Материалдар / Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-анаға тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
624
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы,

Тасшағыл орта мектебіні педагог- психологы Төкеш Жаңагүл Әжігерейқызы


Тақырыбы: Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі

(Семинар-тренинг)

Адамның өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы- бала. Бала- дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып әрленеді. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. Дана халқымыздың “Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі” деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр.

Бала отбасында жақсы үлгі- өнегемен, саналы тәлім-тәрбиемен жастайынан сусындаса, ер жеткенде сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлеп, абыройларыңызды асқақтатары хақ. Сондықтан да өмірдің өтпелі қиын кезеңдерінде ұл- қыздарымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына күш салайық. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз керек. Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып, өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер!

Бала жүрегі баршамызға аманат

Өздеріңізге таратылған қағаздардың қызыл түсіне күнделікті балаларыңызға айтатын жылы, жағымды сөздеріңізді, екінші көк түсті қағазға ренжігенде, көңіліңіз қалған сәтте байқап, байқамай айтылып жататын жағымсыз сөздерді жазыңыздар.

Бала сізбен бірге болатын- мәңгілік мейрам!

Бала- ең құрметті қонақ! Сіз оған, рухани жылылық сыйлаңыз!

Ол үшін:

  1. Балаларыңызды жақсы көріңіз, үлгі тұтыңыз, мадақтаңыз, бірге қыдырыңыз, бірге демалыңыз, оның пікіріне құлақ асыңыз, оның ісіне, қылығына сүйсініңіз, басынан сипап, арқасынан қағыңыз.

  2. Балаңызға өз заманыңыздың, өзіңіздің жастық шағыңыздың белестерінен тек естелік айтыңыз. Өзіңіздің дәуіріңіз бен салыстырмаңыз баланың жаңашыл көзқарасы барын ұмытпаңыз!

  3. Бала өсіп, жеке өмір сүретін кезкелетінін еске сақтаңыз, оны болашақ өмірге дайындаңыз.

  4. Балалары бар отбасымен араласып, тәжірибе алмасыңыз.

  5. есіңізде болсын, теледидар да, радио да сіздің орыныңызды баса алмайды. Сондықтан тамақ дайындап жүріп, киім үтіктеп жүріп т.б. Балаларыңызға үлгі болар әрекеттер көрсетіп, әңгімелесе біліңіз.

  6. Егер сіз балаңыздың алдындағы өз міндетіңізді дұрыс атқара білсеңіз ол ең қиын сәтте ең бірінші сізге жүгінеді.

  7. Қателік жасағаны үшін онсызда қиналып тұрған сәтте қосо ұрмаңыз, ұрыспаңыз оны жасайтындар табылады. Сіз қамқорлық жасап бірге қиындықтан, тығырықтан шығудың жолын іздесіңіз.

  8. ҰБТ-дан жақсы нәтиже алу үшін өзгеге емес, өзінің біліміне сену дұрыс екенін үйретіңіз. Өйткені талпынған құмырсқа да тау қопарады емеспе...

  9. Сүрінгенінің бәрін сәтсіздікке балауға болмайтынын ұғындырыңыз, мүмкін ол сәтті қадамының бастауы болар.

  10. Балаңызға жасаған жақсылығыңыз үшін өтемақы сұрамаңыз, күтпеңізде.

  11. Балаға қандай мейірім көрсетсеңізде, нендей жақсылық жасасаңыз да бұлдамаңыз, өтемін талап етпеңіз.

  12. Ойын-үлкен жарық терезе. Баланың мәдени әлеміне ұғымдар мен түсініктер, еңбек сүйгіштік пен ынтымақтастық шуағын жағатын жарық сәуле екенін ұмытпаңыз. Балаңыздың үйде өзінің дербес отаны болуы керек.

Отбасы-тәрбие ошағы”

Тақырыбы:“Өз балаңызды жақсы білесіз бе?”

  1. Балаңыздың ең жақын досы кім?

  2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөнін атаңыз?

  3. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

  4. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

  5. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қанша?

  6. Балаңыздың парталас көршісі кім?

  7. Отбасыңыздағы балаңызды қуантатын қандай дәстүрлі мерекелер бар?

  8. Сіз балаңыздың қандай тілегін орындамаңыз?

  9. Балаңыздың сүйікті пәні қандай?

  10. Балаңыз кімді үлгі тұтады.?

  11. Балаңыздың ең жақын досының әкесі кім?

  12. Отбасылар күнін сіз өз отбасыңызда тойлайсыздар ма?

  13. Балаңыздың сүйікті түсі қандай?

  14. Балаңызды күніне неше рет құшақтайсыз?

  15. Балаңыз спорттың қандай түрін ұнатады?

Бала мүсіні”

Менің кішкентай қызым бірінші сыныпта оқиды. Біз екеуміз мектепке асығып келеміз, автобусқа үлгеріп келуіміз керек. Менің қызым өте қозғалғыш, бәрін білгісі кеп тұрады, тіпті автобусқа асығып келе жатқан да көп сұрақтар қояды. Мен қызымның қолынан алдым да, жүгіре жөнелдік.

  • Мама, анау не, қарашы”- деді қызым.

  • Уақыт жоқ, аяғыңның астына қара, сүрінесің де жүресің! Неге жан-жағыңа алақтай бересің?жолға қара. ЖАН-ЖАҒЫҢА ҚАРАМА! –деп жауап бердім мен. Сол сәтте қызым сөздерді тура мағынасында түсініп, менің бұйырғанымдай көзін жұмды. Біз әріқарай мектепке асығып кетіп барамыз. Автобусқа мініп, мен онда өзімнің құрбымды кездестірдім. Екеуміз кешегі күнді талқыладық. Қызым мұхият тыңдап содан соң былай деді.

  • -мама, мама, құстың сайрағанын естимісің? Сағат деген ағай кім?- деді.

  • Мен, неге сен үлкендердің әңгімесіне жағаласасың? Құлағыңды түріп алыпсың ғой, үлкендердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? ТЕЗ ҚҰЛАҒЫҢДЫ ЖАП!

Біз автобустан түсіп, жолмен жүгіріп келеміз. Мен кешігіп қаламыз ба деп қайта-қайта сағатыма қарап келемін.

Бүгін қандай күн, тамаша болады! Мама мен Малика күтіп отырған шығар, мен оған фантик әкелемін дегенмін, анау ше...-деді.

  • Қойшы! Не былшылдап кеттің, уақыт жоқ, онсызда кешігіп келеміз. Осы сен үндемей жүре алмайсың ба? ТЕЗ АУЗЫҢДЫ ЖАП! Баламды қолынан ұстап алдым да әрі қарай жылжыдық. Қызым үндемей келеді, бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның тілазар екенін айтып, қолынан салып жібердім.

  • Осы сенің қолдарыңа тыным жоқ екн. Таста дедім мен саған. ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ! Осы кезде секеңдеп, аяғын жан-жаққа сермей бастады. Менің төбе шашым тік тұрып, оған айқайладым.

  • сен мұндайды қайданүйренгенсің? Бұл немене тағы? Секеңдегеніңді қой!

ТҮЗУ ТҰР! Мен сағатыма қарап, кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастадым.

  • Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек, жүруді де ұмытып қалғансың ба, бол тез! Әкел қолыңды! Қолы қол емес имек сияқты, я дұрыс жаза алмайды, я дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара,сүрінбей, соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы!неғып үндемейқалдың, мен сенімен сөйлесіп тұрмын ғой керең неме! Қызым жыламсырай бастады. Мен одан сайын даусымды көтеріп айқайладым.

  • Неге жылайсың! Неге жылайсың деймін мен саған жылайтындай не болды?мені ұятқа қалдырдың ғой! Мен кімге айтып тұрмын. ЖЫЛАМА! Сөйтіп әр қарай қызымды қолынан дым келмейтіндігі үшін сөгуді жалғастыра бердім. Яғни мен оның бала екенін және оған менің көмегім керек екенін ұмытып, оның істеген істеріне көңілім толмай жүре бердім.

Ой пікір

  • Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер?

  • Ата-ана бала көзімен болғанда қандай әсер алдыңыз?
    - Кішкен болсада бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар ма?

