 + Н2 ;

Д)2СН4 → С2Н2 + 3Н2.

Е)С2Н4 + Н2 → С2Н6

13. Бензолдың С6Н5 радикалы қалай аталады:

А)винил;

В)фенил;

С)метил;

Д)ацетил;

Е)этенил.

14. Алкендер қандай көмірсетектерге изомер бола алады:

А)алкандарға;

В)алкадиендерге;

С) циклопарафиндерге;

Д)алкиндерге;

Е)арендерге.

15. Алкадиеннің формуласы

А) бутан;

В) бутен-1;

С) бутен-2;

Д) бутин-1;

Е) бутадиен-1,3

16. Бутадиен-1,2-нің құрылымдық формуласы

А)CH2 = CH – CH = CH2

В) CH2 = CH – CH - CH2

С) CH2 = CH – CH = CH3

Д) CH2 = CH = CH – CH3

Е) CH3 – CH2 – CH = CH2

17. .Заттың дұрыс атауын беріңіз: CH3 – C = C – CH3

| |

СH3 СH3

А)2-метилбутен-2

В)2,2-диметилбутен-2

С)2,3-диметилбутен-2

Д)2,4-диметилбутен-2

18. 100 л этиленді жағуға қанша ауа қажет:

А)750 л;

В)1500 л;

С)150 л;

Д)300 л;

Е) 500 л

19. 2,66г затты жаққанда 1,54г көміртегі (IV) оксиді және 4,48г күкірт (IV) оксиді түзілген. Заттың қарапайым формуласын анықтаңыз.

А) CS2

В) CS

С) CO2

Д) CO

Е) SO2

20. Ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 2 тең, құрамында 82,75 % көміртегі және 17,25 % сутегі болатын заттың формуласын анықтаңыз.

А) C5H12

В) C4H10

С) C6H12

Д) C5H11

Е) C5H10



















Кілті


1 нұсқа

2 нұсқа

1

А

B

2

C

B

3

A

B

4

E

E

5

A

D

6

A

A

7

A

A

8

B

C

9

A

A

10

C

D

11

E

A

12

C

A

13

D

B

14

C

C

15

B

D

16

A

C

17

C

B

18

A

B

19

D

A

20

C

B





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!