Материалдар / Бала болашағы - отбасы тәрбиесінен бастау алады
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала болашағы - отбасы тәрбиесінен бастау алады

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
678
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бала болашағы – отбасы тәрбиесінен бастау алады


Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Қазіргі кезде жастарға олардың тәрбиесіне қай кездегіден болса да зор үміт артылып отыр. Себебі республикадағы 15 миллион халықтың шамамен 5 миллионнан астамы 14 пен 30 жас аралығындағы жастар екені мәлім. Ал аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр.

  • Біріншісі, балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын.

  • Екіншісі, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын.

  • Үшіншісі, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, содан қорқамын» - деген екен.

Атамыздың осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие жұмысы ұлттық мінез, ұлттық қабілетіміздің ажарлануына жол ашады.

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар– ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Жалпы Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы Білім және Ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілді және Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру ұйымдарына ұсынылды. Тәрбие тұжырымдамасының мақсаты – жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту, Қазақстан Республикасында балалар мен жастар тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үрдістеріне барлық субъектілердің іс – қимылдарын келістіру. Қазіргі кезеңдегі жасөспірімдерді тәрбиелеу жұмыстарының негізгі бағыттарына тоқталсақ, мектептегі тәрбие жұмыстарын оңтайландырудағы отбасы және сынып жетекшінің рөлі зор.

Мектеппен бірге отбасы тәрбиесінің де маңызы орасан. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Отбасы – таным бесігі, өркениет ошағы, үлгі - өнеге бастауы. Ата – ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез – құлқы , дұрыс қатынасы балаға үлгі. Ата – анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының әдепті, арлы азамат болып қалыптасуы оларға тікелей байланысты болып табылады.

Бала ең бірінші жылулықты ата – анадан іздейді. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» - деген Мұхтар Әуезовтың аталы сөзі отбасы тәрбиесінің маңызын айқындайды. Өкениетті даму жолындағы қоғам алдымен балалы отбасына жан-жақты қамқорлық жасап, оның мәртебелік орнын жоғары деңгейге көтеруге тырысады. Сондықтан отбасы тәрбиесінің рөлі ерекше. Бала тәрбиелеуде ата – аналар топтарына тоқталып өтсем.




Жанұя типтері.

Ата – аналар топтары.

1. Балалары үлгілі отбасылар тобы.

Бұл отбасы балаға тәрбие берудегі бағыт – бағдары талапқа сай отбасылар.

2. Балалары нашар оқитын отбасылар тобы.

Бұл отбасы бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін, селқос қарайтын, ішімдікке әуес отбасылар.


3. Тұрмыс жағдайының қиындығы бала тәрбиесіне әсер ететін отбасылар тобы.

Бұл отбасы баланың тәртібі, талпынысы жақсы, бірақ отбасының материалдық тапшылығы бала психологиясына әсер ететін отбасылар.


4. Материалдық жағдайы өте жақсы отбасылар тобы.

Бұл отбасы барлық мүмкіндігі бар, тек бала тәрбиесіне кері (әр түрлі себептерге сай) әсер ететін отбасылар.


Қазіргі уақытта соңғы деректерге қарағанда шамамен алғанда 1 жылда 5 мыңдай отбасы шаңырақ көтерсе, 2 мың отбасы түрлі себептермен ажырасып кетіп отырады. Бұның да бала тәрбиесіне әсері мол.

Отбасы – адам баласының дүниеге келгенінде есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ер жететін, тәрбие алатын аса қажетті алтын бесігі. Адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Бала үшін ата – ана тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. Бала отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыпайылық, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым – қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді.

Моральдік жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Балалар ата – ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, олар «ертеңгі күннің қуанышын» жоғалта бастайды. Сондықтан олар отбасында өздеріне алмаған жылылық пен қайырымдылықты сырттан, көшеден іздейді.

Бала тәрбиесіндегі ананың орны ерекше. Ана тілі, ұлттық ерекшелік, адамға тән жақсылық атаулы ана сүтімен сіңеді. Сондықтан ана болмысының өзгеруінің әлеуметтік себептерінің алдын алып, оны табиғат алдындағы бесігінен ажырамауына қамқорлық жасап, баланы кішкене кезінен анасының сүт ақысын өтеуге баулу, бүкіл қоғамда анаға ерекше ілтипат қалыптастыру қажет.

Бала тәрбиесіндегі әкелік жауапкершілікке, тәрбиелік мүмкіндіктерін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Әке шаңырақтың қорғаны, асыраушысы, ақылшысы. Сондықтан қазақ әулетінің ер азаматты бағалау, пір тұту дәстүрін одан әрі жалғастыруы тегін емес.

Отбасының жеміс берер гүлі – бала. Ендеше ұлтымыздың байлығы – көп бала екендігін жастар санасына сіңіру, ұрпақ тәрбиесінің қазіргі өмір талабына сай болуын қадағалау, үйрету қажет. Жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Еліміздің болашағы отбасында басталып, оқу – тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек. Ата – ана күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез – құлқы дұрыс қатынасы арқылы балаға үлгі.

Бүгіндері қаптап кеткен компьютер ойындары, бар, би алаңдары және газет бетінде, түнгі сауыққойлық мекемелерде, үйдегі көгілдір теледидардан балалар көрмейтін ( атыс – тартыс) көріністер көрсетіліп, темекі мен арақты жарнамалау оқушылардың көңілін алаңдатып отырғаны жүрегімізді ауыртады. Балалар еліктеп соған бет бұра бастады. Түнгі жүрістер көбейіп, ішкілік ішіп, есірткіге еліктеген мектеп жасындағы оқушыларды көргенде кеудеңе реніш сезімі келеді.

Ата – аналар ұйымының рөлін көтеру мектеп үшін оңай іс емес. Мектеп - қоғамның, отбасының, өзінің өзара тәрбиелік іс – қимылын үйлестіруші қоғамдық институт. « Көпшілік адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет» - деп Мұхтар Әуезов айтпақшы, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде мектептің ерекше орын алатынын білеміз. Тәрбие жұмыстарын жүргізгенде сынып жетекшінің рөлі зор. Сапалы білім, саналы тәрбие беруде мұғалімнің еңбегі ерен. Ерекше тұлға ретінде сынып жетекші деп атап өткім келеді. Өйткені ол - балалар мен ата-аналардың, үлкендердің арасындағы сарапшы. Сондай – ақ баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып тәрбиелейді, білім береді.

Баланың жақсы болып өсуі – тәрбиеден. Тәрбиенің дұрыстығы – тәрбиешіден. Баланың ең алғашқы тәрбиешілері – ата-анасы. Бойына білім дәнін себетін басты тұлға – ұстаз. Ұстазы білімді болса, шәкірттерінен озық ойлы азамат шығады. Ана тәрбиесі, әке тәрбиесі, ата-ене тәрбиесі халық тәрбиесімен сабақтасады.

Ал мектепте білім мен тәрбие алу барысында оқушылардың ақыл – ойы дамиды, рухани өмір байлығын меңгеріп, адамгершілік, Отансүйгіштік, имандылық қасиеттері қалыптасып, эстетикалық талғамы артады. Қазіргі ғылым мен техниканың өрлеу дәуірінде заман жастарды қоғамдық және мемлекеттік салаларда белсенді қызмет етуге қабілетті, сана- сезімі жоғары, мәдениетті және білімді тұлғаны тәрбиелеу міндетін талап етіп отыр. Өйткені адам баласының болашағы жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге толық тәуелді.

Қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері, орыс педагог – психологтарының еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан – жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған.

Сұлулық туралы алғашқы түсініктерді оқушылар табиғаттан алады. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев жыл маусымдарына арнап жазған өлеңдерінде табиғаттың құбылыстарын, әсем көрінісін күнделікті өмір тіршілігімен байланыстыра отырып шебер суреттеген. Абай шығармаларының тәрбиелік мәні бүгінгі күнге дейін өз күшін жойған жоқ.

« Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шығар сөз» деп ұлы ақынның өзі айтқандай оның өлеңдерінде туған жердің сұлу табиғаты, қазақ ауылының сұлу көріністері, адамның көңіл-күйі, сан алуан сезімдермен ұштасып беріледі. Мұндай сезімдер оқушылардың мәдениетті сөйлеуіне, көркемдік танымның қалыптасуына, қиялының дамуына игі әсер етеді.

Білім берудің шынайы мақсаты – адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани – адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту.

Жаңа ғасыр қоғамын қайта құру жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттерінің бірі – ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіру екені айдан анық. Яғни, бұл мақсатты жүзеге асыруда осы оқу жылындағы үлкен жаңалық – «Өзін-өзі тану» пәнінің енуі. Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім жобасы жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуді көздейді. Аталған пәннің ерекшелігі қолданылатын әдіс-тәсілдерінде. Сабақтың « шаттық шеңбері» әдісімен басталып, «жүректен жүрекке» әдісімен аяқталуының өзі оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы, бала мен ата-ана арасындағы ізгілікті қарым-қатынас орнатуды мақсат етеді. Яғни, «Өзін-өзі тану» өзін-өзі тәрбиелеуді көздейді.








Shape3 Shape2 Shape1

Үлкенге құрмет, кішіге ізет

Отансүй-гіштікке

Мейірімді-

лікке






Shape4



Shape5 Shape6



Shape9 Shape7 Shape8

Адалдыққа

Тілін, дінін

қадірлеуге

Өзін-өзі тану арқылы бала өзін неге тәрбиелейді?







Shape10 Shape11



Shape12

Shape15 Shape13 Shape14

Өздігінен

ізденуге




Shape16

Сыйлас-тыққа





Shape17


Үлгілі болуға





















Оқушыларға білім беру ісін адамгершілік – эстетикалық тәрбиемен ұштастыра

Shape18


Еңбекқор

білу – өте күрделі де жауапты мәселе. Әдебиет тарихына үңілсек , көркем әдебиет тәрбиенің құралы болып келе жатқаны мәлім. Қазақ халқына тән дәстүрлердің бірі – қыз ұзатып, келін түсіру. Бұл дәстүрді қазақ халқы думандатып, өлең айтып, жыр жырлап өткізетіні белгілі. Сол айтылған өлеңдердің қайсысына қарасақ та халықтың өз ұрпағын адамгершілікке, ізеттілікке, кішіпейілділікке баулуды мақсат ететіні көрініп тұрады. Мақал-мәтел, шешендік сөздерден де адамгершілік қасиеттерге баулитын небір сүбелі ой-маржандарын теріп алуға болады.

Shape19


Адамгершілік






Shape20

Shape21

Shape22

Адамгершілік,

ізгілік

тәрбиесі








Shape23


Шешендік






Shape24

Shape25



Shape26

Shape27


Мейірімділік





Shape28


Ізеттілік

















Оқу – тәрбие жұмысында халықтық педагогиканы, ұлттық әдет – ғұрып, салт – дәстүрлерін оқушының жас ерекшеліктеріне қарай пайдалана білу – мұғалімнен үлкен біліктілікті, шеберлікті талап етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау» делінсе, басым міндеттерінің бірі ретінде «жеке адамның шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін дамыту адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру» - деп көрсетілген. Осы орайда, мен сынып жетекшілік етіп отырған 5-сыныпта «Аталар сөзі - ақылдың көзі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ондағы мақсатымыз: атадан балаға мұра етіп қалдырып кеткен қанатты сөздерін, танымдық сұрақтарға ұшқыр ойлы жауаптарын біз, жастар ата жолын қуып жалғастырып, ары қарай дамытып отыру. Яғни, біз өз ата – бабаларымыздан қалған мақал-мәтел, ұлағатты сөздерін өзімізден кішілерге насихаттап, мұраны жеткізу, одан тәлім алу біздің парызымыз.

Жалпы сабақтың мақсаты – оқушы бойында әдептілік және алғырлық адами қасиеттерін қалыптастыру. Жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөздерден ғибрат алуға баулу, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болса, оқушылар аталған тәлім – тәрбиені аталы сөздер, көріністер, өлең-жырлар арқылы бойларына сіңіре білді.

Көктемнің алғашқы мейрамы – 8-наурыз Аналар мерекесіне «Ана – өмірдің гүлі, күннің нұры» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабаққа аналар қауымы қатысты. Оқушылар өздерінің жүрекжарды шығарған өлеңдерін аналарына арнап, сыйлықтарын тарту етті. Оқушылар бұл сабақтан ананың еңбегін ақтауға, құрметтеп сыйлауға тұрарлық мейірім – шапағаты шексіз жан – Ана екендігін түйді. Ананың ақ сүтін ақтау өтелмес борыш саналады. Ана – әннің де, жырдың да арқауы, ежелден-ақ жақсы да, жаман да бас ұрған, анаға тоқтаған, анаға бас иген. Заманымыздың небір сыршыл ақындары, ойшыл жазушылары таңдаулы деген шығармаларын анаға арнаған. Туған Отанды анаға теңейтініміз де бекер емес. Ананың бізге қандай қымбат екендігін осы сабағымызда ұғынды.

Демек, әрбір жас ең алдымен өзін дүниеге әкелген ата-анаға, түрлі қамқорлық жасап отырған Отанға, білім берген ұстаздарға қарыздар. Оның өтеуі – әр азаматтың жан-жақты білімді, мәдениетті, еңбекшіл, мейірімді адам болып қалыптасуы, өмірден өзіне лайықты орын тауып, Отан – ананың игілігін арттыруға үлес қосу екендігі сынып оқушыларының есіне үнемі салынып отырылады..





















Бала мен бала, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту барысында, оқушылар мен ата-аналардан сауалнама алынған болатын.

Солардың бірі – социометрия методикасы жасалды. Мақсаты: сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу болса, зерттеу барысында оқушыларға анкета үлестірілді. Сұрақтары мынадай:

  1. Кіммен бірге бір партада отырғың келеді?

  2. Кіммен бірге жорыққа шыққың келеді?

  3. Кімді туылған күніңе шақырғың келеді?

«Таңдау матрицасындағы» мағлұматтарды өңдеп болған соң, «Социограмма» жасалды. Осының нәтижесінде, ең көп таңдалған оқушылар – 8, орташа таңдалғандар – 7, елеусіз балалар – 3, оқшау қалған бала – 1.

Оқушылардың тәрбиелік деңгейін зерттеудің диагностикалық бағдарламасы

(М. И. Шилов бойынша) 5-сынып оқушыларының тәрбиелік деңгейін анықтау үшін әрбір көрсеткішке диагностикалық кестені қолдандым. Баға мазмұнды белгімен жазылды. Қорытынды баға орта арифметикадан шығып, нәтижесі мынадай болды.

Сыныпта 19 оқушы бар.

14 – жоғары деңгей.

4 – жақсы деңгей.

1 – орта деңгей.

Төмен деңгейдегі оқушы жоқ екендігі байқалды.

Бала тәрбиелеуде ата-ананың рөлін арттыру мақсатында «Бала тәрбиесі», «Ата-ана ретінде қандай адамсыз?», «Ситуациялық сұрақтар», «Аяқталмаған сөйлем» секілді сауалнамалар алынып, әр баланың күнделікті тұрмыс – тіршілігінде кездесуі мүмкін 10 жағдайға ата-ананың көзқарасының қандай екендігін анықтадым.

Нәтижесінде:







Әр бала қоғамның әлеуметтік байлығы, сондықтан оларды адамзаттың жоғары парасаттылық, ақылдылық, адамгершілік негізінде қалыптастыру тек сынып жетекшісінің емес, отбасының, баршаның басты міндеті екендігі оқу жылы барысында өткізілген жиналыстар мен мәдени-көпшілік шараларда айтылып келді.

Сөз соңын Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен қорытындыласам: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси – экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен ХХІ ғасырды дамытушы, іскер, өзімізге икемделген жан-жақты мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деген тұжырымдамасы әрдайым ұстаздардың жадында. Әрине, тәрбиенің алғашқы бастамасын бала жанұядан алады. Жанұя – әрбір бала үшін алтын бесік екенін тағы да айтқым келеді.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!