Материалдар / Бағдарлама"Сиқырлы әлем"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бағдарлама"Сиқырлы әлем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдарлама мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін, саусақ маторикалар дамыту мақсатында ұйымдастырылып жоспарланған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
1411
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











«Сиқырлы әлем»


Picture 4 Picture 22


2017 жыл




Құрастырушы: Магмурова Асель Бекетовна













Бағдарлама баланың қол сусақтарының ұсақ маторикасын дамытады. Қолдың ұсақ қол маторикалын дамыту балалардың сөйлеуінің дамуына апарытын жол. Балада сөйлеу кемшілігі қалыптасқан жағдайда саусақтын жаттығуына ерекше назар аудару керек, өйткені мидағы сөйлеу аймақтарының морфологиялық және функционалды қалыптасуы қолдың инпульстерінің әсерінен әрекетке қосылады.





















Мазмұны


1.Түсініктеме .............................................................. 4 бет

2. Бағдарламаның мазмұнын

іс жүзінде игеру кезде

қолданылатын әдіс-тәсілдер: ......................................6 бет


3. Балалардың білім

дағдыларын бағалау әдісі........................................... 7 бет


4. Перспективті тақырыптық жоспары..................... 8 бет


5. Қолданылған әдебиеттер........................................ 12 бет






























ТҮСІНІКТЕМЕ

Қазіргі заманға сай білім беру жүйесінің басым бағыттарындағы өзгерістер қабілетті және шығармашыл, өз бетінше әрекет ететін бастамашыл, өз мүмкіндігін біліп,өз ойын іске асыра алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесін мақсат етіп қойып отыр. Бұл мақсаттар мектепке дейінгі тәрбие және білім беру стандартында белгіленген. Соның ішінде мектепке дейінгі мекемедегі « Шығармашылық» білім беру саласының маңызы зор.

Шығармашылық саласының мақсаты -баланың шығармашылық ойлау мәдениетінің негізі ретінде оның сезімдік-эмоциялық саласы мен қиялын дамыту.

Бекітілген оқу жоспары негізінде шығармашылық саласынан тыс "Сиқырлы әлем" атты вариативті компонент бөліміне бағдарлама құрылды.

Бағдарламаның мақсаты:

Тәрбиеленушіге қосымша білім беруде тәрбиеленушінің білімін, шеберлігін  көрсету. Тәрбиеленушіні шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

Бағдарламаның міндеті:

-Тәрбиеленушілерді шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан  өнері тамған баланы тәрбиелеу. 

- Баланың шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.

 -Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.

-Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.

Бағдарлама 2 бөлімнен тұрады: "Сиқырлы алақандар"(36 сағат), "Сиқырлы жолақтар" (36 сағат)

1 -бөлім: "Сиқырлы алақандар"

Мақсаты: балалар мен дәстүрлі емес сурет технологиясы арқылы қолдың ұсақ моторикасын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

Түрлі материалдарды пайдаланып дәстүрлі емес техника мен әдістерін үйрету

Түрлі кескіндеме жанрларымен таныстыру

Кескіндер, түстер арқылы бейнелеу, қиялдау қабілетін дамыту

Балалар шығармашылығын қолдау.

Күтілетін нәтижелер:

- жануарлардың пішінін бейнелей алады;

-көлемі бойынша заттар мен нысандардың арақатынасын ескеріп, композициялар жасай алады;

- жолаққа геометриялық пішіндер мен өсімдік өрнектерінен өрнектер жасай алады;

-қайшыны дұрыс ұстайды және оны пайдалана алады;

-ұжымдық жұмыстарды орындауға қатысады;

2-бөлім: "Сиқырлы жолақтар"

Мақсаты: "Квиллинг" қағаздан құрастырудың көркемдік әдісі ретінде, квиллинг техникасының қарапайым тәсілдерін меңгерту негізінде балаларды жан-жақты интеллектуалды және эстетикалық тұрғыда дамыту.

Міндеттері:

Оқытып-үйрету:

  • Балалардың квиллингтің негізгі үлгілерімен және оның түсініктерімен таныстыру;

  • Қағазбен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерін үйрету;

  • Ауызша нұсқаулықтарды қолдана білуге үйрету;

  • Балаларды негізгі геометриялық түсініктерімен таныстыру: домалақ, шаршы, үшбұрыш, бұрыш, жақ, биіктік, төртбұрыш және т.б.

  • Арнайы терминдермен баланың сөздік қорын жетілдіру;

  • Квиллинг техникасында орындалған бұйымдар композициясын жасап шығару.

Дамытушы:

Логикалық және кеңістіктегі қиялын, есте сақтау, назар аудару қабілетін дамыту;

Көзбен шамалау қасиетін және қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту;

Оқушылардың қиялын және шығармашылық қабілеттерін, көркемдік талғамын дамыту;

Балалардың көзбен шамалауын дамыту, қолдарының ұсақ моторикасын жетілдіру, саусақтарының дәлме-дәл қозғалуына үйрету, қолдарымен жұмыс істеу қабілетін дамыту;

Тәрбиелік:

Квиллинг техникасына қызығушылығын тәрбиелеу;

Еңбек мәдениетін құрастыру және еңбек дағдыларын жетілдіру;

Ойын жағдайларын қалыптастыруға әрекет жасау, балалардың коммуникативтік қабілеттерін кеңейту;

Жинақылыққа, ұқыптылыққа, мұқият болуға, материалды үнемдеп және күтіп қолдануға үйрету, жұмыс орнын тәртіпте ұстауға үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

-кіші жастан өз бетінше ізденуге;

-олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ;

-топпен және дара жұмыс істеуге дағдылануы;

-өзін - өзі тексеруге, өзін - өзі бағалауға, қорытынды  жасай білуге, өз пікірін --айта білуге;







Бағдарламаның мазмұнын іс жүзінде игеру кезде қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Бағдарлама жұмысын жүргізу әртүрлі болады

Дәстүрлі, дәстүрлі емес, құрамдастырылған және тәжірибелі, ойындар, сайыстар, жарыстар т.б.

Әдіс-тәсілдер:

Әдіс-тәсілдер жұмыстың жүргізілуіне байланысты таңдап алынады:

Ауызша (әңгімелесу, әңгіме)

Көрнекілік (суреттер, бақылау, көрсету) орындалуын), үлгі бойынша жұмыс т.б.

Тәжірибелік (сызба, нұсқаулық карта т.б.)

Балалардың қызмет деңгейінің негізгі тәсілі:

Көрнекті-түсіндіру-балалар дайын ақпаратты қабылдайды.

Репродуктивтік-балалар алған білімдері мен қызмет тәсілдерінің меңгеруі.

Ішінара-іздестіру-балалар ұжымы алдарына қойған міндеттерді педагогпен бірлесіп іздестіру-балалардың шығармашылық жұмыстары.

Балалар қызметін ұйымдастырудағы негізгі әдіс:

Барлық балалармен бір уақытта жұмыс жүргізу.

Жеке-ұжымдық-жұмыстың жеке және ұжымдық түрін алмастыру

Топтық-топпен жұмысты ұйымдастыру

Жеке тапсырманын жеке орындалуын т.б.

Бағдарлма ққызметін іске асыру үрдісінде пайдаланылатын тәсілдердің арасында оқытудың күшеюідеп мынаны атауға болады:

Оқыту дараландыру және жандандыру( білім алу белсенділіктерін арттыру)

Ойын мен жағдаят

Шығармашылық жұмыс және т.б.

Жұмыстың бағыттары:

«Сиқырлы аландар», «Сиқырлы жолақтар»

Квиллингтің техникасы бойынша жасау

Мерекелерге сыйлықтар дайындау

Құрастыру

Жұмыстың түрлері:

Жеке жұмыстар(әр бала өзінің жұмысын жасау керек)

Топтық жұмыс(ұжымдық жұмыста орындағанда әр топқа тапсырма бөлініп беріледі)

Ұжымдық жұмыс(ұжымдық бейнелерді құрастырғанда және дайындау үрдісінде балалар міндеттерін бөліспей бірлесіп жұмыс атқарады)

Бағдарлама жұмысының үйрету жүйесі: оңайдан күрделіге қарай

Құралдар және керекті заттар. Ширатылған қағаздын әдемілігі.

Ширатылған қағаз өнеоі, оған пайдаланылатын құралдармен және бұйымдар туралы әңгіме өткізіледі. Ширатылған, бұратылған қағаз көркем өнер арқылы ұзын және қысқа бұратылған қағаз жолақтарының түрін өзгерту және одан керекті пішін алу немесе алған бөлшектерден көлемді немесеи жазықтық композициялар құруға болады.

Композиция құрастырған кезде сызғыш, желім, қарандаш пйдалануға болады. Квиллингке керек қағаз жолағы тығыз спиралге оралады. Саусақпен қағазды бір қалыпты орап, қағазды керек мөлшерге дейін ақырындап тартып, керекті пішінде жасауға болады. Квиллинг жасаудың жолы ораймыз, қысамыз қиялымызға сүйене отырып қарапайым бұйымдар жасау.

Негізгі элементтерді үйрету: «Тамшы», «Бұйра», «Жебе», «Көз» т.б.



Балалардың білім дағдыларын бағалау әдісі:

Бағдарламаның мақсаты:

Тәрбиеленушіге қосымша білім беруде тәрбиеленушінің білімін, шеберлігін  көрсету. Тәрбиеленушіні шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

Балалардың ширатылған қағаздан жасалған өсімдік және жануарлар әлемі туралы білім деңгейлерінің өсуі. Қолданбалы өнер шығармашылығымен етене танысу негізінде қызығушылыққа бөленіп, сұлулық пен әсемділікке тәрбиеленеді, олардың талғампаздылығы жетіледі. Эстетикалық қарым—қатынастар эмоционалдық сипатқа ие болғандықтан, өмір мен өнердің эстетикасын тану, эстетикалық күй кешу, сезіну арқылы жүзеге асырылады. Әсемдікті, ұлылықты қабылдау балаларды алуан түрлі сезімге бөлеп, жағымды әсер қалдырады. Шығармашылық икемділік дағдымен қатар өнер сүйгіштікке, өнер танушылыққа тәрбиелейді.

Игерді:

Білу керек:

Ширатылған қағаздан жасалынатын бұйымдарды жасау үшін керекті негізгі құралдарды және ақпаратты.

Жасай білу керек:

Композицияға қоршаған ортаның әдемілігін, ширатылған қағаздың құпиясының көмегімен өздерінің көңіл күйі және сезімін көрсету және композицияның үйлесімділігін құру, олардың өлшемін, түсін, негізгі деректерін білу керек.


Жыл соңында "Мен шебермін" ұйымдастырылған оқу қызметінде жас ерекшеліктерін ескере отырып әр балаға бағдарлама бойынша тапсырма беріледі. Балалардың жасаған шығармашылық жұмыстарын (көркемділігін, орындалуын, жұмысын тақырыпқа сай көркемдеуі, ұқыплығына т.б.) бағалау.


Мониторинг арқылы бағдарламаны игеру нәтижесін бағалау.





Қосымша 1

Перспективалық жұмыс жоспары

Р/С

Бөлімдері

Тақырыбы

Мақсаты

Сағат саны

күні

1-2

"Сиқырлы алақан"

«Аққу»

Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Балаларға алақаннан үзінділер құрып, картонға жапсыру ережелері туралы үйрету.

2



3-4

«Сиқырлы жолақтар»

. Кіріспе сабақ. Материалдар мен құралдар.

«Квиллинг» технологиясымен танысу, құралдармен жұмыс

жасау барысында қауіпсіз ережелерін сақтау.

2


5-6

"Сиқырлы алақан"

«Ара»

Түрлі геометриялық фигуралардан сурет құрастыруға үйретеміз. Аралар суретіндегі «жылы» түстер (сары, қызғылт, қызыл) танысу. картонға қағаздың бөліктерін жабыстыруға үйрету

2


7-8

«Сиқырлы жолақтар»

«Сиқырлы жолақтар»

Қағазбен жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.Квиллинг технологиясының « орау». әдісімен таныстыру. Стерженге жолақты орауды үйрету. Пішіндер туралы балалар білімін бекіту. Құралдар мен материалдарды таныстыру: түрлі ұзындықта жолақтарды, әртүрлі кескіндер орау үшін. Ересек көмегімен орындау, содан кейін өз бетінше.

2


9-10

"Сиқырлы алақан"

«Күрке тауық».

Әдемі суретті құруға қызығушылық тудыру. Ұқыптылыққа және өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.

2


11-12

«Сиқырлы жолақтар»

Негізгі пішіні - «спираль».



Стержень басына түрлі түсті қағаздан қиылған дөңгелектерді ширатуды үйрету. Дөңгелек пішінді туралы балалар білімін бекіту. Желімді қолдану ережелерін сақтауға дағдыландыру.

2


13-14

"Сиқырлы алақан"

Ұжымдық жұмыс

«шырша»

Балаларға ұжымен жұмыс жасауды үйрету. Қолдың ұсақ моторикасын, зейінің дамыту.

2


15-16

«Сиқырлы жолақтар»

«Түрлі түсті шарлар».



Қағазбен жұмыс жасау қызығушылықтарын арттыру. Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеуЖолақтарды дұрыс орауды және желіммен жапсыру уйрету.

2


17-18

"Сиқырлы алақан"

«Піл »

алақанды ойып пайдаланып мәнерлеп суретті жасауды үйрету. Кескіннің сәндік дизайн арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

2






19-20

«Сиқырлы жолақтар»

«Светофор».

Негізгі түстер туралы білімдерін бекіту. Өзбетінше жұмыс жасауға уйрету. Светофор туралы білін жетілдіру

2


21-22

"Сиқырлы алақан"

«Бұғы»

алақан суретті арқылы образдар жасау үйрету. Жапсыру сабағына қызығушылығын арттыру.

2


23-24

«Сиқырлы жолақтар»

Жұлдыз құрт

Шығармашылық қабілеттерін арттыру және жәндіктер туралы білімдерін жетілдіру. Қарапайым заттарды жасауда қызығушылықтарын арттыру.

2


25-26

"Сиқырлы алақан"

«қысқы ағаш »

Жыртылған қағаз бөліктерін алақан үстіне жапсыру әдісін үйрету

2


27-28

«Сиқырлы жолақтар»

Шырша

балалардың өз қолдарыңмен жұмыс істеу қабілетін дамыту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

2


29-30


"Сиқырлы алақан"

«Кірпі»

Балаларға негізгі түстерді атуға үйрету: қызыл, жасыл, сары: Жұмыс жасау кезінде желім, клеенка, орамалды қолдануға үйрету

2


31-32

«Сиқырлы жолақтар»

Аққала

Балаларға әртүрлі ұзындықтағы жолақтармен жұмыс жасауды үйрету. Желіммен жұмыс кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу.

2


33-34

"Сиқырлы алақан"

«Құс»

Алақаннан образ құру дағдыларын дамыту.

2


35-36

«Сиқырлы жолақтар»

«Торт әшекелеу»

Қағазбен жұмыс жасау іскерлігіне қызығушылығын, шығармашылық қабілетін арттыру

2


37-38

"Сиқырлы алақан"

«Қоян»

Алақан суреттері арқылы шығармашылыққа қызығушылығын арттыру

2


39-40

«Сиқырлы жолақтар»

«Анама гүл»

Анаға деген сыйлыққа қамқорлыққа. Өзінің жасаған жұмысымен мақтану, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

2


41-42

"Сиқырлы алақан"

«Бақа»

Балаларға екі бірдей алақаннан сурет құрастыруға үйрету

2


43-44

«Сиқырлы жолақтар»

Ұжымдық жұмыс

9 мамыр күніне

Шығармашылық қабілетін дамыту. Өз ойын жасай алуға үйрету. Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

2


45-46


"Сиқырлы алақан"

« Сегізаяқ»

Балаларға топпен жұмыс жасауды үйрету. қолдың ұсақ моторикасы мен зейінін дамыту.


2


47-48

«Сиқырлы жолақтар»

Күннің көзі

Қағазбен жұмыс жасау іскерлігіне қызығушылығын, шығармашылық қабілетін арттыру.


2


49-50

"Сиқырлы алақан"

«Құмырада

ғы гүл »

түрлі-түсті қағаздан бірнеше гүл жасап алақанға орналастырып жапсыру. Ұқыплыққа тәрбиелеу.






2


51-52

«Сиқырлы жолақтар»

балапандар

Балапан бейнесін жасауға үйрету. Үй жанурлары туралы әңгімелеу барысында , жануарларға деген қамқорлыққа тәрбиелеу

2


53-54

"Сиқырлы алақан"

«Жапалақ»

бөліктеріне желім қолдануға үйретуді жалғастыру және алақанға оларды жапсыру. оның бөліктерін қосу, өз қолынан құстың суретті жасауды үйрету.

2


55-56

«Сиқырлы жолақтар»

Біз қолғап безендіру»

Квиллинг технологиясының « орау» әдісімен жасау қабілетін бекіту.

Қолдың ұсақ моторикасын, қиял, шығармашылық қабілеттерін дамыту

2


57-58

"Сиқырлы алақан"

«Балық»

балалар ырғақты, оларды орналастыру, түсті негізінде ұқыпты желімдік композицияны жүзеге асыруға. Балаларда түсті сезінуді дамыту. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Түсі мен өлшемі бойынша корреляциялық геометриялық фигураларды біркелкі дайындауға дағдыландыру.

2


59-60

«Сиқырлы жолақтар»

«балапандар».



5 немесе одан да көп орама жасау мүмкіндігін жетілдіру, тауық суретін жасауды үйрету.

2


61-62

"Сиқырлы алақан"

«Теңіз балығы»

негізгі түстерді білуге дағдыландыру.. дайын бөлшектерді суреттерді әзірлеуге үйрету.

2


63-64

«Сиқырлы жолақтар»

Токты

Үй жануарларына қызығушылық пен қамқорлық танытуға тәрбиелеу.

Квиллинг әдісі бойынша жасау, қызығушылықтарын арттыру, жұмыс істеу кезінде ұқылыптылыққа тәрбиелеу.

2


65-66

"Сиқырлы алақан"

«Көңілді ладоши»

Көңілді пішіндерден өз ойлары бойынша өрнектер салуға үйрету. Жұмыс барысында желім, салфетканы колдануға дағдыландыру

2


67-68

«Сиқырлы жолақтар»

«Ұлу»

Квиллинг әдісінің «орау» тәсілін жасауға үйрету.Балалардың қолмен жасау икемділіктерін, саусақ маторикаларын, саусақтарының қимылдарын, икемділіктерін дамыту.

2


69-70

"Сиқырлы алақан"

«Аквариум»

Ұжымдық жұмыс

Балаларды топпен жұмыс жасауға үйрету мүмкін. , қолдың ұсақ моторикасын дамыту зейінің , сезімін дамыту.

2


71-72

«Сиқырлы жолақтар»

« Мен шебермін »



Өткен тақырыптар бойынша өз бетінше жұмыс жасауға

2



Барлығы

72сағ


Қосымша 2

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

1-2 сабақ

Бөлімі: вариативтік компонент

Тақырыбы: "Аққу"

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Балаларға алақаннан үзінділер құрып, картонға жапсыру ережелері туралы үйрету

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш,

іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық - қозғалыс

Ғажайып сәт.

Әдеп сақтап әманда,

Әрбір адал адамға.

Жасайық бір жақсылық,

Ынтымаққа қосыл да.

Ар-мақсатың нақ болсын,

Ақылыңнан тосылма.



Балалар орындайды

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, мені таныдыңдар ма?


-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Ия, дұрыс айтасыңдар, қазір күз мезгілі


Сол себепті біз құстар жылы жаққа ұшуымыз керек . Ал мен жалғызбын, сендер маған дос жасап бересіңдер ме?

Тәрбиеші: Ия Аққу біз балалармен сиқырлы алақандар арқылы саған дос жасап береміз.

Үлгі қарап отырып жұмыс жасайиыз

Ең алдымен алақандарынды бастырып алыңдар қарындашпен сызып, сонан соң қайшымен қиып аламыз.

Ескерту жасау: қайшымен жұмыс жасаған қауыпсіз техникасын сақтау керек екенін.


Қиып алған соң оны қағаз бетінің ортасына келтіріп жапсыру. Көзін, ауызын бейнелеу яғни көзін қара мен, ауызын қызылмен белгілеп бояу керек,

Ия


Күз мезгілі




Жасап беремыз


Балалар жұмыс жасауға кіріседі



Рефлексиялық-түзетушілік

Қортынды:

-Балалар, бүгін не жасадық?

Қалай жасадық?

Сендерге қызықты болды ма?

Балалардың жауаптары


Күтілетін нәтижелер:

Ұғады: Сиқырлы алақандарды реттілік бойынша кеңістікке орналастыруды;

Түсінеді: Қағадан әртүрлі зат жасауға болатынын

Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.



3-4 сабақ

Бөлімі: Вариативтік компонент

Тақырыбы:Кіріспе сабақ. Материалдар мен құралдар

Мақсаты: сәндік өнер туралы білімдерін нақтылау; заттарды әшекейлей білуді үйрету; түстерді ажырата білуді үйрету; мәнерлілік элементтеріне тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Өрнек түрлерімен таныстыру.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш,


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Мотивациялық - қозғалыс

Жылулық шеңбері.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Үйге қонақ келгенде:

"Сәлеметсіз бе!". деп,

Амандасып аламыз.

Балалар шеңберге тұрып тәрбиешініің іс-әрекетін қайталайды.












Ұйымдастыру-іздестіру

Сиқырлы жолақтармен жұмыс жасау ең алдымен жолақтарды дайындау, қажетті құралдарды далдымызға дайындап қою және қауыпсыз ережелерін сақтау.

Қандай ережелер бар?


Жолақтарды біз түрлі түсті қағаздардан қиып аламыз. Ол жолақтардар түрлі заттар жау кезінде желімді пайдаланамыз

Сергіту сәті

Қауыпсыз ережелерін айтып береді



Рефлексиялық-түзетушілік

Қортынды:

- Балалар, біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде не істедік? Қандай әсер алдыңдар?

Өте қызық болды. Балалар жұлдызша алғандарына қуанады.

Күтілетін нәтижелер:

Ұғады: кеңестікте бағдарлай отырып, қағаздан түрлі зат жасауға болатынын ;

Түсінеді: жұмысты ұқыпты, реттілікпен жасауды;

Қолданады: жапсыру іс-әрекетінде көркемдік талғамды.




5-6 сабақ

Бөлімі: вариативтік компонент

Тақырыбы: " Ара" сиқырлы алақандар

Мақсаты: Ара туралы білімдерін дамыту; гүлді сезіне білуді үйрету; тапсырманы ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық - қозғалыс

Жылулық шеңбері.

Қол алысып, кәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!


Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.












Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар жаз мезгілінде қандай жәндіктерді білесіңдер?

Мысалы көбелек, ара инелік т.б

Ал бал жинайтын қандай жәндік?

Олай болса бүгін біз сиқырлы алақандар арқылы араның бейнесін жасаймыз. Ол үшін алақанымызды қағаз бетіне салып сызып аламызда оны қиямыз. Араның екі қанаты болғандықтан біз екі алақан қиып алуымыз керек. Үлгіге қарап жұмыс жасау




Ара



Балалар жұмыс тарын жасауға кіріседі



Рефлексиялық-түзетушілік

Қортынды:

- Балалар, бүгін біз нені безендіруді үйрендік?

- Шыршаны безендіру сендерге ұнады ма?

- Шыршаны біз немен безендірдік?

Жарайсыңдар, балалар!



-Шыршаны.

- Ия ұнайды.

-Түрлі түсті дөңгелектермен.


Күтілетін нәтижелер:

Ұғады: Араны эстетикалық талғаммен безендіруді;


Түсінеді: Араның пайдасы туралы түсінеді;


Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.



