Материалдар / Авторлық бағдарлама. Қазақстан экологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама. Қазақстан экологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Авторлық бағдарлама мұғалімдерге арналған элективті курс бойынша қосымша құрал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Наурыз 2023
322
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бағдарлама

Қазақстан экологиясы

10-сынып (36 сағат аптасына 1 рет)

Нусипкожаева Р.Б.- география пәнінің мұғалімі

172 мектеп-гимназиясы

Пікір жазған: Каймулдинова К.- География ғылымының докторы, профессор

Түсініктеме хат мазмұны

Қазіргі уақытта елімізде  әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елу елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім» деп көрсеткен болатын. Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектеп пен жоғары оқу орындарында экология пәнін оқытуды жақсарту, оның оқулықтарын жазу, жаратылыстану пәндерін экологияландыру жаппай сипат алуда.

10-сыныптарға арналған бұл бағдарлама жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде оқушылардың білімі мен біліктілігін дамытуға бағытталған.Олaй болсa, құрылғaн бұл қосымшa бaғдaрлaмa өмірлік қaжеттіліктерді қaмтaмaсыз етуге көмектеседі. Яғни функционaлдық сaуaттылықты қaлыптaстыра отырып, жaсaлынaтын әртүрлі зерттеу жұмыстaры оқушылaрдың aлғaн білімдерін өмірде қолдaнa aлуынa мүмкіндік береді. Сонымен қaтaр география ғылымының әртүрлі саласына қызығушылығы бaр оқушылaрды кәсіпке бaулуғa жетелейді.Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Экология ғылымының бүгінгі күнгі маңызы да осында жатыр. Қазіргі экология барлық ғылымдардың мақсаты мен мәнін ашатын кешенді ғылымдар жиынтығына айналды.

Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың ғылыми-экологиялық дүниетанымын, этика, эстетикалық мәдениетін, адамгершілік ізгілігі мен жауапкершілігін арттыру. Қоршаған ортаға экологиялық факторлардың әсерінен туындайтын табиғаттың әртүрлі өгерістерін зерттеуге оқушылардың қызығушылығын дамыта отырып,оқушылардың қоршаған ортаны қорғау жайлы мәселелерді шешу қабілеттілігін арттыру.

Бағдарламаның міндеттері: экология ғылымының қазіргі заманғы проблемалары, оның себептеріншеше білу мүмкіндіктерін жетілдіру. Әртүрлі сарамандық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың қызығушылығы мен икемділігін арттырып, оқушылардың болашақта мамандық таңдау жолында дұрыс шешім қабылдауына бағыт-бағдар беру.

Бағдарламаның жаңашылдығы: Бағдарлама жаңартылған білім беру аясында күнделікті өмірде экологиялық білімді пайдалануы, экологиялық теориялық білімді практикамен ұштастыру, туған өлкенің табиғатын тани білуге оқушылардың ғылыми жаратылыстану көзқарастарын, экологиялық ойлауларын азаматтық жауапкершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеукөзделген, сондай-ақ оқушылар ғылыми зерттеу, шығармашылық жұмыстарды орындайды, экология бойынша зерттеушілік қызметтердің негіздерімен танысады, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс дағдылары дамиды, ғаламтор желісінен алынған деректермен, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істейді.

Бағдарламаның өзектілігі: Курсты іске асыру үрдісінде теориялық және практикалық
сабақтар, іздестіру жұмыстары нәтижесінде алынған ақпаратты талдау, бақылау, зерттеу,
жобалар әзірлеу сияқты оқушылардың қызметін ұйымдастырудың әр түрлі әдістері мен
түрлерін пайдалану көзделеді.

Оқушыларға қойылатын талаптар: орындауға берілген тапсырмалардың мақсатын білу, түсіну және бағалау;оларды шешудің тиімді жолдарын іздеу; әртүрлі дерек көздерін пайдалана білу, ақпаратты жинақтау және сұрыптау; өз бетінше шешім қабылдай білу, дәлелдеу, түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер: пәнге деген қызығушылығы қалыптасады, тапсырмаларды орындау барысында өзара түсіністік және сыйластық қарым-қатынас пайда болады. Тұлғаның өзін-өзі тануы қалыптасады.



ІІ.Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

"Қазақстан кологиясы".

элективті курсының мазмұндық бөлімі.

Оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны барынша толық және нақты бейнеленген бағдарлама мәтінінен тұрады. Бағдарламада экологиялық факторлардан бастап, еліміздің экологиялық проблемалары туралы материалдар берілген. Бағдарлама 36 сағатқа негізделіп жазылған. Пәндік теориялық бөлімнен және тәжірибелік (практикалық) бөлімнен құрылған.

Бағдарлама негізгі 5 бөлімнен тұрады:

І-бөлім. Кіріспе. Экология жайлы түсінік (2 сағат)

Экология пәнінің мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім берудің жағдайы. Бұл бөлімде экологияға жалпы түсінік беріледі.

Бөлімнің негізгі мақсаты: Оқушыларды экология ғылымымен жақын таныстыру. Экологияның пән ретіндегі мақсаты мен міндеттері және экологиялық білім берудің еліміздің мектептеріндегі, арнаулы орта, жоғарғы оқу орындарындағы бүгінгі күндегі жағдайы таныстырылады

ІІ-бөлім: Экологиялық факторлар. Геосфералардың ластануы. (8сағат)

Екінші бөлім бірнеше тақырыптарды қамтиды Экологиялық факторлардың түрлері. Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлар. Қоршаған ортада табиғи айналымдардың бұзылуы. Ластанудың түрлері, атмосфераның ластану индексі (АЛИ), шекті мөлшердегі концентрация, қоршаған ортаның химиялық ластануы. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы Зертханалық жұмыс. №1 Тірі организмдердің қолайлы ортасын анықтау

Бөлімнің негізгі мақсаты: оқушыларға экологиялық факторлардың түрлерін, олардың организмге тигізетін әсерін, организмдердің негізгі тіршілік ортасын түсіндіру. Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастыра отырып, түсіндіру. Қоршаған ортада табиғи айналымдардың бұзылуына әсер ететін факторларды анықтау, оның алдын алу және жою жолдарын түсіндіру. Оқушыларды қоршаған ортаны ластаудың көздерімен таныстыру. Адамдар тұратын жерлердегі ауаның, топырақтың, жер асты, жер үсті суларының химиялық ластануы мен ластаушы көздері өндіріс қалдықтары оларды шығаратын шаруашылықтар, қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіретін радиациялық ластануы, оның адам денсаулығы мен тірі организмге кері әсері, биологиялық ластану вирустар, бактериялар, короновирустың таралуы мен күресу жолдары туралы білім қалыптастыру. Сабақ барысында алған теориялық білімдерін "Тірі организмдердің қолайлы ортасын анықтау" кезіндегі зертханалық жұмыста жүзеге асырып, зерделей алады.

ІІІ-бөлім: Адам және қоршаған орта- 3 бөлімшеден тұрады:

1.Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері (4 сағат) Медициналық география. Адамның тіршілік етуіне қолайлы және қолайсыз аудандар. Сарамандық жұмыс. №3.Кейбір жұқпалы аурулар. Оның алдын алу, емдеу

2.Ауылшаруашылық экологиясы (7сағат) Атсосфера және онымен байланысты экологиялық проблемалар. Жер ресурстары, оның экологиясы. Топырақ экологиясы. Эрозия, эрозияның түрлері.Топырақтың құрамын анықтау. Ауылшаруашылық жерлерінің экологиясы (жайылым, егістікт.б.). Су көздері (өзен, көл, жер асты сулары). Ауыз судың экологиясы. Сарамандық жұмыс №4. Ауыз судың құрамын анықтау.

3. Қазақстанның табиғи ортасындағы экологиялық шиеленіс деңгейі (6сағат). Апатты деңгей. Қауіпті деңгей. Шиеленіскен деңгей. Қанағаттанарлық деңгей. Қолайлы деңгей. Сарамандық жұмыс. №5. Әр аймақтың экологиялық жағдайын анықтау

Бөлімнің негізгі мақсаты: Қазақстанның әрбір аймағындағы экологияның бұзылуына түрткі болып отырған қозғаушы факторларды анықтау. Қазақстандық геоэколог А.В.Чигаркин ұсынған экологиялық шиеленістің бес деңгейін, критерилерін, геожүйенің бұзылуын және сол ауданға кіретін аймақтарды анықтау. Нақты табиғат компоненттерін айқындайтын критерийлер негізінде экологиялық тұрғыдан жіктеу, кешенге сипаттама беру. Үлкен қалалар мен өндіріс орындарынан шығатын қалдықтар туралы мағлұматтар беру. Қазақстанның экологиялық апатты аймақтарының картасын жасау.

ІҮ-бөлім: Қазақстанның экологиялық проблемалары (6 сағат). Қазақстанның ғаламдық экологиялық проблемалары: (Арал, Каспий,Балқаш). Ғаламдық экологиялық мәселелерді шешудегі әлемдік тәжірибе. Экологиялық мәселелерді шешудегі инновациялық технологиялар Еліміздегі "Жасыл экономика" тұжырымдамалары. ЭКСПО-2017. №5 сарамандық жұмыс. "Менің жобам" Қазақстанның экологиялық мәселелерін шешу жолдары.

Бөлімнің негізгі мақсаты: Елімізде түйіні шешілмей қордаланып отырған әлемдік деңгейдегі экологиялық мәселелерді анықтау. Каспий теңізі алабындағы мұнай-газ кен орындары, Семей ядролық полигоны, Арал-Балқаш экологиялық проблемалары, оларды шешу үшін елімізде және әлемдік деңгейде атқарылып жатқан іс-шаралар туралы таныстару. Ғаламдық экологиялық мәселелерді шешудегі әлемдік тәжірибелермен және олардың қайсысын Қазақстанға қолдануға болатыны туралы, таныстыру. Экологиялық мәселелерді шешудегі инновациялық технологиялар, олардың еліміз үшін тиімді жақтары, еліміздегі жүзеге асырылып жатқан "Жасыл экономика" тұжырымдамалары түралы түсінік қалыптастыру. Одан әрі өз бетінше ізденуге, алған білімдерін болашақта шынайы өмірде қолдана білуге үйрету.

Ү-бөлім: Қорытынды

Курс бойынша өтілген тақырыптарды қайталау. Алған, үйренген білімдерін жинақтау. Сынақ тапсыру барысында алған білімдерін қорытындылау.















ІІІ Нормативтік бөлім.

«Қазақстан экологиясы»

10 сынып

(36 сағат, аптасына 1 сағат)






Тақырыбы



Оқу мақсаты


Сағат

саны





Білім өнімі





Бпрлыы


Лекия

Практка

Өткізілу

түрі

І. Кіріспе. Экология жайлы түсінік 2-сағат

Барлығы-2 сағат, теория- 2

1.

Экология пәнінің

мақсаты мен

міндеттері

10.1.1- экология

ғылымының мақсаты мен міндетімен танысу

1

1


Дәріс

Қосымша ақпараттармен танысады

2.

ҚР-дағы

экологиялық

білім берудің

жағдайы.

10.1.2.-ҚР-дағы әр түрлі

білім беру салаларында экологияны оқыту

жағдайымен танысу

1

1


Дәріс,

семинар

Қосымша ақпараттармен танысады

ІІ. Экологиялық факторлар Геосфералардың ластануы (8-сағат)

барлығы-8 сағат теория-6, практика-2

3.

Экологиялық

факторлардың

түрлері.

10.2.1.1- экологиялық фокторлардың түр

құрамын анықтау

1

1


Дәріс, ізденіс жұмыстары

Талдайды,

ізденеді

4.

Табиғатқа әсер ететін

антропогендік факторлар.

10.2.1.2- қоршаған ортаға

антропогендік

факторлардың ықпалын анықтау

10.2.1.3- антропогендік факторларды топтастыру

1

1


Дәріс, семинар

Сипаттайды,

зерттейді

5.

Қоршаған ортада табиғи айналымдардың бұзылуы

10.2.1.4- қоршаған ортада табиғи айналымдардың бұзылуына әсер ететін факторлармен танысу

1

1


Дәріс, семинар

Сипаттайды,

зерттейді

6.

Геосферадағы ластанудың түрлері

10.2.1.5- ластанудың

түрлері, атмосфераның ластану индексі (АЛИ),

шекті мөлшердегі концентрация туралы білім қалыптастыру

1

.

1

Зерттейді, тәжірибе, анықтайды.

Сипаттайды,

зерттейді,

талдайды

7.

Қоршаған ортаның химиялық

ластануы.

10.2.1.6- қоршаған ортаның

химиялық ластану,

10.2.1.7-қоршаған ортаның химиялық ластанудың алдын алу, күресу жолдары

1

1


Дәріс, семинар, ізденіс жұмыстары

Сипаттайды

8.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!