«Бала агрессиясы: Ата-ана өзін қалай ұстау керек?»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бала агрессиясы: Ата-ана өзін қалай ұстау керек?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Көптеген ата-аналар баланың әр даму кезеңдерінде пайда болатын агрессия кезінде өзін қалай басшылыққа алу керек екенін білуі маңызды. Ата-аналардың көпшілігі баланың өтпелі кезеңдерінде көбінде қалай өзін ұстау керек екенін білмей сасқалақтап жатады. Ал, кейбірі ашуға булыққан баласын таяқтың астына алып, ұрып та алады. Негізгі ереже-әр жағдайда балаға махаббат беріп, сыйластық таныту қажет. Мысал Баланы қорлаудың, оған шамданудың да, қорқытудың да, жазалаудың да қажеті жоқ. Сіз не істеп жатырсыз, не айтып тұрсыз, бала осының барлығын тез сіңіреді, агрессия кезінде өзіңізді байыпты ұстаңыз. Сіз оған үлгі болуыңыз керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бала агрессиясы: Ата-ана өзін қалай ұстау керек?»

Көптеген ата-аналар баланың  әр даму кезеңдерінде пайда болатын  агрессия кезінде өзін қалай басшылыққа алу керек екенін білуі маңызды.  Ата-аналардың көпшілігі баланың өтпелі кезеңдерінде көбінде қалай өзін ұстау керек екенін білмей сасқалақтап жатады. Ал, кейбірі ашуға булыққан баласын таяқтың астына алып, ұрып та алады.

 Негізгі ереже-әр жағдайда  балаға махаббат беріп, сыйластық таныту қажет. 

 Мысал

 Баланы қорлаудың, оған шамданудың да,  қорқытудың да, жазалаудың да қажеті жоқ. Сіз не істеп жатырсыз, не айтып тұрсыз,  бала осының барлығын тез сіңіреді,  агрессия кезінде өзіңізді  байыпты ұстаңыз. Сіз оған үлгі болуыңыз керек.

Егер балаға туылысымен агрессиясын шығаруға  әке-шешесі  шектеу қойса, (мысалы, ұрысса, «Айқайлама! Ашуланба!»), онда ол да  ұғынады, демек  ашулану-бұл жаман,  ешнәрсе сезінбеуге тырысады. Бірақ, әйтсе де, ата-аналарынан көреді, олардың бір-бірімен айқайласып жатқанын, оған ұрысып жатқанын, тіптен, кейде өзін ұрғанын көріп, ата-анасының әрекеті айтқандарымен сәйкес келмегенін байқап, ренжиді.

Бұл ішкі қақтығыс  жаңа  шиеленісушілікке, сезімнің жаншылуына, жалғандыққа, торығуға және  өшпенділікке апарады.  Сондықтан да балаңыз қауіпсіз өзінің сезімін білдіргенін қаласаңыз,  онда оның айналасындағы  адамдардан  қандай үлгі алып жатқанына назар аударыңыз. Ал егерде өз агрессияңызға бақылау жүргізе алмасаңыз,  психологққа барғаныңыз дұрыс.

Дұрыс сезінуге үйретеміз.

Әрқашанда эмоцияны өз уақытында сезіну маңызды, демек энергияны шығаруға мүмкіндік беру керек, керісінше жаншу емес.

Балалар  агрессияны көбіне  дене қимылымен (төбелесу, жанжалдасу) көрсетеді, олар негативті эмоцияны осы түрінен басқа, қалай шығаруға болатынын білмейді. Балаға дене қимылынан (төбелестен)  гөрі,  ол туралы айтып жеткізуге де болатынын  түсіндірсек, бала да келе-келе жағаға жармаспай, сезімі туралы  айтып жеткізу тиімді екенін ұғынады.

Бала  сезім тілін  келе-келе жаймен  игереді, оған  ондайда «сен  қатты ренжіп тұрсың, ашулысың мен сені түсінемін» деп айту маңызды, керісінше өзіңіздің жаман мінезіңізді көрсеткенше баланы түсінуге тырысыңыз. Оған ақыл-насихат айтпай-ақ,  егер ол  өз  күйзелісін  айтып берсе,  сіз оны әруақытта  тыңдай алатыныңызды, қолдайтыныңызды жеткізіңіз.    

Балаға өз сезімін білдіруде  мысалға, қағазды жыртуға, газетті майдалап тастауға,  жастықты аямастан  ұруға, бір бөлмені жауып алып, айқайлауға сияқты  көптеген  әдістерді ұсынуыңызға болады. Сондай-ақ, ашуды сурет қылып салуға, сомдауға, ойыншықтар арасында соғыс жүргізуге,  дуалға қатты допты  алып, ұруға,тіптен, айтқысы келетін барлық сөзді  жазуға болатынын  түсіндірсеңіз жеткілікті.

 Егер бала  төбелессе  ше...

Егер бала айқайласа, сізді  ұрайын деп тұрса,  онда оны құшақтаңыз, қатты қысып, бауырыңызға басыңыз. Жаймен ол тынышталады, уақыт өте  оның ашуы басылады. Кейіннен  сіз оған  өзіңді нашар сезінген кезде менімен бөліссең болады, мен сені әрдайым тыңдауға даярмын деп түсіністік білдіріңіз.

            Балаға көрсетіңіз, мұндай мінез-құлық  кейін неге апаратынын, дұрысы бірге пікірлесіңіздер, Мәселен,  егер ол басқа баладан ойыншығын тартып алатын болса, келесі жолы балалар тіптен оған жоламай, онымен ойнамай қояды деп түсіндіру керек.

            Баламен жеке, куәгерсіз өзімен әңгімелессеңіз, сондай-ақ, эмоционалды сөздерді аз қолдануға тырысыңыз ( « ұят болды» және басқа).

Баланы дау-жанжалды жайттан  әртүрлі тәсілмен  шығуға үйретіңіз, онымен бірге өзіңіз ойлап табыңыз, бала одан шығар жолды суретпен салып көрсетсін, сахнада бірге ойнаңыздар,  ертегілер ойлап шығарыңыз, онда басты кейіпкер өзін  лайықты ұстап, мадақтауға тұрарлық әрекеттерімен көзге түсетін болсын.

Агрессия-бақылауда

Балаға эмоционалды шынығуға мүмкіндік беріңіз, демек спортпен шұғылдансын. Баланы теледидарды қарауын бақылаңыз, қандай хабар, фильмдерді көретінін қараңыз, зорлық-зомбылық көрсеткен хабарларды көруге  шектеу қойыңыз  (жаңалықтарды қосқанда және мейірімсіз мультфильмдер).

Бала әрине,  өмірде тек  қайырымдылық пен бақыт қана жасамайтынын білуі қажет, дегенмен, оның ойында мынандай пікір қалыптаспағаны дұрыс, біреуге жәбір  көрсетуге болады, ол  өзі  сондай қағида (норма) және күштің белгісі, тіктікті білдіреді екен деп болжамау керек. Агреесорларға қарсы тұруға  үйрету маңызды, қайта оларға ұқсамау керек деп жөн сілтеу керек.

Артық, керексіз  агрессиялардан қашу үшін, балаға егжей-тегжейлі түсіндіру керек, неліктен сіз кейбір істерді жасауға  рұқсат етпейтініңізді, қайта оған өз махаббатыңызды жиі айтыңыз. Баладан талап ету, орынды болсын, орындалуына көндіру керек,  баладан не күтетініңізді   нақты ол  түсіну керек.     

Сонымен қатар, әрине, балаңыздың  сәтті әрекеттерін  әрдайым мадақтап отыруыңызды ұмытпаңыз. Сізге балаңыздың жағымды мінез-құлқын қалыптастыру үшін бар күшіңізді жұмылдыруға тура келеді. Бала өзінің сезімін қалыпты жағдаймен жеткізсе,  онда  осы қалыпты бекітуге күш салыңыз.  Айтыңыз: «Осы әрекетің маған ұнады». Балалар мақтауға тез әсерленеді,   себебі,  ата-анасының өзіне қатты разы болып тұрғанын  ол байқап тұр.

 

Мектеп психологы: С.Б.Мауениязова



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2022
823
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі