Материалдар / Ауа райы деген не? Мен қайда тұрамын?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ауа райы деген не? Мен қайда тұрамын?

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2018
409
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы:

Ауа райы деген не?

Мен қайда тұрамын?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар:өзіне тән белгілері бойынша жыл мезгілдерін анықтауды және салыстыруды үйренy;


  • Оқушылардың басым бөлігі:.ауа температурасын термометрмен өлшеуді үйренy.

  • Кейбір оқушылар:ауа температурасын термометрмен өлшеуді үйренy.

Тірек сөздер:

ауа райы – погода – weather;

жыл мезгілдері – времена года – seasons; қыс – зима – winter;

көктем – весна – spring; күз – осень – autumn; жаз – лето – summer.

Ресурстар:

Мультимедиапроектор, термометр, жыл мезгілдерінің суреттері, П.И.Чайковскийдің «Қыс» шығармасының дыбыстық жазбасы, оқушылардың санына қарай жыл мезгілдерінің атаулары жазылған үлестірме парақшалар, шартты белгілері бар плакат, А4 көлеміндегі қағазға шығарылған Қазақстан картасы, желдеткіш, фен.

Сабақтың мақсаты:

1.2.2.1 ауа-райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау

1.2.3.1 жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Жыл мезгілдері – бұл жылдық цикл шартты түрде бөлінген төрт кезең. Әр жыл мезгілі белгілі бір ауа райымен және табиғи өзгерістермен сипатталады. Ауа райы – қысқа уақыт мерзімі аралығында сол немесе басқа жерде болған атмосфералық жағдай. Ауа райы шуақты, жаңбырлы, желді, қарлы болады.Ертеде қазақ халқының шаруашылық қызметінде табиғат құбылыстарын мерзімді бақылаудың тәжірибелік мәні зор болған. Көшпенді шаруашылық табиғат құбылыстарының мерзімділігін түсінуді және уақыт есебін білуді талап етті. XVI- XVII ғ. халық арасында метрологиямен және уақыт есебімен айналысатын кәсіпқой есепшілер болды. Олардың кәсіптері әкеден балаға беріліп отырды. Есепшіде көптеген ұрпақтар тәжірибесі болды, жылдан жылға бақылаулар жасап тұрды, маусымдық жұмыстар үшін бір жерден екінші жерге көшу уақытын анықтады, ауа райы болжамын жасады, қазақ халық күнтізбесінің толық жылдарын белгіледі.

Барлық халықта ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын көптеген ауа райы болжамдары бар. Бұл көптеген адамдардың шаруа қожалықтарын жүргізуімен байланысты және үйдегі әл-ауқат және береке ауа райына байланысты болды. Осындай болжамдарға мыналар жатады: Егер жаңбыр немесе боран жұмаға қарай басталса, онда ол келесі жұмаға дейін созылады. Егер жазда күн қатты ысыса, жаңбыр жауады. Аспанның түсі көгілдір болса, күн ашық, қалыпты ауа райы болады. Күн қызарып батса, ауа райы жақсы болады.

Сабақты П.И.Чайковскийдің «Қыс» шығармасын тыңдаудан бастаңыз. Оқушылардан әуенді тыңдап, терезеге қарауын сұраңыз (бұл сабақ қыста өткізіледі). Олардан сазгер бұл әуенді жазған кезде не туралы ойлағанын сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз және бұл шығарма «Қыс» деп аталатынын айтыңыз. Чайковскийдің «Жыл мезгілдері» шығармасы – бұл сазгердің оның жүрегіне жақын өмір кезеңдерін, кездесулер мен табиғат суреттерін бейнелейтін музыкалық күнделігі.

Табиғат құбылыстары. Бұл тапсырманы топта орындаған дұрыс. Ол үшін оқушыларға жыл мезгілдерінің суреті бейнеленген үлестірме парақшалар таратып беріңіз. Осылайша сізде 4 топ құрылады. Әр топ жыл мезгілінің біреуін сипаттайды. Оқушыларға оқулықтағы суреттерді қарауға ұсыныңыз. Жауап бергенде олардың назарын өз өмірлік тәжірибесін қолдануға болатынына аударыңыз. Топ кем дегенде 5 құбылысты анықтауы қажет.

Күз: 1) жаңбыр жауып тұр; 2) жапырақтар түсе бастады; 3) жел соғып жатыр; 4) құстар жылы жаққа ұшып кетеді; 5) суытады.

Көктем: 1) қар ериді; 2) жылғаларданағады; 3) ағаштар бүршік жарады; 4) бәйшешектер өсіп шығады; 5) жыл құстары ұшып келеді.

Қыс: 1) қар жауып тұр; 2) аязды күндер басталды; 3) тайғақ; 4) ұйқы басатын кез; 5) ағаштарда жапырақтар жоқ.

Жаз: 1) ыстық; 2) айналада барлығы гүлденеді; 3) құстар сайрайды; 4) барлығы шомылып жүр; 6) масалар шағады.

Барлық топтардың жауаптарын тыңдаңыз. Жақсы жұмыстарды атаңыз. Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді оқуға беріңіз.

Зертте. Бұл айдар тапсырмасын «Қимыл» ойыны түрінде өткізсеңіз болады. Оқушыларға адамдардың әр жыл мезгілінде әртүрлі ойындар ойлап тапқанын айтыңыз. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беруін ұсыныңыз. Ол үшін оқушылар өз

сүйікті ойындарын қимылмен және ыммен көрсетуі тиіс.

Жауабы: Қыс – шаңғы, коньки, шана тебу, қармен ойнау. Көктем – суға кемелер жіберу. Жаз — суға шомылу, футбол ойнау.

Бір топ көрсетеді, ал екінші топ жауабын айтады. Ойын біткеннен кейін оқушылардан неліктен балалар әр жыл мезгілінде әртүрлі ойын ойнайтынын сұраңыз.

Жауабы: Қыста аулада қар, мұз, ал жазда ыстық және өзендегі су жылы.

Оқушыларға оқулықтағы 2-мәтінді оқуға беріңіз.

Орындап көр. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларға ауа райын бақылауға тапсырма беріңіз. Егер мүмкіндік болса, оқушылармен бірге мектеп ауласына шығу қажет. Оларға бақылау парақтарын таратыңыз. Оқушылар ауа райын бақылап, деректерді бақылау парағына түсіреді (бұлтты, температура, жел және т.с.).

Сен білесің бе? Бұл айдар мәтінін оқу алдында эксперимент жүргізіңіз. Көкжиек тұстары көрсетілген Қазақстан картасын төсеңіз. Қазақстанның солтүстігі жағына желдеткіш және мұз салынған кішкентай шелек қойыңыз. Қазақстанның оңтүстігі жағына фен қойыңыз. Екі бөлігіне де термометр бекітіңіз. Оқушылар термометр бойынша көрсеткіштерді анықтайды және тұжырым жасайды.

Сен білесің бе?

Еліміздің аумағы өте үлкен. Қыста бір күнде солтүстік бөлікте -20°C суық, ал оңтүстікте +3°C жылы болуы мүмкін.


Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Өзің тұратын елді мекенді сипатта. Шартты белгілерді қолдан.

Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылардан өздері дүниеге келген жыл мезгілдеріне қарай топтарға бөлінуін сұраңыз. Әр топ оқушылары үш тілдегі тірек сөздермен қысқаша сөйлемдер ойлап табады.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Жаратылыстану. Оқушыларға ертеде адамдар неліктен ауа райы болжамын жасағаны туралы материал жинауға тапсырма беріңіз.


Математика. Оқушыларға белгілі бір жыл мезгілінде – жазда, күзде, қыста, көктемде дүниеге келген балалардың санын есептеуге тапсырма беріңіз.


Өнер. Сабақ басталғанда оқушылар П.И. Чайковскийдің «Қыс» шығармасын тыңдайды.




Оқушылармен «Аукцион» ойынын өткізуге болады. Оқушылар мұғалімнің дабылы бойынша («Жаз!», «Қыс!», «Күз!», «Көктем!») кезек-кезек әртүрлі жыл мезгілдерінде киетін киімдерді, аяқ киімдерді, бас киімдерді атайды. Аукционның шарты сөзді кім соңынан айтса, сол жеңеді.


Оқушыларға жыл мезгілдері туралы ертегіні аяқтауға тапсырма беруге болады. «Жыл мезгілдері қайсымыз ең жақсымыз деп дауласады. Қыс, Жаз, Күз және Көктем әдеміленіп тырысқандары сондай, соңында .... түсінді»

Shape1 Shape2 Shape3

Жауабы: Әр жыл мезгілі өзінше әдемі.





Бағалау


Оқушылар

–– жыл мезгілдерінің белгілері туралы; –– әртүрлі жыл мезгіліндегі ойындар туралы;

–– Қазақстанның әр өңіріндегі ауа райы туралы білді.

Оқушылар

–– жыл мезгілдерін белгілері бойынша анықтауға және салыстыруға;

–– ауа температурасын анықтау үшін термометрді пайдалануға;

–– бақылау нәтижелерін шартты белгілермен белгілеуге;

–– ауа райына сәйкес киіне білуге үйренді.

Бағалау ретінде оқушыларға сөйлемді толықтыруға

тапсырма беріңіз:

Ауа райы – бұл ..........................................................................

Термометр – бұл.......................................................................

Жыл мезгілі – бұл .....................................................................


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!