Материалдар / «Бала тағдыры назардан тыс қалмасын!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Бала тағдыры назардан тыс қалмасын!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
453
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама.


«Бала тағдыры назардан тыс қалмасын!»


Құрметті ата-аналар!

Соңғы кезде әлеуметтік желілерде «Синий кит» («Тихий дом») деген өлімге жетелейтін ойын тарап кетті. Ойынның мазмұны – «НҰСҚАУШЫНЫҢ» айтуы бойынша «ОЙЫНШЫ» 50 тапсырманы орындау керек. Барлық тапсырмалар орындалып болғанда, ең соңғы тапсырмасы – суицид. Ал олардың айтқанымен келіспеген жағдайда «НҰСҚАУШЫ» «ОЙЫНШЫНЫҢ» туыстарына зиян келтіретінін айтып, қорқытады.

ІІБ ата-аталарға төмендегіше ескертпелер жасауда:

  1. Жасөспірім қанша ерте ұйқыға жатса да, оның ұйқысы қанбайды. Таңғы мезгілде балаңыздың ұйқыда ма, жоқ па, қадағалаңыз.

  2. Киттердің, көбелектердің немесе единорогтың суреттерін салады.

  3. Желіде мынадай топтарға кіреді: «Киты плывут вверх», «Разбуди меня в 4.20.», f57, f58, «Тихий дом», «Рина», «Ня.пока», «Море китов», «50 дней до моего...».

  4. Осындай хабарлама алатын беттерді ашу жолдарын жауып тастайды. Өзінің жеке «бетінде» «Разбуди меня в 4.20.», «Я в игре» деген фразалармен достарымен бөліседі. Егер 50-ден бастап төмен қарай сандар пайда болса – ҚАУІПТІ!

  5. Таныс емес адамдармен хат алмасады.


Психологтардың пікірінше:

СУИЦИДТІК ҚАУІПТІ РЕФЕРЕНТТІК ТОП - бұл:

  1. Жекелік қарым-қатынастары ауытқығандар, «жалғыз жүретіндер», алкоголь немесе наркотикпен айналысатындар, физикалық зорлық-зомбылық жасайтын жастар.

  2. Өзіне өте жоғары деңгейде сынмен қарайтындар.

  3. Жуырда орын алған қорлықты көрген немесе қайғылы жағдайға тап болып, жақын адамынан айырылған балалар.

  4. Шынайы жетістіктері мен өмірде күтілетін табыстарының арасындағы алшақтығы бар психикалық ауытқыған жасөспірімдер.

  5. Ауыр сырқаттан зардап шеккен немесе қоршаған ортадан тыс қалған адамдар.


Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психологиялық процесіне және де баланың дербестік ерікті іс-әрекетіне айналады. Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Орта ғасырда бір испан епископы былай деп жазған екен: «Жетімханадағы балалар зерігіп, зеріккендіктен өледі». 30-жылдары АҚШ-та эксперимент жүргізілген: 2 клиникада қауіпті, әрең жазылатын ауру балалар жатқан. Оның біреуінде балалар туысқандарымен кездеседі, ал екіншісінде туыстарымен жолықтырылмайды. Осы екі клиникада жазылу тиімділігін салыстырғанда: оның біріншісінде – бала өлімі болмаған да, ал екіншісінде – балалардың үштен бірі шетінеген. Сондықтан үйде болсын, мектепте болсын баламен үнемі тығыз қарым-қатынаста болу қажет. Адам өзін-өзі бағалау үшін басқаның мақұлдауын қажет етеді. У.Джеймстің айтуынша: «Адам үшін қоғамда өз бетімен назардан тыс қалу және басқалардың оны мүлдем байқамауы – ең зор жаза». Атақты ағылшын психологы Р.Ленг – бекітілмеу, көптеген психологиялық ауру, әсіресе шизофренияның себебі деген қорытындыға келген. Оның байқаулары бойынша, басқа да зерттеулер көрсеткендей, эндогенді психозбен көбінесе ата-аналары тарапынан шеттетілген балалар ауырады екен.

Shape1

Ата-аналарға кеңестер:

  • Балалардың отбасылық және ішкі мәселелерін ашық талқылаңыздар;

  • Отбасылық жанжалдарға балаларды араластырмаңыздар;

  • Баланы тыңдай, оның сұрақтарына жауап бере, оның мәселелерін талқылай білу қажет;

  • Оның өмірінде немқұрайлы емес, шынайы қатысу қажет;

  • Оған сеніңіз, кездейсоқ еркелігін кешіріңіз;

  • Балаларыңызға шынайы мақсаттарды қоюға және оларға қол жеткізуге ұмтылуға көмектесіңіз;

  • Кедергілерді жеңуге міндетті түрде жәрдемдесіңіз;

  • Баланың үйдегі, мектептегі және даладағы құқықтары мен міндеттерін нақты анықтай біліңіз. Бұл жерде дөрекілік емес, табандылық қажет;

