Материалдар / "Бала - қоғамның құнды байлығы" іскерлік ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бала - қоғамның құнды байлығы" іскерлік ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Қазіргі заман талабына сай ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, оқушыларға ата-аналарды сыйлауды, құрметтеуге үйрету. 2. Ата – аналардың өз балаларына қаншалықты қамқор болатынын анықтау. 3. Туыстық қарым-қатынасты орната білу арқылы ата – аналарға өз балаларымен әрқашан сырласып, көңіл бөлуіне бағыт-бағдар беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Маусым 2018
606
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Сынып: 2 «а»


Мұғалімнің аты-жөні: Джакаева Г.Б. Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Ата – аналар жиналысы тақырыбы


"Бала - қоғамның құнды байлығы" атты іскерлік ойын


Осы жиналыста қол жеткізетін мақсаттар

1.Қазіргі заман талабына сай ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, оқушыларға ата-аналарды сыйлауды, құрметтеуге үйрету.

2. Ата – аналардың өз балаларына қаншалықты қамқор болатынын анықтау.

3. Туыстық қарым-қатынасты орната білу арқылы ата – аналарға өз балаларымен әрқашан сырласып, көңіл бөлуіне бағыт-бағдар беру.

Жиналыс мақсаттары

Барлық ата - аналар: Балаларына көңіл бөлу керектігін тренингтер мен ойындар барысында түсінеді;

Көптеген ата-аналар: Отбасындағы ата – ананың рөлін және бала тәрбиесіндегі үлкен жауапкершілікті ұғынады.

Кейбір ата-аналар: Өздерінің бала тәрбиесіндегі қолданатын кейбір әдістеріне өзгеріс енгізуге шешім қабылдайды.

Тілдік құзыреттілікті дамыту

Барлық тапсырмалар сөйлемдерді дұрыс құруға, ойды тиянақты жеткізуге, сөйлеу техникасын сақтауға бағытталып жасақталады.

Құндылықтарды дарыту

Ұжымда топтық, жұптық жұмыс барысында бір - бірінің сөзін тыңдауға, пікір алмаса білуге, сабырлылық сақтауға үйрету.

Алдыңғы жиналыста өткізілген іскерлік ойын тақырыбы

Іскерлік ойын тақырыбы: Отбасы – тәрбие бастауы

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; бала тәрбиелеу сапасының жоғарылауына ықпал ету, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты арттыру, отбасындағы эмоциялық қарым-қатынасты орната білу арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу барысында ата - анаға кеңес, бағыт - бағдар беру.

Жиналыс барысы

Жиналыстың жоспарланған кезеңдері

Жиналыстағы жоспарланған іс - әрекет

Ресурстар

Жиналыстың басы


Ұйымдастыру кезеңі

Сынып жетекшісі: Құрметті ата - аналар мен оқушылар. Бүгінгі «Бала – қоғамның құнды байлығы» атты іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер.

Біздің мақсатымыз: ата - аналарды сынып, мектеп өміріне қатыстыру, олардың сынып жетекшілерінің арасында достық, бірлік қарым - қатынас орнату, ата - ананың және баланың одан әрі тіл табысуын жалғастыру.

Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мектепте мінез - құлық нормаларын игереді.

Психологиялық ахуал: «Кел, ән салайық». Мына қима қағаздарда өлеңнің тақырыбы және шумақтың 1,2,3,4 қатары әр параққа жазылған. Ата-аналар мен балалар өлеңді қатарлары бойынша тауып, бірігіп, әнді айтып шығады. Ата – аналар мен бала санына қарай бірнеше ән шумағы беріледі. Осы бойынша топқа бөлінеді.

1.«Әке – асқар тау» тобы

2. «Ана – сарқылмас бұлақ» тобы

3. «Бала – жағасындағы құрақ» тобы

І кезең.Миға шабуыл.

«Ащы пияз» қазіргі заман аңызы бейнетаспадан тыңдалады.

     Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, өйткені қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым бар болғандықтан, махаббатымды сыйлықпен жеткізіп отырдым.Балалық шақтың уақыты тез өтіп, жасөспірімдік кезең басталды. Тез ашулану, бір-бірінің арасында сыйластық жоқ, отбасы деген ұғымды түсінбейтін, үй шаруасына көңіл бөлмейтін балалардың өсіп келе жатқанын байқап жүрдім. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін.

 Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті.

   Анам кіріп келіп:

- Неге жылап тұрсың? – деді.

- пияздың қабығын тазалап тұрмын. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар , -дедім

- демек, оны аз суарған шығар, - деді анам. Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында мейірім нәрі аз берілсе, ананың бұлақтай таза пейілінен сусыны қанғанша тәрбие алмаса, осы пияздай еріксіз көзден жас шығаратынын түсіндім де өкіндім. Әттең, өткен уақытты кері айналдыратын құдіретті күш болса, бәрі басқаша болар еді.

«Тобықтай түйін» әдісі

Тапсырма: А3 парағында пияздың суреті беріледі. Әр топқа отбасында баланы қалай тәрбиелеу керектігін және балаларына ата-анадан не күтетінін жазып, оны қиып, пиязға жалғастырып жапсыру ұсынылады.

1 өскінге: ата – аналар

2 өскінге: балалар

Постер қорғайды. Ұпай беріледі.














Ата-аналар мен балалар ән салады.







Топқа бөлінеді.




Қазіргі заман аңызын тыңдайды.


































Түйіндеген ойын ортаға салады.






Постер қорғайды.


Жиналыстың ортасы


Мұғалім:ал енді осы өскінді жауып тастасақ пияздың өзі сән беріп тұрған жоқ, өсу процесін тоқтатқандай, шын мәнінде, күтім көрмеген көкөністің нәрі болмайтыны сияқты, балаларымыздың да балдәурен шағының дұрыс өтуіне көп көңіл бөлуіміз керек.

"Отбасылар формуласы" әдісі

Тапсырма: "Отбасылар формуласы" аңыздан кейін қазіргі заманның отбасылар формуласын құру: отбасы заңы  = 1 + 2 + 3 + 4

1заң

Әке мен ананың балаға қоятын талаптарының бірдей болуы

2заң

Бала үшін көңіл бөлудің, мақтаудың маңыздылығы

3заң

Отбасы мүшелерінің әрқайсысының еңбекке араласуы

4заң

Ересектер мен балалар арасында материалдық және моральдық игіліктерді теңдей бөлу


Мұғалім: Егер де осы заңдардың барлығы отбасында орындалып жатса, баланың жақсы достары  болса, тұлға ретінде қалыптасады.


«Бірлік түбі - тірлік» сергіту ойыны («Көңілді күн» әні)

Мақсаты:бірлікте істелінген жұмыстың нәтижелі болатынын ұғындыру.

Шарты: әр командадан 1 бала, 2 ата – ана (негізі 1 ата-ана мен 1 сынып жетекші) ортаға шығады. Музыка аяқталғанша қолтықтасып тұрған екі ата – ана шеткі бос қолдарымен баланы киіндіреді, түймелерін қадайды, бас киімін кигізеді, мектепке сөмкесін иығына іліп шығарып салады. Қай топ бұрын болса, сол топқа жоғары ұпай беріледі.


«Жүйрік ой» әдісі. Ұяшықтардан сұрақтар таңдау арқылы топтар кезек-кезек берілген сауалға 1 сөзбен жауап береді.



Балдан тәтті не? (Бала)


Үйдегі алтын қазық кім? (Ана)

"Ұл атадан үлгі көрмейінше сапар шекпес" - кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)




Балаға сыншы кім? (Ата-ана)

Қаз да емес, үйрек те емес,

Дастарқанда болмайды.

Бірақ барлық адам дәм татқан. (Ана сүті)




Тәрбие мен білімнің ордасы? (Мектеп)

Үйде кім, елде кім қадірлі? (Үйде қонақ, қарт, бала қадірлі, елде әкім, ұстаз қадірлі)


Бес дұшпанды атаңдар? (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)



Бес асылды атаңдар (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)


«Ана бағбан, бала ...» ойыны

Шарты: Бір – біріне арқаларын қаратып орындықтар қойылады.Әр топтан 1 бала мен оның анасы немесе әкесі шығады. Олар кезек-кезек анасының немесе баласының киіп отырған киімі, кофтасының түсі қандай, сырғасы бар ма, ақ жейдесінің жеңі барма, жеңсіз бе т.б. түгел сипаттап, осы бір киімдерінің немесе бұйымдарының ерекше сән беріп тұратынын, кім сыйлағанын айтып береді.

Мұғалім: бұл әдістен кейін біз балаларымыздың қандай киім киіп жүргенін, аналарымыздың әдемі жүзіне сырғасының жарасып тұратындығын т.б. ерекшеліктерді үнемі байқап жүретін боламыз және бір – бірімізге көңіл бөліп, қуанып, қолдап жүреміз деп ойлаймын.


Ой толғаныс. "Бүгінгі тақырыптың тұздығы"әдісі

1.«Әке – асқар тау» тобына таудың суреті беріледі. Олар бүгін іскерлік ойыннан алған әсерін және ұсыныстарын жазады.

2. «Ана – сарқылмас бұлақ» тобына бұлақтың суреті беріледі. Олар бүгін іскерлік ойыннан алған әсерін және ұсыныстарын жазады.

3. «Бала – жағасындағы құрақ» тобына жасыл құрақтың суреті беріледі. Олар бүгін іскерлік ойыннан алған әсерін және ұсыныстарын жазады.

Тақтаға мақал – мәтел бойынша суреттер құрастырылады.

Мұғалім: Асқар тауымыз биіктен қарап тұрса, мөлдір бұлағымыз сылдырлап ағып жатса, жасыл құрағымыз реңін жоймаса әлем не еткен керемет болар еді.










Отбасылар формуласын құру
















Сергіту сәті жүргізіледі.










«Жүйрік ой»әдісі бойынша сұраққа жауап беру.




















Ата – аналар мен балалар бір – бірінің киімдерін, бұйымдарын сипаттайды.














Қорытынды ой айтылады.


Жиналыстың соңы

Құрметті ата - аналар! Бүгін көп мәселелерді шешіп тастамасақ та, бір - бірімізге ой салатын құнды пікірлерді айттық. Бала тәрбиесінің бір жақты болып қалмауы жолында ой бөлістік. «Бүгінгі бала - ертеңгі қоғамның баға жетпес байлығы» екендігін тағы да бір сәт дәлелдедік. Бала тәрбиесіндегі ой - тұжырымдарыңыз сәтті қадамдарға бастасын.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!