Материалдар / Бәденнің бағындырған белестері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бәденнің бағындырған белестері

Материал туралы қысқаша түсінік
Күйші Бәден Айсыновтың өмірдерегі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2021
495
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бәденнің бағындырған белестері


Жаңақорған ауданының орталық алаңында Жаңа 2019 жылды қарсы алу мерекелік іс-шарада ауданының әкімі Ғалым Махмұтбайұлы Әміреев бүкіл елдің алдында бірнеше азаматтарды мерекемен құттықтап марапаттады. Осындай марапаттың ішінде Бесарық өңірінің тумасы, Әлшекей халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, әрі дирижер, Айсыновтар халықтық жанұялық ансамблінің негізін қалаушы, ардагер ұстаз, күйші-композитор Бәден Айсынов та бар еді. Ол Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды. Бұл құрметке әбден лайық еді. Өйткені, өнер адамының өмір жолы қиын деп жатады. Қиындықпен келіп жеткен еңбегінің жемісі бағаланды, қуанышы еселенді. Сыр елі халқының көз қуанышына айналған Бәденнің бағындырған бірнеше белестеріне шолу жасап көрелік.


Бәден Айсынұлы Айсынов 1946 жылы 15 маусымда дүниеге келді. Отбасында төрт ағайындының ішінен Бәден ғана бала жасынан музыкаға әуес болып өседі. Әкесі Айсын бала Бәденнің музыкаға деген қабілетін біліп, мектеп жасынан өнерге өзі баули бастайды. Бұрынғы «Октябрь» қазіргі Ж.Қыдыров атындағы мектептің 7 сыныбын тәмәмдап, 1961 жылы Шымкент қаласындағы музыка училищесіне оқуға түсіп, оны 1964 жылы бітіреді. Музыкаға деген құлшыныс тоқтамады. Білімін одан әрі толықтыру үшін 1965 жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консерваториясының домбыра класына оқуға түсіп, оны 1969 жылы бітіреді. Консерватория қабырғасында жүріп-ақ өнерімен көзге түсе бастайды. Концерттерге қатысып, ел аузындағы жүрген Бибігүл Төлегенова сынды әртістермен гастрольдік сапарларға да шығып жүрді. Тіпті, Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрімен Венгерия, Украина сияқты шет елдеріне де іс сапарларға шығып та жүрді. Жоғары өнер ордасын бітіре салысымен, Жетісай қаласындағы Қасымхан Шанин атындағы музыкалық драма театрына бас дирижер қызметіне шақырылып қызмет атқарады. (1-сурет)

1972 жылы Қызылорда қаласындағы музыка мектебіне директорлық қызметке шақырылып, бұл қызметті он шақты жыл басқарады. Мектепті басқарып жүргенде өзінің туған жерінен мектеп ашу туралы ой келе бастайды. Сөйтіп 1981 жылы қолға алып, өзінің кіндік қаны тамған жері Жаңақорған ауданы Талап елді мекенінде «Талап балалар өнер мектебін» ашып, мектептің директорлық қызметіне тағайындалады. Осы жылдары мектепті ашып жүріп те, «Айсыновтар жанұялық ансамблінде» құрады. Шәкірттерін өнерге баули жүріп, өз отбасындағы ұл-қыздарын да өнерге тәрбиелейді. Осындай қарқынмен мектепті 30 жылға жуық басқарады. Қарбалас кезеңінде жүрсе де, Бәден Айсынов өз жанынан төл туындыларын шығара бастайды. Оның «Туған ел», «Бесарығым», «Шопан қыздың әні», «Сыр бойында күріш деген дақыл бар», «Егеменді Қазақстан», «Наурыз», «Жеңіс», «Юмореска», «Экосез», «Әлшекей сарыны» сынды әндері мен күйлері бар. Сонымен қатар, домбыраға арналған пъесалары да бар. Бұл шығармалары республикалық деңгейдегі байқауларда «Үздік» деп танылған.

Өнерлі отбасы «Қазақстан» телеарнасының «Халық талант қайнары» атты бағдарламасына шақырту алып, өз өнерлерін дүйім жұртқа паш етті. Басылым беттеріне де бірінен соң бір мақалалар шыға бастайды. Аз ғана уақыт ішінде бұл ансамбль аудан, облыс, республика көлемінде танылады. Кейіннен Қазақстанның қызыл кітабына алтын әріптермен жазылды. Содан, 1991 жылы өнерлі отбасына Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің шешімімен «Халықтық көркемөнер ұжымы» деген атақ беріледі. (2-сурет)

Бәден Айсынов музыка саласының күй мұрасын насихаттауды кеңінен тарату мақсатында оркестр құруды ойластырады. Араға сегіз жылдай уақыт салып, 1989 жылы мектеп ұжымы мен отбасы мүшелерінен «Әлшекей халықтық ұлт-аспаптар» оркестрін ұйымдастырады. Осы оркестрдің көркемдік жетекшісі болып сайланады. Сыр елінің атақты күйшісі Әлшекей Бектайдың күйлерінен бастап шетел классикалық музыкаларына дейін өз репертуарларына жинақтай бастайды. Әлшекей Бектайұлының туғанына 160 (2007ж) және 170 (2017ж) жылдығына орай ұйымдастырылатын республикалық өнер фестивалінде де жүлделерге ие болып жүрді. Бәден Айсынов Әлшекей күйлерін нотаға түсіріп, жарыққа шығарып, осылайша оркестрге дайындап отырады. (3-сурет)

1993 жылы бұрынғы Кереку қазіргі Павлодар қаласында теміржолшылар мәдениет сарайында мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық отбасылық ансамбль байқауында, он облыстан қатысқан 13 отбасының ішінен, Қызылордалық «Айсыновтар» халықтық жанұялық ансамблі І орынға ие болады. бұл жөніндегі БАҚ өкілдері жарыса жазды.

1996 жылы облысымыздың көлемінде ұйымдастырылатын білім саласының мамандары қатысатын «Наурыз шапағаты» өнер фестивалінде де отбасылық өнер көрсеткен «Айсыновтар халықтық жанұялық ансамблі» сый-құрмет көрсетілді.

Бәден Айсынов мектептің басшылық қызметі мен отбаслық ансамбльді бірге алып жүрді. Ешқандай нәтижесіз де қалмады. Ара тұра ұйымдастырылған аудандық, облыстық және республикалық көлемдегі байқауларға қатысып, ешбірінен жүлдесіз қайтпады. Осындай өнерлерімен халықтың ықыласына бөленіп, елді сүйсіндіріп келеді.

2009 жылы Бәден өзінің өнер жолында жүргеніне 45 жыл толуына байланысты шығармашылық кеш ұйымдастырды. Сол кеште жиналған көпшілік ішінде Сыр бойы газетінің тілшісі Жапппархан Өтеген: «Бәден Айсынов облыстағы кәсіби жоғары білімі бар, саусақпен санарлықтай азаматтардың бірі. Ол аудандағы жалғыз-қара, ол аудандағы жалғыз-дара»,-деді.

2013 жылы Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылған «Мен отбасыммен мақтанамын» атты кездесуіне қатысып, отбасылық құндылықтарды дәріптей отырып, халық музыкасының насихаттауына қосқан үлестерін баяндап берді. Тіпті, кездесуде Айсыновтар отбасын сый-сияпатпен мараппаттап жіберді.

2014 жылы облыс орталығы Қызылорда қаласында өткен «Ата кәсіп-алтын мұра» атты форумға шақырылып, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Айсыновтар отбасына алғыс атып, сый-сияпат жасалды.

2016 жылы Айсыновтар халықтық жанұялық ансамблінің құрылуына 25 жыл толуына орай және отбасы күні қарсаңында Жаңақорғанның бірнеше елді мекендерінде концерттер ұйымдастырып, концерттен түскен түгелде дерлік қаржыға ауылдағы жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратып, қайырымдылық іс жасады. Ауыл азаматтары мен азық-түлікке ие болған отбасылар бата-тілектерін жаудыртты. Осы жылдың күзінде мектеп мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Қазақстан жеріне танымал Сыр өңірінің киелі Жаңақорғанның тумасы, ардагер ұстазымыз Бәден Айсыновқа арналғвн «Дара жол-дара дарын» атты кездесу кеші өткізілді. Кешке жиналған қауымға Бәденнің өнері мен шығармалары көрсетілді.

2018 жылы Ақтөбе қаласында Астана қаласының 20 жыл толуына орай «Өнерім-өрісім» атты аймақтық отбасылық байқауында Ақтөбе, Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Қызылорда жерінен қатысқан 13 отбасының ішінен І орынды жеңіп алып, сый-құрметпен елге оралды.

Бойда бар қасиет пен атадан балаға мирас болып қалған мұраны дәріптеп жүрген Бәденнің туған ауылына, еліне, жеріне көрсеткен өнеріне бас иеміз. Қаншама жылдан бері өкше көтерместен еңбек етіп келеді. Бұл сүйсінерлік дүние. Өмір жолын өнермен байланыстырған өнерлі отбасы мен отағасы қазірде ел ықыласына бөленген.



1-сурет. Бәден Айсынов 2-сурет. Айсыновтар халықтық жанұялық ансамблі 3-сурет. Әлшекей халықтық ұлт аспаптар оркестрі


Патима Бимурзаева

Жаңақорған ауданының білім бөлімінің

балалар өнер мектебінің мұғалімі


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!