Материалдар / авторлық бағдарлама "Шешендік сөздер" таңдау курсы 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

авторлық бағдарлама "Шешендік сөздер" таңдау курсы 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем саласы шешендік сөздер, шешендік өнер әдеби асыл мұрасын таныту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2020
2628
30 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











Ұйымның атауы: М. Әуезов атындағы жалпы орта мектеп КММ

Бағдарлама авторы: Нуржанбаева Алия Келесбековна

Қызметі: Оқу ісі жөніндегі орынбасар

Бағдарламаның атауы: Шешендік сөздер

Бағдарлама әзірленген жылы: 2018-2019 оқу жылы























































Рецензия

Ұсынылып отырған 9 сыныптың қазақ әдебиеті сабағына қосымша материал. Ұстаз «Шешендік сөздер» курсы бойынша оқушыларға алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге өзінің туған тілін сүюге, әдеп-ғұрып, салтын құрметтеуге, сөйлеу мәдениеті қалыптастыруға бағытталған. Бұл қосымша курс қазақ әдебиеті сабағының тақырыптарына біріктіріп отыр. Әр тақырыпқа орай шешендік өнер мен шешендік сөздердің өмірмен байланыстыра өту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен бірге, тілге деген құрмет, патриоттық сезімін ояту, адалдыққа тәрбиелейді. Ұстаз өз ойын шеберлікпен сауатты, қисынды жеткізу тұрғысынан дайындағанын байқатты. «Шешендік сөздер» курсының материалды жүйелі, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылған. Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру- қазіргі оқу үрдесінің ең басты талаптарының бірі. Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы ең алдымен оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыру арқылы жүзеге аспақ. Бұл курс оқушылардың өз бетінше ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін оятады. Сондықтан бұл курсты сабақта қолдануға болады деп ойлаймын.







Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестік жетекшісі Г. Мақұлбекова

Мектеп тренері

Бірінші (ілгері) деңгей сертификатталған



































«Шешендік сөздер» таңдау курсының оқу бағдарламасы

  1. Түсінік хат



Бұл бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің 9 сынып оқушыларына арналған және 34 сағатқа есептелінген.

- ҚР «Білім туралы» Заңына;

-Қазақ әдебиеті пәнінен 5-9 сыныптарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сүйене отырып құрастырылды.

Бұл курс бағдарламасы жалпы орта мектептің 9 сынып оқушыларына

таңдау курсы бойынша жасалынды.

2. Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы- шешендік сөздер- халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоғалтпаған рухани қазына. Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі бір саласы шешендік сөздер туралы оқыту, насихаттау, бағалау- қоғамдық ой санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Қазіргі уақыт талабына орай шешендік сөздерді жан- жақты қырынан танып, тың байламдар жасалуы- заңдылық.

3. Бағдарламада: Шешендік сөздер , шешендер мен шешендік сөздердің түрлері, ерекшелігі мен зерттелу жайы қарастырылады; шешендік сөздер, шешендік өнер, шешендік сөздерді жинақтап, зерттеу еңбектері, шешендер мен шешендік сөздердің түрлері, шешендер айтқан сөздер мен тағлымдары берілді; шешендік сөздердің тәлім- тәрбиелік мәні, шешендер және олардың негізгі қызметі, тапқыр ой мен көркем тілмен сөйлемдік құрамы қалыптасқан үлгілі сөздерді бағдарлауға назар аударылды; халық даналығынан туған асыл ойларды өсиет- насихат сөздерді, тапқырлық сындарды қамтиды.



