«Ауырып ем
іздегенше, ауырмайтын жол ізде»
Сабақтың
тақырыбы: «Ауырып
ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Шылым
шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың зиянды әсерлерін ашу, оның
салдарынан туатын аурулар туралы оқушылар білімін
арттыру; дамытушылық: оқушылардың өмірге,
әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін,
аурудың алдын алуды үйрету. Жаман әдеттен бойларын аулақ салуын,
оқушының санитарлық –гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру,
дамыту. тәрбиелілік:
Болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамның денсаулығына байланысты
екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтынын, сондықтан «Ауырып ем
іздегенше , ауырмайтын жол ізде » мақалын негізге ала отырып, оқушы
бойында азаматтық жауапкершілік қалыптастыру, адамгершілікке ,
инабаттылыққа, ел жандылыққа баули отырып Отансүйгіш қоғамымыздың
нағыз азаматын тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер
жазылған плакаттар, суреттер, сызбалар, буклет,
реферат.
Дайындық
барысы:
Оқушыларға тақырыпқа сай материалдарды оқып
жинастыру және «Темекінің зияны» , «Ішімдіктің зияны» ,
«Нашақорлықтың адам өміріне зияны» , «СПИД ғасыр дерті» атты
реферат пен буклеттер жасау, қабырға газеттерін шығару, сурет салу,
залды безендіру жұмыстарын тапсыру.
Сабақтың
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
Кіріспе сөз.
(мұғалім)
Өмір адамға
табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ , мәнді де сәнді
өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы. Денсаулық адамның
ең қасиетті де құнды , қайталанбас , жоғалса қайта орнына
қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл
әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі –адамның денсаулығы.
Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық
экологиялық жағдай және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер
жатады. Осы жағдалар ішіндегі адам ағзасын азғындайтын зиянды
әрекеттер деп отырғанымыз , бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық және тағы
басқа.
Жас
жеткіншек талшыбық секілді иілгіш , жел қайда соқса сол
жаққа қарай бейімделеді. Қай ата-ана баласының тәрбиесіз ,
бұзақы болуын қалайды? Әйтсе де , жаман әдетке үйрену оңай.
Енді осы зиянды әдеттер туралы әңгіме
жүргізейік.
Бүгінгі тәрбие
сағатында біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан
сақтану жолдарын қарастырамыз. Бүгінгі сабағымыздың жүргізушісі
Жұбанова Ақдана. Сынып оқушылар 3 топқа бөлінеді.Ендігі сөз кезегін
жүргізушіге береміз.
Европада
темекі тарту Колумбтың ІІ экспедициясына қатысушылар
(1499 жыл) Америкадан оралғаннан кейін 15- ғасырдың аяғында
басталды. Үндістер «Кохобаң» деп атайтын өсімдік тұқымын
испан монахы Рома Паноға әкелген. Алғашқы кезде темекі
өсімдік ретінде Испанияда өсірілген деген болжам бар.
Өкінішке орай , адам ағзасына өте зиянды өсімдіктің
әлемге қалай тез таралғанын ешкім көз алдына елестете
алмайды. Темекі түтінінің құрамында ағзаға зиянды 1200-дей зат бар.
Оның ең зияндысы –никотин. Темекі тартатындардың темекі
тартпайтындарға қарағанда өмірі 7-15 жасқа қысқа келеді.
Әрбір 100 грамм темекі түтінінен 5-7 грамм қара
күйе шығады. Демек , күніне бір қорап темекі тартқан
адам жылына 700-800 грамм қара күйе жұтады. Ғылыми зерттеулер
улы түтін адамның ми, сезім , тыныс жолдарын, ас
қорыту, жүрек, қан тамырлары және жыныс мүшесінің
қызметін бұзатындығын дәлелдеген.
Әйелдер
ағзасына темекі ерлерге қарағанда көп зиян әкеледі.
Егер әйелдер жүкті кезде шылым шексе, ол жатырдағы
балаға әсер етеді, бала өлі болып та тууы мүмкін.
Шылымқор әйелдердің 42% -ы бала сүю бақытынан
айырылады.Олардың балалары аурушаң, әлсіз болады. Мынандай жағдай
белгілі болған. Темекі кептірілген бөлмеге жас нәресте
жатып қалып, ол бала бірнеше сағаттан кейін қайтыс болған. Шылымқор
әйелдердің 30%-ы инфаркт миокарда ауруымен ауырады. Олардың
терілері сұрланып, тістері мен саусақтары сарғайып
кетеді.
Кей
балалар темекі тартуды есею деп санайды. Бірақ, олар өз
денсаулығына өздері қылмыс жасаушылар.Темекіні тастау үшін баланың
қайраты мен қажырлығы керек. Бос уақытын қызықты өткізіп,
спортпен шұғылданса, темекіні тастау оп-оңай. Сонда ғана
өзіңді-өзің орға итермейсің.
Ойлап қарасаң «шегу» деген сөзді 2-ақ сөзбен
тіркестіріп айтуға болады: Азап шегу. Шылым шегу. Темекі
құрамындағы никотиннің зиянды әсерінен ауыздың дәм сезуі
нашарлайды, тіс уақытынан ерте бүліне бастайды. Темекінің
салдарынан сілекей бездері де өзгереді. Бұған қоса ауызда
сасық пайда болады. Сондай-ақ тілге, ерінге ,таңдайға жазылмайтын
жара шығып , ол кейін ракқа айналуы мүмкін.
Қысқасы , темекінің адам өміріне зияны көп.
Ендеше, шылым шегу деген-азап шегу емес деп айта аламыз
ба?
Маскүнемдік
–алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір
болудан қанға сіңіп кететін дерт. Маскүнемдік тұқым қуалайды. Арақ
барлық ішкі құрылысқа әсер етеді, оларды уландырады. Арақ ішу
–адамның өз қолымен өз өмірін 15-20 жылға
қысқарту болып табылады. Балалардың миының дамуының
40-60 пайыз артта қалу себебі – ата-аналарының маскүнемдігі. Арақ
адамның қорғаныш күшін төмендетеді. Оны тоқтатпай
жұқпалы аурулардан, оның ішінде туберкулез ауруынан құтылу
мүмкін емес. Арақ ішетін адамның бес баласы болса ,
оның төртеуі ауру болып туылады. Ал төрт баладан
есейгесін дені сау бала туатынына кім кепіл? Ішімдікке
салынған адам отбасына ойран салады, алған жалақысын
ішімдікке жұмсайды, үйдегі нәрсені бір шөлмек араққа сатады,
әке-шешесінің зейнетақысына жармасады, жұмыс істемейді,
еңбектен гөрі ойында арақ тұрып , тепсе темір үзетін азамат
сенделіп көшеде жүреді.
Маскүнем адам
ақылынан айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді,
оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады.
Көп
қылмыстарды шарап ішкен адамдар жасайды. Жол
апаттары да көбінесе ішкен адамның кінәсынан болады.
Себебі мұндай жағдайда адам өте ызақор , кекшіл, ашуланшақ
болады.
Есірткі- бұл
адамның көңіл-күйін , сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті,
тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық
желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара
халге түседі.
Есірткінің
негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана, гашиш және тағы
басқалар жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп ,
зақымдайды. Мұны «мидың қатерлі рагы» дейді. Егер ол асқынып кетсе,
адам деградацияға, яғни дағдарысқа ұшырайды.Онда «мен» деген нәрсе
болмайды, «балам бар-ау», «әке-шешем мен үшін жүгіріп жүр
-ау» , «ел-жұртқа не деймін?» деген сұрақтарға есеп
бермейді.