Материалдар / Бала құқығының бұзылмауы – басты парыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала құқығының бұзылмауы – басты парыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагогтың мақсаты –оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес проблеманы шешу үшін, өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
371
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Қазақстан Республикасы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі











Тақырыбы:

Бала құқығының бұзылмауы – басты парыз






Әлеуметтік педагог: Сарыпбекова А.А

















Түлкібас қонысы

2013-2014





Баяндаманың тақырыбы: Бала құқының бұзылмауы – басты парыз


      Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстан 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқығы туралы конвенцияны» мақұлдады. Конвенция мазмұны негізгі 4 талап қояды, баланың өмір сүру құқығы, баланы қорғау, дамуына жағдай жасау, қоғамдық өмірге белсене араласу, құқын құрметтеу.

     Ал біздің елімізде адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР-ның Конституциясы – еліміздегі барлық Заңдардың негізгі басты құжаты.

Адам құқықтарын пайдалана отырып қана толыққанды өмір сүре алады.

Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» заңы 2002 жылы 8-тамызда қабылданды.

Баланың бастапқы әлеуметтену процесі мектепте өтетіндіктен ол процеспен мектептің әлеуметтік педагогы айналысады.

 Әлеуметтік педагогтың мақсаты –оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес проблеманы шешу үшін, өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру.

Елбасы Н. А. Назарбаевтың 2010-шы 2020-шы жылдарға арналған «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауында келесі стратегиялық бағыт көрсетілген.

Алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті- Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік қорғауды нығайту.

Осы жолдауда айтылған стратегиялық бағытты іске асыру мақсатында мектебімізде үнемі әлеуметтік саламыздағы басты басымдық оқушыларды оқумен қамту, оқушылардың ыстық тамақпен, басқадай материалдық көмекпен қамтылуын қамтамасты ету болып табылады.

Балалардың әлеуметтік құқығын қорғау және балалардың жан жақты дамуына жағдай жасау, сонымен қатар мектеп пен отбасы арасындағы қарым- қатынасты құру , оқушылардың тұрмыстық жағдайын және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарына сынып жетекшілер жыл бойы көп көңіл аударады.

Мектебімізде биылғы оқу жылында 548 оқушы, білім алуда.

Оның ішінде әлеуметтік қоргалмаған білім алушылар мен күнкөрісі темен отбасылардан шыққан білім алушылардың саны- 46 /жанұя саны- 26.

Сонымен қатар мектеп бойынша анықталған көпбалалы жанұя саны- 16, балалар саны- 78; толық емес жанұя саны- 16, балалар саны- 23; жартылай жетім балалар саны- 39;

науқас ата- аналар саны-3,үйде оқытылатын окушылар саны-6;

Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен кункөрісі төмен отбасылардан шыкқан білім алушыларға материалдық көмек көрсетуге арналған қаражат, олардың ата- аналарының не қамқоршысының немесе кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының өзінің өтініштері негізінде бөлінді. Өтініштеріне қоса жағдайларын растайтын төмендегідей құжаттар  №64 қаулы бойынша бірге тіркелді:

1. отбасы кұрамы туралы мәліметтер;

2. өтініш берушінің отбасы мүшелерінін тапқан табысы туралы мәліметтер;

3. жеке қосалқы шаруашылыгының болуы туралы мәліметтер.

         Әлеуметтік қорғауды қажет ететін оқушылар тізімі тамыз айының ортасынан анықтала басталды.

Биылғы оқу жылында тамыз акциясы шеңберінде аз қамтылған , көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және үйде оқытылатын балаларға жаңа оқу жылына дайындық қарсаңында «Міндетті білім қорынан» 58 оқушыға 11600 теңгеден қаражат берілді.

Жазғы «Таң нұры »сауықтыру лагеріне 12 оқушы жіберілді,әр жолдама 26000 теңге

Мектеп бойынша тегін ыстық тамақ ішіп отырған 40 оқушы бар.

Желтоқсан айының 26-сы күні аудан әкімі шыршасына 3 оқушы қатынасты.

Бүл жұмыс барысында сынып жетекшілері өткен оқу жылындағы аз қамтамасыз етілген оқушылардың кеткен-келгенін ,жағдайларын анықтау мақсатында үй аралап, зерттеу актілерін толтырды. Байқалған жағдайларына байланысты ата-аналарының өтініштерін жинады, ата-аналар комитетімен бірігіп бір мезгіл тегін ыстық тамақпен тамақтануға  сұраныс жасады.

Жалпы оқыту айлығының барысында «Қайырымдылық» акциясы да жүргізілді.

Биылғы акцияда мектеп ұжымы осы мәселеге көңіл аударып 4 оқушыға 51 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Осыларды есептей келгенде биылғы оқу жылының жарты жылдығында міндетті білім қорынан 1 505 871 теңге, демеушілер есебінен 51000 теңге қаражат жұмсалды.

Осы айтып кеткен жұмыс көлемінің бәрі бүгінгі күні біздің сынып жетекшілерімен бірге атқарып отырған жұмыстарымыз болып отыр.

Бүл жүмыс өзінің жалғасын алдағы  уақытта да табады деп білеміз.

Ең бақытты шақ дегенімізбен, балалық шақта, бала денсаулығының кейбір кемістігі, отбасындағы кейбір келеңсіздіктер бала жүрегіне қаяу түсіреді.

Біздің қоғамдық жүйеміз бала көңіліне қаяу түсірмеу үшін әрекет етеді. Қоғамымыздың ең басты байлығы адам факторы. Еліміздегі барлық білім беру орындарының басшыларына қамқорлықсыз қалған балалардың болмауы, аз қамтамасыз етілген отбасы балалары мен тұл және жартылай жетімдерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше қамқорлық көрсету тапсырылған.

Еліміздегі экологияның бұзылу салдарынан және басқа да себептерден туа біткен, тұқым құалаған, жүре пайда болған аурулар көбейіп, олар бала жүрегін жасытып отыр. Тіптен олардың саны көбеюде, мемлекетіміз бен елбасымыз осындай мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық көрсетуді қолға алып, мүмкіндігі шектеулі балалардың да, бұл саладан шет қалмауына көңіл бөлуде.

Осыған байланысты мектептің әлеуметтік педагогы балалармен жұмыстар жүргізіп жоғарыдағы мәселелерді ескеріп отырса, балалар өміріндегі мұңды күндер азайып өмірге құштарлығы артуы сөзсіз.

Сонда ғана «бақытты балалық шақ» деген сөз тіркестерін ұялмай айта алатын боламыз.

Әрбір педагог бүгінгі таңда «Қоғамымыздағы баланы қалай қорғасақ екен, жағдайын жасап, дұрыс қалыптасуына қалай әсер етсек екен» деген сұрақтарға үнемі жауап іздеп жүруіміз керек.

Әлеуметтік педагогтардың негізгі міндетінің өзі де отбасындағы баланың жағдайын қадағалау, мемлекет, қоғам, отбасы байланысын орнықтырушылық. Қиын бала, жағдайы төмен отбасы балалары, қамқорлықтағы бала, сәтсіз отбасындағы балалармен т.б. жұмыстар жүргізіп, баланы қоғамнан алшақтатпай, дұрыс тәрбиелеуі осы саладағы педагогтардың жұмыстарының жемісі.

Мектептегі әлеуметтік педагог-оқушының өз дәрежесінде қоғамымызда әлеуметтенуі үшін жоғарыдағы міндеттердің шешілуіне өз тарапынан белсенділік танытса нұр үстіне нұр болып мемлекетіміз бен елбасымыздың тапсырмасы оң шешімін табар еді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!