«Шешендік сөздер» таңдау курсының мақсаты:

Оқушыларға қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем саласы- шешендік сөздер, шешендік өнер әдеби асыл мұраларды таныту;

Оқушылардың шығармашылықпен өзіндік білім алуын жүзеге асыру;

Оқушылардың рухани жан дүниесін байыта отырып, оларға азаматтық, адамгершілік, сөйлеу мәнерін, тапқырлық, көркемдік эстетикалық тәрбие беру;

Оқушылардың халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдау қажет білік, білім дағдыларын дамыта отырып сөздік қорларын байыту;

Шешендік сөздер мен шешендердің шығармашылығын тереңірек оқыту, Майқы биден бастау алатын, «халық биі» атанған үш жүздің билерінің шебер сөздерін меңгерту, шешендік сөздерді талдау

Курсқа арналған барлық жоспарлы материалдарды толық игерту, қосымша материалдарды, мәліметтерді іздестіру кезінде әдебиеттерді дұрыс таңдай білуге, сөздерді қолдануда, жұрт алдында өз ойын толық жеткізіп шебер сөйлеуге үйрету;

«Шешендік сөздер» таңдау курсының міндеттері:

Шешендік сөздер арқылы оқушыларға ұлттық құндылығымыздың бірін таныта отырып, сөйлеу шеберлігін арттыру;

Дара тұлғаның еркін, жүйелі сөйлеуге, сыни ойлау қабілеттерін дамыту;

Шешендік сөз мектебінің тәрбиелік мәнін ұғыну, тек қазаққа тән құбылыстын мәнін терең тану;

Оқушылардың әдеби оқырмандық мәдениетін қалыптастыру;

Таңдау курс арқылы әдеби зерттеу жұмыстарына даярлау;

Оқушы алған білімдерін өмірлік тәжірибеде, күнделік кездесетін теориялық және тәжірбиелік жаңалықтарды шешу кезеңдерде қолдану қабілеттерін арттыру;

Күтілетін нәтиже:

Өз ойын көркем тілмен жеткізетін, әдебиетті сүйетін, әдебиеттің көп сырлы өзеніне бойлай алатын, біліктілік, білімділік дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашыл, ізденімпаз, жүйелі сөйлеп, шебер ойлы, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан тұлға болады.

Бағдарламаны оқытудағы қойылған мақсатқа жету әдістері:

Курс сабақтары семинар, ашық сабақ, сайыс сабақ, ізденіс сабақтар әртүрде өткізіледі. Оқыту барысында оқушы түсінігіне сай келетін ұғымдармен бастау алады. Сабақ барысында диалогтік оқыту мен сыни тұрғыдан ойлау, булм таксономиясын пайдалану өте тиімдім болады. Балаларға үнемі бағыт- бағдар беріп, өз бетімен ізденіп жұмыс жасау үшін қосымша әдебиеттер тізімін ұсынылып, кітап оқуға баулу.

Оқушы біліміне қойылатын талдаптар:

Тақырыптың мақсаты мен міндетерін толық ұғыну.

Кітапханалармен байланыс жасап, ғылыми еңбектермен танысу,әдеби шығармалар, нақыл сөздерді кеңінен пайдалану

Шешендік сөздердің мазмұнына қарай талдау, түрлерімен танысу

Шешендер мен шешендік сөздерден тәлім -тәрбие алу

Шығармашылықпен айналысу

«Шешендік сөздер» таңдау курсы оқу тақырыптарының мазмұны

( 34 сағат аптасына 1 сағаттан, айына 4 рет)

1.Кіріспе

«Шешендік сөздер» туралы түсінік (1 сағат). Шешендік сөздер туралы. Ауыз әдебиеті туралы. Қазақ халқының құндылықтарына шолу. Шешендік сөздердің мол сыры. Тіл дамыту: талдау, ой бөлісу, шешендік сөздермен жұмыс. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,Қазақ әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: қосымша мәлімет;

2.Пән туралы түсінік мақсаты мен міндеттері (1 сағат)

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы- шешендік сөздер ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін көркемдік қасиеттерін көрсететін жанр. Тіл дамыту: ой толғаныс, нақыл сөздер мен шешендік сөздердің байланысына талдау. Пәнаралық байланыс: әдебиет. Өзіндік жұмыс: қосымша мәліметтер жинақтау.

3.Шешендік өнер (1 сағат)

Қазақ шешендік өнерінің қалыптасуы тарихы. Шешендік өнердегі шешендердің алатын орны. Сөйлеу мәнерімен мәдениеті, нақыл сөздерінен түсінік беру. Тіл дамыту: шешендік өнер туралы пікірталас. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Шешендік өнер тарихы дерек жинақтау.

4.Шешендік сөздердің өзіндік ерекшеліктері (1 сағат )

Шешендік сөздердің өзіндік ерекшеліктері бар. Әдеби мұраның қайсысында болса да шешендік сөздер халық даналығын, тіл байлығын көрсетеді. Рухани байлықтың сарқылмайтын қайнар көзі. Шешендік сөздердің көп нұсқалы, белгілі бір оқиғамен байланысты айтылатындығы. Тіл дамыту: шешендік сөздердің ерекшеліктерін ашу, түсінік қалыптастыру. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қазақтың шешендік сөздер» кітабы оқу, мәліметтер жинақтау.

5.Шешеннің сөйлеу мәнері (1 сағат )

Әрбір шешеннің сөйлеу мәнері, стилі әртүрлі болатындығын, шешендік сөз нұсқаларын салыстыра отырып, зерттеу. Тілі орамды, шебер сөз сөйлеу жолдарын үйрету. Тіл дамыту: шебер сөйлеу, тіл байлығын дамыту. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Шешендердің айтқан сөздерін оқу.

6.Шешеннің стилі (1 сағат).

Шешендік сөздердегі шешендердің стилінің айтарлықтай айырмашылығы жоқтығы,шығарушы жеке адамдар болғанымен өңдеп жеткізуші халық, сақтаушы да халық. Тіл дамыту: шешендердің сөздерін мәнерлеп оқу, мазмұнын әңгімелеу. Өзіндік ізденіс: шешендік сөздерді оқу арқылы стилдерін анықтау.

7.Шешендік сөздерді сақтаушы да өңдеуші де халық (1сағат).

Шешендік сөздердің нағыз иесі, мұрагері де халық деп қарау керек. Кең байтақ қазақ жерінің түкпір түкпіріне жеткізетін халықтың ауыздан ауызға таратуы. Сол өлкедегі оқиғалармен байланыстыра айтылғандығы. Тіл дамыту: өңірлерге бөлінген шешендік сөздерді бөліп қарастыра отырып оқу, оқиғаларға қатысты суреттеу. Өзіндік ізденістер: жергілікті шешендердің сөздерін қағаз бетіне түсіру.

8.Шешендік сөздерді жинақтап, зерттеушілер(1 сағат)

Қазақтың шешендік сөздерін зерттеуші қазақ ғалымдарымен орыс ғалымдарының зерттеу жұмыстарына шолу жасау.

Тіл дамыту: сөздікпен жұмыс, зерттеу жұмыстарына тоқталу. Өзіндік ізденістер: зерттеу еңбектерін оқу, мәнжазба

9.Қазақтың шешендігін бағалаған белгілі ғалым В.В. Радловтың еңбектері (1 сағат ).

Қазақтың шешендік сөздерін зерттеген, бағалаған адамдардың бірі – белгілі ғалым Радловтың құрастырған жинақтарымен жұмыс жүргізе отырып, тарихимен танысу. Тіл дамыту: Шешендік сөздердің қолдану аясын оқи отырып қолдану. Өзіндік өзденістер: шешендік сөздерді өмірлік тәжірибеде қолдану.

10. Ы. Алтынсаринның шешендік сөздерді жинақтап, зерттеген еңбектері(1 сағат )

Қазақтың шешендік- тапқырлық, нақыл сөздерін жинақтап, жариялаушы ғалымдардың бірі Ы. Алтынсарин. Халық даналығының тапқырлық пен тәлім- тәрбиелік мәнін дұрыс түсінген ағартушы оны өз кезегінде қажетке жарата білген. Тіл дамыту: «Жиренше шешен» тапқырлық – шешендік сөздерін оқу. Өзіндік ізденістері: газет- журналдардан ізденіп оқу.

11.М. Әуезовтың зерттеу еңбектері (1 сағат)

Шешендік сөздердің ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы зерттеушілердің бірі-М. Әуезов. «Қазақ әдебиетінің тарихы» еңбегінде «Көптің өнері, жалпақ елдің сыбағасына тиетін өнер туындысы» дейтін қорытынды сөзі шешендік сөздерге қатысты. Тіл дамыту: өз ойын қорыту, пікір айту.Өзіндік ізденістері: М. Әуезов «Билер айтысы» деген арнайы енгізген шешендік сөздерден оқып, талдау.

12.Шешендердің атасы- Жиренше шешен(1 сағат)

Ел аузында сақталған шешендік сөздердің ең көнесі- Жиренше шешен есімімен байланыстығын білу, шешендік сөздерін оқу, тәрбиелік мәнін ашу. Тіл дамыту: сөйлеу мәдениеттерін жетілдіру. Өзіндік ізденістері: Жиренше шешен сөздері.

13.Қасенханның Асанқайғы атануы (1 сағат)

Қасенханның Асанқайғы атануыда, сөз жеңілген Еженханның өз орнына Асанқайғыны хан сайлап Қасеннің «хан» атануының мәнін ашу. Тіл дамыту: сөз өнерін дұрыс пайдалану. Өзіндік өзденістері нақыл сөздерді жатқа айту.

14.Шешендік сын (1 сағат )

Арнау сөздердің бір парасы-шешендік сын. Сөздің қисыны мен делдігі, теңеуін тауып айтылған сөздер шешендік сын. Сөздің түпкі мәнін мағынасын түсіну. Тіл дамыту: шешендік сын айтуға баулу. Өзіндік ізденістері: Шешендік сын болатын сөздерді қағаз бетіне түсіру, мағынасын ашу.

15.Сырымның үш қасиеті (1 сағат)

Жігіттің тұлғасын шебер сөзбен сипаттау, арқылы әйелдің ақылдығы, қызының өмірін күндіктен құтқаруы тапқырлығының, жүйрік ойлығын дәріптеу. Тіл дамыту: тапқырлыққа баулы. Өзіндік ізденістері: шығарманы оқып, мазмұнын әңгімелеу шеберлігін, образды ашу жолдарын үйрену.

16.Жидебай мен Қараменде сөздері (1 сағат)

Сандармен жұмбақтап Жидебайдың сәлемін Қараменді шешенге жеткізгенді Қарамендінің сандар сырымен Жидебайдың хал жағдайын сәлемінен түсінеген. Тапқырлықтың сыры мол шешендік өнердің жолы кез келген түсіне бермейтін өзіндік үлкен бір сарын екендігін ұғыну. Осы арқылы ойға жүйрік, сөз астарын ыммен түсінісудің сыры мол болатын білу. Тіл дамыту: айтар ойды екі ауыз сөзбен жеткізе білуге үйрену.

Өзіндік ізденістер: Жидебай сөздерінің мәнін ашу

17.Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдері ( 1 сағат).

Қазақ ауылдарында сөзбен ағайының мүдесін қорғайтын, қауымның әдет ғұрпын жетік білетін, ойға жүйрік, сөзге шебер адамдар болды. Ондай шешен адамдарды халық «би» деп атаған. Қазақтың атақты үш жүздің биі болған Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің шешендік пен атақ даңқылары Тәуке хан тұсында кең етек алды. Әділ шешім шығарып жесір дауы, жер дауы қатысқан билерді халық құрметтеген. Би шешендердің өмірі мен нақыл сөздері, бата тілектері, өсиеттерін оқу, мазмұнына мән беру.Тіл дамыту: бата тілектерін жатқа оқу,

18.Шешендік өсиет «Баталы ер арымас» (1 сағат)

Батамен ердің де, елдің де өсіп- өніп жетілетінін халық ертеден біліп, ел ағасы мен атақты билерден баталған. Алшағыр бидің Қайдарға дүниедегі үш жетімді атап, ақыл айтып, батасын береді.Тіл дамыту: бата тілек жатқа оқып, бата беруді үйрену. Өзіндік ізденістері: эссе жазу.

19. Жақының үшін жақсының жағасынан алма(1 сағат).

Шақшақұлы Жәнібек батырға Төле шешеннің берген ақылы: «Жақының үшін жақсының жағасынан алма, жерің тарылар. Әйел алсаң көрікті емес,тектісін ал.» деген сөздердің мағынасын ашу. Ұлағатты сөздің мәні неде? Тіл дамыту: Төле бидің айтқан сөздерден ғибрат алу. Өзіндік ізденістері Төле би сөздерінің ұйқасы.

20. Шешендік нақыл. Жақсы жігіт белгісі (1 сағат )

Шешендік сөздердің бір парасы нақыл. Елде туған ердің өсіп жетілуде берген тәрбие, тәлімі, айтар ақылмен бата тілегі нақыл сөздермен өрбіген. Сондай сөздердің ұйқасты жолы «Адам болар жігіттің, айтқан сөзі жөн болар» деп екі ауыз сөзбен тәрбиелі болуға бағытта отырған. Осы сөздердің оқу арқылы өзіндік тұжырымдарын, көзқарасын білдіруге баулу. Ер болып өсуге бағыттау. Тіл дамыту: шешендік нақыл сөздерді оқу.Өзіндік ізденістері: «Елдің ерлері» тақырыбынд шығарма жазу

21. Қонақжайлық белгісі (1 сағат)

Қонақжай қазақтың қонақ күтуде үлкен бір құрметтің белгісі, адамдардың қарым қатынас жасаудағы иманды, ибалы болуға баулу.

Тіл дамыту: нақыл сөзді жатқа оқу. Өзіндік ізденістері: қонақ күту салт дәстүрін, дастарханның басында айтылар сөз бен бата беруді үйрену.

22.Би шешендер мұрасы(1 сағат)

Шешендік өнердің бір саласы шешендік дау. Шешендік даулары мазмұнына қарай: жер дауы, жесір дауы,құн дауы, мал дауы, ар дауы, болып беске бөлінеді. Халықтың әдет ғұрпына сүйеніп тілге шешен адамдарға төрелік беретін болған. Ондай адамдарды би деп атаған. Осылай билік төрелік айту салты қалыптасқан. Төрелік айтыспен емес, ұрымтал ойлы сөзбен шешіп отырған. Тіл дамыту: би шешендердің төрелігін қолдану.Өзіндік ізденістері: Балабидің төрелігі туралы.

23. Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік. (1 сағат)

Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы. Тіл дамыту: «Тауып сөйлер» диолог құру. Өзіндік ізденістері: «Менің айтар сөзім бар...» менжазба

24. Жер дауы. Қасқакөл дауы(1 сағат)

Қазақтың ежелден келе жатқан жер дауынның төрелігі кейде ұзақ уақытта созылып билердіңде пікірі бір жерден шықпай келісе алмай жататын кездері болған. Қасқакөл дауыда Төле,Әйтеке, жас Ормамбет шешендердің арасында шешілмей, ақылы көркіне сай Ормамбет шешеннің анасының төрелігімен шешілген. Шешендіктің төрелігін ерлер ғана емес, ақылмен аналарымызда шешіп отырған.Төле би: «Әйел жақсы болса білім иесі батыр туады». Өзіндік ізденістері: Жер дауы туралы түсінік.

25. Сары табақтан сарқыт қайтар (1 сағат)

Сары бала Әжібек шешенннің арғын мен үйсін руына Шу өзенінің жайылымын төрт ауыз сөзбен шешуі. Тіл дамыту: Әжібек шешен сөздері

Өзіндік ізденістері Әжібек шешен жайлы.

26. Жесір дауы. (сағат)

Жесір қалған әйел мен дәмеген әмеңгерлер арасында болған қиянкесті айтыс тартыстарды көрсететін нұсқалар көп. Бұл жесір дауы. Жесір дауы әлсізбен әлді рулардың тартысы, тонау, барымташылық жүріп ақыры адам өлімімен аяқталып жататын даудың бірін би шешендерге тапқырлық пен шешендік аса қажет ететін. Өзіндік ізденістері: қазіргі дау мен билер шешкен даулардың ұқсастығы мен айырмасы.

27. Ел намысы- ер намысы (1 сағат)

Құн төлеу дауына қатысты Төле би кескен шешімді ым ишарамен беруін, ел ішінде Едіге батыр Төленің жұмбақ ишарасын шешіп, үлкен билік сөйлеп, бітім жасып құн төлеу дауын шешуі. Өзіндік ізденістері: «Менің шешімім» болған оқиғаға шешім айту.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!