  • Атақты жанұялық терапевт Вирджиния Сатир балаңыздың дұрыс қалыптасуына күніне бірнеше рет құшақтаудың оң әсер беретінін айтқан. Яғни балаңыздың өмір сүруі үшін 4 рет құшақтау өте қажет болса, ал өзін жақсы сезіну үшін кем дегенде 8 рет құшақтау керек деп есептеген. Ал баланың интеллектуалдық жағынан дамуы үшін – күніне

12 рет құшақтау қажет деген. Ересектер үшін де өте қажет екенінде айтқан. Бала өзі ата-ана құшағынан өзі шықпайынша итеріп жіберуге болмайды. Бала өзін риясыз қабылдайтынын сезініп өсу керек.

Біздің қолымызбен жасалатын гүлдер – бұл біздің тәрбиелеген балаларымыз

(Гүл жасау)

Отбасы- тәрбие ошағы деп бекер айтпаймыз. Қоғамда отбасы екі түрлі қызмет атқарады. Бірі- дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі- дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп өмір бойы рухани жетілдіріп, оны тұлға етіп қалыптастыру. Балаға отбасындағы ата-ананың қарым-қатынасы зор ықпал етеді. Сүйіспеншілікпен татулыққа негізделген өзара қарым-қатынасты байқаған бала өзін тыныш бақытты сезінеді. Егер жаңа өздеріңіз көргендей кез-келген жағдайда ашуымызға ерік беріп, айқайлай беретін болсақ, шардың жарылайын деп тұрған сіті мен жарылғандағы айналаны қалай шошындырғаны тәрізді балаларымызда дәл сондай күй кешеді. Шарды жарып тастадық. Ол енді пайдаға аспайтыны секілді, бала көңілі ананы кешіргенмен жараланғанын ескере бермейтініміз ақиқат. Аз уақытта жасаған гүлдеріміз, біздің тәрбиелеп шығарған балаларымыз. Көзді ашып жұмғанша есейіп, өте шығатын сәт. Егер пайдаланып, әрлі –берлі лақтыруға, кез-келген кезде сүйсініп қарауға, бір кәдеге жаратуға жарамайтындай сапасыз жасалған гүл секілді тәрбиеленетін болса, бұл біздің тәрбиеміздің нәтижесіз болғаны т.б. Сондықтан бала тәрбиесінде салғырттық танытпайық дер едім.

Видеоролик

Ой түйіндеу.

Демек, біз, сіз, әрбір адам өз алдына жан-жақты және қайталанбайтын бейне екендігіне көз жеткіздік. Осы әрбір жан-жақты қайталанбайтын бейнелер “Өмір” атты үлкен өзенде отбасы, жанұя болып тіршілік етіп жатыр. Отбасы, ұшқан ұя-жылылықтың, жылулықтың мекені. “Отбасы” атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттан да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Біздің ұрпақтарымыз, баланың- адам екендігін ұмытпауымыз қажет! Бұл кіп-кішкентай адамға айғай мен жаза, өшпенділік пен қаталдық керек емес, оған сіздің мейірімділігіңіз, қамқорлығыңыз және ыстық махаббатыңыз қажет. Бала өзін үлкендер тарапынан болатын зорлық-зомбылықтан және психологиялық қысымнан қорғай алмайды және қорғауды да білмейді. Бірақ балалар біздің мінез-құлқымыздан, қарым-қатынас мәнерімізден үлгі алады: егерде айғайлайтын болсақ, оларда айғайлайды, егерде біз дөрекілік көрсететін болсақ, оларда дөрекілік көрсетеді, егерде біз қаталдық көрсетсек, оларда соны қайталайды.

Демек, бүгінгі қоғам дертіне айналған тәрбиесі піспеген бала, өз-өзінің өмірімен ойнау, қатыгездік, теріс дінге бет бұру т.б. Осының айғағы.

Қорытындылау

Сіз өзіңізге арналған сөзді оқығанда қандай көңіл-күйде болсаңыздар, әр күн сайын балаңызға да осындай көңіл-күйді сыйлау психолог аманаты ретінде сіздерден сұралады!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!