Материалдар / Ауа-жердің қорғаны. Ауаны қорғау.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ауа-жердің қорғаны. Ауаны қорғау.

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
554
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Пәннің аты

дүниетану

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім: Беженхан Пернегул

Сабақтың атауы

Ауа-жердің қорғаны. Ауаны қорғау.

Білімділік:  Оқушыларға ауа мен ауаның қасиеттерімен таныстыру.Алған білімді жүйелеп, бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ойлау, сөйлеу және таным қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс  істеуге, қоршаған ортанры қорғауға үйрету арқылы экологоиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақзерттеу сабақ

Сабақтың әдісі:  түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі:  презентация, видеоролик, сөзжұмбақтар, тапсырма парағы, стикер, шар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару.

Барлығы:   Күн жарығын алақанға саламын,

                     Жүрегіме басып ұстай қаламын.

                     Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

                    Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.


Оқушылар мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Шарлардың түсіне қарай екі топқа бөлінеміз.


Оқушылар таңдаған шарлардың түсіне сай топтарға бөлініп отырады.

Үй тапсырмасын тексеру

«қар кесегі» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. Кәзір қандай жыл мезгілі? Ендеше қар кесектерін қағып алып сұрақтарға жауап берейік.(стикерлер арқылы бағалау)

Миға шабуыл

«Көзге көрінбейтін сиқыршы» әңгімесі бойынша.

Жаңа сабақ

Көрінбейтін сиқыршы әңгімесі 
    Жер бетінде көрінбейтін сиқыршы бар.Онымен әркім әркез кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің де, бірақ маңайда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты, терезені ашты. Көшеде жүріп бара жатсаң,жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жөнелгенін көресің. Оны көрінбейтін сиқыршы алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көрмейсің де.Күнделікті ісі, мінез-құлқы бізге таныс. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Онсыз сен дем ала алмайсың, тіршілік болмайды. 
-Бұл не? -Ауа 
-Олай болса, канеки, кім осы ауа туралы не біледі?

Ауа- мөлдір, түссіз, иіссіз, салмағы жоқ, пішіні жоқ.

  • Жарайсыңдар, балалар! Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы айтқандарыңмен сабақтасады. Тақтаға назар аударайық, балалар!

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ауа –Жердің қорғаны. Ауаны қорғау.

  • Ал, балалар, ауа көзге көрінбейді. Бірақ айналада бар екенін білеміз. Мысалы: өздерің білетін сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз. Оның иісі де, түсі де, салмағы да, пішіні де  болмайды.Ауа-газдардың қоспасы. Қандай газдардың қоспасы екенін білу үшін бәріміз экранға назар аударайық.(слайд)

  • Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы. 2 ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратындығын дәлелдеген. Ауа қоспасындағы ең көп газ яғни азот 78 %  оттегі 21 %  көмірқышқыл газы 1%.

  • Тәжірибе жасау:1. Алдарыңдағы стакандағы суға топырақ салайық не байқадыңдар?

  • 2.шарды алып үрлеңдер, сонан соң оның желін шығарыңдар.(үрлегенде және желін шығарғанда шар қандай күйге түсті?)

  • 3.Екі ұртыңды ауамен толтыр да, екі саусағыңмен ұртыңды бас. Не байқадыңдар?

Рөлдік ойын

Әр топ мүшелері өздері үшін ауаның маңызын түсіңдіру керек.

1-топ: Адамдар атынан сөйлейді.

2-топ: Жануарлар атынан сөйлейді.

Сергіту кезеңі

Саусақпен мұрынды қысып ән айту. –Сергіту сәтіңде дыбыс неге шықпады?


Оқулықпен жұмыс

«Дауыстап ойлау » әдісі. Мәтінді оқып, алдарыңдағы

«Зерттеу парақшасы» жатыр. Сол арқылы оқулықтардан жауаптарды табу.Әр топқа әртүрлі сұрақтар (ауызша)


«Бағдаршам» арқылы бағалау(топ бір бірін)

Дәптермен жұмыс.


Адам- өміріне қажетті бес жағдайды топтастыру


Топпен жұмыс

1-топ: «Ауаны қорғаңдар» сурет салу.

2- топ: «Ауаның құрамы қандай?» тірек сызба салу.

«Бағдаршам» арқылы бағалау(топ бір бірін)

Рефлексия

«1 минуттық әңгіме» әдісі арқылы.Оқушылар қарама-қарсы сызық бойынша тұрып,жұптық әңгіме жүргізеді,өз ойларынымен бөліседі.



Үйге тапсырма

Оқып, мазмұнын айту.

Күнделіктерінді ашып, жазып алайық.

Бағалау

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.Балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлерінді бағдаршам арқылы бағалаймыз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!