Материалдар / Бала тәрбиесі баршаға ортақ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала тәрбиесі баршаға ортақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесі баршаға ортақ атты мақала бала бақшаға және мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының тәрбиешілеріне арналады. Бала тәрбиесі баршаға ортақ іс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2022
524
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бала тәрбиесі баршаға ортақ.


Тәрбие-адам баласының дүние есігін ашпас бұрын ананың сүті арқылы берілер баланың бағдары. Әр бала үшін басты ұстазы оның ата-анасы. Ұйыған отбасының берер тәрбиесін іліп әкетер қазіргі бала жағдайы ең өзекті мәселе десек те болады.

Ең басты тәрбие – ол тал бесіктен деп ойлаймын. Әр ата-ана өз баласына бақыт бергісі келетіні әрине, белгілі. Бірақ, бақытты бала қандай болуы керек? деген сұрақтың жауабын кім – кім де болса іздейді.

 Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу, оның мектепте жақсы оқуына, болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді. Үйде балаларды жазу сызуға, ауызша есепке машықтандыру, оларға қызықты әңгімелер айтып беру сияқты істермен қоса оларды бір мезгіл үй шаруасымен айналыстырып отырса, бала үшін оның маңызы зор. Бұл ретте бала біріншіден білімге құштар болса, екіншіден ол еңбекке дағдыланады. Ал еңбек пен білім егіз екенін естен шығармауымыз керек. 

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,-демекші, Тәрбиеші де – ұстаз. Ол – бар білгенін болашақ ұрпақпен бөлісер, білім нәрімен білмегеннің тамырын сусындатар асыл адам.

Бос уақытын бала тәрбиесі мен біліміне жұмсаған ардақты жан, аяулы ана – ол ұстаз. Әр сәби дүние есігін ашқан сәттен бастап Абай атам айтқандай екі түрлі мінезбен туылады.

Біреуі – ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен дейді. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дейді. Сол секілді әр ата-ана өз баласының білім деңгейін ояту мақсатында балаларын балабақшаға, мектепке білім алуға береді.

Тәрбиеші – психолог. Иә, қаншама балаларды білімге жетелер жан, әр сәбидің психологиясынан хабардар. Кім қалай оқиды, кімнің сабаққа құштарлығы басымырақ, кім сабаққа қызықпайды. Бұл белгілер тәрбиешіге етене таныс жағдай.

Ұрпағымызды ұлттық тәрбиеге баулып, бойына адамгершілікті, мәдениетті, инабаттылықты, өз ана-тіліне деген құрметті сіңіре тәрбиелеу міндеті. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетіліп, дамыған, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – менің міндетім әрі отбасының, мектептің барша қауымның міндеті.

Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие жүйесін қайта құрудың басты шарты – балабақшаға қолайлы жағдай жасау, тәрбие мәселесін жүйелі жүргізу, мекемелердің материалдық техникалық базасын жақсартып, кадрлардың біліктілігін арттыру.

Балабақшада, мектепте тәрбиеші болу жауапкершілікті қажет ететін ең қиын жұмыс. Соған қарамастан әр келешек ұрпаққа білім беріп, саналы түрде тәрбиемен сусындатуға тырысамын. Балаларға үйрету арқылы, өзім де көп нәрсені үйренемін. Білім беріп қана қоймай, әр баланың психологиясына да терең мән беруге тырысамын. Әр шәкіртті алға тарту арқылы олардың зейіндерінің де ашылуына көп септігімді тигізіп келемін.

Халымыздың сан ғасырдан бергі даналағына құлақ ассақ «Адамның бір қызығы бала деген» екен. Кез-келген адам өмір бойы жете алмайтын бақыты өзінің ұрпағымен келетініне мән бермеуі мүмкін. Біреу бақытын байлықтан іздесе, біреулер мансап қуып ,қызмет істеп өмір бойы беделді, жоғарғы қызметте істейді. Мұның бәрі уақытша нәрсе. Адамның негізгі бақыты –өзінің ұрпағы. «Адам ұрпағымен мың жасайды». Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын үлкен міндет тұрады, ол -ұрпақ тәрбиесі.

Баланың жақсы ісін мадақтап, теріс қылығын дұрыстап отырса, ол да үлкендерді сыйлап оларға көмектесуге әрдайым дайын тұрады. Кез-келген іске ұрысып айқаймен жауап беру, ол бала мен ата-ана арасындағы сыйластықты жоғалтады.

Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға, сондықтан да ата-ана балаларының жан дүниесіне үңіліп, өз баласының мінезін жетік білгені жөн. Балалардың айтқан ұсынысын, пікірін жақсы көзқараспен қараған жөн.

Бала кішкентай кезінде ата-анасына көмектескісі келіп тұрады , көрген заттарын не үшін керек екенін білгісі келіп тұрады, сол уақытта толығымен жауап беріп түсіндіріп отыру керек.Тіпте , сенің қолыңнан келеді деп тапсырма беріп оны аяғына дейін жеткізу керектігін тапсыру керек. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатырған бала өзінің отбасыға, қоғамға керек екенін түсінеді. Әр істеген ісіне ұқыпты болады.

Баланың жақсысы –әке шешенің ары, ата-ананың абыройы, ал егерде жаман болса онда ата-ананың соры. Сондықтан да баланың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, бойындағы дарынына байланысты әрі қарай білім алу, тіпте қасындағы достары кім екенін мән беру, ата-ананың басты міндеттерінің бірі. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ештеңе жоқ, ол ең үлкен, әрі күрделі мәселе.

Бала үшін ата-анасынан, бауырларынан артық адам болмайды. Адамгершілік, бауырмалдық, инабаттылық, кішіпейілділік қасиеттерді бала кішкентай кезінде оны өз отбасынан үйренсе, және де үлкендердің істеген ісін көріп өскен бала, өзі де өсе келе ол үлкен ортада, сол тәрбиелігін көрсетеді, «жақсы, тәрбиелі» деген атқа лайық марапат алады. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген халық даналығы осыған мысал.

Балаға сұрақ беріп, ақыл- ойына , қиялына бір сәт еркіндік берсеңіз, оның тың, үлкен адамның ойына келмейтін жауаптар айтуы әбден мүмкін. Балаларға түрлі ертегі айтып беру арқылы, сол ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді ажырату арқылы жақсы қасиеттерін ойға түйеді.

Балаларды тәрбиелеудің тағы да бір жағы- бұл еңбек. Еңбек ақыл- ойды дамытады, әр нәрсені салыстыруға үйренеді,өз ісін жоспарлауға дағдыланады.

Балабақшада ойын кезінде да сан түрлі қимылдарды орындайды, қуыршақты киіндіреді, тамақтандырады, жуындырады, ән айтып береді,ұйқыға жатқызады, осындай істерді балалардың жақсы көрушілігі айналаға деген қамқорлығын, еңбексүйгіштігін көрсетеді. Топтағы ең жауапты міндеттердің бірі балалардың еңбеккке ықыласының және қабілетінің болуына- еңбек сүйгіштікке баулуының арқасында тәрбиелі болып өсуінің тағы да бір дәлелі.Ежелгі қағида- «бала тәрбиесі бесіктен»- басталады дегендей баланы ата-ана мен балабақша тәрбиелеуі, одан қалды ортасы қоғам тәрбиелеуі тиіс.

Одан өсе келе бала мектеп табалдырығын аттайды, содан бастап мұғалім, бірге жүрген ортасы тәрбиеге араласады . Міне осыдан кейін баланың жүрген ортасы бала тәрбиесіне, оның одан әрі жақсы өсіп жетілуіне көп септігін тигізеді. Көп балалар жақсы ұстазына қарап еліктеп ,осы апайға немесе ағайға ұқсасам екен деп бойын , ойын түзейді.

Тағы да айта кететін болсақ, ұлттық ойындардың да бала тәрбиесінде алатын орны өте ерекше. Ұлттық ойындардың көпшілігі ұқыптылыққа, мықтылыққа, дене бітімінің жақсы жетілуіне септігін тигізеді. Мысалы: «Омпы»-асықты бір сызық бойына тізу арқылы дәл көздеп ата білуге, шапшаңдыққа, мергендікке тәрбиелейді. «Көтермек»-баланың күшін сынап, өз бойындағы күшті қалыптастыра білуге, жеңе білуге тәрбиелейді. Осы және тағы да басқа ұлттық ойындар балалардың бұзақылық мінез көрсетуіне уақыты болмай, керісінше олардың тәрбиелі, тәртіпті болып өсуіне және пайдалы істермен айналысуына септігін тигізеді.

Ұрпағымызды ұлттық тәрбиеге баулып бойына адамгершілікті, мәдениетті, инабатты, өз ана тіліне деген құрметті сіңіре тәрбиелеу алдымен ата-ананың, сонан соң өскен ортасының міндеті. Бала біздің болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.



Семей қаласы, №21 жалпы орта білім

беретін мектеп

Серикова Айгул Сериковна



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!