Материалдар / Балабақша білімнің алғашқы баспалдағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақша білімнің алғашқы баспалдағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада балабақша әр баланың екінші отбасы екені , білімнің бірінші баспалдағы осы балабақша екені айтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2021
237
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балабақша білімнің алғашқы баспалдағы»



Атақты швейцарлық психолог Карл Густав Юнгтың айтуынша кішкене сәбидің қалыптасуы ата-анасының күнделікті әдеттеріне байланысты. Сөйлеу мәнері, жүріс-тұрыстары бәрі-бәрі. Алайда, қазір жаһандану жалмаған ХХІ ғасыр. Адамзаттың өмір сүру дағдылары, принциптері, көптеген құндылықтар, соның ішінде отбасы құндылығы да өзгеріске түсуде. Кемел мемлекеттің болашағы, бақытты құрылған отбасы институтына қатысты. Ал соның ішінде, сол болашақтың жаршысы отбасындағы кішкене бала. Жоғарыда атап өткендей бүгінгі таңда қазақ қоғамындағы отбасы құндылықтары алмасты. Бұрындары, өсіп келе жатқан баланың тәрбиесімен, білімімен, тұлға болып қалыптасуымен ата-анасы, әжесі мен атасы айналысса қазір оның орнын балабақша қызметкерлері алмастырды. Әрине бұл оғаш құбылыс емес. Тек заман талабы.

Балабақша білімнің алғашқы баспалдағы. Ерте жастан баланың зеректігін, дарынын, білімін шыңдай түсетін орта. Сонымен қатар, тәрбие мен қоғамға бейімделу ортасы болып табылады. Жоғарыда атап өткенімдей байырғы қазақ қоғамында мектеп, медреселер болғанымен балабақшалар болмаған. Жастары бойынша сәйкес келетін балалар бірігіп жүріп өссе, бір жағынан бір үйдің балаларының өзі бір балабақшадағыдай болған. Сол кезеңде көпті көрген, дана әжелеріміз халық-ауыз жырларын жатқа оқып, кішкене Абай, бала Шоқандарды солай тәрбиелеген. Ал қазіргі таңдағы сол рольдері балабақша қабырғасындағы тәрбиеші апайлар алған. Тәрбиеші апайлар қолдарына қалам ұстатып, жазу-сызуға дағдыландырады. Жатар алдында ертегі не болмаса, қызықты әңгімелер айтып таным-көкжиектерін кеңейте түседі. Түрлі іс-шараларға би билетіп, ән салдырып, қойылымдық скетчттер қойып баланың шығармашылық қабілеттерін аша түседі. Демек, балабақша білімнің алғашқы баспалдағы.

Ең алдымен, осы бала мен балабақша арасындағы байланысты орнататын ата-ана екенін білеміз. Сол себепті, ата-ана мен тәрбиешінің арасындағы байланыс мықты болуы керек. Ата-ана баланың үйдегі тәрбие беруші құралы болса, тәрбиеші ұстаздар балабақшадағы ата-анасындай болуы керек. Өзіміз білетіндей 5-4 жас аралығындағы балалар жаман дүниені жақсы затқа қарағанда тез қағып алады. Осы сәтте тәрбие беруші ұстаздар баланың әр басқан қадамына анализ жасап, сараптап отыруы керек. Мінезі өзгерсе, жаңа тың дүниеге қызықса, осының бәріне аса қатал түрдегі тиянақтылық танытылу маңызды. Кейіннен оны ата-анасына хабарлап оқылық болса түзетіп, дамыту қажет болса, соған күш жұмсалу қажет. Міне сонда деген екі жақты баланс орнап, ортадағы баланың жағдайы қалыпты болады.

Кішкене баланың елін, жерін сүйіп жаңа ұғымдармен кездесетін кезеңі де дәл осы балабақшадағы бақытты балдәурен шақ. Бұл олардың өте ерте кезден өн бойларына сіңіруге тиісті бір қасиеттері. Балабақшадағы таң да «әнұран» айтылумен бастау алады. Одан бөлек жасы кіші топтағы болсын, үлкен топтағы балаларды «табиғат-адам-қоғам» циклы бойынша отансүйгішікке баулу керек. Бұл үш ұғым бір-бірінен ажырамас бірліктер. Осы процессті жүзеге асыру үшін осы тақырыптар аясында міндетті түрде суреттер салыну керек. Кейін табиғатты аялау оны сақтау тақырыптарына арнап танымдық кештер өткізілу қажет. Бұл балаға берілетін «бағалай алу» дағдысы. Кішкене бала бағалауды үйренсе демек оның отанын, туған жерін, тіпті кішкене өз ауласын сүюге де үйрете аламыз. Ұстаз ретінде осы тұстарды қалт жібермей балаларға үйрету біздің азды-көпті парыздарымыздың бірі.

М.Әуезов айтпақшы «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін — білім». [1] Cондықтан, балабақша жасындағы баланың білімге деген құштарлығы жастай ашылуы қажет. Шығыс даналағы бүтіндей бір елді жоғалту үшін оның білім саласын жою керек дейді. Бұл пікір толығымен дұрыс. Баланың мектепке дейінгі іргетасы осы балабақшада қаланады. Алайда, сол қаланып жатқан білім іргетасы тек дәстүрлі салтпен ғана емес, жаңа инновациялық технологияларды да қамту керек. Тағы да айтам, бұл заман талабы. Мысалы, білім беру саласында ескі материалдарды көптеп қолданатын болсақ, сіздің алдыңызға білім алуға келген бала зерігіп кетеді. Оның үстіне әлі ойыны қанбаған еркетайлар болса. Әр сабақ тек жазудан әрі оқытудан құралмау керек. Шығармашылыққа ден қоя білсең онда сен жаңашыл ұстазсың деген сөз. Инновациялық білім беруге қандай бағыттар жатады? Ол үшін біз бірқатар ғалымдардың зерттеулеріне сүйенетін боламыз. Ең алдымен тәрбиеші де баланы оқытпас бұрын белгілі бір бағдарлама жасап алу керек. Ол өзін де өзгені де жалықтырмас үшін кезекті әдістерді қолданған абзал дейді В.А.Максимова:

  1. Ойын технологиялары;

  2. Терминдік технологиялар;

  3. Ақпараттық технологиялар;

  4. Диалогтық технологиялар;

  5. Құрылымдық ойлау технологиялары [2]
    Бастапқы үшеуін қарастырып оның балабақша қабырғасында қалай орын алатынын талдайық.

Қарапайым топқа бөлу үшін танымал бағдарламалық ойынның атына бөліңіз. Бірінші топ «Among us» тобы, екінші топ «Angry birds» тобы, үшінші топ «Temple run» тобы болады десеңіз өткізген сабағыңыз оқуышының есінен кетпейтін болады. Тіпті бұл заманауи әдіс оқушының креативті ойлауын, ақпаратты тез қабылдауын, ақпаратты ой сүзгіден өткізе алу деген секілді дағдыларын қалыптастыратын болады. Терминдік технолия мен ақпараттық технологияны біріктіріп қарастырсақ та болады. Себебі, бұл әдіс теориялық білімді меңгеруді талап етеді. Белгілі бір ғылымды игеру үшін оның терминін әрі анықтамасын білу қажетпіз. Алайда, оның түсінуге деген қиындық тудырарын да білеміз. Осы ретте тағы да біз осы әдістің жаңалану керектігін айтқымыз келеді. Рабиға Сыздық апамыз ғылыми стилдің өзін екіге бөлген ғой. Бірі таза ғылымилық болса, екіншісі көпшілікке арналған ғылым саласы. Инновациялық технологияға неліктен дәл осы көпшілікке арналған ғылым керек. Себебі, ғылыми терминдерді бәрі дұрыс түсіну үшін қажет. Балаларға ауыр ғылыми термин мен анықтамалар беріп қойсақ олар шынымен де түсінбейді. Сәйкесінше оқуға қызығушылықтарын жоғалтып алады. Сол себептен, жаңашыл ұстаз ретінде беретін мәліметіміз мейілінше ұғынықты, тиянақты болуы жаңа заманның талабы.

Метафизика ғылымы «мен кіммін» деген сұраққа жауап іздеуге керек. Ал балабақшаға келген баланың кім екенін таныту ол тәрбиешілерге парыз. Әгугайын һәм игикайын тауып беру керек. Бірақ сіз айтуыңыз мүмкін 3 не болмаса 4-тен асқан балаға қалайша өз ісін, өзін табуға көмектесесің деп. Бірақ ол бала болса да тұлға емес пе? Болашақ Абай атамыз айтқан «толық адам» болып қалыптасу да бала кезден бастау алған. Ата-анаңның артқан үміті, кішкене пәк сәбидің сенімі бұл біздің сүйікті жұмысымыз. Бір қоғам болғандықтан, бір ел болғандықтан біз бір-бірімізге жауаптымыз. Әр мамандық иесі сондай жауапкершілікпен өз ісінің шебері болса ғана еліміз дамып, көркейе түспек. Ал болашақтың сол мамандары ең алғашқы болып мына біздің мектептен өтеді. Бала балабақшадағы кезеңдерімен қалыптаса бастайды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, шәкірт тәрбиелеу қасиетті, қастерлі парыз. Мен сіздерге балабақшаның бала үшін білім алудың алғашқы саты екенін барынша талдап, бірнеше пункттерге бөліп көрсетуге тырыстым. Ең алдымен ата-ана мен тәрбиеші ұстаздардың арасындағы байланыс мықты болуы керек. Кейіннен кішкене баланың білімін неше түрлі жаңаша тәсілдермен жетілдіре түсу керек. Ең бастысы отансүйгіштікке де баулу маңызды. Жарқын болашақтың кілті жалынды жастардың қолында. Ал, заңгер де, ақын да, дәрігер де бәрі-бәрі ең алғашқы білімін, сауатын балабақшадан алады. Демек, білімнің алғашқы баспалдағы балабақша. Сол үшін бастау алатын арнаның барынша мықты, жаңаша болуы тиіс. Еліміздің ертеңі, кемел келешектің жастары айбарлы болсын.











Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұхтар Әуезов «Таңдамалы»

  2. Абдраманова, Г. Б. «Инновациялық технологиялардың білім берудегі рөлі»



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!