Түркістан қалалық
білім
бөлімі
С.Ерубаев
атындағы №7 жалпы орта мектеп-
интернаты
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Ә.
Өтекей
«____________»
____ 2017ж
Б А Ғ Д А Р Л А М
А
«Абайтану»
10-11
сынып
Мұғалімі: Жұмабаева
Ж
2017-2018 оқу
жылы.
Қосымша білім беру педагогы:
Қалиева Г.Қ
Түркістан 2017
жыл
Абайтану
(10-11 сыныптар
үшін)
Пікір
жазған:
Жұмабаева Жұмақыз білікті
маман, ұлағатты ұстаз. Оны мектеп оқушылары, ұжым мүшелері,
ата-аналар, әріптестері құрмет тұтады.
Өз сабақтарында оқушылардың
назарын өзіне аударып, оқу материалдарын ұғымды меңгеруіне
көмектеседі. Сабақтың тәрбиелік әсерін ашып, ұйымшылдықты,
іскерлікті қатар алып жүреді. Бұл қасиеттер балаларға ұнайды және
сабақ үстінде бірлесе жұмыс жүргізеді.
Жұмабаева Жұмақыз оқушыларға
жылы жүзбен, ілтипатты көзқараспен қарап, сабырлы да, салмақты,
өзін-өзі ұстауы өзінің дарынды ұстаз екнін
көрсетеді.
Жұмабаева Жұмақыз білікті
ұстаз, мейірімді ана.
Қазақ тілі пән бірлестік
жетекшісі: А. Аязбекова
Мазмұны:
1. Түсініктеме 1
бет
2. «Абайтану» курсын
меңгерудегі мақсаты мен міндеттері 2 бет
3. Оқушылардың біліктілігіне
қойылатын талаптар 3 бет
4. Абайтану (жоспары) 4
бет
5. Оқушының оқу жетістіктерін
бағалау жүйесі 5 бет
6. Пайдаланған әдебиеттер 6
бет
Түсініктеме
Бұл бағдарлама ұлы ақын А.
Құнанбаевтың мұрасын оқуға арналған.
Абай Құнанбаев
шығармашылығынан кең көлемде мәлімет беріледі. Ақынның
өмірі,шығармашылығы, шығармаларындағы шыншылдық, тазалық, асқақтық,
Абайдың қазақ әдебиетіне, поэзиясына қосқан үлесі
айтылады.
Сонымен қатар, ақынның
шығармашылығын тани білуге, тақырыптық, мазмұндық мәнін игеруге
бағдар береді. Өзіндік көзқарасы, дүниетанымы, сөз қадірін ұғынуын
жақсы жетілдіреді. Көркем шығармаларын оқып талдау арқылы оқушылар
халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнер тұрғысынан қабылдауға
қажетті білім, білік, дағдыларымен
қаруланады.
Бағдарлама оқушыларға
әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдауға мүмкіндік туғызып, әдеби
білім мазмұнын жүйелі меңгертуді
ұйымдастырады.
Оқушылардың өз ойын сауатты
жеткізе білуге, шешен де ұтқыр сөйлеуге, еркін айта білуге
баулиды.
Курсты
оқытудың мақсаты:
Ұлы ақын шығармаларын терең
де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін,
салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде
бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен
қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін,
ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге
лайықты, терең ойлайтын дара тұлға
қалыптастыру.
Курсты оқытудың
міндеттері:
1) қазақ сөз өнеріндегі
Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып,
білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің
тарихи факторы іспеттес екендігін
ұғындыру.
2) ақынның мұрат-мақсаттарын,
көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері
туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың
ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың
ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін,
идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз
орнын табуға бағыттау;
3) Абайдың ақындық мектебі,
поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын
рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби
туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды
оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста
басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті,
имандылықты, махаббатты,достықты, әділеттілікті, татулықты,
бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге
ету.
4)
абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам
концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау.
Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып,
қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;
5) ғұлама ойшылдың
философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік
тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи
таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы
көзқарастарымен таныстыру;
6) ақынның шетел ақындарының
шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен
поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын
таныту;
7) Абай және қазіргі қазақ
әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі
абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау,
жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар
ету;
Оқушылардың біліктілігіне
қойылатын талаптар:
1) ақын өмір сүрген дәуірді
және халық ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, үлкендерден естіп,
жадына тоқығандығын білуі;
2) шығыс, батыс және орыс
әдебиеттерінің інжу-маржандарын оқып танысқандығын
білуі;
3) ақын мұраларының зерделенуі
мен абайтану ғылымының қалыптасу тарихын, кезеңдерін
білуі;
4) ғұлама ойшылдың ғылым,
білім, өнер, ел билеу, тарих, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл
күй, табиғат көрінісі, махаббат, діни таным тақырыбында және
сыншылдық көзқараста жазылған философиялық қарасөздерінің,
өлеңдерінің, поэмаларының, аудармаларының мән-мағынасын, маңызын
түсінуі;
5) ақынның ән мен күй өнері
хақындағы пайымдауларын түсінуі;
6) қазіргі абайтану ғылымының
даму бағыттарын, абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы
екендігін білуі;
7) Абайдың «Толық адам»
философиясы мен «Иманигүл», «Хауас», «Жәуанмәртлік» ілімдері туралы
білулері:
8) ұлы ақынның философиялық
ақыл-нақыл сөздерінің маңыздылығын, мән-мағынасын
түсінуі;
9) ақынның қазақ поэзиясына
енгізген жаңалығын, аудармашылық шеберлігін танып
білуі;
10) абайтану бойынша
курс жұмыстарын, ғылыми жобалар жаза
білуі;
11) абайтануға қатысты ғылыми
әдебиеттермен жұмыс істей білуі;
12) оқушы өзіне қажетті
материалдарды интернет арқылы тауып, пайдалана
білуі.
С.Ерубаев атындағы №7 жалпы
орта мектеп-интернатының 2017-2018 оқу жылында 10 сынып оқушыларына
арналған «Абайтану» факультатив сабағының күнтізбелік
жоспары
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Сағат
|
Мерзімі
|
1
|
Кіріспе «Мен бір
жұмбақ адаммын оны да
ойла»
|
1
|
09.09.2017ж
|
2
|
Абай мұрасының 20
ғасырдың 30-60 ж.ж
зерттеулері
|
1
|
16.09.2017ж
|
3
|
Абай өмірі мен
шығармашылығы
|
1
|
23.09.2017ж
|
4
|
«Талапты елге нұр
жауар»
|
1
|
30.09.2017ж
|
5
|
«Білімдіден
шыққан сөз»
|
1
|
07.10.2017ж
|
6
|
«Еңбек етсең
ерінбей»
|
1
|
14.10.2017ж
|
7
|
«Сабырсыз, арсыз
еріншек»
|
1
|
21.10.2017ж
|
8
|
«Өлең сөздің
патшасы сөз сарасы»
|
1
|
28.10.2017ж
|
9
|
«Өлсем орным қара
жер сыз болмай ма?»
|
1
|
11.11.2017ж
|
10
|
«Мен жазбаймын
өлеңді ермек үшін»
|
1
|
18.11.2017ж
|
11
|
Табиғат лирикасы.
Желсіз түнде жарық ай.
|
1
|
25.11.2017ж
|
12
|
«Қараша,желтоқсан
мен сол бір екі ай»
|
1
|
2.12.2017ж
|
13
|
«Көлеңке басын
ұзартып»
|
1
|
09.12.2017ж
|
14
|
Абай қара сөздегі
еңбек таным мен тағым
|
1
|
23.12.2017ж
|
15
|
Отыз жетінші қара
сөзі
|
1
|
13.01.2018ж
|
16
|
«Малға достың
мұңы жоқ,малдан басқа»
|
1
|
20.01.2018ж
|
17
|
«Түбінде баянды
еңбек егін салған»
|
1
|
27.01.2018ж
|
18
|
«Би екеу болса,
дау төртеу болады»
|
1
|
03.02.2018ж
|
19
|
Ақынның
саяси-әлеуметтік болмыс туралы
толғанысы
|
1
|
10.02.2018ж
|
20
|
«Көңілім қайтты
достан да, дұшпаннан да»
|
1
|
17.02.2018ж
|
21
|
«Қартайдық,қайғы
ойладық, ұлғайды арман»
|
1
|
24.02.2018ж
|
22
|
Сыншыл, сатиралық
мазмұндағы шығармалар
|
1
|
03.03.2018ж
|
23
|
«Қыран бүркіт не
алмайды,салса бапта»
|
1
|
10.03.2018ж
|
24
|
«Болыс болдым
мінекей»
|
1
|
17.03.2018ж
|
25
|
«Көзінен басқа
ойы жоқ»
|
1
|
24.03.2018ж
|
26
|
«Улы сия,ащы
тіл»
|
1
|
31.03.2018ж
|
27
|
Абай
аудармалары
|
1
|
07.04.2018ж
|
28
|
«Мен көрдім ұзын
қайың құлағанын»
|
1
|
14.04.2018ж
|
29
|
Поэмалары
«Масғұт» поэмасы
|
1
|
21.04.2018ж
|
30
|
«Масғұт»
поэмасы
|
1
|
28.04.2018ж
|
31
|
«Масғұт»
поэмасы
|
1
|
05.05.2018ж
|
32
|
«Әзім»
әңгімесі
|
1
|
12.05.2018ж
|
33
|
«Әзім»
әңгімесі
|
1
|
19.05.2018ж
|
34
|
Қорытынды
|
1
|
25.05.2018ж
|
С.Ерубаев атындағы №7 жалпы
орта мектеп-интернатының 2017-2018 оқу жылында 11 сынып оқушыларына
арналған «Абайтану» факультатив сабағының күнтізбелік
жоспары
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Сағат
саны
|
Мерзім
|
1
|
Кіріспе. «Абайтану»
курсы туралы түсінік.
|
1
|
09.09
|
2
|
Абайтану – қазақ
әдебиеттану ғылымының бір
саласы.
|
1
|
16.09
|
3
|
Абайдың отыз бесінші
қара сөзі.
|
1
|
23.09
|
4
|
Абайдың отыз бірінші
қара сөзі.
|
1
|
30.09
|
5
|
«Осы мен өзім-
қазақпын»
|
1
|
07.10
|
6
|
«Қалың елім,
қазағым, қайран жұртым»
өлеңі.
|
1
|
14.10
|
7
|
«Жақсылық ұзақ
тұрмайды», «Бөтен елде бар болса»
өлеңдері.
|
1
|
21.10
|
8
|
«Сегіз
аяқ»өлеңі.
|
1
|
28.10
|
9
|
«Сегіз
аяқ»өлеңі.
|
1
|
11.11
|
10
|
«Ішім өлген, сыртым
сау», «Қажымас дос халықта жоқ»
өлеңдері
|
1
|
18.11
|
11
|
Абайдың жиырма
екінші қара сөзі.
|
1
|
25.11
|
12
|
«Болыс болдым,
мінекей», «Мәз болады болысың»
өлеңдері.
|
1
|
02.12
|
13
|
«Көзінен басқа ойы
жоқ», «Менсінбеуші ем наданды»
өлеңдері
|
1
|
09.12
|
14
|
«Бойы бұлғаң»
сатирасы
|
1
|
23.12
|
15
|
Абайдың қырық
бірінші қара сөзі
|
1
|
13.01
|
16
|
Шығармашылық
жұмыс
|
1
|
20.01
|
17
|
«Қор болды жаным»,
«Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол»
өлеңдері
|
1
|
27.01
|
18
|
«Сен мені не
етесің», «Білектей арқасында өрген бұрым»
өлеңдері
|
1
|
03.02
|
19
|
«Қақтаған ақ
күмістей кең маңдайлы» лирикалық
өлеңі.
|
1
|
10.02
|
20
|
«Қызарып, сұрланып»
өлеңі.
|
1
|
17.02
|
21
|
Жүсіп Баласағұн,
Йасауи ілімдері және Абай.
|
1
|
24.02
|
22
|
Жүсіп Баласағұнның
«Жәуанмәртлік», Йасауи «Хал ілімі» Абайдың «Толық адам» ілімінің
арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр
жалғастығы
|
1
|
03.03
|
23
|
Абайдың «Толық адам»
философиясы.
|
1
|
10.03
|
24
|
Абай іліміндегі
«Хауас» мәселесі. «Лай суға май бітпес қой өткенге», «Өлсе,өлер
табиғат, адам өлмес» өлеңдер. Абайдың жетінші қара
сөздері.
|
1
|
17.03
|
25
|
Абайдың отыз
сегізінші және қырық үшінші қара
сөздері.
|
1
|
24.03
|
26
|
«Осы үш сүю болады
имани гүл» өлеңі.
|
1
|
31.03
|
27
|
Алланы сүю,
адамзатты сүю, хақ жолын сүю «Имани гүл» философиясының негізі
болатындығы туралы.
|
1
|
07.04
|
28
|
Абай өлеңдерінің
тілі және қазақ поэзиясына енгізген
жаңалығы.
|
1
|
14.04
|
29
|
Ақының шеберлік
тәсілдері, даралық
ерекшеліктері.
|
1
|
21.04
|
30
|
Абай мектебінің
қалыптасқан дәстүрі, жпңашылдығы, прогрессивті
мақсат-мүддесі.
|
1
|
28.04
|
31
|
Абай дың талантты
ақын шәкірттері: Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп,
Әубәкір.
|
1
|
05.05
|
32
|
Абайдың ақындық
дәстүрін жалғастырушы
ақындар.
|
1
|
12.05
|
33
|
Шығармашылық
жұмыс.
|
1
|
15.05
|
34
|
Қорытынды.
|
1
|
19.05
|
Оқушының оқу жетістіктерінм
бағалау жүйесі
1.
Күнбе-күн бақылау,
сұрақ-жауап, тексеру;
2.
Материал жинау, жаттығу,
жұмыстарын орындау, тест, конспектілеу, талдау
жүргізу;
3. Ой бөліс,
пікір-талас,әңгімелеу, жаттығу
орындау;
4.
Бағалау: «игерді»,
«игермеді» деп, практикалық жұмыстар «тапсырылды», «тапсырылмады»
деп бағаланады.
Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
тізімі:
1)Абай «Шығармаларының екі
томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005
ж;
2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография.
Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;
3) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы
«Жазушы» 1988 ж;
4) Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және
әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж;
5) М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған
материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;
6) М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы»
2007 ж;
7) Абай туралы естеліктер, Семей 2010
ж;
8) Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері»
Алматы 1994 ж;
9) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы
«Рауан» 1994 ж;
10) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы
«Қазақстан» 1985 ж;
11) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат
деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 ж;
12) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995
ж;
13) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары,
Алматы, 1982 ж;
14) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы
«Атамұра» 1995 ж;
15) М.Мырзахметұлы «Әуезов және Абай» Алматы
«Қазақстан» 1997 ж;
16) М.О.Әуезов «Абайды білмек парыз ойлы
жасқа» Алматы «Санат» 1997 ж;
17) Абайтану тарихы, Алматы, 1994
ж;
18) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі;
19) М.Мырзахметұлы «Абайды оқы, таңырқа», «Ана
тілі» 1993 ж;
20) Т.Қожакеев «Абай-сатирик» «Білім» қоғамы,
1970 ж;
21) Қ.Мұқамедханов «Абай шығармаларының
текстологиясы жайында» Қаз.Мем.КӘБ, 1959 ж;