400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Аустралия материгінің табиғат зонасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың Аустралияның табиғат зоналары туралы білімдерін кеңейту және іздемпаздықпен жұмыс істеу қабілеттері мен өзара пікір алмасу дағдыларын дамыту, топпен жұмыс істеуге, сыйластыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: Аустралия материгінің табиғат зоналары

Мақсаты: Оқушылардың өз бетінше білім алуына жағдай туғызу арқылы Аустралияның табиғат зоналары туралы білімдерін кеңейту және іздемпаздықпен жұмыс істеу қабілеттері мен өзара пікір алмасу дағдыларын дамыту, топпен жұмыс істеуге, сыйластыққа тәрбиелеу;

Міндеті: Аустралияның табиғат зоналары таралуының әркелкілігін анықтау мақсатында картамен жұмыс жасау. Материктің өсімдіктері мен жануарларының ерекшеліктерін анықтау;

Сабақ түрі Жаңа сабақ

Көрнекілік Атлас, презентация, стикер,

Түйінді идеялар: Аустралия - үлкен қазына, үлкен қорық. Өсімдік, жануарлар дүниесі алуан түрлі. Басқа материктерде құрып кеткен, тек Аустралияда сақталған эндемик өсімдіктер мен жануарлар бар.

Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру бейнеленген. Аустралияда қорғауға арналған кешендер саны мыңнан асады. Соның ішінде Улуру, Үлкен Тосқауыл рифі, Какаду тәрізді ұлттық парктер дүние жүзіне әйгілі.

Сабақ кезеңдері

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

• Психологиялық ахуал

• Оқушылардың түсті қағаздар арқылы топқа бөлу

• Бағалау парақтарын үлестіру.

Теория бойынша: «Білу» (тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Нені? Қашан? Не істеді? деген сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеу)

Географиялық диктант (жеке жұмыс)

1. Йорк 2. Гондвана 3. Шілде 4. Қаңтар 5. Муррей 6. Эйр 7. Тропик 8. Крик



Сұрақ жауап

1. Аустралияның ең үлкен өзені?

2. Кеуіп қалған өзен арнасы қалай аталады?

3. Аустралияның ең суық айы?

4. Аустралияның ең көп бөлігін қандай климаттық белдеу алып жатыр?

5. Аустралияның ең ірі көлі?

6. Аустралия ежелгі қай материктің құрамында болған

7. Аустралияның ең жылы айы?

8. Материктің солтүстік шеткі нүктесі



Бейнеролик көру: «Аустралия жануарлары»

Теория бойынша:

«Түсіну» (Неге? неліктен? себебі? не үшін?)



Себебін анықтаңдар: (сұрақ - жауап) топтық жұмыс

1. Не себепті Аустралия материгіндегі жануарлар басқа материктерге қарағанда өзгеше?

2. Материктің басым бөлігінің шөл, шөлейтті зонада орналасуының себебі неде?

3. Суккуленнті өсімдіктер неге «көгілдір бұталар» деп аталады?

4. Налларборда үңгірлердің болуын немен байланыстырасыңдар?



Теория бойынша: «Талдау» Салыстыру

Топтық жұмыс

1 - топ Тропиктік шөл зонасы

2 - топ Саванналар мен сирек ормандар

3 - топ «Салыстыру» Ормандар (ылғалды тропиктік ормандар, ылғалды субтропиктік ормандар)

4 - топ Ғаламтор көздерін пайдалана отырып, материктің эндемик жануарлары туралы қызықты мәлімет жинау;



Теория бойынша:

«Жинақтау» Тақырыптың басты идеясын көрсету;

Қорытынды шығару, тірек сызба 1. Тапсырма

«Табиғат зоналарының ерекшеліктеріне байланысты топтастыру»

Ылғал мөлшері көбірек сақталатын астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өседі, Налларбор шөлі орналасқан, «вилли - вилли» деп аталатын шаңды дауыл болып тұрады, сұр кенгуру, вомбат, жабайы ит динго мекендейді, қызыл – қоңыр топырақты, ехидна, қолтырауын, үйректұмсықтар, эвкалипт ағаштары өседі, субэкваторлық белдеуде орналасқан, Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейін алып жатыр, қызғылт сары ферралитті топырақ, ағаш тәрізді папоротниктер, қол шатыр тәрізді эвкалипттер өседі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
1325
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі