Материалдар / Балабақша сұлтаны
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Балабақша сұлтаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Шілде 2018
273
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балабақша сұлтаныЖүргізуші: Қайырлы күн, құрметті көрермендер! Береке де осында, Мереке де осында. Болып жатыр той-думан, Қырандардың қасында, - дей келе, «Балабақша сұлтаны» сайысын ашық деп жариялаймыз. Асқақтаған ән дайын, Күмбірлеген күй дайын Ал, кәнеки, қырандар! Бастап жігіт өнерін, Алыстарға самғаңдар, - деп, сайыскерлерімізді қошеметпен қарсы алайық (сайыскерлердің есімін атап, ортаға шақырамын). Сайысымыздың жоспарымен таныстырамын. І кезең – Таныстыру. ІІ кезең – «Өнерлінің өрісі кең» (жігіттеріміз ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетеді). ІІІ кезең – «Мәнерлеп оқу» сайысы. IV кезең – «Шынықсаң шымыр боларсың» (спорттық ойын түрлерінің элементтерін көрсету). V кезең – Шығармашылық сайысы (сурет салу және жапсыру). Жүргізуші: Келді міне, бүгінгі сын алуға, Сын алып үлкендерден үлгі алуға. Салты бар өнерлі осы ортада, Берер деп әділқазы әділ баға. (Әділқазылармен таныстырамын). Сақауова МайраТасмағанбетов Нұртас

Жүргізуші: І. Беташарын сайысымыздың бастайық, Көрерменді бір серпілтіп тастайық. Сайыскерлер таныстырып өздерін, Білгірлерді ду қол соғып қостайық.

1-ші нөмірлі Спорт пен білім жағын бір қосқан, Кем қалмаған талантпен табысқан Мейіржан қыранымызды ортаға шақырамыз.

2-ші нөмірлі: Үлкендерді сыйлайтын, Айтқаныңнан шықпайтын Диясты ортаға шақырамыз.

3-ші нөмірлі Жүрегі ақ, тілегі пәк Нұртас ұлымызды ортаға шақырамыз.

4-ші нөмірлі Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді, Тобымызда өнерімен болған сыйлы Серік ұлымызды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: ІІ. Ал, кімнің өнері бар қаншалықты, Би билеп, ал біреуі ән салыпты. «Өнерлінің өрісі кең» байқауында Қол соғып барша халқым тамсаныпты. 1. Мейіржан «Қара жорға» биін билейді 2. Диястың орындауында «Моряк биі» 3. Нұртастың орындауында «Туған жер» әні 4. Серік орыс халқының биін билейді Жүргізуші: Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық. Қонақтарды құрметтеп, Би қимылын жасайық. Келесі кезекте «Ақсұңқар» тобының қыздарының «Әдемі ай» (Айгерім Қалаубаева) биін тамашалайық. Жүргізуші: Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы: Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келер айналасы. Келесі кезеңіміз «Мәнерлеп оқу» сайысы. Арай қызымыздың орындауында «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар. Жүргізуші: IV. Ер өнері білінбес, Қоян қолтық алыспай Күш өнері білінбес, - дегендей, сайысымыздың келесі шарты «Шынықсаң шымыр боларсың». Жігіттерімізді ортаға шақырамыз (музыкамен ұлдар ортаға шығып, спорттық өнерлерін көрсетеді). Жүргізуші: V. Келесі кезекте балаларымыздың шығармашылық қабілеттерін нықтау мақсатымен шығармашылық сайыс (ұлдарымыз киіз үйдің суретін салып әшекейлейді). Әділқазыларға сөз. Марапаттау. Бүгін міне, оң болып әр сөзіміз, Жоғары болып күш-жігер намысымыз. Осылайша қуанышпен думандатып, Аяқталды халайық сайысымыз. Сау саламатта болыңыздар!

















































МКҚК «Еркемай» балабақшасы







Бекітілді__________________Балабақша әдіскері: Темірова Н.











Орындаған: Түселбай М













2016-2017ж





















































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!