Жүргізуші:
-Сәлеметсіздер ме,құрметті
қонақтар, ардақты ата-аналар! Бүгінгі өткізгелі отырған
«Наурыз-думан» ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Бәріміз көптен
күткен Наурызымызда келді. Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың
ұлы күні еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз кабыл
болсын!
Жүргізуші:
Мерекемізді бастамас бұрын
«Ғажайып қызғалдақ» ертегісінің көрінісін
тамашалайық.
Сахналау.
Жүргізуші:
Ертеде, өте ертеде, Наурыз
мерекесі қарсаңында осы мерекенің символы болып саналатын ғажайып
Қызғалдақ гүл ашады екен.Содан кейін ғана басқа гүлдер гүлін жарып,
құстар бар дауысымен сайрап, барлық жан біткен үшін Жаңа күн, Жаңа
жыл басталатын болған...
Бірде бір қара ниет Құйын
Наурыз мерекесіне кедергі келтіргісі келіп, ғажайып Қызғалдақты
ұрлап кетеді.
Жүргізуші:
Бүкіл жер-әлемді қара түнек
басады...
Қызғалдақты Құйынның ұрлап
кеткенің білген үш дос - үш батыр оны іздеуге
шығады.
Батырлар:
-Жүріндер достар Қызғалдақ
гүлін қайтарып алайық.
Жүргізуші:
-Батырлар ақылы асқан Жамал
апаға келеді.
Батырлар:
+Қара ниет Құйының патшалығын
қайдан іздеуге болады?
Жамал
апа:
–Мына оралған жіпті
алындар,жолды сендерге сол көрсетеді.
Жүргізуші:
-Балалар ұзақ жол жүреді. Бір
күні оралған жіп оларды Құйын патшалығының шекарасында тұратын
Мыстан кемпірге алып келеді.
Мыстан
кемпір:
-Кімсіндер?
-Батырлармыз.
-Қолдарыңдағы не? Көрейінші –
деп.
Жүргізуші: Батырларды алдап, Оралған
жіпті алып қояды.
Батырлар: Жібімізді қайтарып бер
дейді.
Мыстан
кемпір:
-Менің сендерге қоятын сұрағым
бар, тез жауап берсендер ғана ары өтесіңдер,
-дейді.
-Жылдың неше мезгілі бар, атап
бер? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Наурыз айында неше мереке
бар?
Батырлар:
Оп-оңай ғой!
Олар:
-Жаз, күз, қыс
,көктем.
-Қазір көктем
мезгілі.
-Аналар мейрамы және Наурыз
ұлттық мейрамы.
Жүргізуші:
Мыстан кемпір батырларды
өткізіп жібереді.Қара ниет Құйынның қасына
барады.
Батырлар:
-Жаның барда Қызғалдақ
гүлімізді қайтар.
Жүргізуші:
-Қара ниет Құйын батырлардың
қаһарынан қорқып, өзі ұрлап кеткен ғажайып қызғалдақты қайтарып
береді.Батырлар Қызғалдақ гүлін қайтарып алып,әлемімізде
тыныштықпен бейбітшілік орнатылады!
-Әрбір ертегіде жамандықты
жақсылық женетіні қандай жақсы!- солай емес пе,
балалар!
Жүргізуші:
-Балалар, бүгін балабақшамызға
«Қызыр ата» келіп отыр екен.Олай болса ортаға қошеметпен қарсы
алайық.
Жүргізуші:
-Сәлеметсіз бе, Қызыр
ата.
Қызыр
ата:
-Ау, армысындар қонақтар,
бармысыңдар балалар. Барлықтарын қолдарыңды жайындар. Сендерге
батамды беруге келіп отырмын.
Наурыз тойы қазақта бола
берсін,
Көңілдерге жақсылық тола
берсін.
Кішкентай
бүлдіршіндерімізге
Бастарына бақ қона
берсін!
Жүргізуші:
Қызыр ата рахмет сізге,
тілегіңіз қабыл болсын, бүгінгі мерекеміздің қадірмнді қонағы
болыңыз-деп төрдегі үстел басына апарып
отырғызады.
Жүргізуші:
-Ал енді «Наурыз-думан»
ертеңгілігімізді бастауға рұқсат
етіңіздер!
Ал келіңдер,
келіңдер
Бір-біріне
еріңдер
Білімдерін
тексеріп
Ат салысып
көріндер!
-Бүлдіршідерімізді ортаға
әдеби монтаж көруге шақырамыз.
Жүргізуші:
Ал кәне ки
халайық
Асқақ әнге
салайық
Мәні болсын, бұл
тойдың
Шырқап әнді
бастайық
Ән:
«Наурыз»
Жүргізуші:
Қазақ халқы
киелі
Өнерліні
сүйеді
Кәне ки бізді
қуантып
Би билендер
бұралып
Би.
«Қамажай»
Қызыр
ата:
Жарайсыңдар! Өнерлі
екенсіңдер!
Менің кететін уақытым
болды.Басқа да балабақшаларға барып бүлдіршіндердің өнерін
тамашалайын – деп едім. Қош сау болыңдар!