  • Оны кемшіліктері үшін айыптамаңыз, кінәламаңыз, оны қорқыныш, жалғандық, жауласу әлеміне жолатпаңыз. (Әрекетті сынға алуға болады, бірақ адамды емес!),

  • Жастардың кез-келген құнды оң бастамаларын сөзбен және іспен қолдаңыз;

  • Ешқандай жағдайда күш қолданатын жазалауды қолданбаңыз;

  • Өсіп келе жатқан балаларыңызды жақсы көріңіз, қамқоршыл болыңыз және өте маңыздысы, олармен әдепті болыңыз;

  • Бір-біріңізді балаға билік етумен бопсаламаңыз;

  • Қиын сәтте жанында болатын қамқоршы, жақсы көретін адамға көп нәрсе тәуелді;

  • Ол потенциалды суициденттің өмірін құтқарып қалуы мүмкін;

  • Ең бастысы, баланың дамуына көмектесіп, әсер ету нәтижесін, өз еңбегіңіздің нәтижесін ала отырып, өз баларыңызды қалай бар, солайша қабылдауға үйреніңіз.

Shape2

Құрметті ата-аналар!

  • Сіздердің әр қайсысыңыз, балаңыңызда мәселесі қайда (қандай) екеніне ойлансаңыздар.

  • Бала тағдырына қызығушылық таныту, сіздің көмектесуге әзірлігіңіз оған эмоционалдық тірек болады, Сіздің көмегіңізді қабылдай отыра, дұрыс қадам жасағанына көз жеткізеді.

  • Өзіне-өзі қол жұмсау ишараларына жете қарау қажет. Көмек сұрау айғайы, жалғыздық күйзелісіне араласудың бірден-бір мүмкіндігіне ие көмек беруші адамның қарсы әсеріне мұқтаждығына күмән келтіруге болмайды.

  • Жасөспірімнің көңіл күйі түскені және басқа да депрессивті жағдайы байқалса, баланың бұл жағдайдан шығуына көмектесу үшін дереу шаралар қолдану қажет. Жасөспірімдерде депрессияның алдын алу өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуда өте маңызды болып табылады. Жасөспірімдерде депрессияның алдын алуда ата-аналары маңызды рөлге ие.

  • Баламен сөйлесу, оның жағдайы туралы сұрақтар қою қажет, болашақ туралы әңгімелесу керек, жоспарлар құру қажет. Бұл әңгімелесулер позитивті болу керек. Балаға оптимистік ықпалды «иландыру» қажет, сенім орнатып, оның алға қойған мақсаттарға жете алатындығын көрсету керек.

  • Баланы «үнемі ризасыз кейпі» және «жылауықтығы» үшін кінәламаңыз, одан да оң жақтары мен оның тұлғасының ресурстарын көрсетіңіз. Оны одан жетістікті, қайырымды, ширақ басқа балалармен салыстырмаңыз. Бұл салыстырулар жасөспірімнің онсыз да төмен өзіндік бағалауын түсіреді. Бүгінгі жасөспірімді кешегі жасөспіріммен салыстырып, ертеңгі жасөспірімнің позитивті бейнесіне бағыттауға болады.

  • Жасөспірімге күн тәртібін сақтау қажет. Оның ұйқысы жақсы қанып, жақсы тамақтануы, таза ауада қажетті уақыт болуы, спортты қозғалмалы түрімен айналысуы қажет.

  • Депрессия – психофизиологиялық жағдай. Бұл кезеңде жасөспірімнің физикалық жағдайын қолдау керек, тым болмаса, екі белгі қалыптасса, маманға кеңеспен жүгініңіз.

  • Адамда, соның ішінде жасөспірімде, антисуисидтік, өмірге деген табандылық факторларының саны көп болса, оның «психологиялық қорғанысы» және өзіне деген ішкі сенімі мықты болса, оның антисуицидтік тосқауылы берік болады!

Shape3 ЖАСӨСПІРІМДІ ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУДАН НЕ

ТОҚТАТУЫ МҮМКІН?


  • Баламен қамқорлық қарым-қатынастарды орнатыңыз;

  • Зейінді тындаушы болыңыз;

  • Қатынаста шынайы болыңыз, қорқынышты жағдай туралы байыпты және түсінікті сұраңыз;

  • Психикалық ыңғайсыздық көзін анықтауға көмектесіңіз;

  • Барлық мәселелерді дұрыс шешу үшін сенім орнатыңыз;

  • Балаға оның тұлғалық қорларын тануға көмектесіңіз;

  • Баланың осы шақта сәтті орнығуы үшін қолдау көрсетіңіз және болашақтағы бағытты анықтауға көмектесіңіз;

  • Жасөспірімді зейінмен тыңдаңыз!