7-8 сабақ

Бөлімі: вариативтік компонент

Тақырыбы: "Сиқырлы жолақтар"

Мақсаты: жолақтар туралы түсініктерді нақтылау; Квиллинг техникасының әдістерін үйрету. бөліктерін қағаз бетінде дұрыс орналыстыра білуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі мтериалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, ойыншық қоян.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті




Мотивациялық - қозғаушылық

Ғажайып сәт.

Қайырлы күн, достар!

Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Армысың, шапағатты Күн - ана!

Армысың, шапағатты Аспан - ана!

Армысың, мейірімді Жер-ана!

Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!


Шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін орындайды.



Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Балалар біз бүгін жолақтармен квиллинг техникасының әдістерін үйренеміз. Ширату әдісі, тамшы ның үлгісін жасау, ширатқаннан кейін оны босату тәсілін және оны желіммен жапсырып, түрлі заттар жасау, ашық хат жасау, гүл жасау әдістерін үйренеміз.

Барлығымыз қолдарымызға қарындаш аламыз оған жолақтарда ширатып ораймыз,

Б

Балалар тәрбиешінің көрсеткенің жасауға кіріседі



Рефлексивті -реттеушілік

Қортынды:

Балалар бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Не үйрендік? Оны неден жасауға болады екен?

Балалар жұмыстарын аяқтап, бір-бірінің жұмыстарын бағалайды. Аяқтамай қалғаны келесі сабақта әрі қарай жасайды

Күтілетін нәтижелер:

Ұғынады : Орау, ширату ,оларды рет-ретімен жапсыруды.

Түсінеді: ширатылған жолақтан көркем зат жасауға болатынын

Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білу


9-10 сабақ

Бөлімі: вариативтік компонент

Тақырыбы: "Күрке тауық"

Мақсаты: Құстар жайлы білімдерін нақтылау; құстардың ұялары туралы түсініктерін қалыптасыру; түстерді ажырата білуді үйрету; жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптасрыу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: құстардың қоректері мен ұялары туралы әңгімелесу.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш,

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық - қозғалыс

Шаттық шеңбері.

Шаттанып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.


Шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

- Сендер қандай құстарды білесіңдер?

- Қыстыгүні мекен ететін құстарды білесіңдер ме? Қыста құстар аш қалмас үшін жемсауыттарға жем салып қою керек.

Ал біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Күрке тауық" ол үй жануары , оның да балалапандары болады.


Сергіту сәті:

Торғай, торғай, торғайсың,

Тяу келіп қоңғайсың.

Жем шашайын, тойып ал.

Шашылған нан қоқымын,

Шоқып-шоқып жиғасың.

Сонда аязға тоңбайсың,


Тәрбиеші іс-әрекет барысында қиналған балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп талдайды.

Балалар әуенді тыңдай отырып, құстар әлеміне келгендей сезінеді.

- Құстардың дауысы.

- Қарғаны, торғайды.

- Ия


- Жапсырғымыз келеді.


Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдай отырып, жұмысты орындайды.

- Доғал пішіннен.

Балалар екінші құсты да жапсырады


Балалар тапсырманы орындайды, қимыл-қозғалыстар жасайды.


Балалар тақпақты тәрбиеші -мен бірге қайталап айтады.



Рефлексифті

түзетушілік

Қортынды:

- Балалар, құстарға неге жем шашады?

- Құстарды жапсыру сендерге қиын болды ма? қандай құсты жапсырдық

Балаларды марапаттайды.

Балалардың жауаптары .


Күтілетін нәтижелер:

Ұғады: Үй жануарлары екенің түсінеді

Түсінеді: қыста құстарға қамқорлық керек екенін;

Қолданады: түстерді ажырата білуді, желімдейді қияды


11-12 сабақ

Бөлімі: вариативтік

Тақырыбы: Негізгі пішіні "спираль"

Мақсаты: Квиллинг техникасының түрлері туралы білімдерін нақтылау; жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптасрыу; танымдылық қабілеттілікпен орындауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, Айдар, Айсұлу есімді қуыршақтар.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Мотивациялық – қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Шаттанып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.



Балалар тәрбиешімен бірге жаттығуларды орындайды


Ұйымдастыру-іздестіру

Түрлі түсті жолақшаларды қарындашқа қысып орау, содан кейін ақырындап босату керек . Тоқтаған жерден желімдеп қоямыз. Ол спираль тәрізді болады, осы шыққан спиралбден әр түрлі пішіндер жасаймыз. Мысалы: гүлдің жапырағы , шар т.б

Балалар квиллинг техникасынын


Рефлексивті - реттеушілік

Қортынды:

-Балалар, біз бүгінгі іс-әрекетімізде не істедік? Сендерге жасаған жұмыстарың қызық болды ма?


- Геометриялық фигуралардан машина көлігін жапсырдық. Ия, өте қызықты болды. Балалар Айдармен, Айсұлумен қоштасады.


Күтілетін нәтижелер:


Ұғынады: Квиллинг техникасын жасалуын;

Түсінеді: Квиллинг техникасын, оның ерекшеліктерін;

Қолданады: түстерді ажырата білуді, желімдейді қияды









13-14 сабақ

Бөлімі: вариативтік

Тақырыбы: "Шырша" ұжымдық жұмыс

Мақсаты: кеңістік ұғымдары туралы түсініктерін нақтылау; балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру; шығармашылық жұмыста саусақ қызметін дұрыс білуге тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Жаңа жыл мерекесі туралы әңгіме өткізу.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш,

іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Мотивациялық - қозғаушылық

Балаларды шеңбер құрып тұруға шақыру.

-Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды?

-Ол неге ұқсайды?

-Ендеше,біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп шеңбер жасайық.Кәне,бәріміз бірдей үрлейік.

Балалар шаттық шеңберін құрады.

-Үлкен.

-Шеңберге.

Балалар үрлейді.













Ұйымдастырушылық-

ізденушілік

Балалар қыс мезгілінде қандай мереке болады?

Ол мерекеде орта не тұрады?

Дұрыс балалар ортада шырша тұрады?

Шыршаның түсі қандай?

Қандай пішінге ұқсас?

Дұрыс үш бұрышқа ұқсайды. Олай болса сиқырлы алақандар арқылы шырша құрастырып жасайық.

Шыршаның жасалу жолын көрсету. Ұжымдық жұмыс: Әр бала өзінің алақанын салып сызып, қиып алу керек және шырша суретін құрастырып жапсырады.


Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп қояды, қорытындылайды.

Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.




Балалар тәрбиешінің айтқаны бойынша тапсырманы орындайды.





Рефлексивті-

реттеушілік

Қортынды:

- Балалар, бүгін біз не істедік?

- Айжанның көйлегіне не жапсырдық?

- Бұршақтың түсі қандай?

- Айжанның сендерге деген алғысы шексіз. Сендерге үлкен рахмет.

Айжан балалармен қоштасады.

-Айжанның көңілін көтеруге көмектестік.

-Көйлегіне бұршақ жапсырдық.

- Қызыл, ақ

Балалар Айжанмен қоштасады.

Күтілетін нәтижелер:

Ұғады: кеңістікті бағдарлай отырып, бұршақтарды өз орнына жапсыруды.

Түсінеді: досына қиын сәтте көмек беруді.

Қолданады: ретін сақтай отырып, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.


15-16 сабақ

Бөлімі: вариативтік компонент

Тақырыбы: " түрлі түсті шарлар"

Мақсаты: түстер туралы түсініктерін нақтылау; шарлар туралы, мерекелер туралы түсініктерін қалыптастыру; аппликация дағдыларын қалыптастыру; әсемдік сезіне білуге тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: халықаралық әйелдер мерекесі туралы әңгімелесу, өлеңдер жаттау, шарлардың түрлерін көрсету.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде,

"Сәлеметсіздер ме!"-деп,сәлемдесіп аламыз.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.


Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.



Ұйымдастырушылық

ізденушілік

- Балалар, қандай мерекелер болатынын білесіңдер?

Осындай мерекелерде түрлі түсті шарлармен әсемдейді.

- шарды неден жасасақ болады?

- Дұрыс айтасыңдар, түрлі түсті жолақтардан жасайық. Бізде қызыл, сары, көк, жасыл түстер бар екен. Осы дөңгелектерді түстері бойынша тізбектеп, дөңгелетіп жапсырамыз.

Сергіту сәті:

Қос бұрымға тағылған,

Шашбау сылдыр етеді.

Шолпыларың лағылдан.

Бір ырғалып өтеді.

Сырғаларың селт етсе,

Сыңғыр-сыңғыр етеді.

Қос білезік, жүзігің,

Көзді тартып өтеді.

- Балалар, олай болса бізде Сиқырлы жолақтар арқылы түрлі түсті шарлар жасайық.

Балалардың жапсырған жұмыстары талданады.


- Аналардың, әжелердің мерекесі.






- Түрлі түсті дөңгелектерден


Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.



Балалар сергіту сәтін қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.


Балалар тәрбиешінің айтқаны бойынша тапсырманы орындайды.



Рефлексивті -

реттеушілік

Қортынды:

- Балалар, біз бүгін немен айналыстық? Моншақтарды неден жасадық? Моншақтарды кімге арнап жасадық?

- Жарайсыңдар? сендер өте әдемі моншақтар жасағандарың үшін рақмет айтамын.


- Әжемізге арнап түрлі түсті дөңгелектерден жапсырып моншақ жасадық.

Күтілетін нәтижелер:

Ұғынады: түрлі түсті дөңгелектерден заттар жасалынатынын;

Түсінеді: Әр мерекені түрлі түсті шарлармен безендіреді, көңіл күйдің көтерінкі болуын;

Қолданады: дөңгелектерді қолдана отырып желім менжапсыруды


17-18 сабақ

Бөлімі: вариативтік компонент

Тақырыбы: "ПІЛ"

Мақсаты: піл туралы мағұлұмат беру; пілдің ерекшелігі, сәндік аппликация дағдыларын қалыптастыру; жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Жабайы аңдар туралы әңгімелесу.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық - қозғалыс

Шаттық шеңбері.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде,

"Сәлеметсіздер ме!"-деп.

Сәлемдесіп аламыз.

Балалар шеңберге тұрып, іс-әрекетін орындайды.





Ұйымдастыру

іздестіру

Үлгіге қарап пілдің бейнесін сиқырлы алақандар арқылы жапсыру.

Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп қояды, қорытындылайды

Балалар

Тәрбиешінің айтуы бойынша жұмыстарына кіріседі



Рефлексифті-түзетушілік

Қортынды:

Педагог балалармен бірге жасалған жұмыстарға баға береді.

Балаларды мадақтайды.

Балалар өз ойларымен бөлісіп, тақтадағы әдемі жасалған жұмыстарды көрсетеді. .

Күтілетін нәтижелер:

Ұғады: жапсыру әдісімен әшекейлеуді;

Түсінеді: пілдің дене бітімінің ерекшеліктерін түсінеді;

Қолданады: Сиқырлы алақандарды қолдана отырып желім мен жапсыруды



19-20 сабақ

Бөлімі: вариативтік компонент

Тақырыбы: "бағдаршам"

Мақсаты: қағаз бетіне бағдарлай білу түсініктерін нақтылау; кеңістікті бағдарлай отырып, заттарды ретімен жапсыруды үйрету, пішіндер мен заттарды ажырата білуді үйрету; аппликация дағдыларын қалыптастыру; қызығушылықпен орындауға тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: бағдаршамның ерекшеліктері туралы әңгімелесу,

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық - қозғалыс

Шаттық шеңбері

Біз балдырған тең басқан!

Дос құшағын кеңге ашқан!

Тілегіміз әділдік!

Ашық болсын кең аспан!


Балалар шеңберге тұрып, іс-әрекетін қайталайды.

Ұйымдастыру

іздестіру

Бағдаршамның қасиеті туралы әңгімелесу.

Қандай түстері бар?

Қызыл жанса тоқтау керек

Сары жанса дайындалу керек

Жасыл жанса жолдан өтуге болады дегенді білдіреді.

Олай болса квиллинг арқылы бағдаршам жасаймыз

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қарап, талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап,

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып аламыз.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың жапсырған жұмыстарын қарастырады.


Балалар таңғалады. Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.


- қызыл, Сары, жасыл,

Балалар тәрбиешінің

айтқанын мұқият тыңдайды.



Балалар сергіту сәтін қайталайды қимыл-қозғалыстар жасайды.


Балалар тәрбиешінің нұсқауымен жапсыруды жүзеге асырады.





Рефлексифті

түзетушілік

Қортынды:

Балалардың жасаған жұмыстарынан алған әсерлері жайлы сұрайды.

- Балалар, біз бүгін кімге көмектестік?

- Не жасадық?

- Сендерге баспалдақ жасаған ұнады ма?

Бүгінгі белсенділіктерін үшін көп рақмет.


Балалар өз ойларымен бөліседі.


-Өте ұнады.

Балалар қуанды.

Күтілетін нәтижелер:

Ұғады: кеңістікті бағдарлай отырып, рет-ретімен орналастыруды;

Түсінеді: қоянға тән ерекшелікті, жұмыстың орындалу ретін;

Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.

21-22 сабақ

Бөлімі: вариативтік компонент

Тақырыбы: "Бұғы"

Мақсаты: орман жануарлары туралы түсініктерді қалыптастыру; желіммен аппликация дағдыларын қалыптастыру; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: бұғы туралы, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Іс-әрекет кезеңді

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық - қозғалыс

Жылулық шеңбері.

Күннің көзі ашылсын.

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Ал, кәнекей,бәріміз

"сәлем" дейік үлкенге.


Балалар шеңберге

тұрып тәрбиешінің іс-

әрекетін қайталайды












Ұйымдастыру

іздестіру

- Балалар, суретке назар аударыңдаршы, не көріп отырсыңдар?

- Бұғының мүйіздері қандай?

- Олай болса, біз бүгін сендермен бұғыны жапсыруды үйренеміз.

Бізге дайын көк негізгі бет (фон) берілген, осы негізгі бетке бұғыны орналастырамыз.

Ең бірінші фонға бұғының мүйіздерін сиқырлы алақандар арқылы жапсырамыз, Одан кейін екінші бөлігі - басын жапсырамыз.

- Балалар, қараңдаршы, бұғының басы қандай пішінге ұқсайды екен?

Басын жапсырғаннан кейін көзін , ауызын қарындашпен белгілейміз..

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Жұмыс барысында педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың іс-әрекетін бақылайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың іс-әрекетін бақылайды, балалардың сұрақтарына жауап береді.


Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.




-Дөңгелекке ұқсайды.




Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтып қимылдар жасайды.




Балалар көрсетілген сурет бойынша және педагогтің нұсқауы бойынша аппликация жұмыстарын атқарады.

Рефлексифті

реттеушілік

Қортынды:

- Балалар, бүгінгі оқу-әрекеті сендерге ұнады ма?


- Балалар, бүгін тапсырманы жақсы орындағандарың үшін рақмет!

Балалар өз ойларымен бөліседі, тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

Балалар педагогтің айтқан рақметіне қуанады.

Күтілетін нәтижелер:

Ұғады: кеңістікті бағдарлай отырып, рет-ретімен орналастыруды;

Түсінеді: балапанның жұмыртқадан шығатынын;

Қолданады: балапанның ден мүшелері туралы түсініктерді.



23-24 сабақ

Бөлімі: вариативтік компонент

Тақырыбы: "Жұлдызқұрт"

Мақсаты: жәндіктер туралы білімдерін нақтылау; жұлдызқұрт мекені туралы түсінік беру; жұлдызқұрт дене бөлшектерімен таныстыру; жапсыру реттілігін қалыптастыру; жапсыруды талғаммен орындай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, мысық пен тышқанның дыбыс жазбас

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық - қозғалыс

Жылулық шеңбері.

Амансың ба, асыл күн!

Амансың ба, асыл жер!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, меннің қолым.

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап-күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!


Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарына байланысты қимыл- қозғалыстар жасайды.










Ұйымдастыру

іздестіру

- Балалар, жұлдызқұртты жапсыруды үйреңгілерің келе ме? жұлдызқұрт жапырақтардың үстінде жүреді, олай болса алдарындағы жапырақ үстіне жұлдызқұртты квиллинг техникасы арқылы жасаймыз. ол үшін жолақтарды ширатамыз , желіммен кезек кезек бір біріне тіркеп желіммен жапсырамыз

Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Тәрбиеші балалармен жеке жұмыс

жүргізеді.

Балалар тәрбиешінің

айтқанын мұқият

Тыңдайды, жапсыру

Реттілігін

Тыңдайды, талдайды.

-



Балалар сергіту сәтін

Тәрбиешімен бірге

қайталап айтады

қимыл-қозғалыстар

жасайды



Балалар аппликация

реттілігін сақтайды

отырып жапсыру

жұмыстарын орындайды.




Рефлексифті

реттеушілік

Қортынды:

-Балалар,сендерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?

- Қандай әсер алдыңдар?

-Балалар, қазір "тышқан мен мысық" ойының ойнайық.

- Ия, ұнады.

- Үлкен әсер алдық.Балалар өз ойларымен бөліседі. Балалар ойын ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Ұғады: кеңістікте бағдарлай отырып жапсыруды;

Түсінеді: мысық пен тышқанның қасиеттерін;

Қолданады: орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра біледі;

25-26 сабақ

Бөлімі: вариативтік компонент

Тақырыбы: "Қысқы ағаштар" ұжымдық жұмыс

Мақсаты: негізгі түстер туралы білімдерін бекіту; Бейнелеу іс-әрекетіне баули отырып, мерекелік көңіл күй сыйлай білуді үйрету; бейнелеу іс-әрекетіне деген қызығушылығын ояту; жолдастыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Балалармен қыс мезгілі, қысқы ағаштар туралы әңгіме өткізу.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық - қозғалыс

Шаттық шеңбері.

Балабақшам, армысың!

Сені жақсы көремін!

Достарым менің бармысың,

Құшақтасып алайық!


Балалар шаттық шеңберін орындайды









Ұйымдастыру

іздестіру

Балалар міне қыс мезгілі де келіп қалды. қыс мезгілінде ағаштарда қандай өзгерістер болады. ?

Дұрыс қар жауады , ағаштарды қар басады.

Олай болса бүгін біз Қысқы ағаш тақырыбында ұжымдық жұмыс жасаймыз.

Ол үшін бүгін менің сиқырлы алаканымды салып, сызып, қиып аламыз. Сонан соң барлығымыздың ақ қағазды жыртамыз, ол бізде қар болады. Мен қиып алған алақанымды жапсырамын ол ағаш болады , ал сендер жырқан қағаздарынды ағаштын үстіне жапсырасындар ол қар болады. барлығымыз жұмысқа кірісеміз

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Тәрбиеші жасауға қиынсынып отырған балаларға жеке көрсетіп , көмектеседі


Балалар тәрбиешінің айтқаның мұқият тыңдайды.

-Ағаштардың жапырақтары түседі, қар жауады



Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтып, жаттығулар жасайды.


Балалар үлгідегі реттілік бойынша жапсыруды жүзеге асырады.


Рефлексифті

реттеушілік

Қортынды:

Тәрбиеші топтық талқылау жүргізді. Балаларды марапаттайды


Балалар жұмыстарын аяқтап, жасаған жұмыстарын бір-біріне көрсетеді.

Күтілетін нәтижелер:

Ұғады: кеңістікті бағдарлай отырып, рет-ретімен орналастыруды;

Түсінеді: суреттегі шарларды дұрыс орналастыра білуді; қажетті түстерді үйлестіре алуды;

Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.



27-28 сабақ

Бөлімі: Вариативтік компонент

Тақырыбы: " Шырша"

Мақсаты: балаларға кеңістікті бағдарлай білуге түсінік беру, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, заттың пішіні туралы білімдерін жетілдіру, жұмысты таза ұқыпты жасауға тәрбиелеу.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық - қозғалыс

Шаттық шеңбері.

Балабақшам, армысың!

Сені жақсы көремін!

Достарым менің бармысың,

Құшақтасып алайық!


амандасып,











Ұйымдастыру

іздестіру

-Бәріміз суретке қарайық.

-Балалар суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Иә, дұрыс айтасыңдар, Аяз атаның суреті берілген.

-Ал Аяз ата не үшін бізге келеді, ол қандай мереке?

-Ал ол мерекеде ортада не тұрады?

-Дұры шырша

Қандай түсті жолақтардан жасалған?

Сендерді Аяз ата өнерпаз балалар деп айтады. Сондықтан сендерден көмек сұрап келдім. Менің ертегілер әлемінде мерекеге қарсы шырша болмай қалды диді Аяз ата

Балалар көмектесеміз бе?

Бүгін біз сендермен бірге шырша жасаймыз. Сиқырлы жолақтармен квилинг техникасының әдісі бойынша

Біз алдын-ала үлгіден қиып алып дайындаған көк және қызыл түсті жолақтарды кезектестіре отырып, солдан оңға қарай үлгідегідей етіп жапсырамыз.

Сергіту сәті.

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті міне керегі,

Екеуі қайың астынан,

Біреуің терек қасынан,

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

Сыйқыршы атай:

Балалар мен сендерге ризамын.

Жұмысты ұқыпты және мұқият істейді екенсіңдер.

Менің ханзадаларым риза болатын болды.

Көмектерің үшін сендерге көп рахмет.

Балалар дыбысты тыңдайды.





Иә

Балалар суретке қарап сұрақтарына жауап береді.

Алашаны




















Сергіту сәтін қимылмен жасайды.


Рефлексифті

реттеушілік

Қорытынды:

Алашаның түсі қандай?

Алаша қандай пішінге ұқсайды?

Сендерге жасаған алашаларың ұнады ма?


Сұрақтарға жауаптар

Күтілетін нәтижелер:

Ұғады: заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыруды;

Түсінеді: ұқыпты және нұсқаумен жапсыруды;

Қолданады: түстер мен пішіндерді ажырата білуді.













Ұйымдастырылған оқу қызметінің көрнекілігі:

АҚҚУ

Picture 146

АРА

Picture 147

КҮРКЕ ТАУЫҚ

Picture 148

ШЫРША


Picture 149

ТҮРЛІ ТҮСТІ ШАРЛАР

Picture 150



ПІЛ

Picture 151

БАҒДАРШАМ

Picture 152

ЖҰЛДЫЗ ҚҰРТ

Picture 153



ҚЫСҚЫ АҒАШ

Picture 155

СЕГІЗАЯҚ

Picture 154














Қолданылған әдебиеттер:


1. Анищенкова Е. Пальчиковая гимнастика для развития речи дошкольников. - М.: ООО «Фирма «Издательство АСТ», 2007


2. Белая А. Е., Мирясова В. И. Пальчиковые игры для развития речи дошкольников: Пособие для родителей и педагогов. - М.: ООО «Фирма «Издательство ACT», 1999.


3. Галкина Г. Г. Пальцы помогают говорить. Коррекционные занятия по развитию мелкой моторики у детей / Г. Г. Галкина, Т. И. Дубинина. - М.: Издательство «ГНОМ и Д», 2011.

4. Новиковская О. А. Умна кончиках пальцев. Академия пальчиковых наук / Ольга Новиковская. - изд. 3-е, доп. - М.: ACT; СПб.: Сова, 2008.

5. Пятница Т. В. Пальчиковые игры и упражнения: Массаж карандашами. – Мн.: Аверсвэв, 2005.

6. Галанов А. С., Корнилова С. Н., Куликова С. Л. Занятия с дошкольниками по изобразительному искусству. – М.: ТЦ “Сфера”, 2000.

7. Комарова Т. С. Игра и изобразительное творчество // Дошкольное воспитание № 4 / 2005.























34


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!