Материалдар / баға саны құны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

баға саны құны

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарпынан көңіл бөлінуі тиіс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2019
886
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Бағасы. Саны. Құны.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды бағасы, саны, құны ұғымдарымен таныстыру, осы шамалар арасындағы тәуелділікті меңгерту, суреттер және кестелердің көмегімен есептер құрастыруға үйрету.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылығын ояту, берілген тапсырмаларды орындата отырып, оқушыларды белсенділікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімді енгізу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жеке жұмыс, ойын, шығармашылық
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кестелер, жұмбақтар

Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасып, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Үш топқа бөлу жұлдызша арқылы. Оқушылар өзін – өзі бағалайды.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№10
(250 - 50) +120=320
800 -(350 - 300)=750
560+(200 - 160)=600
250 -(50+120)=80
(800 - 350)- 300=150
(560+200)- 160=600
ІV. Еске түсіру, қайталау
1) Математикалық диктант.
3*4 6*7 7*4
56/7 36/4 64/8

3*9 5*6 7*8

32/8 27/9 63/7

9*8 9*7 9*6
2) Ой қозғау.
2. Ойын «Дүкен»
- Оқушылар бір зат сатып алу үшін қайда барасыздар?
- Дүкенде затты сатып алу үшін, не қажет?
- Неге көңіл аударасыз? (бағасына, санына, құнына)
Мысалы: 1 қаламның бағасы – 8 тг.
Саны - 3 қалам
Құны - 24 тг.
Мысалы: Бір бөлке нан – 50 теңге тұрады. Осындай 4 бөлке нан сатып алу үшін қанша ақша керек? (200 теңге)
Анықтама:
Баға – бір заттың бағасы (Бір заттың қанша тұратыны)
Сан – сол заттың саны. (Сатып алынған заттың саны)
Құны – барлық затқа төленген ақша.
№1. 500 теңгеге не сатып ала аласың?
Мұз кәмпит – 28 тг
Йогурт – 140 - тг
Шоколад – 15 тг
Кекс – 350 тг
Шырын – 140 тг
Конфет – 24 тг
Тәтті нан – 90 тг

1 тапсырма.

50 теңгеге не сатып ала аласың? (50 теңгелеріне ұйымдастырылған дүкеннен зат сатып алады.)

  1. «Ізденген жетер мұратқа» Бағасы. Құны. Саны. кестесі үлестіріледі. Сол кесте арқылы әр топ тұжырым жасап ереже құрастырады.

2 тапсырма.

1-топ  «Баға»

Әрқайсысы 5 теңге тұратын 4 кәмпит (6,7,8 кәмпит) сатып алсаң,қанша ақша төлеу керек?

Кестені қара және оны дәптеріңе толтыр.

Сатып алынған заттың құнын білу үшін ,заттың бағасын оның санына көбейту керек. Қ=БхС

3 тапсырма.

2-топ  «Саны»

Егер сатып алынған затқа 24,32,40,48 теңге төленген болса,бағасы 8 теңгеден неше кәмпит сатып алынған?

Дәптеріңе кестені толтыр.

Сатып алынған заттың санын білу үшін,оның құнын заттың бағасына бөлу керек.С=Қ:Б

4 тапсырма.

3 – топ   «Құны»

Егер 4 кәмпитке 20,28,36,32 теңге төленсе,1 кәмпиттің бағасы қанша?

Заттың бағасын білу үшін,оның құнын санына бөлу керек.Б=Қ:С

V.Бекіту. Практикалық жұмыс ұйымдастыру.

Мысалы,әрқайсысында 5 теңгеден бағасы жазылған 3 самса сатып алынды.Бірдей  бірнеше затты сатып алған жағдайда бағасы сонша рет қайталанады.

Бір заттың бағасы қанша?

Сен нешеу сатып алдың?

Барлық сатып алынған затқа неше теңге төледің?

Сен оны қандай амалмен білдің?

Неге көбейтумен орындадың?

№5 тапсырма.Кесте бойынша есептер құрастыр және шығар.

Бағасы

Саны

Құны

9 теңге

3 дана

? теңге

5 теңге

? дана

30 теңге

? теңге

6 дана

48 теңге

VI.Өткен материалмен жұмыс.»Кім жылдам»

6 Баған түрінде есепте. Есептеулеріңді тексер.

7 Тіктөртбұрыш сызу.Перимерін табу.

VII. Жаңа сабақты бекіту

1 — топ Құн белгісіз болған жағдайда қалай табамыз. (баға мен санды көбейтеміз)

2 — топ. Баға белгісіз болған жағдайда қалай табамыз (Құнды санға бөлеміз)

3 — топ. Сан белгісіз болғанда ше? (Құнды бағаға бөлеміз)

Бүгінгі сабақтағы ең маңыздысы не болды?

Не қызықты болды?

VIII.Үйге тапсырма.

6,(2,3 баған),8 тапсырма.

Бағалау. Топты бағалау, қай топ жеңгенін анықтау. Жеңген топты мадақтау. Оқушыларды өз деңгейлеріне қарай бағалау.

Математика пәнінен рефлексивті есеп:

3 «Ә» сынып

Мұғалімі: Жетписбаева А.С.

1.Менің өткізген сабақтың тақырыбы: «Баға,саны,құны»

Сабақтың мақсаты -: Оқушыларды бағасы, саны, құны ұғымдарымен таныстыру, осы шамалар арасындағы тәуелділікті меңгерту, суреттер және кестелердің көмегімен есептер құрастыруға үйрету.
Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру. Оқушылардың қызығушылығын ояту, берілген тапсырмаларды орындата отырып, оқушыларды белсенділікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
топтық жұмыс кезінде өз-өзін бағалай алады.
2. Жаңа тақырыптарды өткен білімдеріне сүйеніп оқушылардың өздері түсіндіріп бере алды. Мен тек қана алған білімдеріне сүйеніп мәселені шешуге шақырдым, бағытталған сұрақтардың көмегімен оқушылар барысында баға,саны және құнынын тауып, олардың маңыздылығын түсіндіріп берді; баға,саны,құны туралы тұжырымдама жасады.

3. Оқушылар топтың ішінде жұмыс жасап, қорытынды дайындап, оны қорғай білді.

4. Әр есепті өзгертіп қима қағаздар түрінде берілді. Жай ғана шешіп қоймай олардан ереже құрыстырып отырды. Бұл кезең сәтті өтті деп ойлаймын, өйткені оқушылар осы жұмысты күнделікті сабақта жүргізгедіктен, бір-бірін және өздерін әділ бағалауға шыныққан. Оқушының әрқайсысы осы тақырыпты қаншалықты түсінгенін біліп отырды.

4.Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылармен жұмыс жүргізілді. Олар сабақ бойы көшбасшының рөлін атқарды. Топтық жұмыс барысында топтың әр мүшесінің жұмысын ұтымды бағыттай білді, қабілеті төмен оқушыларға қамқорлықпен қарай білді, білмегендерін түсіндіре білді. Топтың әр мүшесінің жұмысын бағалап отырды. Сондықтан үш топтың бәрі өз жұмыстарын белсенді атқарды.

5.Қабілеті төмен оқушылар да сабақ бойы қатысуға тура келді, өйткені олардың жұмыстарын көшбасшылар және топтың мүшелері де қадағалап қана қоймай, қиналған жағдайда тез түсіндіріп, көмектесіп; бойларына сенім ұялатып, қорқыныш сезімдерінен мүлдем арылды.

Қорытынды:

Іс-әрекетті зерттеу жұмысын мен әрине әрі қарай жалғастырамын. Егер мен осы жұмысты жүйелі өткізіп отырсам, оқушыларым қандай нәтижеге жететіні менің өзіме өте қызықты. Қазіргі уақытта мен осы жұмыстың тек қана күшті жақтарын байқап отырмын, менің оқушыларым өз ойларын, қате болса да айтуға қорықпайды, жеткізуге тырысады, ойланып сөйлейтін болды. Сыныптағы оқушылар бірін-бірі тыңдап, бірігіп топтың ішінде де жұмыс жасауға үйренді. Мен және менің оқушыларым үшін бұл үлкен жетістік деп ойлаймын.


















































DrawObject5 DrawObject1 DrawObject2 DrawObject3 DrawObject4

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!