Сабақ жоспары
Пән : АӘД
Сынып: 11
Күні :
Сабақтың
тақырыбы: Азаматтық қорғанысты
хабарлау
белгілері және әрекет ету
тәртібі, тұрғындардың радиобелсенді және химиялық зақымданған
аудандарда әрекет ету тәртібі
Сабақтың
мақсаты: Азаматтық қорғаныстың ұжымдық
және дербес қорғау құралдары
туралы түсінік беру.
Көрнекілік
құралдар: АӘД оқулығы,
плакаттар.
Сабақтың
барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
– 3
мин.
Взвод командирі оқушыларды
сапқа тұрғызады , оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу,
оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау
кезеңі – 9
мин.
Эвакуация дегеніміз
не?
Ұжымдық қорғану құралдарын
ата?
АҚ дегеніміз не?
б) Негізгі бөлім
– 20мин.
Қазақстан Республикасының
«Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының 24-бабына сәйкес, Қазақстан
Республикасының аумағында тұратын азаматтар «Баршаңыздың
назарларыңызға!» дабылы бойынша іс қимылдарының тәртібін білуге
және орындауға тиісті. «Баршаңыздың
назарларыңызға!» атты дабыл, сиреналар және өзге де
дабыл құралдары арқылы берілетін азаматтық қорғаныстың
бірыңғай белгісі. Осы дабыл бойынша халық теледидар, радио
және өзге де ақпарат қабылдау құралдарын қосып, берілген ақпаратты
мұқият тыңдап, ісәрекет тәртібі мен тәртіп
ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті...».
Радиохабар тарату , теледидар,
хабарлаудың жылжымалы құралдары арқылы сөйлем ақпаратты беру
- хабарлаудың негізгі әдісі болып табылады. Назар аудару
үшін сөйлем ақпарат беру алдында сиреналар, өндірістік гуіл және
өзге де дабыл беру құралдары қосылады. Сонымен «БАРШАҢЫЗДЫҢ
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА!» атты ескерту дабылының қосылғанын білдіреді. Сол
дабыл бойынша Сол дабыл тұрғындар шұғыл хабарламаны тыңдау үшін
радио және теледидар қосып, хабар таратудың жергілікті
арнасына келтіруге , ресми органдарының
талаптарын орындауға міндетті.
Төтенше жағдайлардың қаупі
немесе пайда болу кезінде мамандар радио мен телехабар жүргізу
торабы арқылы қажетті мәліметтерді және әрекет ету тәртібін
хабарлайды. Егер дабыл беру кезінде жұмыс орнында болсаңыз, жұмысты
тоқтатып, жабдықты өшіргеніңіз жөн. Радио және теледидарды
қосып , шұғыл хабарламаны тыңдағаныңыз дұрыс. Алған
хабарламаға сай, басшылардың нұсқауы бойынша әрекет
етіңіз.
Дабыл беру кезінде үйде
болсаңыз хабарламаны тыңдап, соған сәйкес әрекет жасап,
көршілеріңізге хабар беруіңіз қажет.Дабыл берген сәтте көшеде
болсаңыз дауыстап сөйлейтін немесе жылжымалы хабарлау құралдарымен
берілетін шұғыл хабарламаны тыңдап, хабарламаға сәйкес әрекет
жасаңыз.Азаматтық қорғаныстың дабылы бойынша жедел, абыржымай және
үрейсіз әрекет етуді есте сақтаңыз.
Қысылтаяң жағдайда әр минутыңыз қымбат
екенін естен шығармаңыз. Халықты ҚҰҚ – тұрғындарды апат,
зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою
құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі
тәсілдерінің бірі. Солардың бірі адамдарды ұжымдық қорғау құралына
жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және Т.Ж жүйесінде
пайдаланылатын мұндай ғимараттарға пана ханалар , радиациядан
қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары
жатады.
Тыныс органдарын қорғау
құралдары: противогаздар,
респираторлар және қарапайым қорғау құралдары
жатады.
Противогаздар изоляциялық және
фильтрлік болып бөлініп, азаматтық , жалпы әскерлік және
балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар
адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік
противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы
тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық),
РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға
арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық
противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т .б маркалары бар.
Респераторлар тыныс алу ылғалын радиоактивті шаңдардан қорғайды.
Мата және маталыдәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті
шаңдардан, бактериялық заттардан
қорғайды.
Жеке қорғаныс құралдарының
топталуы
Теріні қорғайтын құралдар
қорғау және қорғауға икемднлген күнделікті пайдаланатын киімдерден
тұрады. Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскелік қорғаныс
комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік
(қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді.Егер
қарапайым киімдерге сабындымайлы эмульсияны сіңірсе, оны қорғаныс
құралдары ретінде пайдалануға болады.
Медициналық қорғаныс
құралдары
Медициналық қорғаныс құрардары
радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы
құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады.
Радиоқорғаныс құралдары бұл адам организмін радиоактивті заттарға
қарсы төтеп беру мүмкіншіліктерін арттыратын препараттар.
Антидоттар деп улызаттарды адам организмінен жою ға арналған
препараттарларын айтады.
Жеке аптечка
Жарақат және күйік
кезінде, улы
заттарды, бактериялық заттарды
жеке ионды сәулелену
әлсірету және алдын алу үшін, өзара және өзіне
көмек көрсету, антидот препараттары және радиопротекторлар бар.
Жеке аптечка бірнеше ұялардан тұрады:
1–ші ұяда – ауруды басатын заты бар шприц-тюбик
орналасқан. Ол қатты жарақат алғанда, сүйек сынғанда және күйгенде
колданады. Оны пайдаланғанда сол колымен бұдыр дөңгелегінен ұстайды
да тюбиктің денесінен оң қолысен ұстап сағат тіліне қарай
айналдырады. Сосын инені жауып тұрған қалпағын
алып,
шприц-тюбикті жоғары қаратып, ине ұшына тамшы пайда болғанша ауаны
шығарады. Сосын инеге қол тигізбей, санның жоғары жағынан егеді.
Жедел жағдайда киімнің сыртынан да егуге
болады.
2-ші ұяда - фосфорорганикалық улы заттармен
улануды әлсірететін және алдын алатын зат – торен (6 дана)
таблеткасы дөңгелек қызыл түсті пеналда орналасқан. Оны «Химиялық
кауіп» белгісі берілгенде 1 таблеткадан қабылдайды. Улану белгісі
күштірек болса, таблетканың тағы 1 данасын қабылдайды. Келесі
қайталап қабылдау 5-6 сағаттан кейін
болады.
3-ші ұяды – түссіз үлкен пеналда
N2 бактерияға қарсы қолданылатын зат –
сульфадимотксин (15 таблеткасы) орналасқан. Оны сәуле алғаннан
кейін азқан -ішек қызметі бұзылуы пайда болғанда
7 таблеткасын
ішеді,
кейінен 2 тәулікте 4 таблеткадан
қабылдайды.
4-ші ұяда – алқызыл түсті
,
сегізқырлы 2 пеналда, әр қайсысында 6 таблеткадан N7
радиоактивті уланудан қорғайтын зат – цистамин орналасқан. Оны
сәле алу қаупінде 6 таблеткадан бір қабылдайды және тағы сәуле
қауіпі төнгенде6 таблеткасын 4-5 сағаттан кейін
қабылдайды.
5-ші ұяда – түссіз төрт қырлы 2 пеналда, әр
қайсысы 5 таблеткадан тұратын N4 бактерияға қарсы қолданатын зат
тетракциклин гидрохлориді орналасқан. Оны бактериялық улану және
қауіп төнгенде, жарақат және күйік алғанда пайдаланады. Алдымен 5
таблетканы су ішумен бірге қабылдайды. Сосын 6 сағаттан кеиін 5
таблетка қабылдайды.
6-ші ұяда – ақ түсті төрт қырлы пеналда N2
радтоактивті уланудан қорғайтын зат калий иодиді 10 таблетка)
орналасқан. Оны радиоактивті заттар түскенде күніне 1 таблеткадан
10 күн қабылдайды. Ең алдымен балаларға 1 таблеткадан
береді.
7-ші ұяда – көгілдір
түсті дөңгелек пеналда құсуға қарсы қолданатын
зат этаперазин 5 таблетка) орналасқан. Оны сіуле алғаннан кеиін тез
арада және бас жарақатынан кейін лоқсу пайда болғанда 1 таблеткадан
қабылдайды.
Ескерту! 8 жасқа дейінгі балаларға таблетканың 4/1 бөлігін, 8
жастан 15 жасқа деиінгі балаларға 2/1 бөлігін береді.
в) Қорытынды бөлім
– 8
мин.
Сұрақтар мен
тапсырмалар:
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдарына нелер
жатады ?
Жеке қорғаныс құралдарының
топталуы?
Медициналық қорғаныс құралдарын
ата?
Үйге
тапсырма: Қайталау