ТРЕНИНГ
ТАҚЫРЫБЫ: “Бала тәрбиесінде ата-ана
тарапынан қандай
қасиеттер
керек?”
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың
дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің
әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Баланы
бағалауға, сезінуге, түсіне білуге
баулу.
Ата-аналар тәрбиеде
шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды. Алайда оған арнайы білім
қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді. Бүгінгі жиналысымызда
ата-ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы
әңгімелеп, оны жаттығулар арқылы көрсетуге
тырысамыз.
І-бөлім
Мақсаты: Әр отбасының бала
тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді
сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе
қарастыру.
Сіздерді ортаға шаттық
шеңберіне шақырамын.
Шаттық
шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Міне сіздермен біз үлкен киіз
үйді құрдық.
Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде
бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша:
өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен
сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса
барлығымыз орнымызға жайғасайық.
Ассосация
“Жанұя”
(Доп беру арқылы жақсы
қасиеттер айту)
Мақсаты: балаңызды жақсы тани
білесіз ба?
-
Балаңыздың туған күні?
-
Балаңыздың парталас көршісі
кім?
-
Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы
көреді?
-
Сынып жетекшісінің толық
аты-жөні?
-
Балаңыздың сүйікті асы қандай?
-
Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы
барды?
-
Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім
киеді?
-
Балаңыз қандай түсті жақсы
көреді?
-
Балаңызды еркелетіп қандай сөз
айтасыз?
-
Балаңыз сізді ренжіткенде, ең
алдымен қандай сөз ауызыңызға түседі?
Өзіңді-өзің
танысаң — істің басы
Жақсы немесе жаман
қасиеттер тренинг — Абай атамыздың «Сегіз
батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі.
Алла мықты жаратқан сегіз
батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр
Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.
Міне, осы жұмбақтың жауабы
сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық»
екен. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы
бейнемізге қарап ойланамыз. Ал, енді сіздер берілген парақтың
оң жағына жақсы , сол жағына жаман қасиеттеріңізді жазасыздар.
3 мин
Қандай қасиеттерді көп
жаздыңыздар?
Қайсысынан өзіңізді көбірек
таптыңыз?
Осыған дейін осы қасиеттер
жайлы ойланып көрдіңіз бе?
(Барлығы жазған қасиеттерін
оқып шығады) Жаман қасиеттеріңізден арылғыларыңыз келе ме?
Ендеше жаман қасиеттеріңізді бөліп жыртып алып «менің бойымнан осы
жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп айтып ұсақтап жыртып
тастаймыз.
Ой
жинақтау.
Ата-аналар 2-топқа бөлінеді.
Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу
жолдарын тірек-сызба, сурет арқылы қорғап
шығады.
-
Баланың дамып жетілуіне қандай
тәрбие әдістерін қолданасыз?
-
Баланың оқу үлгеріміне
отбасының қарым-қатынасы әсерін тигізе ме?
Қортындылай келе, осы
әдіс-тәсілдерді өмірде қолдансақ, неше түрлі қиын жағдайлардан шыға
алатын боламыз. Өз ойларыңызды ортаға салғандарыңызға
рахмет!
Байлаулы бала
(тренинг):
Бір ата-ана ортаға шығады.
Төмендегідей сұрақтар қойылады.
- Сіз балаңызбен көл жағасына
бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті.
Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
- Қарасаңыз балаңыз адамдардың
тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап
отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы
байланады)
-
Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен
айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің
әрекетіңіз? (көзі байланады)
-
Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз
ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі
байланады)
-
Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын
берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)
Қорыта
айтқанда,
міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті
ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын,
«өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз
бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.
ІІ-бөлім
Жалпылау
жағдаяттар
Бала әрдайым ата-ананың аялы
алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының
тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға
басады.
Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше
жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенімін
тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда
оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен
салыстыруға әуестенбеу керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары
бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ, ол басқа бала.
Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге
ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір
сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге
икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан
баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен
қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана
баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең
бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не
күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.
Жағдаяттар
|
Сіздің
іс-әрекетіңіз
|
|
|
|
1. Бір нәрсеге ашулы 11 жасар
ұлы мектептен келе сала: “құрсын мектеп! Мұғалімдердің бәрі
әділетсіз” деп күйіп іседі.
|
|
2. 1сыныпта оқитын қызы:
“Математикадан болатын бақылау жұмысынан қорқамын” –
дейді.
|
|
3. Нұрлан 5 сыныпта оқиды.
Нұрланның білім алуға деген ынтасы жақсы. Оқыса жақсы оқушылар
қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ, ата-ана бала тәрбиесіне
жауапсыз қарайды. Баланы себепсіз сабақтан қалдырады, мектепте
өтетін жиындарға келмейді.
|
Нұрланның ата-анасының қылығын
қалай бағалайсыз?
|
1-жағдайдабаланың мектепке
өкпесі зор. Ол шешесі тарапынан қолдау тапқысы келеді. Түсініп,
жағдайын сұрар деп ойлайды.
2- жағдайда бала өзіне
сенімсіз, ата-анасынан қолдау күтеді. Ата-аналар тарапынан «Сен
мүлде дайындалмайсың, сондықтан еңбегіне қарай аласың! » немесе
«Бүгін шаршап тұрмын» деген жауаптар болмағаны жақсы, бұндай
жауаптардан немқұрайлықты, салғырттықты
сезеді.
-
Кез келген шешімді қабылдауға
асығыстық жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайды
қарамайтыңызды көретіндей, оны тыңдауға дайын екендігіңізді
байқайтындай болсын.
-
Кейде бала бір сәтсіздіктерге
ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ,
қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Сәйтеді де баланың
өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен
қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады.
Өсиет
әңгіме. Жағдайлы бір отбасы
баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды.
Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар,
компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ
баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа
кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша
табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының
күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.
Бала сол күннен бастап
ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай
бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен
күні бала ата-анасына өтініш жасайды.
— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай
бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.
Бір күнгі табыстарыңызды мен
төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге
өтінді?)
Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн
сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін
емес.
"Шегенің
ізі"
Мінезі жаман бір жас жігіт
болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын
ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік
беріп: «Маңайындағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын
тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты. Алғашқы
күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі
күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса
көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді
сол достарыңмен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір
шегеден суырып отыр», - дейді. Біраз күндер өтіпті. Бір күні
қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай
бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп:
«Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап
тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған
көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі
болып қалмады. Достарыңмен төбелескен сайын арада жаман сөздер
айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір
дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңліне кірбің
ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік
ұмытылмас сабақ ұқтырар.
Иә, реніш артынан риясыз
кешірілсе жақсы, әйтпесе, көп жағдайда жан сыздатар, еске түскен
сайын көңілді қаралап, жанды жаралайтын із тастап кететіні, ащы да
болса ақиқат. «Алдыңа келсе, атаңның айыбын кеш» деген бабаларымыз
әрқашан кешірімді негіз етіп ұстаған. «Бір ашуыңды маған
бер», «Тентегімді жөнге салуды өзіме қалдыр», «Бір білместік өтті»,
егер бала болса «ісінің шалалығы» деп, жас болса «жастық шақта
кімнің басынан не өтпейді» деп, үлкен кісі болса «жаңылмайтын жақ,
сүрінбейтін тұяқ бола ма» деген секілді сөздермен әйтеуір екі жақты
өз рәуішінде бітістіруге, араларын татуластыруға, артын тым
ушықтырмауға тырысқан.
ІІІ-бөлім Видеоролик (ата-анаға
кеңес).
Қорыта келгенде МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ айтқандай:
“Тәрбиедегі мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару
емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару”,- деген екен.
Келешекте жас ұрпақты бар мейірімі мен күш жігерін сарп етіп,
болашақ еліміздің тұтқасы болуына ата - ана еңбек етсе, болашақтың
тізгінін ұстар, халықтың үмітін ақтар, дені сау, білімді де саналы
ұрпақ өсіруіміз керек.
Назарларыңызға рахмет!
Орындаған: Н.Б.Несипбекова,
З.З.Достаева