"БАЛА ТІЛІН МНЕМОТЕХНИКА ТӘСІЛІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ"

Тақырып бойынша 15 материал табылды

"БАЛА ТІЛІН МНЕМОТЕХНИКА ТӘСІЛІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім беру кезеңіндегі өзекті міндеттердің бірі балалардың тіл кемістігін түзету үдерісінің тиімділігін арттыру болып табылады. Тілі толық дамымаған балалардың сөздік қоры аз болады, сөйлемдегі сөздерді бір – бірімен байланыстыра білмейді, дыбыстарды дұрыс айтпайды. Оған қоса, олардың көпшілігіне сөзге дұрыс назар аудармаушылық, қисынды ойлаудың жетіспеушілігі тән. Мектепке дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге баулу кезінде мнемотехника тәсілдері тиімді құрал ретінде қызмет етеді. Сондықтан мнемотехника тәсілдерін біздің балабақша педагогтары Т.А. Ткаченко, Е.А. Иванова, В.П. Глухов, Л.Н.Ефименкова сияқты авторлардың еңбектеріне сүйене отырып қолданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


"БАЛА ТІЛІН МНЕМОТЕХНИКА ТӘСІЛІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ"



Мектепке дейінгі білім беру кезеңіндегі өзекті міндеттердің бірі балалардың тіл кемістігін түзету үдерісінің тиімділігін арттыру болып табылады. Тілі толық дамымаған балалардың сөздік қоры аз болады, сөйлемдегі сөздерді бір – бірімен байланыстыра білмейді, дыбыстарды дұрыс айтпайды. Оған қоса, олардың көпшілігіне сөзге дұрыс назар аудармаушылық, қисынды ойлаудың жетіспеушілігі тән. Мектепке дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге баулу кезінде мнемотехника тәсілдері тиімді құрал ретінде қызмет етеді. Сондықтан мнемотехника тәсілдерін біздің балабақша педагогтары Т.А. Ткаченко, Е.А. Иванова, В.П. Глухов, Л.Н.Ефименкова сияқты авторлардың еңбектеріне сүйене отырып қолданады.

Мнемотехника – қосымша ұғым қалыптастыру жолымен есте сақтауды жеңілдететін және есте сақтау қабілетін ұлғайтатын әртүрлі тәсілдер жүйесі.

Мнемокестесін пайдалану баланы жан – жақты дамытуға көмектеседі: ассоциативтік ойлау; байланыстыра сөйлеу; көру және есту қабілеттерін дамыту; зейін қою; қарапайым математикалық түсінік; ұсақ моторика. Бастапқы кезде балаларға бұл сызба – кестелермен жұмыс істеуді үйрету кезінде төмендегідей жұмыстар жүргізіледі: берілген тақырыптың мәтінін айтуда сызба – кестенің кестелері тек сурет арқылы берілді. Мысалы; «Мақта қыз бен мысық» ертегісі балаларға таныс (қосымша). Бұл ертегінің мәтінін балалар біледі. Ал, енді оның мазмұнын айту үшін сурет кестесін қолданамыз. Балалар, ертегінің жүйесін шатастырмас үшін бұл суреттер ретімен қойылады. Балалар, суретке қарап отырып, ертегіні айтып береді.

Сызбалармен жұмыс істеуді игере бастаған кезде нақты суреттермен сызбалар араластырылады. Мысалы: «Заттарды суреттеу» немесе «Менің сүйікті ойыншықтарым» тақырыбы бойынша әңгіме құрарда тек тірек сызбалар алынады. Ал, балалар оған қарап түсін, пішінін, қасиетін, қай топқа жататынын, не үшін қажеттігін, неден жасалғанын айта алады. Ата –аналар бала тілін дамытудағы қызықты да пайдалы әдісті меңгеруде белсенділік танытты. Бұл тәсіл бала тілін дамыту мен қатар ой – өрісін жетілдіріп, қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыруда да қолданылады. Балабақшадағы педагогтардың шығармашылық тобы сандар құрамын және оның алгоритмін игеруде мнемокестелерді өңдеп, оны ересектер және мектепке дейінгі топтарда кеңінен пайдаланады. Сондай-ақ, мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық тіл дамуының өсуі туралы толық түсінігін айқындау мақсатымен кезең – кезеңімен диагностикалық зерттеулер өткізіледі.

Балаларды жан — жақты дамыту, олардың барлық кемістіктерін жөндеу, мектепке дайындаудағы балабақша алдындағы басты мақсат. Сөйлеу — бас мидың бірнеше бөлігінің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Артикуляция мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындаушылар. Балалардың тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес:

-сөздік қорының кемдігі;

-сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы;

-дыбыстау кемшілігі;

-берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы;

-өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.

Бұл себепте балаға қалай көмек беруге болады? Өз ойын жеткілікті айтуға, байланысты, ретімен, грамматикалық дұрыс сөйлеуге қалай көмек береміз?

Ол үшін біз мнемотехника әдіс тәсілдерін қолданамыз. Ақпарат көздерінен жан жақты ізденіс арқылы біраз мағлұмат алдым.

Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет. Қойылған мақсатты нәтижелі етуге қолданылатын тәсілдер:

Көрнекіліктер, дидактикалық ойындар; суреттер; буындық кестелер; тірек-сызба; үлгілер т.б/

жаңылтпаштар, тақпақтар, жұмбақтар, саусақ гимнастикасы, тыныс алу жаттығулары, т.б.

Мнемотехника — оңай жолдан қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет.

Мнемокестенің мазмұны — ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті.

Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу.

Схема — мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады.

Балалар сәби кезінен бастап заманауи жоғары технологиялық жетістіктермен таныса бастайды.: теледидар, интернет, компьютерлік ойындар, интерактивті ойыншықтар, және басқалар. Интерактивтік тақтада қолданылатындар 5 – 10 минут және жұмасына 2 реттен артық өткізіледі. Компьютерлік ойындар сөздің тілдік функциясының барлық компоненттерінің қалыптасуына, сонымен бірге қызметінің мотивациясын жоғарылатуға да септігін тигізеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.04.2024
238
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі