Материалдар / "Ауа және оның құрамы" 7-сынып химия
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ауа және оның құрамы" 7-сынып химия

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінен "Ауа және оның құрамы" тақырыбы бойынша сабақ жоспары мұғалімдерге көмекші материал бола алады. Сындарлы оқытуға сәйкес және бағалау түрлері енгізілген сабақ жоспары болып табылады. Сабаққа қосымша тәжірибе енгізілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2022
723
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Ауа. Жану реакциясы

мектеп: КММ «Өкпеті» орта мектебі

Күні: 05.05.22. мұғалімнің аты-жөні:Искакова Толеухан Ризхановна

Сынып: 7-сынып қатысқандар саны: қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

§ 8 Ауа және оның құрамы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

(оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.1.ауа құрамын білу

7.3.1.2.атмосфера ауасын ластанудан қорғаудың мәнін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Ауаның құрамын біледі және ауа құрамындағы газдарды атай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Ауа құрамын диаграммамен көрсетіп, жасаған тәжірибені қорытындылайды.

Кейбір оқушылар:

Қосымша мәтіндермен жұмыс істеп, атмосфера ауасын ластанудан қорғаудың мәнін түсіндіреді.

Бағалау критерийлері:

  1. Ауа құрамын біледі, газдарды атай алады.

  2. Тәжірибелерге қорытынды айтып, себебін түсіндіреді.

  3. Заттар ауада жанғанда оттегі жұмсалатынын біледі.

  4. Ауаны ластанудан қорғаудың мәні мен ластану көздерін айтып береді.

Тілдік мақсаттар:

Пәндік мақсат: бақылау, тәжірибе арқылы өз ойларын, болжамдарын айтады.

Тілдік мақсат: пәнге қатысты арнайы лексиканың көмегімен тәжірибелерді бақылай отырып, ауаның газдар қоспасы екенін сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика және терминология: оттек, азот, көмірқышқыл газы, гелий, неон, аргон, криптон, оксид, ксенон, инертті газдар, атмосфера, қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, энергетика, қағаз-целлюлоза өндірісі, жануды қолдайды, жану, тұтану, өртсөндіргіш, т.б.

Диалогке /жазылымға қажетті тіркестер:

Ауадағы газдардың барлығы.......қолдамайды, себебі, .......

Ауаны ластанудан қорғау қажет, себебі,.......

Атмосфера ауасы ластануда, өйткені..........әртүрлі аурулар..... өсімдік, жануар ағзасы.... планетаға қауіп төнеді.

Құндылықтарға баулу:

Топтық , жұптық жұмыстарда өзара қарым-қатынасқа үйренеді. Тәжірибе жасағанда, көрсетілімді көргенде өзінің болжамдарын айтып, сыни көзқарастарын қалыптастырады. Қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысып, жауапкершілікті сезінеді. Атмосфера ауасын ластанудан қорғау мәселесін түсініп, адами құндылықтарды ұғады.

Пәнаралық байланыстар:

Жаратылыстану 5-сынып

Биология 6-сынып

Дүниетану 1-4-сынып

Физика 7-сынып

Алдыңғы білім:

5.2. Ауа (Ғылымға кіріспе 1-4 сыныптар)

Жер атмосферасы (жаратылыстану 5-сынып)

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1,5 мин

4 мин



1 мин



1+2 мин

1 мин

Ұйымдастыру. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Сергіту жаттығулары. «Қара жорға» биі.

«Уақыт шеңбері» әдісімен үй тапсырмасын сұрау.

Бағалау: «Бас бармақ» әдісімен.

Топқа бөлу: Атмофера. Ауа. Оттек топтары

Қызығушылыққа арналған сұрақ:

Атмосфера және ауа туралы не білеміз?

Үш топ өз білімдері бойынша жауап береді. БББ кестесінің І-ші бағанын толтырады.

Бейнебаян





Түсті кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы



14 мин.









2 мин




3 мин.


2 мин


3 мин



3мин






5 мин


І. ЖИГСО 1-қадам: 1-ден 3-ке дейін санатып, тақырыптарды 3-ке бөліп таратылады. 1-ші нөмірлер 1-топқа, 2-ші нөмірлер 2-топқа, 3-ші нөмірлер 3-топқа бірігеді. Тақырыпшаларды оқып, танысады.

2-қадам:1 топта 1,2,3 нөмірлер отырып, өзара түсіндіреді.

Мәтінмен танысқан соң, БББ кестесінің 2-ші бағанын толтырады. Оған тақырып бойынша өз сұрағын жазады.

ІІ. Ауаны зерттеу.

А) Оқушылар балауызшамның жану ұзақтығын өлшеп, бақылап, қорытынды айтады.

Бағалануы: 2 жұлдыз, бір тілек

Ә) Болжамдарды сыныппен талқылау

Б) оқушыларға ауа құрамындағы заттар тізімі мен үлесі жазылған кестелер таратылады. Шеңберлі диаграмма салу сұралады.

Смайликтермен бірін-бірі бағалайды.

В) Көрсетілім:

Бөтелкеге қағаз жағып, оның аузына піскен жұмыртқа қойылады. Қағаз жанып біткен соң,

түтін пайда болады және жұмыртқа бөтелкенің ішіне түсіп кетеді.

Оқушылардан себебі сұралады.

Не себепті піскен жұмыртқа бөтелкенің ішіне түсті?

«Серпілген сауал» әдісі. Сен «А»-ның жауабына келісесің бе? Т.б.

Тапсырма. Ауаның пайыздық құрамын көрсетіп, ауаны қорғау жолдарын ұсыну үшін ассоциациялық кесте толтыру. 1-қосымша


Кітаппен жұмыс








БББ кестесі




Балауыз

Стакандар

Секундомер

Жұлдызшалар

стикер

кестелер


Бөтелке піскен жұмыртқа

қағаз

сіріңке





Қосымша материалдар

Сабақтың соңы


1мин+1,5 мин


Сабақ соңында оқушылар рефлексиясы

БББ кестесінің 3-ші бағанын толтырады.





Саралау

Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Бағалау

Оқушыларды материалды меңгергеннен кейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Уақыт шеңбері» әдісі арқылы оқушылардың барлығы қамтылып, үй тапсырмасы сұралады. Сабақтың келесі кезеңінде ЖИГСО әдісі көмегімен жаңа тақырыппен жұмыс жасайды. Оқушылардың сабақты түсіну деңгейін анықтау мақсатында «Серпілген сауал» әдісі арқылы сұрақтар қойылады. Топтық жұмысты орындау кезінде барлық оқушылар белсенділік көрсетеді. Ауаны зерттеуге арналған эксперименттік жұмыстарда кейбір оқушылар қорытынды айта алады. БББ кестесін толтыру арқылы әр оқушы өз білім деңгейіне қол жеткізе алады.

ЖИГСО әдісімен жұмыста топтар БББ кестесі арқылы өз түсіну деңгейлерін анықтайды. Эксперименттік жұмыстар

«2 жұлдыз, бір тілек» әдісі және смайликтер көмегімен бағаланады. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма-ға критерийлер қойылып, дескрипторлар анықталады.


1.Жалпы нұсқаулық

2. Шыны ыдыстармен, балауызбен жұмыс істеу

3. Жанғыш заттармен жұмыс істеу қауіпсіздігі


Оқушы рефлексиясы



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім?/ келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1-қосымша

Бөлім/тақырып

7.2В Ауа. Жану реакциясы

бағалау

ескерту

Оқу мақсаты

7.3.1.1.ауа құрамын білу

7.3.1.2 атмосфера ауасын ластанудан қорғаудың мәнін түсіндіру



Бағалау критерийі

Ауаны қорғау жолдарын жоспарлап, ұсынады.



Ойлау дағдысының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану



Тапсырма. Ауаның пайыздық құрамын көрсетіп, ауаны ластанудан қорғау жолдарын ұсыну үшін ассоциациялық кесте құру.



Бағалау критерийі

Дескрипторлар

1.Ауаның ластану көздерін біледі

Ауаның ластану көздерін атап көрсетті

2. Ауаны ластанудан қорғаудың мәнін түсіндіреді.

Ауаны ластанудан қорғаудың мәнін түсінді.

3. Ауаны ластанудан қорғау жолдарын ұсынады

Ауаны ластанудан қорғау жолдарын өз пікірімен дәлелдеді.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!