Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ауыр атлетиканың адам ағзасына әсері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
1
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Реферат
«Дене мәдениеті және информатика» кафедрасы
Тақырыбы: Ауыр атлетиканың адам ағзасына әсері
Орындаған: «Дене шынықтыру және спорт» білім
беру бағдарламасының 3 курс студенті Елемес А.Ә
Тексерген: PhD,қауымдастырылған профессоры
Мендигалиева А.С
Орал-2024 жыл
2
ЖОСПАР:
I. Кіріспе………………………………………………………..3
II.Негізгі бөлім
1.Ауыр атлетика……………………………………………….4
2.Ауыр атлетиканың шығу тарихы мен негізгі
техникалары……………………………………………………5
3.Қазақстандағы ауыр атлетика……………………………..7
4. Ауыр атлетиканың адам ағзасына
әсері………………………………………………………………10
5. Ауыр атлетикаға қалай келдім………………………….11
III.Қорытынды…………………………………………………13
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………..14
3
Кіріспе
Ауыр атлетика — әр түрлі салмақ дәрежелерінде ауыр зат (штанга, гір тастары ) көтеріп,
күш сынасатын спорт түрі. Ауыр атлетикадан ең алғашқы жарыс 1860 жылы АҚШ-та өтті.
Олимпиялық ойындар бағдарламасына 1896 жылыенгізілді. Ауыр атлетикадан
дүниежүзілік (1898 жылдан), Еуропа(1896 жылдан) чемпионаттары өткізіледі.
Халықаралық Ауыр Атлетика Федерациясына (1920) Қазақстан 1993 жылдан мүше. Ауыр
атлетика бойынша халықаралық жарыстар штанга көтерудің екі тәсілі (жұлқа және сілке
көтеру) бойынша, 52 кг-нан басталатын 10 салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында
өтеді. Жұлқа көтеру кезінде штанга кідіріссіз бірден жоғары көтеріледі. Сілке көтеруде
штанга алдымен кеудеге алынып, содан кейін жоғары көтеріледі. Қазақстанда ауыр
атлетика бойынша алғашқы чемпионат 1937жылы өткізілді. Қазақстан спортшылары ірі
жарыстарға 1954 жылдан қатысады. Теміртаулық Юрий Зайцев (1976, Монреаль),
Шахтинскілік Виктор Мазин (1980, Мәскеу), АқмолалықАнатолий Храпатый (1988, Сеул),
қызылордалық Илья Ильин (2008, Пекин) ауыр атлетикадан Олимпиада чемпиондары
атанған.Ауыр атлетика жабдықтары ережелері Ерлер мен әйелдер әртүрлі штанганы
пайдаланады. Еркектер 20 кг салмақ баррақтарын пайдаланады және 15 кг әйелдер
пайдаланады. Әрбiр квадрат 2,5 кг-ны құрайтын екi колласпен жабдықталуы керек.
Дискілер түсті үйлесімді:
● 25 кг қызыл
● 20 кг көк
● 15кг - сары
● 10 кг жасыл
● 5кг ақ түсті
● 2,5 кг қара,
● 0.50к - хром
● 0,25 кг - хром.
Барабан ең төменгі салмақтан ауыр салмаққа дейін жүктеледі. Салмақ жариялағаннан
кейін спортшы көтерілуді орындағаннан кейін, барабан жеңіл салмаққа дейін
төмендетілмейді.
Жақсартылған көтеруден кейін ең аз салмақ салмағы 2,5 кг.
4
II.Негізгі бөлім
1.Ауыр атлетика
1-сурет жұлқи көтеру әдісі
Ауыр атлетика - зіл темір көтеру әдістерін жинақтаған спорт түрі. Алғашында
күш жұмсап орындалатын бокс, күрес, гір көтеру сияқты спорт түрлері де ауыр
атлетиканың қатарына жатқызылған, содан ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ауыр
атлетика атауы зіл темір көтеруге біржола бекіді. 1946 жылы зіл темір үш
тәсілмен сығымдай, жұлқи және серпи көтеру болып классикалық үшсайыстың
бағдарламасынан сығымдай көтеру алынып тасталды. Салмақ көтеру көптеген
халықтарға ерте заманнан белгілі бола тұрса да, ауыр атлетикадан алғашқы
жарыстар ХІ ғасырдың 60-жылдары АҚШ-та пайда болды. Алғашқыда бір қолмен
салмақ көтеру де жарыс бағдарламасына енген екен. Зіл темір көтеруге үйрететін
мектептер ХІХ ғасырдың 70-ші жылдары Париж және Брюссель қалаларында
ашылды. 1985 жылы әуесқой атлеттердің Санкт-Петербургте ашылған алғашқы
үйірмесі арқылы кейін аур атлетика Қазақстанға тарады. 1912 жылы
ұйымдастырылған ауыр атлеттердің дүниежүзілік одағы 1920 жылы бірлестік
болып қайта құрылады. 1898 жылдан әлем, 1947 жылдан Еуропа чемпионаты өтіп,
1900, 1908 және 1912 жылдан басқа уақыттың бәрінде Олимпиядалық
ойындардың бағдарламасына енгізіліп келеді.Қазір ауыр атлеттер қоссайыстан зіл
темірді еш тоқтаусыз жұлқи және кеудеге қондырып барып, жоғары қарай серпи
5
көтеру сияқты екі жаттығуды орындайды. Осы қоссайыстың қорытындысы
бойынша чемпион анықталады. [1]
2.Ауыр атлетиканың шығу тегі мен негізгі техникалары
Бұл спорт алғашында АҚШ мемлекетінде пайда болып бірте-бірте бүкіл әлемге
жайылып кетті. Қазіргі таңда ауыр атлетика біздің мемлекетімізде беделі мықты
спорттардың біріне айналған. 2014 жылы ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты
Астанада өтеді. Бұл жарыста 2016 жылы РиоДе-Жанейрода өтетін Олимпиадаға
жолдама сарапқа салынатын болады. Бұл туралы ҚР Ауыр атлетика
Федерациясының төрағасы Қайрат Тұрлыханов мәлімдеді. Оның айтуынша,
мұндай шешім Парижде өткен ауыр атлетика Халықаралық федерацияның
атқарушы комитетінің отырысында қабылданған. Мұндай шешім жайдан-жай
қабылданған жоқ: Қазақстан мемлекеттік аренада саяси беделі артумен қатар
экономикасы да қарқынды түрде дамып келед.Сонымен қатар қазақстандық ауыр
атлетшілер соңғы олимпиададан өзге де ең жоғары дәрежедегі жарыстарда да
жақсы табыстарға қол жеткізді.
Ереже бойынша салмақ өлшеу рәсімі жарыс бір немесе екі сағат алдында
өткізіледі. 2008 жылдың желтоқсан айына қара ауыр атлетикадан келесі салмақ
категорияларда жарыстар өткізіледі:
6
Ескерту:
1.. Разрядтық нормалар тек қоссайыс жиынтығында ғана орындалады.
2. 14 жасқа дейнгі кыз балалар мен 16-ға дейнгі ұлдарға "Қазақстан
Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" және "Қазақстан
Республикасының спорт шебері" спорттық атақтары тек ғана допингке
тексеруден өткен жағдайда беріледі.
3. "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері"
спорттық атағы егер тұғырда төрешілік республикалық санаттағы кемінде екі
және одан жоғары төреші жүзеге асырған жағдайда беріледі
. 4. Конкурстан тыс жарыстарда өнер көрсеткен спортшыларға спорттық
атақтар мен разрядтар берілмейді.[2]
7
3.Қазақстандағы ауыр атлетика
Қазақстанда ауыр атлетика 30-жылдардың алғашқы жартысынан бастап дамып
келеді. Алғашқы кездері оның даму барысы баяу болса, арада ширек ғасыр өткенде
бұл өнер кең қарқын ала бастады. Сол тұста Степан Ульянов, Владимир Дрекслер,
Петр Ким, Александр Колодков, Анатолий Лю-Шин, Бақытбек Мананбаев сынды
аға буын өкілдерінің есімдері бүкіл Одаққа кеңінен танымал болды. Тіптен
солардың арасынан әлемдік рекордты жаңартуға жараған азаматтар шықты. Бірте-
бірте нәтижеміз еселеніп, жерлестеріміз дүниежүзілік деңгейдегі жарыстарда
жасындай жарқылдай бастады. 1976 жылы Қазақстанның ауыр атлеттері
Олимпиада медалінің сыңғырын естіді. Содан кейінгі жылдары да ғаламдық
ойындарда орасан зор табыстарға қол жеткіздік. Олимпиада тұғырына көтерілген
тарланбоздарымыздың әрқайсысына жеке-жеке тоқтала кеткен жөн.
1935 жылы алғашқы Республика чемпионаты өтті. 1954 жылдан бастап
Республиканың ауыр атлеттері бүкілодақтық, дүниежүзілік рекордтарды
жанартып, көзге түсіп келеді С. Ульянов екі рет 1958 және 1960 жылдары КСРО-
ның чемпины атанып, дүниежүзілік рекордтарды сан мәрте жаңартты. Сол сияақты
П. Ким, В. Дрекслер, А. Колодков, Ю. Зайцев, В. Мазин, А. Храпатый, С.
Филимонов, И. Ильиндер өз уақытында бірнеше мәрте Әлемнің рекордшысы
атанды. 1975 жылы В. Можайков Джакартада Әлем чемпионының күміс жүлдегері,
Ю. Зайцев (1976, Монреаль), В. Мазин (1980, Мәскеу), А. Храпатый (1988, Сеул),
И. Ильин (2008, Пекин) Олимпияда ойындардын чемпионы, С. Филимонов (2004,
Афина) күміс жүлдегері, С. Копытов КСРО -ның және КСРО халықтары
спартакиадасының (1986), Е. Сыпко спартакиаданың (1986) чемпионы және
Еуропа чемпионатының (1987) күміс жүлдегері атанды.2004 жылы Алматыда Азия
чемпионаты өтті. Осы чемпионатта Қазақстан Республикасының құрамасы
командалық екінші орынға ие болды.2008 жылы Пекинде өткен олимпиада
ойындарында И. Ильин алтын, И. Некрасова күміс, А. Важенина мен М.
Грабовецкая қола медальдарға, В. Седов – төртінші, Б. Ахметов – бесінші
орындарға ие болды.Алдабергенов Жеңіс – ХДСШ-і, жасөспірімдер арасындағы
республика біріншілігінің және Азия біріншілігінің (2008 Оңт. Корея) жеңімпазы.
Катар Республикасының Доха қаласында өткен Азия ойындарына (төртінші орын)
және ересектер арасында Санто-Доминко қаласында өткен Әлем чемпионатына
(тоғызыншы орын) қатысушы.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елдегі
экономикалық қиындықтарға қарамастан, спорттың даму барысы көңілдегідей
болды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл салаға
ерекше көңіл бөліп, барынша қолдау көрсетті. Байрақты бәсекелерге спортшылар
қауымының еш алаңсыз даярлануына қолайлы жағдай жасалып, жеңіске
жеткендерге мол көлемде сыйақы тағайындалды. Тіптен Олимпиада ойындары
барысында Елбасы ауыр атлеттер жарысына арнайы ат басын бұрып, өз
отандастарының өнерін тамашалады. 1996 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет
ретінде Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысты. Біздің өрендер барлық спорт
түрлері бойынша 11 медальға иелік етсе, соның бірі Анатолий Храпатыйдың
еншісінде. АҚШ-та оның басты қарсыласы, бұрынғы КСРО азаматы, кейіннен
8
Грекияға қоныс аударған Акакиде Кахиашвилис еді. Барселона Олимпиадасы
тұсында мамандардың таңдауы соңғысына түсіп, Қазақстанның спортшысы
Пириней түбегіне бара алмай қалғаны есімізде. Екеуара тартыс Атлантада
жалғасын тапты. Бұл бәсеке Акакиде Кахиашвилистің пайдасына шешіліп, ол
чемпион атанса, біздің жігітке күміс медаль бұйырды.Грек атлеті 420 (185+235)
келіні бағындырса, Храпатый 410 (187,5+222,5) келілік межені қанағат тұтты.
Өкінішке қарай, 2008 жылдың жаз айында Анатолий Храпатый жол апатынан қаза
тапты. 2000 жылы Сидней Олимпиадасынан Қазақстан ауыр атлеттерінің қоржыны
бос қайтты. Бұл жағдай спорт басшыларына біраз ой салды. Арада біраз уақыт
өткеннен кейін республикалық федерацияның тізгінін Қайрат Тұрлықанов ұстады.
Елге Түркияның атақты маманы Энвер Түрклери шақырылды. Осы сала
мамандары бірлесіп жұмыс істеп, жоғарыдағы олқылықтың орнын толтыруға
кірісті. Бірте-бірте ерен еңбек өз жемісін берді. 2004 жылы Афины
Олимпиадасында 29 жастағы Сергей Филимонов жарқ етіп көзге түсті. Оның
ерекше дарын иесі екені еш күмән туғызбайды. Алайда жаттығу процесіне
немқұрайлылықпен қарағандықтан, Филимоновтың үнемі бағы жанбай жүрген.
Мәселен, Сидней Олимпиадасында ол төртінші орынға тұрақтады. Ал Афиныда 77
келі салмақта күш сынасқан отандасымыз жанкештіліктің үлгісін көрсетті. Ескі
жарақаты сыр бергеніне қарамастан, күміс медальді жеңіп алды. Талдықорғанның
тастүлегі 372,5 (172,5+200) келілік зілтемірді тік көтерді. Ал бас жүлде Түркияның
жас перісі Танер Сағырдың қоржынында кетті. 2008 жылы Қазақстанның ауыр
атлеттері айды аспанға шығарды. Бозбала шағында-ақ ересектер арасында екі рет
әлем чемпионы атанып үлгерген Илья Ильин 20 жасында Олимпиада алтынын
олжалады. Сыр бойының түлегі 406 (180+226) келілік зілтемірді еркін еңсерді.
Әйгілі поляк атлеті Симон Колецки мен ресейлік Қажымұрат Ақаев күміс пен
қоланы қанағат тұтуға мәжбүр болды. Степногорскідегі балалар үйінде
тәрбиеленген Ирина Некрасованың жеңімпаз атануына небары бір келі салмақ
жетпеді. 63 келі салмақта күш сынасқан ол Солтүстік Кореяның өкілі Пактан
ұтылды. Олимпиада чемпионы 241 (106+ 135) келіні бағындырса, 20 жастағы
Некрасова 240 (110+130) келіні ырқына көндіріп, екінші орын алды. Дәл сондай
нәтижеге 75 келі салмақтағы, 26 жастағы Алла Важенина иек артты. Ресейде туып-
өскен ол Қазақстанға қоныс аударып, біздің елдің атынан сынға түсуге ниет
білдірген еді. Важенинаның қадамы құтты болып, 75 келі салмақта күміс медальді
иеленді. Оның көрсеткіші – 266 (119+147) келі. Қытай қызы Чао Лей жерлесімізден
16 келі көп көтерді. +75 келі салмақта көкшетаулық Мария Грабовецкая кіл
мықтылармен иық тіресуге тура келді. Шиеленісті тартыста ол 270 (120+150) келі
нәтижемен қола медальді қоржынға салды. Бас жүлдені олжалаған кореялық
Жангтың көрсеткіші – 326 (140+186) келі. Украиналық Ольга Коробка 277
(124+153) келіні көтерді. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 1
қоланы иеленіп, әлемдегі озық командалар қатарына қосылды.[3]
9
2-сурет Илья Ильин Лондон 2012ж Олипмиада
3-сурет
1.Светлана Николаевна Подобедова
2.Зульфия Салахаровна Чиншанло
3.Майя Салахаровна Манеза
4.Илья Александрович Ильи
10
4.Ауыр атлетиканың адам ағзасына әсері
Ауыр атлетиканың пайдасы мен зияны.
Кез келген спорт сияқты ауыр атлетикада денеміз жақсы күйде ұстауға
көмектеседі ,бұл пайдалы фактор.Классикалық ауыр атлеттер жаттығу жасап,
дұрыс тамақтанғанда қатал және сау болады.Пайдасынан басқа,зияныда
көп.Ауырлықты көтеру кезінде буындардың артрозы мен артриті дамуы
мүмкін.Омыртқааралық грыжа табу ,артқы жағын <<жұлып алу>> қаупі
бар.Жүрекке зиян келтіру мүмкін,себебі жүктеме кезінде ол қалыпты жұмыс
істемейді ,бұл оның тозуын арттырады.Айта кету керек,бұл факторлар жеке болып
табылады және белгілі бір адамның денсаулығының жәй күйін және олардың
қауіпсіздік шараларына сәйкестігіне байланысты. Ауыр атлетикамен айналысу
денеде денсаулық пен фитнеске ықпал ететін көптеген өзгерістерге
әкеледі. Ауыр атлетика жаттығулары бұлшықет массасын арттыруға
және сүйектерді нығайтуға көмектеседі. Бұл әсіресе бұлшықет
массасының жоғалуына және сүйек тінінің нашарлауына байланысты
денеде өзгерістер басталатын жастағы адамдар үшін өте маңызды. Ауыр
атлетика жаттығулары бұл процестерді бәсеңдетуге және бұлшықеттер
мен сүйектерді ұзақ уақыт сау ұстауға көмектеседі. Ауыр атлетика
жаттығулары жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектеседі.
Жаттығу кезінде жүрек қарқынды жұмыс істей бастайды, нәтижесінде
оның мөлшері мен жиырылу күші артады. Қан айналымы да жақсарады,
бұлшықетке түсетін оттегінің мөлшері артады және қан тамырларының
жалпы жағдайы жақсарады. Нәтижесінде жалпы денсаулық жақсарады
және жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупі төмендейді. Ауыр
атлетика жаттығулары дене майының төмендеуіне ықпал етеді. Бұл
бұлшықет массасының жоғарылауына және метаболизмнің жеделдеуіне
байланысты. Адамның бұлшықет массасы неғұрлым көп болса,
соғұрлым ол осы массаны жақсы күйде ұстауға көп калория жұмсайды.
Сондай-ақ, ауыр атлетика жаттығулары метаболизмді тездетуге
көмектеседі, бұл денеге майларды тезірек ыдыратуға және оларды
энергия көзі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Ауыр атлетика
жаттығуларының денсаулық пен фитнеске көптеген пайдасы бар. Ауыр
атлетика адамдарға сенімділікті арттыруға және өзін-өзі бағалауды
жақсартуға көмектеседі. Сыртқы түрі мен фитнесінің жақсаруы адамның
психологиялық жағдайына әсер етеді және қоғамда өзін сенімді сезінуге
көмектеседі. [4]
11
5.Ауыр атлетикаға қалай келдім?
