Материалдар / "Аяулы алтын күз!" ертеңгілігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Аяулы алтын күз!" ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
МАД тәрбиешілеріне әдіскерлеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
452
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Аяулы күз, алтын күз!»

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру. Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.

Тәрбиеші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз.


Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше «Алтын күз» атты мерекелік іс-әрекетімізді бастаймыз.

Би : Күзгі бақ

Балалардың тақпақтары тыңдалсын.

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді. Аружан М

Берекелі, мерекелі,

Келді жомарт алтын күз,

Қалада да, далада да,

Жанның бәрі жарқын күз. Али - ахмет

Сау-сау етіп жапырақ

Сабағынан үзілді.

Қоңыр тартып атырып

Көкке құстар тізілді. Данияр

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген. Есет

Жер берді жемісті

Күз келеді келісті

Күз байлық береке

Алтын күз мереке Жанасыл

Біреу астық түсірді

Біреу астық пісірді

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп Іңкәр

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді Қасым

Хор: «Жау - жау жаңбыр»

Балалар мінекей күз мезгіліде келіп жетті.

- Күз мезгіліне қандай айлар жатады? Қыркүйек , қазан , қараша

- Ауа райы қалай құбылады? Күн суытады, жаңбыр жауады,

- Күзде қандай құбылыстар болады? ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.

- Ал қазір күздің қай айы? қазан

- Қазір күздің екінші айы.

Күтпеген сәт: Осы кезде есік қағылады «Алтын күз» себетке салған жемістері бар.Билеп кіреді. Әндете жөнеледі.

Алтын күз: Өрік, алша, Шие, алма, Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз Қияр, сәбіз Дүкендерге түседі.

Балалар: - Күзде дейді.

Алтын күз: Бұлттар төніп Жерге шөгіп Дымқыл тұман болады.

Шөп сарғайып Өңі тайып Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай Ойнай алмай Денең мұздап тоңады

Бөбектерім-айтыңдаңдаршы Бұл қай кезде болады?

Балалар: - Күзде.

Алтын күз: Жарайсыңдар балдырғандарым менің өлең жұмбағымды бірден таптыңдар. Сендерге өз жемістерімді ала келдім!

Тәрбиеші: Рахмет, «Алтын күз» сіздің жемістеріңізбен ойын ойнайық, қазір ортаға бір баланы шығарып көзін таңамыз. Алдына жемістерді қоямыз, жемістерді сипап көріп пішініне қарай ажыратамыз.

Ойын: «Жемістер қандай пішінде»

Би: Қазақстан жігіттеріміздің орындауында

Тәрбиеші: Арпа, бидай ас екен Алтын күміс тас екен, демекші біздің балалар дақылдар туралы тақпақтарын айтады.

Бидай: Нан атасы – бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде,

Қауызыма сыймаймын. Айару

Арпа: Күміс мұртты арпамын,

Ырыс құтты арпамын.

Еңбек етіп баптаған,

Еліме сый тартамын. Ералы

Тары: Ақ, қарамын, сарымын,

Мен өнімді тарымын.

Халқым еңбек сіңірсе,

Қайтарамын қарымын. Сезим

Сұлы: Мен сұлымын ұланның,

Тұлпарына ұнадым.

Бастаған әр диқанға,

Басымды иіп тұрамын. Ислам

Күріш: Күнді сүйген күрішпін,

Күллі жұртқа ырыспын.

Алсын деп ел мол өнім,

Ала жаздай су іштім. Дәулет

Тәрбиеші: Алтын сары, қызыл көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

О алақай! Тамаша!

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жата қап.

Би : «Жапырақтар», қыздардың орындауында

Сары теңге жапырақ

Бояғанба көл бетін

Тоңазыпты топырақ

Ызғарлы екен жел де тым Едил

Сары ала тон жамылған

Күз атамыз секілді

Қойыны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі Кәусар

Күзім ау, күзім ау,

Мінезің бұзық ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық ау. Қасиет

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз Дана

Қысытың жақын қалғанын

Жапырақтар сезгендей

Жерге қонып үлгермей

Желмен ұшып барады. Темірлан

Қазан айы молшылық

Дәулет қорын қалаған

Заңғар көкке қол соғып Ясмин

Кездескен соі күзімен

Бұтағынан үзілген

Ай жапырақ – сары алтын

Айналаның бәрі алтын Жемісгүл

Алтын күз: -Балақандарым сендерге тағы да жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбағым жыл құстары туралы.

Күзде айналып өткен еді,

Жылы жаққа кеткен еді.

Көктемде қайта келеді.

Әсім әнін айта келеді. (Тырна)

Көлдің көркі-еркесі,

Қанаттары көрпесі.

Бойын күтіп баптайды,

Ешкім оны атпайды. (Аққу)

Енді қонақтарға жұмбақ жасырайық:

Қос жұдырықтай жүректі,

Үй етіп, балапандарын түлетті. (Қарлығаш)

Көктемде ұшып келеді,

Жаздай концерт береді. (Бұлбұл)

Тәрбиеші: Шыр-шыр еткен торғайды,

Қорғамасақ болмайды

Кіп-кішкентай торғайлар,

Ағаштарды қорғайды

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды

Құс өкпелеп кетеді,

Балабақшамызға қонбайды деп. Ән «Мен әдепті баламын»,

Айналайын балаларым өнерлерің көп екен. Риза болып отырмын. Мен қайтатын кез болды. Аман есен болыңдар . Еңбек етіп, ойнап-күліп, шырқап әнге салыңдар.

Балалар: Рахмет саған Алтын күз. -Қош, қош Алтын күз.

Тәрбиеші: Балалар осымен біздің күз туралы мерекеміз аяқталды. Бәрің мерекеге жақсы қатыстыңдар.




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!