Материалдар / Бабалар ұраны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бабалар ұраны

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Тамыз 2018
923
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды обылыс

Шет ауданы

Жарылғап батыр

Алтайбаев негізгі орта мектебі

Шоқпарова Марал Жексенбайқызы



Сабақтың тақырыбы:Бабалар ұраны

Сабақтың мақсаты: оқушыларды «Ата-бабам тарихы – менің тарихым» атты тарауға терең бойлатып, қазақ халқының басынан өткен қиын-қыстау кездердің иісін сездіріп, сол замандаға халықтың жоғын жоқтаған, азаттық үшін жанын аямаған батырлар туралы айту, оларға деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушылардың батыр туралы білетін мәліметтерін кеңейту, Бөгенбай батырмен таныстыру;

Дамытушылық: қисынды ойлауларын, алған білімдерін іс жүзінде пайдалану дағдыларын, сөздік қорларын, тіл байлықтары мен байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, қазақ халқының тарихына, тарихи тұлғаларға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

а) Оқушылар білуі тиіс: тарихтың не екенін, қазақ халқының кең даласына көз тіккен жауларды, Қабандай батырдың өр тұлғасы мен ерліктерін, мәтінді дұрыс-түсініп оқуды, сұрақтарға толық жауап беруді, сонымен қатар, мінездеме мен сипаттама беруді білулері тиіс.

ә) Оқушылар игеруі тиіс: Бөгенбай батырдың ерліктерін, өмірін, жаңа археологизм сөздерді игерулері тиіс.

б) Оқушылар меңгеруі тиіс: қазақ халқының басынан кешкен қиын заманның қазіргі бейбітшілік күнге тигізген үлесін, батырлардың тарихта қалдырған өшпес ізін.

Сабақтың типі: ашық сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабағы

Қолданылатын әдістер: түсіндіру, миға шабуыл, анализ жасау, сұрақ-жауап, рефлексия.

Көрнекі құралдыр: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық. Сабақтың ұраны.

Біз талапты ұланбыз,

Батыр болып туғанбыз.

Алыстарға самғаймыз,

Ел намысын қорғаймыз.

Балалар ұранымызда айтылғандай бүгінгі сабақта әрқайсымыз өткен тақырыптар бойынша өзіміздің алған білімдерімізді, батырлығымыз бен, батырларға деген құрметімізді көрсетейік.

ІІ.Ой ашар.

Үй тарпсырмасы тексеріледі. 4-5 оқушыдан үйге берілген «Халық қорғаны» атты Қабанбай батыр туралы мәтіннің мазмұны мен Бұқар жыраудың жыры сұралады.

Миға шабуыл. Өткенді қайталау.

«Сен білесің бе?» сауалнамасы. Өткен тақырыптағы сөздік бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі.

  • Балалар, бұл сауалнаманың ерекшелігі сонда, егер берген жауаптарың қате болса күн күркіреп жауын жауады, ал егер жауап дұрыс болса, күн күлімдер шығады. Сұрақтарға жауап беруге дайынсыңдар ма?

  1. Мәтіндегі «шұбырынды» деген сөз қандай мағынаны береді?

А) жаяу жүрген халық

Ә) қорғансыз, панасыз есеңгіреген халық.

Б) үйі жоқ адамдар

2 . “Жарақ” деген сөз нені білдіреді?Осы сөздің мағынасын ашатын суретті тап.

А) Ә) Б)




3. Жасақ дегеніміз не?

А) әскер

Ә) тұлпарлар

Б) тек батырлар

4 . Пырақ деген сөз қандай мағына береді?

А) әдемі ат



Ә) кішкентай ат





Б) жүйрік ат, тұлпар




  • Жарайсыңдар, балалар! Өткен тақырыпты біраз еске түсірдік. Ал енді бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын жазып қойыңдар «Алмас қылышты ардагер» деп аталады.

Бүгінгі сабағымыздың басты мақсаты: найзаның ұшымен, білектің күшімен халқының намысы мен азаттығын қорғаған Қанжығалы Бөгенбай батырдың өмірімен, ерлігімен танысу.

- Тағы да есімізге түсіріп өтейік, өткен сабақта қай батырмен танысқан едік?

- Қабанбай батырмен таныстық. Ендеше Қабанбай батырдың бейнесін пайдаланып, мынындай сұрақтарға жауап берейік.

- Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі халықтың жағдайы қандай болды?

- Батырдың халыққа жасаған қызметі қандай болды?

- Бұқар жыраудың теңеулері.

- Халықтың батырға құрметі қандай еді?


Shape1 Халықтың жағдайы ауыр болды

Халықтың басын қосты халық қорғаны




Жасақ құрды Қырағы




Ақылды Ержүрек


Халқы үшін жанын қиған батыр



Ал енді бүгінгі сабағымыздың басты кейіпкері Бөгенбай батырға келейік.

  • Мен жаңа сабақты түсіндірмес бұрын Бөгенбай батыр туралы білетіндеріңді тыңдағым келіп тұр. Себебі, сендер 2-сыныпта Бөгенбай батыр туралы мәтінді оқығансыңдар.

Балалардың жауабы тыңдалады.

  • Жақсы енді барлығымыз қолымызды қойып тақтаға назар аударайық.


Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы деректер бойынша 1680 – 1778 жылдар аралығында өмір сүрген. Бөгенбай батыр 1680 жылы Түркістан өңіріндегі Бөген өзенінің жағасында дүниеге келеген. Батырдың атасы Әлдеуік – қазақтың атақты ханы Есім ханның атақты батырларының бірі болған. Әкесі Ақша да Тәуке ханның 80 мыңдай әскерін басқарған сардар (батыр) болған. Бөгенбай батыр не бары 28 жасында 30 мың әскерді бастыған қолбасшы болған. Ол казак-орыстармен, қалмақтармен, жоңғарлармен, қытайлармен соғысқан. Өздерің байқағандай Бөгенбай батыр 90 жыл өмір сүрген. Өмірінің соңына дейін ат үстінен түспей, елін, халқын, жерін жаудан қорғаған. 1778 жылы батыр өз ажалымен қайтыс болып, Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне ақ түйемен алып барып жерленген.


ІІІ. Жаңа оқу материалын пысықтау. (Оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмыс)

Оқулықпен жұмыс.

  • Балалар, Бөгенбай батырдың ерліктері мен жорықтарын айта берсек өте көп, тек уақыт тығыз. Олай болса сендерге оқулықта берілген мәтін Бөгенбай батыр туралы не айтар екен, соны білейік. Олай болса қазір мәтінде оқимыз.

  • Мұғалімнің оқуы.

  • Оқушыларды теріп оқыту. Бірінші азат жолды Алима оқы, 2-азат жолды Асанәлі, өлеңді Ұлжан оқы.

Сөздікпен жұмыс.

Мәміле – келісім.

Тоқырау – қиын жағдайға тап болу

Уәж – сөз, пікір

Ірігенді ширату – есі шыққан, шұбырған елге ақыл, бағыт беру.

Буырқану - батылдану

Мәтінді талдау.

  • Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған?

  • Мәтінде аты аталған батыр кім? Ол туралы не білесің?

  • Бұқар жырау Бөгенбай батыр туралы не дейді?

Жұптық жұмыс.




Жырға сүйене отырып, батырды сипатта.

Shape2

Бөгенбай

батыр




Рисунок 3 Рисунок 3

Сергіту сәті.

Суретпен жұмыс. Суреттегі батырды сипатта.












Нағыз батыр болу үшін, оның бес қаруы сай болу керек. Олай болса естеріңе сақтап алыңдар.

А лып қосарларың бар ма?

С ауыт, тұлпап ат, қалқан т.б.







IV. Рефлексия-бағалау кезеңі.

  • - Қазір біз сендермен 8-тапсырманы орындау арқылы, өздерімізді батырдың ұрпағы ретінде сынап көреміз. Өзіміздің батырлығымызды бағалаймыз.

8-тапсырма. Өзіңді жас батырмын деп есепте. Халықты жауға қарсы күреске шақыру үшін қандай үндау тастар едің? Ойланып жауап бересіңдер. Ой тастау үшін алдымен «Көшпенділер» кинофильмінен үзіндіге назар аударайық.


V. Қорытындылау.

Бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін мен сендердің әрқайсыңа сыни сұрақтар қоямын. Сендер тек «ИӘ» немесе «ЖОҚ» деп қана жауап бересіңдер.

  1. Қабанбай батыр ма?

  2. Батырға найза керек па?

  3. Бөгенбай деген жырау ма?

  4. Жасақ деген ел деген мағына бере ма?

  5. Абылай деген ханның аты ма?

  6. Жырау әңгіме жаза ма?

  7. Батырға тұлпар керек па?

  8. Батырлар қорқақ бола ма?

  9. Ақша деген Қабанбайдың әкесінің аты ма?

  10. Бөгенбай батыр 100 жыл өмір сүрді ме?

  11. Батырларды халық құрметтеді ма?

  12. Қабанбай мен Бөгенбай сатқын ба?

  13. Ақылгөй деген ақылды деген сөз ба?

  14. Қалмақтар бізге дос болды ма?

  15. Бөгенбай батыр қолбасшы ма?

  16. Халық бірігіп жауға қарсы шабуыл жасады ма?

  17. Батырға қылыш керек па?

  18. Сенің батыр болғың келе ме?

  19. Қазақтың басынан қиын-қыстау замандар өтті ма?

  20. Алғашқы қазақ жасағын құрған Бөгенбай батыр ма?

  21. Ата-бабамыздың тарихы – біздің тарихымыз ба?

  22. Дулыға деген қару ма?

  23. Қабанбай мен Бөгенбай батырларды құрмет тұтасың ба?


VI. Үйге тапсырма беру. 107-беттегі 7-9 тапсырмалар

VII. Бағалау.

Балалар, қанекей, менімен және қонақтармен сабақтан алған эмоцияларыңмен бөлісіңдер. Сабақ сендерге ұнады ма? Көңіл-күйлерің қандай?

Shape5 Shape4 Shape3







Өте жақсы Жақсы Орташа



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!