Материалдар / Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту жолдары туралы баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2023
241
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Көшкінбаева Айгүл Орынбасарқызы

«Жауқазын» бөбекжай балалар бақшасының жоғары

санатты тәрбиешісі



Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту жолдары

Баланың тілі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезде ағызаның барлық бөліктері дамып және жүйке жүйелер дамып, баланың дене және қалыпты дамуына қажетті қозғалыстары таным мен іскерлігі қалыптасады. Соңғы кездері балалардың арасында сөйлеу тілі бұзылуы жиі кездесетін құбылысқа айналып келді. Сөйлеу тілі бұзылған балада белсенді қозғалыс жетіспеушіліктер соның ішінде қолдың саусақ моторикасында ауытқушылықтар байқалады. Белгілі логопед- психолог М.И.Кольцова өз жұмысында ойлау қабілетін арттыру тіл мүкісін түзету саусақтардың моторикасын дамыту арқылы болатынын дәлелдеген.

Қазақ халық педагогикасында саусақ ойыны ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени шығармашылық. Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы арытатындығын білген.

Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды жан-жануарларды, ағаштарды т.б. көптеген бейнелерді бейнелей алады.

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейді дамымайды.

Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтын яғни, жазу, сызуға, үйренудің маңыздылығы болып саналады.

Ойын жаттығуларды өткізуде мына принциптерге сүйену қажет:

Ойын жаттығулар балаларға қызықты, тартымды болуы керек, ересек пен бала арасында сенімді қарым-қатынасқа құрылуы тиіс. Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, бала қолдың ептілігін толық жетілдіру, түзетті - тәрбие жұмысының жүйелі өткізілуін қалайды.

Ғалымдар мынадай заңдылықтарды алға тартады:

1. Егер саусақтың қимыл - қозғалысы жас ерекшеліктеріне сәйкес болса, онда тілдің дамуы өз дейгейінде болады;

2. Қолдың қимылын дамыту үшін үнемі жүргізіп отыру қажет;

3. Әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойын-жаттығулары мен тапсырмалар ұйымдастырылуы керек;

4.Ойын-жаттығулар балаларға қызықты және тартымды болуы және ересек пен бала арасында қарым қатынас сенімділікке құрылуы қажет;

5. Саусақ жаттығулары қарапайымнан күрделіге қарай ойысады; дамуы мен жақсаруы тікелей саусақ қимыл-қозғалысының қалыптасу сатысына байланысты

6.Тілдің Дегенмен, тәжірибеге жүгіне отырып, оларды жинақтасақ: қолға арналған гимнастика, саусақ гимнастикасы, саусақ ойындары мен жаттығулары, саусақ ойын-тренигі, массаждар, құм ойындары.

Саусақ гимнастикасы - күн сайын 3-5 минуттан топпен және жеке өткізіледі. Егер бала қимылдарды өз бетімен орындауда қиналса, онда ол жаттығулар жеке ұйымдастырған оқу і-әрекетке қалдырып, пысықтауға болады. Жаттығулар нәтижесінде бала саусақ қимылдарын өз бетімен жеңіл орындайды. Ойын қимылдарын әрдайым қызықты, тартымды болып, балаларды мезі етпеуі тиіс.

Саусақ ойындары мен жаттығулары орындау үшін әртүрлі бағыт қолданады. Саусақ қозғалыстары әртүрлі ырғақты, қысқа тақпақтармен айтылып және рөлдік бейнелермен көрсетіледі. Ол екіге бөлінеді:

1) Отырып ойнайтын саусақ ойындары

2) Қолдың нәзік бұлшық еттерімен бірге дененің барлық мүшелері қатысып, секіру, бір орында жүгіру, қол, аяқ, бас қимылдары да бірге орындалады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетке жол ашады. Барлық жастағы балаларға ұнайтын ойын әрекетінің бір түрі. Саусақ ойыны әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен ойынды түсіндіріп, әр қимылын көрсету керек. Саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарын нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге олардың сөйлеу тілімен қабілеттері дамитын болады және негізгі жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.

Саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең жолдарды тақпақтар шумағын сахналауға болады. Саусақтардың қимыл - қозғалысына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңді үйреніп сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есте сақтайды. Сонымен қатар екі қолды қимылдата отырып оң, сол, жоғары, төмен түсініктерін бағдарлай алады.

Құм ойындары - баланың шығармашылығын танымдық бейнелі - логикалық ақыл ойын дамытып қана қоймай, оның мейірімді, көпшіл көңіл-күйінің көтеріңкі бола білуіне әсерін тигізіп шаттық сезімге бөлейді. Дымқыл және құрғақ құммен ойнау балаға шексіз қуаныш сыйлайды. Балалар құм және сумен бір мезетте үлкен рахатқа бөленеді. Сонымен қатар балалардың құммен ойнағанда саусақ бұлшық еттері дамиды. Саусақты құмның жоғарғы бетімен көтермей жүргізу (шана ізі, жыланша ирелеңдеу, тышқан ізі т.б). Алақанмен жұдырықтың сыртымен із бір уақытта оң және сол қолдың саусақтарымен жүреді. Пианино немесе компьютерді басып ойнау бала үшін пайдалы.

Халық өзінің өмір тәжірибесінде тіршілікте қалай қолдануына қарай саусақтарға ат қойған. 1-ші саусақ- «Басбармақ», 2-ші саусақ – «Балаң үйрек», 3-ші саусақ – «Ортан терек», 4-ші саусақ - «Шылдыр шүмек», 5-ші саусақ – «Кішкентай бөбек».

Мысалы: Қуырмаш, санамақтар баланың саусақ қимылдарын арттыру тіл қызметінің дұрыс қалыптасуына және дамуына әсер етеді. Сондықтан баланың тілін дамыту үшін қол саусақтарының қимылдарын дамыту қажет. Ойлау, зейін қиял, көру қасиеттері қолдың майда моторикасымен тығыз байланысты. Саусақ қимыл жаттығуларының түрлері моншақтарды жіпке тізу, ермексазбен құрастыру, мозайка, бұршақтар қуырмаш өлеңдер. Саусақ жаттығуларымен ойындарын орындау үшін әртүрлі тәсілдер қолданады.

Балабақшадағы оқыту мен тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту сөздік қорларын молайту ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезінде тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берген. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Саусақ ойындары балабақшада және үй жағдайында әсерлі көңілді ұйымдастыруға болады.

«Судан ұстап аламыз»

Табаққа су құйылады. Оған бірнеше ұсақ заттар: Тығымдардың, бұтақтардың бөлшектері,ұсақ ойыншықтар т.б.тасталады.Балаға кішкентай електің көмегімен осы заттарды аулау және оларды оң жағындағы ыдысқа салу ұсынылады. Бала електі оң қолымен ұстауы тиіс.

Жиек бойымен жүргізіп шық.

Бұл ойынға мақпал қағазға жабыстырылған үй, машина, гүл, кесе сияқты суретті карточкалар пайдаланылады. Ересек адам бала саусағын мақпалға тигізе отырып суретте не бейнеленгенін сұрайды. Осы сурет бойымен моншақтарды немесе бұршақтарды жүргізіп шық деген тапсырма беріледі. Жабыстырып шығу арқылы ойын жалғасады.

Ойынға пайдаланылатын барлық заттар бала өміріне қауіп төндірмеуі керек.

Көпжылдық өз тәжірибемнен осы аталған тақырыпты аша отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін, саусақ бұлшық еттерін дамыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып, баланың тіл мүкістігін танып түзетуге жеке қасиеттерін зерттеп сөз байлығын молайтуға болатындығына көз жеткіздім. Менің алға қойған мақсатымда оқу- тәрбие үрдісінде қолдың ұсақ моторикасы арқылы балаларды жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін. Балаларды алғашқы топқа келген күннен бастап, жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп (тілінде, сөйлеуінде) қандай кемшіліктері барын анықтап, сол балалармен жеке жұмыстарды жүйелі өткізіп отырамын. Сонымен қатар өз тәжірибемде қолдың ұсақ моторикасына арналған саусақ ойын-жаттығуларын, сергіту сәттерін,санамақтарды баланың қызығушылығын оята отырып пайдаланымын. Саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтың нәзік қимылдарымен бұлшық еттерінің жетілуін сөйлеу тілі мен ойлауын дамытамын. Балалармен өткізген саусақ ойындары мен жаттығулары бала үшін өте тиімді. Ойындарға балалар қызуғышылықпен белсенділікпен қатысады. балаға қуаныш, шаттық сыйлайды. Ойындарға балалар қызығушылықпен белсенділікпен қатысады. Балалар саусақтардың аттарын атап, сөздің мәтініне қимыл-қозғалыстар жасайды. Саусақ ойындарын ойнамас бұрын ойынның ережесін, мазмұнын түсіндіремін. Әр саусақтың қимылын көрсетемін.Ойында өзім жетекші бола отырып, балалардың бір - бірімен жақсы қарым – қатынаста болуын қадағалаймын.Ойында белсенділік танытқан балаларды мадақтап отырамын. Саусақ ойындарын бой сергіту жаттығуларын,ертеңгілік жаттығу түрлерін, ұйымдастырылған оқу әрекеттеріннің барлық түрлерінде қолдануды өз тәжірбиемде көрсетіп жүрмін.Саусақ ойындарынның нәтижесінде балалардың тілі қимыл – қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамиды.

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға тары шаш.

Балапанға бидай шаш,

Балаларға тәтті шаш.

- дей келіп, жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашарда:

Сен түйеңе бар,

Сен жылқыға бар.

Сен сиырға бар,

Сен қойыңа бар,

Сен үйде отырып

Шешеңе көмектес.

- деп әр саусаққа тапсырма беріледі. Одан соң әр саусақтың басынан ұстай тұрып «қарның ашса: мына жерде нан бар, мына жерде май бар» деп әртүрлі астың атай келіп, қолтыққа жеткенде «қуырмаш»», «қуырмаш» деп қытықтайды.

А л балалар тұрайық

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.


Сонымен қатар балалардың тілін дамытып сөз байлығын арттыруда саусақ ойындарының,қолдың ұсақ моторикасына арналған ойын-жаттығулардың саусақ санауға арналған санамақтардың қолдануда балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық еттері дамып, үлкен нәтиже беретініне көз жеткіздім. Санамақтарды қолдану балалар үшін өте тиімді. Өйткені санамақты орындауда саусақты қималдата отырып, қимыл-қозғалыс жасайды.

Саусақ ойындарын ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттен тыс күннің ІІ-жартысында да ұйымдастырамын. Мысалы: «Әдемі әтеш» тақпағын саусақтарды қимылдата отырып, жаттатамын. «Көңілді піл» ойынында балалар ойыншықтарды бір-бірлеп алып аттарын атап, түстерін ажыратады.

Д әстүрлі емес технологиясын пайдалана отырып жасалған саусақ ойыны баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырады және шығармашылық әрекетіне жол ашады.

Дәстүрлі емес саусақ ойындарының түрлері:

Пирамида, мозаика, матрешка құрастыру;

Жасыру;

Қысқыштармен ойналатын ойындар;

Баулармен ойындар

Моншақтармен ойындар;

- Қағазға түйме, жіп, замок әр түрлі ұзындықта жапсыру, орау жұмысы;

- Ауада сурет салу;





«Қысқыштармен ойналатын ойын»

Ойын шарты: түрлі түсті қатты қағаздардан жасалған кірпінің суретіне қысқыштарды қыстырса, кірпілер пайда болады. Ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл - ойының тілінің дамуына зор ықпал етеді. Әр түрлі мағынадағы тапсырмалар балалардың есте сақтау,елестету,ойлау, берілген орындаулар, төзімділік,шыдамылық,бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйренеді


Ата-аналармен тығыз байланыста болып, дәстүрлі емес технологияны пайдалана отырып, әртүрлі тапсырмалар беріп үй жайында да балалармен саусақ ойындарын ойнауға кеңес беріп отырдым. Сонымен қатар ата-аналарменен өткізілетін дөңгелек үстелдер спорттық сайыстарда қолдың ұсақ моторикасын дамыту жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қолдың ұсақ моторикасын,тілін дамыту нәтижесінде балалар:

Саусақ ойындарының нәтижесінде:

  • Баланың сөйлеу тілі жетіледі;

  • Қимыл – қозғалысы артады;

  • Икемділігі артады;

  • логикалық ойлауы дамиды;

  • Танымдық деңгейі артады

Бар жақсылық ұрпақ тәрбиесінен аямағын халық баланы сылау мен өсіре отырып, құлағына бесік әуенін сіңіре білген нәресте есейген сайын ана сүтімен даритын сөйлеу тілін дамытып ,тазалыққа, имандылыққа, ізгілікке, ұқыптылыққа үйренеді. Оған дәлел- халық даналығы санамақтар, жұмбақтар ертегі-әңгімелер баланың сезімін селт еткізбей қоймайды. Бала қандайда бір саусақ ойынын жетік меңгерсе, онда міндетті түрде бір көрніске өлеңге жаңа бір сахна ойлап табады. Екі-үш жастағы балалар екі қолмен ойналатын ойынды меңгерсе, төрт- бес жастағы балалар белгілі бір көрніске саусақ арқылы сахналай алады.Саусақтардың ұсақ қимылдарын қалыптастыруға арналған жұмыс нәтижесі тиімді болу үшін әртүрлі әдістерді қолдану қажет Өз тәжірибемдетәрбиешілерге саусақ ойындарын сергіту жаттығуларын барлық ұйымдастырылған оқу әрекеттерінде қолдануды ұсындым .Сонымен қатар ата-аналарға дәстүрден тыс технология саусақ ойындарын үй жайында ойнауды да тәжірибеме енгіздім. Нәтижесінде балалардың тілі қиыл-қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамиды. Бүгінгі жас бүлдіршіндерді жан-жақты тәрбиелей отырып, тіл байлығын жетілдіру сөздік қорларын молайтуда саусақ ойындары өз нәтижесін береді.Сондықтан әріптестеріме қолдың ұсақ моторикасын жетілдіру жұмыстарын саусақ ойын- жаттығуларын қолдануды ұсынамын. Шығармашылықты дамытудағы әр жұмысты әр істі қызығушылықпен орындауға болатынын түсіндім. Келешектеде өткізілетін жұмыс нәтиже жемісті болу үшін жан-жақты әдіс-тәсілдерді қолдануды жалғастырамын.































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!