Материалдар / Бала-отбасының айнасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала-отбасының айнасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп өміріне ата-ананың қатынасу деңгейін нығайту. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуындағы ата-ананың рөлі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
794
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Оңтүстік Қазақстан облысы

Түлкібас поселкесі

Т. Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі






Бала- отбасының айнасы




Қазақстан Республикасы ПКБА І (ілгері)

деңгейлі бағдарламасы курсын бітіруші

Сарыпбекова Анар Амангелдиевна
















2017 жыл


«Бекітемін»

Мектеп директоры:

................................ Е. Махашев


Ата-аналармен өткізілетін коучинг жоспaры:


Сaбaқтың тaқырыбы:

Бала -отбасының айнасы

Сaбaқтың мaқсaты:

Мектеп өміріне ата-ананың қатынасу деңгейін нығайту.

Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.

Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуындағы ата-ананың рөлі.

Нәтижeсі:

Өз балаларын тәрбиелеуде көзқарастары, ойлары өзгереді.

Уaқыты

Коучтeрдің іс-әрeкeті

Ата-аналардың іс-әрeкeті

Рeсурстaр

2 минут

Тренинг « Шаттық шеңбері»









1. «Танысу» жаттығуы:


Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.


3 минут

2-топқа топқа біріктіру:


Қатысушыларға тәті кәмпиттер таратылады, кәмпит түстерімен топтарға бірігеді

Екі түрлі кәмпиттер

10 минут

Проблемамен бөлісу:

1.Балаңыздың білім алуына жанашыр ата –ана ретінде қалай ықпал етесіз?

2.Балаңыздың білім алуына жағдай жасауды қалай түсінесіз, қалай жағдай жасап жүрсіз?

3.Мектептен оралғанда ғы баланың көңіл күйіне қалай мән  бересіз ?

4.Балаңыздың достарын кімдер,олармен сіздің байланысыңыз?

5.Баламен қарым-қатынас қандай болуы керек?

6.Балаңыздың сүйікті пәндері қандай, ол пәндер бойынша баланың білім деңгейі қай дәрежеде,оны сіз қалай бақылайсыз?

7.Балаңыздың бос уақытында айналысатын іс- әрекеті?

Ата-аналар өз ойларын ортаға салады.

Слайд

5 минут

Кинометафора әдісі:

«Отбасындағы әке орны»


Ата-аналар көрсетілгeн фильм бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, өз идеяларын ортаға салады

Фильм және слaйд көрсетіледі

7 минут

Дана халқымыз ерекше көңіл бөлген бала тәрбиесіне байланысты ұлағатты сөздерді еске түсіріп көрейік.



Ата-аналар ұлағатты сөздерді табады

Слайд

15 минут

Бейнебаян көрсету «Вокзал»

Күнделікті өмірімізде ата-аналарға, ұстаздарға , оқушы балаларға байланысты мынадай келеңсіз жағдайлар кездесіп отырады



Ата-аналар өз ойларын ортаға салады.

Бейнебаян

15 минут

Топтық жұмыс:

І –топ ата-ана

ІІ- мектеп және оның ұстаздары

Тапсырма:

  • Неліктен мұндай жағдай орын алуда?

  • Болған жағдай туралы пікіріңіз?

  • Алдағы уақытта сіздің іс-әрекетіңіз?





Постeр жaсaу. Топ сaйлaғaн спикeр осы тaқырыпты қорғaйды.

Постeр, мaркeр, стикeр

7 минут

Бала тәрбиесі тест


Ата-ана назарыңызға әр баланың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде кездесуі мүмкін 10 жағдай берілген. Ата-ананың бұл жағдайларға көзқарасыңыз қандай? Яғни әрбір сұрақтан кейін берілген жауап нұсқауларын белгілейді.

Ақ парақтар, Қыл қалам

5 минут

Сергіту сәті

«Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест)»

Ата-аналар ұсынылған сұрақтарды таңдайды

Слайд

5 минут

Кeрі бaйлaныс (рeфлeксия) "Жүрек жылуы"

Ата-аналар стикерге өз ойларын жазады.

Нe ұнaды? Нeні түсінбeдім? Тілeктeрім!

Стикер





































Бала тәрбиесі тесті


Анықтама: Сіздің назарыңызға әр баланың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде кездесуі мүмкін 10 жағдай берілген. Ата-ана ретінде сіздің бұл жағдайларға көзқарасыңыз қандай? Яғни әрбір сұрақтан кейін берілген жауап нұсқауларыңыз сіздің тәрбиелеу әдістеріңізге сәйкес келгенін белгілеңіз.

