Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша баланы ең алдымен тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Бала тәрбиесі бесіктен басталады. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек ешқашан қате­леспейміз. Барлық білім­нің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі ме­ке­­ме­лер­де тәрбие мен білім са­­ласында заманауи­ педа­го­гикалық  технология­лар қан­шалықты маңызды болса, мек­теп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техноло­гиялар ұғымы кеңінен қол­данылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының бас­ты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдіс­терін енгізу.  Әрине  бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына  педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да бай­ланыс­ты.

Жаңа заман баласы –­ ер­­теңгі еліміздің бола­ша­ғы. Жаңа заман баласын қалып­тастырып, дамы­ту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анық­­тап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағ­дай жасау қажет. Біздің ба­ла­бақ­шамызда балаларға үз­діксіз білім беруде барлық жағ­дай қарастырылған.  Бала­бақшада балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педа­гогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Осы уақытқа дейін тәр­биеші ретінде балаларға үздік­сіз тәрбие мен білім беруде жаңартылған педа­гогикалық  технологияларды­ кеңінен қолдануға тырысамын. Себебі қазіргі заман бала­ларының берілген ақ­парат­ты тез қабылдауынан, есте сақтау қабілеттері жоға­ры дамығандығын байқауға болады.

Мектепке дейінгі меке­ме балаларына  үздіксіз тәр­бие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері.   Осыған орай мектепке­ де­йін­­гі мекемелердің тә­жі­ри­бесіне  оқыту мен тәр­бие­леудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Мә­селен, ынтымақтастық пе­да­­гогикасы, білім беруді  ізгі­­лендіру,  ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқы­ту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлау­ды дамыту, оқытудың ком­пьютерлік технологиясы, психологиялық, педа­го­ги­ка­лық әдістемелік білімді,  педагогикалық ше­бер­лікті, балалардың жан-дү­ниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.

Қазіргі таңда мектеп­ке дейінгі білім беру мекеме­ле­рінде тәрбиешілер­дің­  ұста­нымы ауысқан: ол­ балаларға басшы емес, білім беру қыз­метінің тең қатысушысы. Мұн­дай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айта­рлықтай шамада анық­тайды, балаларға мінезін қа­лыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ой­лау­­ды,­  дү­­ние­танымды да­мы­­туға, сыни ойлауды қалып­тас­тыруға және жеке мүм­кін­д­іктерді беретін дамытушы орта құруға мүмкіндік б­ере­ді.

Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды ке­зең болып келеді. Өйт­кені осы кезде баланың бойын­дағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.­  Сондықтан осы шақта бала­лар­мен анағұрлым жан-­жақ­ты дамытушылық әре­кеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сон­­ша­лық­ты нәтижелі болады.  Тәрбиелі, білімді ұр­­пақ балабақшадан мектепке да­йын шәкірт болып шы­­ғады.

Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы іспеттес. Мұн­­­дағы тәрбие мен білім ба­ла­­лар­дың табиғи мінезін, қа­бі­летін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қам­ту өзімнің басты мақсат­тарым­ның бірі екенін қуана айта аламын.

Қорытынды: Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. Баланын болашаққа қадам алып,жан-жағымен, қоршаған ортасымен танысып,ең бірінші білім, тәрбиемен сусындайтын орны – балабакша. Сондықтан тәрбиешілер бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай, үнемі ізденіс үстінде жүру керек. «Мұғалімнің ең жауапты міндет орындайды – ол адамды қалыптастырады.» М.И.Калинин, міне, біздің міндетіміз айқын.Олай болса заман талабынан қалмай, заманауи болашақ жастарымызды тәрбиелейік. Балабақша баланы ең алдымен тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Бала тәрбиесі бесіктен басталады. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады. Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана тілімен сөйлету-ұлттық қасиетіміздің дамуының бірден бір жолы. Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі-халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту. Әрбір бөбектің өз ана тілінде тілі шығып, осы тілде ойлау қабілетінің дамуы-ұлттық мінез-құлықтың қалыптасу жолы. Ана тілінің қадір-қасиетін жастайынан түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, пәк, инабатты, биязы болып өсетініне өмір тәжірибесі куә.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп ұлтжандылыққа тәрбиелейік. Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы.



Үштөбе қаласы, «Балбөбек»өбекжай балабақшасы

Тәрбиеші: Жұматаева Тоғжан Сакенқызы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.04.2024
217
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі