Материалдар / Байзақ ауданының тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Байзақ ауданының тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу ; өз ауданы туралы білімдерін жүйелеу және байыту;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
1319
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақ


Күні: 05.12.2018 жыл.


Өтілетін орны: Үлгілі орта мектебі


Тақырыбы: «Байзақ ауданының тарихы».


Мақсаты: Білімділік:Туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу ; өз ауданы туралы білімдерін жүйелеу және байыту;

Дамытушылық:Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау және сөйлеу белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Өз мекеніне, ауданына деген қамқорлыққа баулу.


Сабақтың түрі:Саяхат сабақ


Сабақтың әдіс -тәсілдер: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, сөздік, көрнекілік, ойын, саяхат.

Қажетті көрнекі құралдар: суреттер, слайдтар.



Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Амандасу; 2) Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау; 3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару.


Сабақты психологиялық дайындықтан бастау.

Балалар, сіздердің бүгінгі көңіл – күйлеріңіз қалай? Сабаққа дайынбыз ба? Ендеше бүгінгі сабақта барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.


Тілек айту (мұғалімнен оқушыларға, топтан бір оқушы мұғалімге)


Бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, саяхат сабағы.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Саяхатқа дайындық кезеңі. Оқушыларға стюардесса арқылы тыңдатамын:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған «Балалар шығармшылығы және тәрбие орталығының» әуежайы.


«Балалар шығармшылығы және тәрбие орталығының» әуежайынан «Өткен сабақтар бойынша қайталау демалыс орындарын тамашалаймыз. «Эйр Байзақ» компаниясының ұшағына отырғызу басталды.


Құрметті саяхатшылар, сіздерді демалысқа шығар алдында, тапсырмаларды орындау керек.

Ұшаққа отырғызу басталды. Билет пен саяхат картасын алуларыңызды сұраймыз.

(Оқушылар сұрақ жазылған картокаларды алады және сол бойынша жауап берді.)


ІІІ. Жаңа сабақ.

Саяхатымызды жалғастырамыз келесі ғажайып көрініс «Байзақ ауданының тарихы» жанынан ұшып барамыз. Байзақ ауданының тарихының құпиясын білуге қысқаша түсінік беріледі.


Байзақ ауданының тарихы: Байзақ ауданы жамбыл облысының оңтүстігіндегі әкімшілік ауданБайзақ ауданы 1938 жылы құрылған.Қазақстанның Оңтүстік өңірін игеру біздің заманымыздың 6-7 ғасырлардан басталғаны белгілі. 19 ғасырдың 80 жылдары бұл өңірде орыс шаруашылығы келе бастаған олар сол кезде Михайловка, Ровное т.б. ауылдарға қоныс аударған.

1930-1931 жылдары жаппай жүргізілген ұйымдастыру науқаны кезінде мал шаруашылығы кәсіп қылған көшпелі жерлестеротырықшылар өміріне еріксіз көндірілген. 1938жылы 4 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысының атқару комитетінің №89қаулысымен құрылған, солкездегі компартия көсемінің үзенгілес серігі Свердлов есімі берілді.

1991 жылдан бері Қазақстан тәуелсіз, егеменді ел болып, нарықтыққатнастарға көше бастағандаауданда жекешелендіру кең өріс алды.Сондықтан ауданның саяси және шаруашылық құрылымдары түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Аудандық партия комитеті бастауыш партия ұйымдары мен ауылдық кеңестер өздерінің қызметін тоқтатты. Бұрынғы калхоздар мен савхоздар таратылып, солардың негізінде жеке шаруақожалықтары мен өндірістік кооперативтер құрыла бастады. Аудан мен ауыл аттары өзгертілді. Барлық билік аудан мен ауыл әкімдеріне берілді.

Қоқан хандығының тепкісінен азат ету жолында қаза тапқан Байзақ батыр бабамыздың есімі берілді. Содан бері Байзақ ауданы болып атанып келеді. Елбасының осы жөніндегі жарлығы 1995 жылдың 20 желтоқсанында шықты. Ал, 1998 жылы Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылы болады.

Ал, қане туған жерге арнап тақпақ айтайық. Кім айтып береді?

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем. (Нұраддин)


Алтын астық даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем (Ұлпан)


Туған жер сәніміз,

Мәуесі мол бағымыз.

Саясында жетілер,

Балдай бала шағымыз. (Ринат)
Жарайсыңдар, балалар!


Балалар, біздің аудан қалай аталады?Дұрыс, байзақ ауданында қанша ауылдар бар? Ол ауылдарда сендер сияқты бақытты балалар тұрады екен. Әр адам өзінің тұратын ауданын, ауылын мақтан етеді. Ал сендер қай ауылда тұрасыңдар?Өте жақсы балалар мен сендерге қазір Байзақ ауданының әдемі жерлерін көрсетемін.

Енді балалар Байзақ ауданыына саяхаттап қайтайық. Байзақ ауданына бойынша көңілімді көтеретіндей керемет жерлерге саяхаттауға дайыңсыңдарма?

Жарайды. Балалар ендеше саяхатымызды бірінші «Байзақ ауданының тарихи-өлкетанушылық мұражайы» бастайық


1. аялдама «Байзақ ауданының тарихи-өлкетанушылық мұражайы»

Мұражай тарихы туралы қысқаша мәлімет беріледі.

Мұражай не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

(Мұражайда бұрынғы өткен замандардағы естеліктер сақталады.Мұражайға барып өткен тарихымыздан хабардар бола аламыз.)

Жарайсыңдар,балалар ендеше саяхатымызды жалғастырайық. 


2. аялдама «Аудандық мәдениет үйі»

Балалар қалай ойлайсыңдар мәдениет үйінде адамдар өзін қалай ұстау керек?. 

Балалар,бұл жерде қандай өнер көрсетіледі.

(Бұндай мәдени орындарда тыныштық сақтау керек,ешкімге кедергі келтіруге болмайды.Мәдениет үйінде түрлі концерттер,кештер,айтыстар өткізіледі)

Балалар сендер өздерің өнер көрсеткілерің келеме? 

Жарайсыңдар,балалар ендеше саяхатымызды жалғастырайық. 


3. аялдама «Ұлы отан соғысына арналған» ескерткішімен таныстыру

Ұлы отан соғысының ардагерлеріне арналып жасалған ескерткіш. Соғысқа кеткен ұлын сағынышпен күтіп тұрған ананың бейнесі кескінделген. Мұнда 9 мамыр женіс күні мерекесінде парад ұйымдастырылады. Батырларға арнап гүл шоқтары қойылады.Соғыстан қайтпай қалған батырларымыздың есімдері де осы жерде жазылған.Ал сендер батырлар туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Жарайсыңдар,балалар ендеше саяхатымызды жалғастырайық. 


4. аялдама «Байзақ баба кесенесі»

  1. Байзақ батыр қандай адам болған?

Байзақ өз халқының нағыз патриоты. Елі мен жеріне деген шексіз адалдығы ажалға алып келерін де білді. Ел ішінде беделді, сыйлы болған. Байзақ батыр кесенесі бүгінгі қазақстанның киелі 100 нысанының қатарына кірді.Жарайсыңдар!

  1. Байзақ батыр не себепті Қоқан хандығына қарсы шықты?

1858 жылы байзақ батыр салық төлеуден бас тартып, қазақтар мен қырғыздардың басын қосып Қоқан ханына қарсы көтеріліске шықты.

Алайда Байзақ батыр Қоқан ханының өзіне қандай өлім әзірлегенін білген жоқ. Бекініс қамалының үстіне еңбірек орнатып, Байзақ батырды зеңбіректік аузына байлап атып жібереді.

Жарайсыңдар,балалар ендеше саяхатымызды жалғастырайық. 


5. аялдама «Аудандық мұрағатқа саяхат»

  1. Мұрағат дегеніміз не?

Тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекеттік арнаулы мекемесі Мекемелердің ескі құжаттарын сақтайтын бөлімі немесе жеке тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты жинақталған жәдігерлер жиынтығы мұрағат делінеді.

Жарайсыңдар,балалар ендеше саяхатымызды жалғастырайық. 

6. аялдама «Ақыртас »

1. Не себепті Ақыртас деп аталды?

Құрылыс материалдары тас және пішімі малға шөп салатын ақырға ұқсас болуына байланысты Ақыртас деп аталды.

2. Ақыртас қай жерде орналасқан?

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан сарай кешені. 8-9 ғасырларда салынған. Ақыртас соңғы 130 жыл бойы зертеліп келеді.

Жарайсыңдар,балалар ендеше саяхатымызды жалғастырайық. 


7. аялдама «Ауданымыздың айнасы Ауыл жаңалығы баспаханасы»


Ал сендер өз туған жерлерің туралы қандай мақал мәтел білесіңдер?

Нені біледі: өз мекенжайы мен тұрғылықты қаласының тарихын, ондағы сәулетті, мәдени орындары туралы айта біледі.Қандай түсініктерді игерді:.қаласының атын, ондағы сәулетті, мәдени орындарды игерді.Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қаланың көркеюіне өздерінің үлесі бар екендігін меңгерді. Өз қаласын мақтан тұтуға тәрбиеленді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!