Материалдар / Азаматтық қорғаныс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Азаматтық қорғаныс

Материал туралы қысқаша түсінік
Азаматтық қорғанысты хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі, тұрғындардың радиобелсенді және химиялық зақымданған аудандарда әрекет ету тәртібі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2018
678
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мамандығымның үздігімін» тақырыбы бойынша педагогикалық эссе

«Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын

нәрседен бір жаңалық болуы керек».

Жүсіпбек Аймауытов


  Мамандық таңдау - бұл өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, елші, қаржыгер, архитектор, механик, көлік жүргізуші, сазгер, сатушы, ғарышкер. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды фактор - бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Ал халық үшін қызмет көрсету маңызды мәселе. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де мәңгілік бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Алғаш «Әліппенің» бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады. Ұстаз бейнесі - шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі.Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірлік энергияның қайнар көзі. Ұстаздық - сезім. Келешек үшін тырмысып, жан аямай күрескен, өз бойындағы пендешілігін жая білген жан. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз өзінің бар күнін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сарп етуге бел буған періште. Шәкірттің жүрегінде мәңгілік із қалдырған ұстаз бейнесі қандай мейірбан, қандай сұлу десеңізші?! 

Мен бақыттымын, өйткені мен ұстазбын! Менің алдымда еш уақытта мамандық таңдау мәселесі болған жоқ. Себебі кішкентай кезімнен өзімді ұстаз ретінде елестеттім, мұғалім болатыныма да еш күмәнім болмады.

Айыртау ауданы,Әлжан орта мектебін бітіріп, «қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік институтын 1997 жылы тәмамдадым. Өз педагогикалық тәжірибемді Айыртау ауданы,Мәдениет орта мектебінде бастап, талмай еңбек етіп жүрмін. Арманым орындалды. Ендігі кезекте шәкірттеріме сапалы білім беріп, рухани адамгершілігі бай, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу болып отыр. Елбасымыз: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады», - деген. Қазіргі таңда ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр. Бұл міндеттен мен қорықпаймын. Өйткені ұстаздық маған тағдырдың берілген сыйы деп білемін. Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген әдіс–тәсілдерін алып, өз іс–тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысып жатырмын.

Он жеті жыл мектеп табалдырығында еңбек етудемін. Бұл жылдар өте ауыр, ізденіске, жаңалық ашуға толы болды. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы өмірлік ұстанымым әрқашан ізденісте, ой қозғалысында болу. Мұндай ұстаным мұғалімде болмаса, ол жай мұғалім атын жамылып жүргендер деп айтар едім. Басыма қиыншылықтар түссе-дағы, бұл мамандықты таңдағаныма еш өкінген емеспін. Бала - біздің болашағымыз. Ал ұстаз оқушының болашағына жауапты. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім болғандықтан, Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азамат тәрбиелеуде ұстаздың еңбегі орасан зор.

Ұстаз диқан сияқты, ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, «өмір» атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Өз сабақтарымда оқушыны тәрбиелеуге көп көңіл бөлемін. Бұған маған әдебиет сабақтары көмектеседі. Өйткені әдебиет ол өнер, әдебиет өмір, әдебиет сезім, әдебиет тәлімтәрбие...

Сабақ – оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі. Сабаққа тек сапалы дайындалған кезде ғана білім сапасының көтерілуіне қол жеткізуге болады. Заманауи сабаққа қатаң талап қойылады. Осыны түсінетін әр мұғалім сабағына мұқият дайындалып, әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, жеке жұмыс жүргізу қажет. Мен сабақтарымда дарынды оқушылар мен үлгерімі төмен оқушыларға көп көңіл бөлемін. Оқушылардың тақырыптық білімдерін есепке алып, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізбесең, өз ісіңнің жемісін көре алмайсың.

Педагогикалық тәжірибемді қалыптастыруға үнемі ізденісте болып, әдістемелік біліктілігімді көтеруге бағытталған жұмыс, өз кәсібіме деген сүйіспеншілік, оқушылар мен ата–аналар арасында жайлы қарым–қатынас орната алуым көмектеседі. Еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі болғандықтан, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің парызы – болашақ ұрпаққа қазақ тілінен сапалы білім беріп, тілін дамыту. Мұғалім ретінде мені ойландырып, толғандырып жүретін мәселе – менің оқушыларым жан-жақты білімді, тәрбиелі, саналы азамат болып шығуы үшін мен не істей аламын деген сұрақтар...

Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында оқытудың, білім берудің алғашқы деңгейдің мазмұнында баланың сөз байлығын дамытудың, оның ойы мен тілін дамытуда еркін сөйлеуге үйретудің алатын орны жайлы ерекше атап көрсетеді. Сондықтан әр сабақта оқушылардың сөз байлығын дамытуға көп көңіл бөлемін. Тіл мәдениетін, сөйлеу мәдениетін дамыту - өте күрделі іс-әрекет. Бұл іс-әрекетті орындауға сыныптан тыс ұйымдастырылған жұмыстар, көркем шығармаларды оқу, талдау, шығармашылық жұмыстар көмектеседі.

Оқушылардың білім сапасын көтеруде сабаққа сапалы дайындалу, біліктілікті көтеру және қайта даярлау курстарына қатысу, оқушылардың тақырыптық білімдерін, үй тапсырмасының орындалуын есепке алу, дарынды, үлгерімі төмен оқушылармен жеке жоспар бойынша жұмыс, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеге енгізу, сыныптан тыс жұмыс сияқты жұмыс түрлерін басшылыққа аламын. Мұғалім өз пәнін шексіз сүйгенде ғана, белгілі бір жетістікке қол жеткізе алады.

Дүниежүзінде қырықтан астам мамандық бар. Бірақ менің мамандығым ең негізгі мамандық деп ойлаймын. Менің мақтанышым ол менің оқушыларым. Әр оқушы біртұтас әлем. Әр сабағымды қызықты өткізуге аянбай, оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамытуға көп көңіл бөлемін. Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Шығармашылық – өте күрделі психологиялық процесс. Мұғалім өз шығармашылығы арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады. Ал менің мақсатым – оқушыға оқу үрдісін ұйымдастыру барысында шығармашылықтың маңызын білдіру, баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу. Өйткені шығармашылық қызметте оқушының ойлауы, жеке тұлға ретінде ойы дамып, өз күшіне деген сенім қалыптасады.

Осы жылдар ішінде көптеген жетістіктерім бар деп мақтанышпен айта аламын. Үлкен жауапкершілікпен аудандық семинарларда ашық сабақ өткіздім, дарынды балалармен көп жұмыс істедім, оларды олимпиадаларға дайындадым. Оқушыларым аудандық пәндер олимпиадалары, шығармалар сайысы, жыл сайын «Абай оқулары» байқауының жеңімпаздары атанып жүр. Оқушыларымды ғылыми жобалар сайысына дайындадым.Оқушыларым аудандық сайыстарда жеңімпаз атанып,облыстық деңгейлерге де қатысты.. Шәкірттері өз мұғалімдерінен озғанда ғана, мұғалімнің ұстаз атануына толықтай хақы бар

Қазіргі уақытта Қазақстанда әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім жүйесі қалыптасуда. Мемлекет мәртебесін анықтауда қазіргі заманғы білім жүйесі негізгі фактор болып отыр. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Сондықтан дамыған елімізде мектептердің жаңа техникалық құралдармен жабдықталуына, заманауи білім беруге үлкен мән беріліп отыр. Соған орай біздің мектептегі кабинеттер мультимедиялық кабинеттер, интерактивті тақта, 5-11-сыныптарға арналған электрондық оқулықтармен жабдықталған. Қажетті білім мен дағдыларын пысықтау үшін оқушылар интерактивті тапсырмалар, тест жұмыстарын орындайды. Оқушыларға таңдаған тақырыбы бойынша шығарма және ой толғау түріндегі шығармашылық жұмыстар, топқа бөлініп, презентация қорғау сияқты тапсырмалар бойынша білім меңгерту, оқушылардың шығармашылығын дамытып, пәнге деген қызығушылықтарын қалыптастырады.

«Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады» дегендей, қазіргі заманға сай білім жүйесінің ең басты мәселесі – мектептерде білім сапасын көтеру. Өз жұмысымды мектептің «Нәтижеге бағытталған сапалы білім» мәселесін шешуге бағыттадым.

Оқу жылының басында аталған технологияға қатысты әдебиеттермен танысып, білім стандартының негізінде тақырыптық–күнтізбелік жоспар құрдым, қосымша материалдар дайындадым. Оқушыларымның көзіндегі қуанышты, әдебиет,қазақ тілі сабағына деген қызығушылықты байқаған кезде менен бақытты жан болмады. Осыдан түйгенім: дәстүрлі сабақтардан арылып, жаңа технологияларды тәжірибеге енгізгенде ғана сабақ өз шыңына жетеді. Ал оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігіне, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын сүйетініне байланысты. Олай болса «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» деген ұлы Абайдың сөзі ақиқат екенін өмір дәлелдеп отырған жоқ па?!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!