Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Бала дамуындағы инновациялық технологиялардың маңыздылығы»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№ 3 Педагогикалық кеңес
Тақырыбы:«Бала дамуындағы инновациялық технологиялардың маңыздылығы»
Жоспар:
І. «Бала дамуындағы инновациялық технологиялардың маңыздылығы» (теориялық бөлім)
ІІ. Шаттық шеңбер
ІІІ.Тақырыптық бақылаудың қорытынды анықтамасы (Шакенова Г.И., Кабдуалиева А.С)
ІV. Практикалық бөлім
V. Қорытынды бөлім
І. Теориялық бөлім
Тақырыбы:«Бала дамуындағы инновациялық технологиялардың маңыздылығы»
Мақсаты: Заманауи тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын көрсету.
Біз даналықты үш жолмен
үйренеміз:
ойлану
- ең ізгі жол;
Еліктеу
– ең жеңіл жол;
Тәжірибе
жолы – ең ауыр жол.
Бенедикт
Спиноза
Құрметті педагогтар!Бүгінгі
педагогикалық кеңесті Бенедикт
Спинозаның осындай сөзімен бастағым
келіп тұр.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі
орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады.
Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі
міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық
технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс дамып
қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру
орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім
беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.
Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие
жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып
табылады.
Мақсаты: Баланы жеке тұлға
етіп қалыптастыру.
Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар
кіреді:
-Денсаулық сақтау технологиясы.
-Жобалы-іс шығармашылығы.
-Ізденіс-шығармашылық технологиясы.
-Қатынастық-ақпараттық технология
-Жеке тұлғаға бағыттау технологиясы.
-Бала мен тәрбиеші портфолио технологиясы.
-Ойын технологиясы.
-Триз технологиясы және т.б.
Денсаулық сақтау технологиясы.
Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты: Баланың денсаулығын
нығайтуға,білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары,баланың денсаулығы мен оның дене
бітімінің қалыптасыуна үлкен үлес қосады.
Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын
қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес.
Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясын мына төмендегілермен
тығыз байланыста болады:
-Мектепке дейінгі мекемелермен.
-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы.
-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы.
-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар.
-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі.
-Балалардың денсаулық көрсетілімі.
Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға жіктеледі:
Әдістемелік-профилактикалық: медбикенің жетекшілігі мен медициналық
талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды қолдану
және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын
жүргізу.
Сауықтыру-шынықтыру: бұл балалардың денсаулығын нығайтып,
шынықтыруға бағыттау. Физикалық дамуының сапасын жақсардтуда
шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады.
Баланың әлеуметтік-психологиялық сәттілігін қамтамасыз ету.
• Денсаулықты сақтау және денсаулық нығайту.
• Педагогтардың денсаулық мәдениетін дамытуға бағыттау.Сонымен
қатар мәдени кәсіби денсаулық.
• Салауатты өмір салтына қажеттілікті дамыту: денсаулықты сақтау
және оған жағдай жасау (спорттық және қимылды ойындар технологиясын
қолдану ,көзге арналған және тыныс алу жаттығулары т.б.)
• (динамикалық үзіліс, релаксация, ритмопластика)
• Білім беру:
• Мектепке дейінгі баланың мәдени денсаулықтарын тәрбиелеу.
• Оқытуда және тәрбиелеуде жекешілдікке оқытуға тұспалдау.
• Салауатты өмір салтын үйрету.
Дене шынықтыру сабақтарының техникасын қолдану, қатынастық ойындар,
кедергі ойындар (ойын тренингтер, теропиялық ойындар, өзін өзіне
массаж жасау).
Денсаулық сақтау технологиясына сенсорлық дамыту ортасын
ендіру.
Жобалау шығармашылық технологиясы.
Мақсаты: Әлеуметтік тұлғалық тәжірибені дамыту және байыту.
Тәрбиешілер өз іс әрекеттерінде жобалау технологиясын
қолданады.
Жобалау классификациясы «Ойын түрінде» барлық топтың қатысуымен
өткізілетін сабақтар
(ойындар, ұлттық билер, драматизациялау, әр түрлі көңіл
көтерулер)
«Саяхаттау» қоғамдық өмірдегі айналамен танысудағы қиындық
мәселесін шешуге бағытталады.
«Баяндау» Балалар өз сезімін көркемдеп,музыка
арқылы,ауызша,жазбаша,жеке дауыста жеткізуді
үйренеді.
«Құрастыру» анық пайдалы
заттарды жасауға бағытталған;
(құс ұясы, гүлзарлар құрылымы.) «Жоба түрлері»
Басымдылық әдістемесі бойынша.
-Іздену.
-Ақпаратты.
-Шығармашылық.
-Ойындар.
-Болған жағдайлар.
-Практикалық бағыттаушы.
Мазмұны бойынша төмендегідей:
-Баланы және оның отбасын қатыстыру
-Бала және табиғат.
-Бала және қоршаған әлем.
-Бала,қоғам және мәдени
құндылықтар.
Ақпараттық –қатынастық
технологиясы
Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп
тұрады.
(қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы)
Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер
қояды:
Міндеттері:
-жаңа заманға қадам басу
-жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу.
-компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау.
-Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.
-педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата –аналардың
құзыреттілігін көтеру.
Бағдарламаны жіктеу
-ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
-шет тілінде сөйлейтін сөздік
-қарапайым графикалық редактор
-ойын-саяхаттар.
-оқуды, математиканы үйрету.
Балалардың шығармашылығын дамыту жолында:
-Сурет салу
-Мүсіндеу
-Жапсырма
-Музыка. ұйымдастырған іс –әрекеттер өткізіледі.
Сурет салу іс-әрекетінде қалыпсыз тәсілдер қолданылады.
Мәселен: Бала сурет салуда тек қана қыл қаламмен сурет салып қоймай
неше түрлі түтікшелерді;жіптерді картон қималарын:трафареттерді:
тіс пастасы мен тіс щеткасын,қайнатылған ас бояғыштарын
қолданады.
Іс-әрекеттерін кіріктірудің тиімді жағы өте көп.Біріншіден бала
жалығып кетпейді:Екіншіден бір саладан екінші салаға ауысу арқылы
олардың қызығушылығы артады.
Берілген тапсырмаларды орындау,балаларды, еркін қиялдарға
шығармашылықпен айналысуға кедергі келтіретін психологиялық
селқостықты жоюға ықпал жасайды.
Балада танымдық қызығушылықтың болуы-олардың оқу іс-әрекеттерге
белсенді,білімінің сапалы болуына,басқа да іс-әрекеттерге жағымды
әсерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі байқалып өз нәтижесін
көрсетеді.
ІІ. Шаттық шеңбер «Дренаж» жаттығуы
Әуен қосылады. Жеңіл қимылмен қолдың ұшынан бастап жоғарыға қарай сол және оң жақтан жәйлап шапалақтап бастаймыз, сосын ақырындап кеудемізді, содан кейін аяқтарымызды шапалақап , терең тыныс алып демаламыз. Бұл жаттығу арқылы бүкіл денеміз жеңілдеп, оянады.
ІV. Практикалық бөлім
Эбру – су бетіне салынатын сурет өнері. Бұл балабақша тәжірибесіне енгізіліп отырған дәстүрден тыс сурет салу әдістемесі, әрі жаңа технологиялардың бірі. Дәстүрлі сурет салуда педагог бейнелеудің техникалық тәсілдеріне, шынайы обьектілермен ұқсастығының болуына көп көңіл бөледі, ал дәстүрден тыс, яғни инновациялық техникалар әсемдіктің сыры ашылмаған әлеміне тереңінен енуіне мүмкіндік береді.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері әдістемесіне ЭБРУ технологиясын енгізу арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мүмкіндіктерін қарастыру.
Инновациялық технологияларды қолдану балалардың шығармашылық қабілетін дамытуды көздейді. Балалардың елестетуін және қиялын дамытады. Ұжымдық жұмыс машықтарын тәрбиелейді.
Эбру – ежелгі түріктерден ХI ғасырда бастау алған су бетіне салынатын таңғажайып сурет өнері. Бұл қызықты техника - суда ерімейтін арнайы бояулармен сурет салу, содан кейін суретті қағазға көшіруден тұрады. Бұл ғажайып құбылысты суретшілер суда ерімейтін арнайы майлы бояу арқылы жасайды. Нәтижесінде қағаз бетіне көшіріп алуға болатын өрнек пайда болады. Әлемде бұл өнерді Түркиялық мрамор деп атайды.
Бұл жерде педагогтың міндеті: баланың шығармашылығын жүзеге асыру; жеке тұлға дамуында заманауи инновациялық әдістерді қолдану; балаларды адамгершілікке, байқағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Ең алдымен алдын ала суды дайындап қоямыз.Ол үшін крахмалды суға езіп, қоюланғанша қайнатып суытып аламыз. Бояуды араластырып, қылқаламды аламыз, бояуға батырамыз да, сол сәтте қылқаламды су үстіне сілкілейміз. Бояу тамшылары суға түседі де, бірақ жойылып тарап не еріп кетпейді. Олар су бетіне қалықтау отырып, өзінің келбетін өзгертеді. Содан соң түтік таяшамен бояу тамшыларын қозғап, оларды ғажайып өрнек немесе гүлдерге айналдырамыз. Осы орайда су біздің көмекшіміз болып табылады – ол қолдың жеңіл қимылын үйлесімді толықтырады.
Сурет салудың ең қарпайым тәсілі – арнайы тарақ немесе күрекше (жергілікті диалектикада тырнауыш деп те аталады) қолдану. Бояуды су бетіне шашқаннан кейін оның үстінен тарақшамен жүргізеді. Нәтижесінде керемет сурет пайда болады.
Суреттің үстіне қағаз парақшаны өте мұқият қоямыз да, 10 секунд күтеміз, бір шетінен таяқшаның көмегімен жоғары көтеріп, қағазды аламыз. Қағаз бетіндегі сурет кепкен соң, ол дайын туынды болып шығады.
Үстел-үсті «Футбол» ойыны Мақсаты:Балалардың қызығушылығын арттыру; ептілігін, шаншандығын дамыту. Ойынның шарты: ойнды екі жақтан екі адам отырып ойнай алады. Резеңкенің көмегімен доптарды бірінен соң бірін, тездетіп ортадағы тесіктен қарама-қарсы алаңға өткізу керек.Барлық доптарды бірінші боп өткізген ойыншы жеңімпаз аталады.
Жер-үсті «Дұрыс орналастыр» логикалық ойыны Мақсаты: балалардың тапқырлығын, ойлау қабілеттерін дамыту; командада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Ойынның шарты:көлденең және тігінен орналасқан шақпақтарға геометриялық фигураларды орналастыру қажет.Ойынның шарты бойынша фигуралардың түстері және пішіндері көлденең және тігінен сәйкес болмау керек.
V. Қорытынды бөлім:
№3 педагогикалық кеңеске қаулы шығару:
1. Инновациялық технологияларды ұйымдастырылған іс-әрекеттерде, күн тәртібінде кеңінен қолдана отырып, циклограммаға енгізу;
2. Оқылған ақпараттармен ұсыныстар тәрбиешілердің назарына алынсын;
3. МДҰ материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға сай жаңарту жұмыстарын жалғастыру.