Материалдар / Бала - жанұя айнасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бала - жанұя айнасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама мектеп мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Тамыз 2018
892
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бала жанұя айнасы

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Жан дүниесінде тіл үйрену басты жұмыс емес, жанама жұмыс болғандықтан, бала әуелі тәжірибеге талпынып, отбасында дұрыс тәрбие алып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін», — деген сөзі ізденімпаз ата-аналар мен жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс. Халық педагогикасының тәрбиесінде де баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргүзуді талап еткен. Мәселен,"Ұлына бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досындай бағала” деген мәтел еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың ақылшым деп санаудын қажеттілігін мензейді. Халық педагогикасы тәрбие ісінде әр баланың жеке бас ерешелігінің ескере отыруды ескертеді. Осыны құптаған ата-бабамыз мынадай мақал-мәтелдер арқылы баяндаған "Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің”, "Бір биеден ала да туады, құла да туады”, "Балаға үміт арту әкенің парызы, ақтау баланың қарызы” – деп ой түйіндейміз. Баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендернің, ұстазының үлгісіне байланысты деп есептелген Мәселен, Ж. Аймауытов "Тәрбие” атты көлемді мақаласында "Адам мінезінің, ақыл – қайратының әр-түрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан...”деп алдымен бала тәрбиесіндегі отбасынан орнына ерекше тақталады «Баланы бұзуға, яғни түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнінде көрген өнеге», "Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді – деген сөз ата-ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді ...” дей келе, автор бала мінезін қалыптастырудағы жанұя мүшелерімен әке-шешені ықпалын ашып берді. Бала мінезін жас шыбыққа теңейді. А.С. Макаренко «Бұл семьялық тәрбиенің ең дұрыс жолы. Баланы тәртіпке, ұқыптылыққа үйрету үшін жазалауды қолдануға туракеледі. Рас, жақсы жанұяда жазалау деген болмайды.Жанұя тәрбиенің осындай қоғамдық , адамгершілік бағытта болуына баланы өнегелі іске үйретуге, білім алуға жағдай жасайды» дейді. Жанұяларда ата- аналар өзінің жауапкершілігін сезіне бермейді.Балаларын тәрбиелеуге салақ қарайды. Олардың мектептегі, үйдегі қоғамдық орындардағы мінез- құлқын зерттеуінен көптеген кемшіліктер кездеседі. Үйден мектеп жасыны жеткен балалар мінезінде бірқатар ауытқу мінез- құлықтар байқалады. Өйткені бұл жастағы балада қорқыныш, намыс туады , үлкендердің бақылауын ұмытпай, өз мүмкіндіктерін сын көзімен қарамайды. Кейбір мәселені ойланбай асығыс шешім қабылдайды. Балалардың мұндай ерекшеліктеріне ата- аналары мән бермейді.«Әкеден ұл туса игі, әке жолын қуса игі» деп халқымыз тегін айтпаған. Қанша айтқанмен ер балаға әке тәрбиесінің орны бөлек. Әкенің жүріс-тұрысына еліктеп, істеген жұмысына араласып, әкесіндей азамат болуды арамандайды. Кез келген кішкентай баладан «Сенің әкең қандай, мамаң қандай?» деп сұрасаң, «Менің мамам, папам бәрінен жақсы» - деп жауап береді.Бұл жас баланың берер жауабы. Ал осындай өзінің мамасы мен папасына жан теңгермейтін балалардың кейбіреулері есейіп, жасөспірім қатарына қосылғанда, ата-анасын сыйламайтын, тілін алмайтын балаға айналады. Осының мәнісі неде? Мұның себебін ата-аналар өз бойынан іздеуі керек. Ұлы педагог Макаренко: балаларының алдында беделді болуды қаламайтын ата-ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасына рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата-ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Бұлай келген бедел – баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады. Қатал тәртіпке бағындырып, ақырып-жекіріп, орынсыз зәбірлеген бала ешнәрсеге талпынбайтын жалтақ ынжық болып өседі. Баласының қорыққанын мені сыйлағаны деп түсінеді. Екінші біреулер керісінше баланы тым еркелетіп жібереді, ондай балаларда еркеліктің аяғы сотқарлыққа апарып соқтырады. «Сүтпен кірген – сүйектен кетеді» - дейді халқымыз. Бұл жасында бала ата-анасынан қандай тәрбие алса, ержеткенде де сол әдеті қалмайды деген сөз. «Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала- сорлы бала» деп бекерге айтылмаған. Ұлы педагог Сухомлинский: «Отбасы – барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал, әке мен шеше, ата мен әже, ана мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері» - деп жазды.Отбасы – қоғамның алғашқы ұясы болғандықтан, оны нығайту, тәрбиелік мәнін арттыру сол қоғамның басты назарында болуы керек. Осы орайда «Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез-құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп алыңыз» деген ой келеді.Барлық өнеге отбасынан тарайды. Әр отбасы кішкене тәрбие мектебі болуға тиіс. Осы тұрғыда халқымыздың ұлттық тәрбиесі тағы ойға оралады. Ол үлкенді сыйлау, дөрекі сөйлемеу, астарлап айту, қыз баланы сыйлау, ұл-қызын өнерлі, ұлағаттыққа, ерлікке шыңдау, мейірімді болу.Бала тәрбиесіне бірінші жауапты ата-анасы. Сондықтан тәрбие отбасынан басталады дейді. Үйде әке –шешесі қандай үлгі көрсетсе , баласы да соған лайықты тәрбиеленеді.Осы орайда ата-аналармен пікір алысып ,кеңесіп отыру қажет. Сабағы да ,жүріс-тұрысы да нашар балалардың негізгідені әке-шешесі ішімдікке салынған балалардан шығады.Біз олармен қалай күресеміз дегенге келсек , балалармен үнемі әңгіме өткіземіз. Әке-шешелерімен кездесеміз. Отбасынан басталған тәрбие мен мектептегі тәрбие ұштаса білсе, сонда ол тәжірибе береді. Қазіргі таңда үлкен кісілердің ата-әжелердің тәрбиесі өте қажат . Себебі ата-әже тәрбиелеген бала жаман болмайды.Ол кісілер қолында өскен баланың ақкөңіл, көпшіл , қонақжай,мейрімді болып өсуіне көп ықпал етеді . Ата-баба тарихын танып , ерлік пен өрлік мұралар туын жер тарихын, ата-баба салт-дәстүрін үйретіп отырады. Баланы жақсы қасиеттерге үйретіп отыратын тағы бір нәрсе –еңбек. Сондықтан ата-аналар балаларын жастайынан жұмысқа баулу керек . Егер бала жас күнінен бастап еңбекке тәрбиеленсе , сосын мұғалімнің , ата-ананың қарамағында болса ол бала қалай жаман жолға түседі. Оның бөтен іспен шұғылдануына ,жаман нәрсені ойлауына да уақыты жетпейді.Өтпелі қиын кезеңде ұл –қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақтылы білім алуларына күш салайық. Ұлағатты ата-әже, асқар тау әке, парасатты ана бола білейік.«Ел болу үшін – бесігіңді түзе» деген, ел сенімін ақтап, ата даңқын шығарар, тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді парасатты ұрпақ тәрбиелеу – ұлы парызымыз деп білейік. Тәрбиенің негізі бұрынғы ата -бабамыздан бастау алған.Біз оны жаңартып,атын затын өзгерткенмен түп нұсқасы көнеден келе жатыр . Біздің қазақ халқының тәрбиесі дұрыс жолға қойылған . Ата бабамыз "Бала тәрбиесі бесіктен " деп оған баланың басынан көңіл бөлген. Сол қағиданы қазір де ұстануымыз керек .
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!