Shape4

ОТБАСЫНДА БАЛАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ

ЕРЕЖЕЛЕРІ


  • Жаманшылыққа күманданбаңыз;

  • Мазақ қылмаңыз;

  • Аңдымаңыз;

  • Тергемеңіз;

  • Тәжікелемеңіз;

  • Жауапкершілікке мәжбүрлемеңіз;

  • Қарым-қатынастың сырластық тәжірибесін бақыламаңыз;

  • Үйде тыныштық, сенім, қауіпсіздік ахуалын жасаңыз;

  • Үйде ашықтық принципі бойынша қарым-ақтынас әдетін тудырыңыз;

  • Өзіндік тәжірибе құқығын беріңіз.



Shape5 БАЛАЛАРДА ӨЗІНДІК ҚАДІРЛЕУ МЕН ЖЕКЕ АДАМГЕРШІЛІГІН ДАМЫТУҒА ҚАЛАЙ ЖӘРДЕМЕДЕСУ КЕРЕК?


Мектепте:

  • Жетістікке жетуге шынайы мүмкіндіктер ұсыныңыз;

  • Балаға үнемі қызығушылық таныту, оның бастамаларын қабылдау және қолдау;

  • Өткендегі қателіктері мен шалыс басуларына көңіл аудармай, мінезінің оң жақтарына назар салыңыз;

  • Үнемі баланы қолдап, қайраттандырып, мақтау қажет, оны ешқашан сынға алмай,оған арсыздық көрсетпеу қажет;

  • Баланың қолынан келетін тапсырмаларды таңдай отыра, оның сенімсіздігінің, қателік жіберуден және сәтсіздіктен, жаңа істен қорқудың алдын алу;

  • Оған нақты мақсаттарды қоя білу және оның жетістіктері мен сәттіліктеріне шынайы баға беру.


ОShape6 тбасында:


  • Қарым-қатынаста жылылық және эмоционалдық пікір білдіру, барлық жағдайда қолдау көрсету қажет;

  • Отбасына эмоционалдық жақындық ахуалын жасаңыз;

  • Балаға үнемі қызығушылық танытыңыз, оған қамқор болыңыз;

  • Талаптылықты – немқұрайлықтан, бостандықты – шектеуден, қатынастағы жылылықты – шеттетуден артық көріңіз;

  • Балалармен қарым-қатынаста авторитарлық позицияларды жойыңыз.


Әрбір ата–ана қажет етсін, етпесін ол – тәрбиеші. Тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына қоғамдық мән бере білетін ата–аналар тәрбиеші ғана емес, педагогта бола білетін жандар екені белгілі.

Қорыта келгенде МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ айтқандай:

Тәрбиедегі мақсат – баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару”. Келешекте жас ұрпақты бар мейірімі мен күш жігерін сарп етіп, болашақ еліміздің тұтқасы болуына ата – ана еңбек етсе, болашақтың тізгінін ұстар, халықтың үмітін ақтар, дені сау, білімді де саналы ұрпақ өсіруіміз керек.































Ата-аналарға кеңестер:

  • Балалардың отбасылық және ішкі мәселелерін ашық талқылаңыздар;

  • Отбасылық жанжалдарға балаларды араластырмаңыздар;

  • Баланы тыңдай, оның сұрақтарына жауап бере, оның мәселелерін талқылай білу қажет;

  • Оның өмірінде немқұрайлы емес, шынайы қатысу қажет;

  • Оған сеніңіз, кездейсоқ еркелігін кешіріңіз;

  • Балаларыңызға шынайы мақсаттарды қоюға және оларға қол жеткізуге ұмтылуға көмектесіңіз;

  • Кедергілерді жеңуге міндетті түрде жәрдемдесіңіз;

  • Баланың үйдегі, мектептегі және даладағы құқықтары мен міндеттерін нақты анықтай біліңіз. Бұл жерде дөрекілік емес, табандылық қажет;

  • Оны кемшіліктері үшін айыптамаңыз, кінәламаңыз, оны қорқыныш, жалғандық, жауласу әлеміне жолатпаңыз. (Әрекетті сынға алуға болады, бірақ адамды емес!),

  • Жастардың кез-келген құнды оң бастамаларын сөзбен және іспен қолдаңыз;

  • Ешқандай жағдайда күш қолданатын жазалауды қолданбаңыз;

  • Өсіп келе жатқан балаларыңызды жақсы көріңіз, қамқоршыл болыңыз және өте маңыздысы, олармен әдепті болыңыз;

  • Бір-біріңізді балаға билік етумен бопсаламаңыз;

  • Қиын сәтте жанында болатын қамқоршы, жақсы көретін адамға көп нәрсе тәуелді;

  • Ол потенциалды суициденттің өмірін құтқарып қалуы мүмкін;

  • Ең бастысы, баланың дамуына көмектесіп, әсер ету нәтижесін, өз еңбегіңіздің нәтижесін ала отырып, өз баларыңызды қалай бар, солайша қабылдауға үйреніңіз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!