Мен Елемес Айымгүл Әскербекқызы Батыс Қазақстан облысы Казталовка
ауылында дүниеге келдім .Алма Оразбаева атындағы мектепте оқып, білім
алдым.Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезімде, ауыр атлетикаға
қызығушылығым әкемнің арқасында ашылды. 7сыныптан бастап ауыр
атлетикамен айналысып ,әліде осы бағытта жұмыстанып жүрмін.Бұл спорт
саласында мен көптеген жетістіктерге жеттім.Атап айтсам:Ауыр атлетикадан
жеке жаттығулар бойынша 20жасқа дейінгі юниорлар мен юниориктер арасындағы
Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионатында 71келі салмақ
дәрежесінде жұлқи көтеруден 1 орынға ие болдым.Орынбор қаласында өткен
Осипова А.Г еске алу жарысында 71 келі салмақ дәрежесінде 2орын алдым.23жасқа
дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 71келі
салмақ дәрежесінде 3орынға ие болдым.Ыбырай Жақаев атындағы ауыр
атлетикадан 20жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы өткізілген
Республикалық турнирде 71келі салмақ дәрежесінде 2орын алдым.2024 жылы
Көкшетау қаласында ауыр атлетикадан 20жасқа дейінгі юниорлар мен юниор
қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 71келі салмақ
дәрежесінде 2орынға ие болдым.Осындай елеулі жетістіктерге жетуіме Байториев
Д.Б,Жалғасбаев Д.С, Дельмуханов Б сынды бапкерлерімнің қосқан үлесі орасан
зор,қазіргі кезде спорт шеберіне кандидатпын.
4-сурет Қостанай қаласы жұлқи көтеру 1орын
12
5-сурет Қостанай қаласы марапаттау сәтінен қоссайыс нәтижесі 3орын
6-сурет Өскемен қаласы Қазақстан Республикасының чемпионаты серпе
көтеру 70кг
13
Қорытынды:
Ауыр атлетика - бұл күш,төзімділік және техникаға негізделген спорт түрі.Ол
әлемнің көптеген елдерінде танымал және спортшылардын денсаулығын
нығайтуға көмектеседі.Бұл спортты тек күшпен ғана емес, сондай-ақ техника мен
стратегиямен ұштастыру маңызды.Ауыр атлетика тарихында көптеген әлемдік
чемпиондар мен рекордтар болған,ал бүгінгі таңда бұл спорт түрі әлемнің барлық,
елдерінде Ауыр атлетика -тек күшті ғана емес,сонымен қатар ақыл-ой мен күшті
талап етеді.Ауыр атлетика-бұл күш пен шеберлікті біріктіретін спорт түрі.Ол дене
шынықтыру мен спортқа қызығушылығы бар адамдар үшін маңызды.Ауыр
атлетикада жетістікке жету үшін көптеген жылдар бойы тұрақты жаттығу мен
психологиялық дайындық қажет.Бұл спорт түрі денсаулыққа зор пайжа әкеледі:ол
бұлшық еттерді күшейтеді,сүйектердің беріктігін арттырады,дене формасын
жақсартады және психологиялық тұрғыдан нығайтады.Сонымен қатар,ауыр
атлетика адамның төзімділігін ,ерік-жігерін дамытады және жаттығулардын
үздіксіздігі мен тәрбиесін сақтауға үйретеді.Ауыр атлетикада жетістіктерге жеткен
спортшылар әлемдік аренада үлкен құрметке ие,олардың еңбегімен жеңістері спорт
тарихында мәңгі қалды.Осының бәрі ауыр атлетиканың тек кәсіби спортшыларға
ғана емес,сонымен қатар әуесқойлар мен дене шынықтырумен айналысатын
адамдарға да үлкен мәні барын көрсетеді.Қорыта айтқанда,ауыр атлетика- бұл
физикалық мүмкіндіктерді жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндік беретін спорт түрі
,ол денсаулықты нығайту,мінез -құлықты шыңдау және әлемдік деңгейде
жетістіктерге жету үшін өте маңызды.
14
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Л.И.Дворкин .книга .Тяжелая атлетика :методика подготовки юного
тяжелоатлета.[1]
2. Теория и практика физической культуры. - 1964. - Nº4. - с.[2]
3. Платонов В.Н. Подготовка юного спортсмена. – Киев, 1998, – 221 с.[3]
4. Н.Торманов .кітап. Адам физиологиясы М., 1990. – 345 с.[4]