Жүргізуші:
-Осы кезде ақ жаулықты
жамылған әже кіреді.
Армысыз Ару ана!Қош
келдіңіз.
Әже:
Бар бол, балам! Наурыздарын
құтты болсын! Ақ мол болсын! Асыға басып, мен де сендерге әзер
жеттім!
Жүргізуші:
Әже Наурыз күні балаларыңызға
қандай сыйлық әкелдіңіз?
Әже:
Әрине Наурыз көжесін
әкелдім-осы ақ дәмнен бәрінде ауыз
тиіндер,қарақтарым.
Жүргізуші:
Осымен «Наурыз-думан»
ертеңгілігіміз аяқталды.Құрметті қонақтар! Ұлыстың ұлы күні-Наурыз
мерекесі баршамыздың жанұямызға қуаныш әкелсін!Ұлыс оң болсын, ақ
мол болсын! – деп сөз кезегін балабақша меңгеруші мен әдіскерге
береміз.
Наурызға арналған Сценарий:
Той өткізудің бір үлгісі
«Төрлет, Ұлыстың Ұлы күні!»
«Сүгір-ай» күйі ойнап тұрады.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер!
Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі
мерекесі, жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару
мерекесі, бүкіл әлемге береке-бақыт пен бейбітшілік дарытатын
Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз құтты болсын!
Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан
су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл ғаламға нұрын шашып,
үйсізді үйлімен теңестіріп, бай мен жарлыға бірдей сәуле төгетін,
Табиғат-Ана бусанатын көктем айы, табиғат мейрамы.
Осындай даналықтың ұлы мейрамы Наурыз, мінеки бізге де келіп жетті.
Ендеше, төрлет, елімізге құт-береке дарытатын әз-Наурыз!
Наурыз келді, көктем келді ағайын,
Жадырайды, жаңғырады маңайым.
Назды, сазды науан Наурыз, армысың?
Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.
Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,
Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.
Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше
Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың,- дей отыра, осы Наурыз мерекеміздің
құрметіне арналған өзіміздің «Наурызнамамызды» бастаймыз.
«Көңілашар» күйі.
Жүргізуші:
Қазақ халқында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті, киелі
сандар болып есептеледі. Осы сандарға байланысты ұғымдар көрініс
тапқан таным түрлерін есімізге түсірейік.
1. Сандарға байланысты ұғымдар.
Ойынның тәртібі:
Жүргізуші:
2.«Ұтыс» ойыны, сайыс сабақ.
Ойынның тәртібі: қазіргі қойылатын сұрақтарға командалар кезекпен
жауап береді, ойынның талабы өзге ұлт өкілдерінің ойынға қатысуы
сұралады.
1. Қазақ халық ұлттық ойындарын атаңыздар.
2. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын атаңыздар.
3. Қазақ халықының ұлттық аспаптарын атаңыздар.
4. Қазақ халқының ұлттық сусындарын атаңыздар.
5. Қазақ халық ұлттық әшекейлерін атаңыздар.
6. Сандарға байланысты мақал-мәтелдер.
Жүргізуші:
Қазақтың тойы, мереке-мейрамы балуандар күресінсіз, күш сынасусыз
өтпеген. Қазір балуандар күресін өткізбесек те, білек сынастырып,
жігіттеріміздің мықтысын тағайындайық. Ортаға батыр жігіттерімізді
шақырамыз.
3. Қазақ халқының ұлттық ойыны «Білектесу».
Жүргізуші:
4. «Кім жүйрік» ойыны.
Ойын тәртібі: Бұл ойынның мақсаты сөзден сөз құрау, жасау. Ортаға
өзге ұлт өкілдері шақырылады. «Қарындас» сөзінен басқа сөздер құрап
шығару. Ал сонымен, шыныменен кім жүйрік екен?
Жүргізуші:
Қазақтың көрген-білгені, өмірден түйгені халық ауыз әдебиетінің бір
түрі мақал-мәтелдерден көрініс тапқан. «Ердің көркі – сақал, сөздің
көркі – мақал» деген де қазақ. Ендеше, мақал-мәтелдерден
жарысайық.
5. Мақал-мәтелдерден жарыс ұйымдастыру/ берілген мақалдарды
жалғастыру/.
Жүргізуші:
6. Ою ою. Саусақтары майысып, ою ояр жайғасып, дей отыра, - ортаға
өнерлі қыз-келіншектерімізді шақырамыз.
Жүргізуші:
Халық ауыз әдебиетінің тағы бір түрі - жұмбақ. Ол тапқырлықты,
ұшқыр ойды ұштайды. Енді осы жұмбақ шешіп көрейік.
7. Жұмбақтар шешу.
Наурыз тойы «селт еткізер» рәсімімен аяқталады.
«Ақбота» бөбектер
бақшасы
«Наурыз- думан»
ертеңгілігі
Ортаңғы «Б» «Гүлдер»
тобы
Тәрбиеші:
А.Ж.Нургожина
2012-2013 оқу
жыл