Материалдар / "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі"баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі"баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға арналған баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2021
408
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі»КММ

Мектеп психологі Шамшия Магзумова Шамшия

Баяндама

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

Баланың шыр етіп өмірге келуі зор қуаныш. Өйткені, бала өмірдің сәні, отбасының шаттығы, Алланың берген сыйы. Дана қазақ тоғыз ай құрсақта жаткан сәбиді шілдеханамен қарсы алып, тербелген тал бесікке салған. Бесік жырымен әлдилеген алақанға салып аялаған. Тәрбиесіне жауаптылықпен қарап, бойына жақсы қасиеттер сіңіруге тырысқан.

Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз-ата-ана. Ата-ана- бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін үй ішінен ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдылық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сиякты қасиеттер- жанұяда тәрбие балаға сөзбен дамымайды, үлкендердің үлгісімен ісінеді. Сондықтан, әке де, шешеде балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білген жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікіріменде санасып отырған орынды.

Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылған талаптар, міндеттері, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу. Балалның бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ана-ананың басты парызы.

Қарапайым мысалға жүгінсек, мектепке келген кезінде сондай сүйкімді, тілалғыш, жүрегі таза, сезімі пәк жас бүлдіршін орта немесе жоғары буынға келгенде неге өзгеріп сала береді? Сондықтан мына бала қандай еді, қалай өзгеріп кетті? Мынандай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды? Неге озбырлық жасауға бейім болып алды?- деген сикты сауалдар алдыңнан кесекөлдеңеңдеді. Әрине, оның себептерін жан-жақтан іздеуге болады. Ата-анасын, жүрген ортасын қосқанда оның тәрбиесіне мұғалімнен басқа бірнеше адамның қатысы бар. Балаға жүрек жылуы қашанда қажет, және ол ешқашан артық болмайды. Анасынан көрмеген сүйіспеншілікті мұғалімнен көрген бала «менің ата-анамда осындай болса» деп армандауы мүмкін. Мұғалім тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді. Баласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез-келген ата-ананың қолынан келе бермеді.біреуі жақсы киіндіріп қояды, біреуі тамағы тоқ болса болды деп, қалтасына ақшасын салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, айтқанын орындатады. Бала қорыққанынан уақытша тыңдайды, бірақ ата-анасының уысынан шыққан сон өзін-өзі ұстай алмайтын жағдайға жетеді. Дәстүрлі қоғамда ата-анасының тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-аналар жыр, дастан ертегі айтып, немере шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған. Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынанда артық көріп, тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата-апасын өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, ата-анасының қара шаңырағына ие болыпта қалатын жайт кездеседі. Әке-әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер, білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелейді. Ер бала ең алдымен әкенің өнегесінен нағыз ер адам қандай болу керектігін қабылдайды. Сондықтанда әке ұлын батылдыққа, батырлыққа, ер жүректікке, адалдыққа, қайраттылыққа, ұлтжандыққа, әйел баласына серілік өарым-қатынас танытуға, отағасы қандай болу керек екендігін өз тәжірибесі арқылы үйретіп, үй еңбегіндегі аса қиынға соғатын істерді өз мойнан алуға талпынуға тәрбиелеуі керек.

Жас шыбықты қалай исен, солай өседі ғой. Иә, «ұяда не көрсен ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады.

Дүниенің ең тамаша туындысы- тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтанда туған үйдің жылуы- оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып,мәңгі есінде болады. Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.

Адамгершілікті, саналылығы биік ата-ананың , отбасы мүшелерінің бір-бірімен сыйласуы, сыйласуы, сіңісуы, қолдауы, көмегі, татуылығы мен ынтымағы, бір-біріне талап қоя білуі, әрқашан әділ болуы, өзара қарқорлығы салтқа кірген отбасынан қашанда көргенді, білікті, іскер азаматтар өсіп шығады.

Әйелдің басты парызы- ата-ана атанып, адамзат ұрпағын көбейтуге үлес қосу, әр адам ұл-қыз сүйіп әрқайсысына отау тіктіріп, енші бөліп берсін, немерелер мен шөберелердің қызығын көрсін-яғни солардың бәрін саналы азамат, өнерлі еңбекқор етіп, тәрбиелесін-халықтың қалауы осы. «Бала –артта қалған із, бақыт, ұзатылған қыз» дейді халық. Ал ананың міндеті ұлының алдында барлық әйелге тән жақсы қасиеттерді көрсете отырып., өзінің шынайы және шексіз махаббатымен ұлынан да әйел баласы алдында сондай жауапты қасиеттерді көрсетуге шақырады жіне оның эмоционалды дамуына себепші болады. Ер баланың анасына деген қарым-қатынасы белгілі дәрежеде қыз балалармен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру адамдарға қамқорлық жасауға үйретеді, өзінің маңайындағыларға қажетті көмек жасауға ықпал етеді. Отбасында жеткіншек ер баланы тәрбиелеу- бұл қарапайым емес маңызды және жауапкершілікті талап етеін үлкен іс. Өйткені осы жастағы ер баланың бойынан шығармашылққа, өзінің өмірден орнын іздеу сиякты талпыныстарын байқауға болады. Осы тұста ата-ана олардың жан дүиесін түсініп, дер кезінде бағыт- бағдар көрсетсе, бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі тапқырлығы болып саналады.

Мектеп партасында отырған баланың жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі ата-ана. Сондықтан ат-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс, оқу үлгерімне күнделікті назар аударып, қадағалап отыру керек. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар бұған жеткілікті мән бермейді. Тіпті кейде баласының қай сыныпта оқитынын, сабақтарының жетекшісінде білмей жататын үлкендер бар. Бала тәрбиесі- өте күрделі үдеріс, және ешқандай үзіліс және демалыс дегенді білмейді. Баланың жаөсысы әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы-қайғысы, бақытсыздығы, азабы,-дейді халқымыз.Бала мектепте 6,7 сағат болса,18 сағат үйде болады, сол себепті ата-ана баласының оқуын, жүріс –тұрысын, жолдастарын сонымен қатар, киетін киімін де қадағалапғ аптаның соңғы күндері сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен байланыс жасап сабақ үлгірімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыруы қажет.

Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы,кәсіп иесі.Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн.Алтын ұя-отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне жете мән берген. Өйткені балалар-ата-ана қолына берілген айтулы аманат.

«Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі»КММ

Мектеп психологі Шамшия Магзумова Шамшия





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!