Іске сәт!


1. Сіздің балаңыз өте бұзық және төбелесқұмар делік. Күн сайын үйге киімі жыртылып немесе бет-аузы көгеріп келеді. Сіз:

а) не болғанын сұрап, киімдерін тігіп, жуып, жараларының күтімін жасайсыз;

ә) балаңызға көмек бересіз, бірақ бұзақылықтарының жақсылық әкелмейтіндігі, бір күні соның азабын көретіндігі туралы қайта-қайта айтып, балаға ұрсасыз;

б) оған тіпті қарамайсыз, өзінің мәселелерін өзі шешу керек.


2. Балаңыздың жақын достары бар, бірақ олар жақсы тәрбие көрмеген, бұзық балалар. Сіз:

а) олардың ата-аналарымен сөйлесесіз;

ә) балаларды үйге шақырып, оларды ықпал етуге шақырасыз;

б) балаңызға достарының жаман жақтарын түсіндіріп, өзіне жаман үлгі болғандығын айтасыз

3. Балаңыз ойын ойнағанды жақсы көреді, бірақ ешқашан ұтылғысы

Сіз:

а) еш нәрсе жасамайсыз, ойнауды білетін болса жеңілуді де білуі тиіс деп ойлайсыз.

ә) жеңілуді үйренгенше онымен ойнамайтыныңызды айтасыз.

б) балаңыздың жеңілуді ұнату үшін әдейі ерекше жағдайлар жасайсыз.

4. Балаңыздың белсенділігі соншама, күніне 24 сағат ойнап жүгіріп жүре береді. Ұйықтауы керек болсада жатқысы келмейді

Сіз:

а) оған ұйқының маңыздылығын түсіндіресіз;

ә) қалаған уақытында жатуына рұқсат бересіз, бірақ таңертең белгіленген уақытта тұруын тексеріп тұрасыз;

б) ұйықтайтын уақыт келгенде баланы жатуға зорлап, мұны ереже қылуға тырысасыз.

6. Балаңыз жеткілікті дәрежеде дөрекі, сөзге әуес делік. Тіпті мұндай құлқымен айналасындағы адамдардың мазасын алады.

Сіз:

а) оған мұндай мінез-құлықтың жақсы болмағандығын түсіндіріп, дөрекі болмауын керек екенін айтасыз;

ә) дөрекі іс-әрекет жасауына тыйым салып, бұзақылығына жаза бересіз;

б) жақсы іс-әрекеттерін қайталау үшін мақтап, мәпелейсіз;





7. Балаңыздың жасы әлі кішкентай болса да қыздарға /ұлдарға/ қырындауын бастаған.

Сіз:

а) еш нәрсені қозғамай, болған күйінде тастайсыз;

ә) мұның тек балалық махаббат болғандығын ойлап, қарсы шығасыз;

б) балаңызға махаббат түсінігін айқындап түсіндіріп, әйел мен ер адам арасындағы қарым-қатынастардың қандай болуы керек екендігін жақсылап түсіндіріп бересіз.

8. Басқа балалар сіздің балаңыздың артынан қалмайды: оны ұрады. Мазақтайды т.б. делік.

Сіз:

а) балаңызға қарсылық беру жолдарын үйретесіз;

ә) бұл балалардың ата-аналарымен кездесіп сөйлесесіз;

б) балаңыздың мұндай балалармен кездеспеуі үшін мүмкіндік жасайсыз.

9. Сіз үлкен қызыңызға немесе ұлыңызға барлық мүмкіндіктерді жасайсыз. Бірақ ол соған қарамастан еш нәрсенің қадірін білмей, кішкентай бауырларына айқайлайды.

Сіз:

а) оны ақылды болуға, саналы әрекет жасауға шақырасыз, бірақ мұның барлығын кішкентай бауырларының да естуін қамтамасыз етесіз;

ә) балаңызға одан әрі көп көңіл бөлуге тырысасыз;

б) тіпті араласпайсыз.

10. Егер балаңыз дөрекі іс-әрекет жасап, басқаларды түсінбей, бөтен балаларға тиісетін болса

Сіз:

а) өзінің қатесін түсінуі үшін оған қарсы да тап солай әрекет етуді бастайсыз;

ә) оған көбірек көңіл аударып, проблемаларын түсінуге тырысасыз;

б) күш пен зорлықты тақырып еткен киноларды қарауына тыйым саласыз.

Рахмет



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

3

2

0

3

3

5

3

5

5

0

Ә

0

5

3

5

5

0

0

3

3

5

Б

5

0

5

0

0

3

5

0

1

2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!