БАЛА ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЕРТЕГІНІҢ АТҚАРАТЫН
ҚЫЗМЕТІ
Ақмола облысы. Бұланды
ауданы Макинск
«Балдәурен»бөбекжай МКҚК
балабақшасы
Тәрбиеші: Бахытхан
Анар
Ертегілердің бала дүниетанымнын қалыптастыруда
маңызы зор.
Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне
жанрлардың бірі- ертегілер.
Ол
ұрпақтан-ұрпаққа тараған мол мұра. Ертегіден халқамыздың ертеңге
деген сенімі мен арман тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір
тәжірибесін көреміз.
Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың
ой-қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін,
сөздік қорын қалыптастырады. Ертегіні оқытуда оның жанрлық
ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатында айрықша көңіл бөлгеніміз
жөн. Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» мемуарлық кітабында «Ертегісіз өскен
бала-рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға ертегіні
ата-аналары айтып бермейді. Ал бесікте жатқанда құлағына анасының
әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қалмаса деп
қорқамын» .- деген екен. Әсіресе, ертегінің мектеп жасына дейінгі
балаға тигізер әсері мол. Бала тұлғасының
интеллектуалды-шығармашылық және креативті әлеуметін дамыту
мәселесі ғаламдық білім беру кеңестігін басты міндеттері болып
табылады. Қиял – біздің өміріміздің бір қыры. Көз алдымызға
елестетіп көрейікші, адамда қиялдау қабілеті болмаса, ғажайып өнер
туындылары, түрлі ғылым жаңалықтары тумаған болар еді. Балалардың
дамуы үшін ең алды мен оның қиялдай білу қабілетің дамыту керек. Ал
ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа,
еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншақтық пен сарандықты табалайды.
Әділлеттілікті қолдап, сезімтал ұян мейірімді жандарды алдау мен
арбаудан қорғайды. Ертегілер құрамы жағынан әр алуан: қиял-ғажайып,
хайуанаттар, тұрмыс-салт, аңыз ертегілері болып бөлінеді. Ертегінің
өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ
та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы,
аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі
күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе,
әділдік үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталып отырады.
Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ
ұстап, жақсылыққа құмартады.
Ертегі түрлерін әр түрлі әдіс-тәсілдері қолдана
отырып балаға жеткізе білу керек. Ертегіні баяндай отырып, мүнаюға,
шаттануға үйрету, балаларды қызықтырып ой-қиялын дамыту, оны
баяндауға жетелеу, сөздік жұмыстар арқылы сөздік қорын байыту,
ертегі кейіпкерлерін талдау барасында жағымды мен жағымсыздықты
ажыратып, кішіпейілділікке, қамқорлыққа
тәрбиелейміз.
Мектеп жасына дейінгі балаларға осы аталғандардың
бастапқы екі түрі оқытылады. Ертегілер балалардың жас ерекшелігіне
сай жоспарланады. Кіші топтарда (3 - 4 жас) ауызша әңгімелеп беру
тәсілі қолданылады. Ересектер тобында (5 - 6 жас) оқығанды тыңдату
мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндағы мақсат – ертегіні
әңгімелеуге үйрете отырып, оқылған ертегіні шыдамдылықпен тыңдай
білуге үйрету болып табылады.Балаларға үйрету үшін мен алдыма
мынандай міндет, мақсат қойдым: қоршаған әлемді таныстыру,
заттармен құбылыстарды ажырату. Ертегілер қоршаған әлемді, дүниенің
тұтас күшін танытумен бірге сан алуан күйде ондаған заттармен
құбылыстардан хабардар етеді. Мұндай шығармалар балалардың
бірлескен әрекеттерінің мазмұнын байыта түседі. Яғни мен балаларға
ертегі оқығанда таңғажайып әлемге, көшбасшы ретінде жетелумен
қатар, кітаптағы мазмұнды баяндай отырып, балалар мен бірге
таңданып, мұнайып, шаттанып отырамын. Сонда ертегі балаларды
жалықтырмайды, керісінше қызықтырып, ойын, қиялын, тілін дамытады.
Мен балаларға ертегіні ұйымдастырылған оқу қызметінде және сабақтан
тыс уақыттарда өткіземін. Сонымен қатар, күннің екінші жартысында
айтылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын
арттыру мақсатымен түрлі көңіл көтеру ойындарын жүргіземін. Мысалы,
«Мақта қыз бен мысық», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Бес ешкі»,
ертегілерін сүрет немесе слайд бойынша әңгімелеу арқылы, «Бауырсақ»
ертегісін қуыршақ театры арқылы, «Мақтаншақ қоян», «Қоянның үйшігі»
драматизациялау арқылы, «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін көлеңке
театры арқылы, «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Шалқан», «Үйшік»
ертегілерін атрибуттармен сахналау тәсілдері арқылы үйретемін,
сонымен қоса ата-аналар, балалармен бірге кейіпкерлердің
костюмдерін, көрнекіліктерін бірге жинақтаймын. Ертегіні балаларға
оқып беріп, назарларын кейіпкерлер бейнеленген суретке аударып,
ертегіні қалай түсінгендерін сұрақтар қою арқылы білемін. Ертегіні
жақсы әрі тез қабылдау үшін мен балаларға ертегі кейіпкерлеріне
байланысты көптеген сөздік жұмыстар, тіл ұстарту жаттығуларын,
мақал-мәтелдер, бой сергіту, т.б үйретемін. Ертегіні айтып немесе
көрсетіп қана қоймай, оны оқу іс-әрекетінің басқа салаларымен,
мәселен, көркем әдебиетпен сурет оқу іс-қызметтерін байланыстырып
өткізуге болады. Балалар «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша,
ұнаған кейіпкерлерінің суретін өз қиялымен қағазға түсіреді. Салған
сурет арқылы бала ертегіні қалай қабылдағанын білуге болады. Ал
келесі сабақта осы суреттер арқылы дидактикалық ойындар
ұйымдастырамын. Мысалы: «Қай ертегіден?», «Қай кейіпкерге ұқсағың
келеді?», «Менің сүйікті кейіпкерім» т.б. Мүсіндеу бөлімінде
балалардың саусақ қимылдарын жаттықтырып қана қоймай, жаңа
кейіпкерлер, яғни балалардың өз қиялымен осы заманға сай
кейіпкерлерді ойлап тауып, мүсіндеулерін сұраймын. Мысалы: сиқырлы
құс, өрмекші адам, т.б. Балалар ертегіні сахналауды жақсы көреді,
рөлдерді сүйсініп және жауапкершілікпен орындайды. Сонымен қоса
балалар мәтін сөздерін, сөйлемдерін дұрыс айтуға үйренеді, бақылау
кезінде көрген: қимыл-қозғалыстарын, әдеттерін, жүрісін,
мінез-құлық жасауғатырысады. Осы әрекеттер арқылы олардың ертегіге
деген қызығушылығы артып, ойлау қабілеті дамып, өздеріне
шығармашылық жол ашады. Бала ертегіні тыңдап, түсінгеннен кейін
қайталап айту барысында үнтаспаға жазып, өздеріне тыңдатамын.
Балалардың ойлау, жаңа сөз игеру бейімділігі жетіліп, грамматикалық
дыбыстарды дұрыс айтуға үйренеді. Сол сияқты ертегіні суреттер
бойынша айтқызудың балалардың ақыл ой, қиялын дамуына әсері
мол.
Ертегіні тек балаларға үйретіп қоймай балалардың
ата-анасына да мағлұмат береміз. Қазіргі дамыған кезеңде балаларды
елітіп, назарын аударатын, компьютерлік ойындар, тик-токтар, ұялы
телефондарды ата-аналар балаларына еркін ұстауға рұхсат беруде.
Біріншіден, ол баланың денсаулығына зиян келтіреді: ойлау, есте
сақтау қабілеті нашарлайды, таным, көру қабілеттері төмендейді.
Сондықтан да, мектепке дейінгі жастан бастап балаларға ертегіні
қызықты етіп жеткізе білу және ертегілердің шындыққа жанасымды
екенін, ондағы шыншылдық пен адамгершілікті бала бойына сіңіре білу
үлкен шеберлікті қажет етеді. Ата-аналарға сауалнама, ертегі
суреттері, мазмұны таратылып, ертегі бойынша түрлікейіпкерлерді
дайындау тапсырылып, дөңгелеу үстел, ойындар ұйымдастырылады.
Тапқырлық пен төзімділікке тәрбиелейтін ертегілерді тыңдап, өскен
бала мейрімді, үлкенді сыйлайтын, өз елін, Отанын қорғайтын азамат,
тіл байлығы мол болып өседі. Ата-бабамыздан келе жатқан ертегілерді
балаларға дұрыс жеткізе білейік
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Алпысбаев Т. «Қазақ халық әдебиеті» Т.З; Ертегілер.
Алматы,
2.
«Қазақ ертегілері» Алматы «Балауса» Қазақстанның әдебиеті 2003ж.
34-536.
3.
Ғабдуллин М. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Алматы мектеп. 4.
.Балмен балабақша журналы... 2 бет №1, 2019 ж.