Материалдар / Бала өміріндегі дидактикалық ойындар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала өміріндегі дидактикалық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Дидактикалық ойындардың бала өміріндегі маңызы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2021
314
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бала өміріндегі дидактикалық ойындар»

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің тө мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Әрбір бала қуана өз қоршаған ортасын таныуға талпынатың кішкентай зеріттеуші.Үлкендердің ата ананың, тәрбиешінің міндетті сол талпынысты сақтап қалуға, баланың жан жақты дамуына барынша жағдай жасау болып табылады. Ал баланың жан-жақты дамуына ойынның ықпалы зор.

Бала ойынды не үшін жақсы көреді деген сұрақа ойланып көрдініз ба? Ойын балаға не береді?Балалық шағынызда қандай ойын ойнағаныз есіңізде ма?

Ойын ол тәрбиенің пәрменді құралдарының бірі. Ойын әрекеті шынайы әрекет болмасада, өмірге қалыптасып кетуіне жол жасайтың процес. Ойын бала үшін – айналаны танып білу тәсілі десек болады. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып өзіне ақпараттар алады.

Ойынның түрлері өте көп. Қазіргі танда көбінде балалар телефон, компютермен ойналатың ойындарға қызығады. Бірақта бұл баланың дамуына кері әсер етеді, әрине кей ойындарды сабақ барысында пайдалануға болады. Осындай ойындар баланың достарымен емес өзімен – өзі ешкіммен араласпай өз әлемімен жүруге әкеп соқтырады.

«Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын» басшылыққа ала отырып, балабақшада әрбір жас тобына, ойынның мазмұнына қарай дидактикалық ойындар түрлерін ұсынамын.

Дидактикалық ойын – балалардың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды құрал. Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі ойын ережесі болады және ойнаушылар сол ережеге қатал бағынады.

Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойын түрлері балабақша бүлдіршіндерін ақыл- ой белсенділігінің қалыптасуына маңызды құрал болып отыр.

Дидактикалық ойын – балаладың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.

Дидактикалық ойын баланың әрекетінің бірі. Дидактикалық ойындардың міндеті мен мазмұны балалардың танымдық әрекетін дамытуға бағытталғаның көрсетеді.Дидактикалық ойынның маңызы зор, себебі балалардың дербестігін, ойлау және сөйлеу белсенндігін дамытады.Дидактикалық ойынның элементінің бірі ережелер.

Ережелер оқыту міндеті мен ойын мазмұнына қарай, ойын әрекетінің сипаты мен тәсілін белгілейді. Ереже нәтежесінде өз қимылын басқара білу, оны басқа ойыншылардың әрекеттерімен үйлестіре білу қабілетті дамиды. Ереженің ойынды үйретуші, ұйымдастырушы және тәртіптендіруші сипаттары бар. Тәрбиеші белгілейтің ойын ережелерін балалар біртіндеп меңгереді.Меңгере отыра олар өзінің және жолдастарының ойын үстіндегі әрекетін, қарым-қатынастарының дұрыстығын бағалайды.

Өзімнің өздік білімді жетілдіру жұмысымнын тақырыбын «Дидактикалық ойын мектепке дейінгі балаларды оқытудағы маңызды құрал» деп алдым.

Өзіндік білім жетілдіру жұмысында тек бір дидактикалық ойын түрімен тоқтамай жалпы диактикалық ойын түрлерімен балаларды әр ай сайын таныстырып отырамын. Олар: қимылыд дидактикалық ойындар,тіл дамытуға арналған олардың ішінде сөздік қорын байытуға араналған, тілдің дыбысталу мәдинетің дамытуға,граматикалық сөздік құрылысын қалыптастыруға арналған дидактикалық ойындар , математикалық түсініктерінің қалыптсуына арналған жәнеде үстел үсті ойыншықтармен ойналатын дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойындарды құрумен өткізуде мына негіздерге сүйенемін:

1.Балалардың іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқытуды байланыстыру,қызықты жеңіл ойындардан, ойын тапсырмалар арқылы оқу тәрбие мәселесіне көшу.

2.Дидактикалық ойын шартымен міндетін күрделендіру, сол арқылы баланың ақыл-ой мен іс әрекетінің күшеюі.

3. Таңдалған ойындардың баланы ойнай білуге баулып, сөздік қорларының молайту бағытталғаның.

Дидактикалық ойындардың мазмұны, ережесі және ойынның орындалуының басты элементі дидактикалық тапсырмалар болып табылады, ал қалған элементтер осы тапсырманың орындалуына көмектеседі. Балалардың жас ерекшелігіне байланысты дидактикалық ойындарды іріктеп аламын жәнеде сол ойындарға картотека жасаймын.

Ең алғашқы айларда қимылды дидактикалық ойындар өткіздім. Ережесі бар алғашқы ойындарды қимылды ойындар деу қиын, сол себепті алғашында бала білетін бір образға байланыстырып, еліктеу ойындарын өткіздім. («Күн мен түн», «Ұя басқан тауықтар мен балапандар», «Поезд», «Торғайлар мен мысықтар» т.б) бұл ойындарда балаларды ережені орындауға үйрететің сәттер бар: бәрінің бірдей қимылдауы тәрбиешінің айтуымен немесе белгі бойынша т.б

Осымен қатар ең қысқа тапақтың сөздеріне байланысты қимыл ойындарын өткіздім («Жел көбік», «Менің көңілді, шулы доптарым») Ойын әрекетінде бейнелікті арттыру үшін қарапайым атрибуттарды пайдаландым.

Тәрбиеші әрбір салаға нақты міндеттер белгілеуге тиіс. Батылдығы нашар, өзінің әліне сенбейтін жасқаншақ балалады қиындықтарды жеңуге көмектескен дұрыс: секіру кезінде жіпті төменірек қою, денені тең ұстап жүруге үйрету кезінде қолынан ұстап жәрдем беру т.б сол сияқты.

Сөйлеу қатынасы балалардың білімді меңгеруінде, қажетті білікпен дағдыларды қалыптастырады. Өздік жұмысымның жоспары бойынша қазан айында тіл дамытуға арналған дидактикалық ойындар жинақ картотекасымен қосып дидактикалық ойынға арналған дидактикалық материалдар жиынтығын жасадым. Ұйымдастырған оқу-іс әрекеттерінде тілді дидактикалық ойындарын қолдана отырып балалардың есте сақтау дағдыларын қалыптастыру,балалардың ой, зейін,сөйлеу дәрежесін дамыту, және дербес орындайтын жұмысына бағыт беріп, айтқан сөзді түсініп қабылдай білуге үйрету мақсатың көздедімӘдетте балаларды ойынға жинап, жұмылдыра қою тез бола бермеиді. Бала қолындағы ойыншығын қимайды. Сол себепті ойынға тарту үшін қолайлы уақытты тандаған білген дұрыс. Қолайлы уақыт деген балаларддың көңіл-күйі шаршамауы, қимыл қабілетті т.б жағымды жағдайдар кіреді. Сол себепті көбінесе тіл дамыту ойын сабақ үстінде қолданамын немесе сабақтан кейін бос уақытта. Тек серуенен кейін ойнатпаймын. Серуенде көбінде қимылды дидактикалық ойындарды қолданамын және денешынықтыру сабағында қолдануға ұсыныс берем.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздегендіктен «Математикалық түсініктер қалыптастыруға» арналған дидактикалық ойындар жиынтығы ата- анамен тәрбиешілерге көмегі өте зор болыып табылады.

Математикалық түсінік қалыптастыруға арналған ойындардың мақсаты бағдарламада аңықталған математикалық білім, біліктері жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.

Өздік білім жетілдіру жоспары бойынша қаңтар айында математикалық түсініктерді қалыптастыруға арналған дидактикалық ойындармен тагныстыру жәнен сол тақырыпта картотека құрастыру. Математикалық түсініктерді қалыптастыруға арналған дидактикалық ойындар картотекасында балалардың жас ерекшелігіне сәйкес ойындар сипатталған. Картотекада әрбір ойынның мазмұны, шарты, дидактикалық мақсаты, керекті құралдары берілген.Ойнау ережелері қарапайым баланың жасына сай тандадап аламын.

Өздік білім жетілдіру жоспары бойынша төртінші айда наурыз айында баларды үстел үстінде ойналатың дидактикалық ойындармен таныстырамын.

Үстел үстінде ойналатың ойындар мектеп жасына дейінгі балаларға өте қызықты. Түрлері бойынша әртүрлі жас ерекшеліктеріне сай ойындар тандап алдым.(«Сосын не болды?», «Тапшы қандай сурет жасырдық?», «Бірдей заттарды тап», «Ыдыстарды жинаймыз»Лото,Домино) Үстел үсті ойындарында балалар заттар туралы түсініктеріне сүйеніп, олар туралы білімдерін терендетеді. Үстел үсті ойындарының дидактикалық тапсырмалары: балаларда заттардың санынын және реттілік есебі туралы, үстел үстінде кеңістікте орналасуы, суреттермен болған өзгерістерді айта білу, олардың мазмұндары туралы білімін бекіту.

Сөзімді А.С Макаренко ойымен қортындылағым келеді: «Аса тиімді әдістің бірі – ойын.Балалық шақтағы ойын – бұл қалыпты жайт, бала үнемі ойнау керек. Баланың ойнауға деген құмарлығы бар оны қанағаттандыру керек.Балаға ойнау үшін уақыт қана бермеу керек, осы ойынмен оның бүкіл өмірін тәрбиелеу қажет. Оның бар өмірі – ол ойын » деп түйіндеген.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!