Материалдар / БАЛАБАҚШАДА АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ

БАЛАБАҚШАДА АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне көмек ретінде қолдануға болады. Ағылшын тілі грамматикасын жетілдіру әдістері баяндалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2020
569
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ

ЮСУПОВА МАРЖАН КАЗБЕКОВНА,

шет тілі және оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы


БАЛАБАҚШАДА АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ


Мектепке дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта қалыптастыру.

Ағылшын тілін үйретуде балалардың сөздік қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, үш тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырады. Еліміздің балабақшаларының басты мақсаты: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, ағылшын тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.

Шет тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы зор. Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге,тілге тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді рольдермен орындауға, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды. Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Сол әдістердің бірі:

Түсіндіру әдісі -жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Ұйымдастырылған оқу қызметі сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.

Көрнекілік әдісі – ұйымдастырылған оқу қызметі сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эстетикалық жағынан жақсы,әртүрлі түстен болуы керек.

Үштұғырлы тілдер бойынша педагогтарға арналған курстың мазмұнында педагогтарға арналған ұстанымдар бар, ондағы тілдің грамматикалық дұрыстығы туралы былай көрсетілген: балалар жай сөйлемдерді еркін қолдану қабілеттілігін меңгереді. Мезгілдік, кеңістік, себеп-салдарлық байланыстарды беру үшін сабақтас құрмалас сөйлемдерді пайдаланады. Мектепке дейінгі ересек жаста балалар сөздің барлық негізгі грамматикалық формаларын қолдану керек. Сөздің грамматикалық құрылысын бала көбінесе өз бетімен еліктеу арқылы үйренеді. Зерттеушілердің көрсеткеніндей екі жасқа келгенде бала тіліндегі грамматикалық қателіктер анық байқалады. Мысалы, сөйлеген кезінде сөздерді жалғау, жұрнақсыз түбір күйінде айту, септік жалаулардың орнын ауыстыру, сөйлемдегі сөздің орнын ауыстыру секілді қатынастар жиі кездеседі. Негізінен бала тілінің морфологиялық және синтаксистік жағы қатар дамиды. Бірақ синтаксистік қателер көп байқалады. Өйткені балалар жәй сөйлемдерді пайдаланады. Сондықтан балабақшада тәрбиеші баланы құрмалас сөйлемді айтуға дағдыландыруы керек. Балабақшада бала тілінің грамматикалық құрылысын қалыптастыруда тәрбиеші төмендегідей мәселелерге көңіл бөлуі керек: сабақ мазмұнын дұрыс таңдау; грамматикалық формалардан жіберетін қателерді ескеру; бір оқу іс-әрекетіне арнап программалық материалды таңдау; күнделікті мақсатқа енгізіп отыру; баланың активтік сөздік қорын ескеру;

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалармен төмендегідей жұмыс түрлері қолданылады:

1. Айтылуы бойынша жұмыс:

  • а) «Жанды тіл» ертегісі;

  • б) жаңылтпаштар;

  • в) ұйқастыру.

2.Ойыншықтармен жұмыс:

  • а) ойыншықпен сұхбат;

  • б) ойыншықты бейнелеу.

3. Суретпен жұмыс:

  • а) суретпен баяндау;

  • б) «Не жоғалды?» ойыны;

  • в) «Суретті тап».

4. Өлеңдерді жаттау және декламация:

  • а) Өлеңдер сайысы;

  • б) Сөз сөйлеу декламациясы, көңіл-күй өзгеруінің декламациясы (оптимистік, қайғылы, ашулы және т.б.).

5. Әндерді жаттау: «Көрсет» әні;

6. Қысқаша әңгімелер мен көріністерді сахналау;

7. Қимыл-қозғалыс ойындары;

8. Жай ойындар;

9. Шығармашылық ойындары;

10. Ситуациялық диалогтарды орындау;

11. Суретке қарап әңгіме құрастыру;

12. Әріптерді жаттау.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті негізінде айтарлықтай дәрежеде мазмұнға сәйкес қолданылатын дидактикалық материалдарға, топтасуына байланысты топта жұмыстар ұйымдастырылады. Ағылшын тілін оқыту әдістемесінің балалардың жасына сай әзірленуін ескеру керек. Топта оқу қызметтердің бәрі ойын түрінде өткізілуі қажет. Оқу қызметтерінің тақырыбы жоспарға сай ұйымдастырылады: мектепке дейінгі кезең, жас баланың жеке басының қалыптасуы кезеңі. Балабақша табалдырығын аттаған бала адамгершіліктің бастамасы «сәлемдесуден»- тәрбие басталады.Тәрбиеші ең алдымен балалардың сәлемдесуіне көп мән береді. Good morning! Good morning! Good afternoon! Good evening! Good evening! Good night! Good night! Nice to meet you! Nice to meet you too, Good bye! Good bye! See you! Ертеңгілік қабылдаудан кейін, балаларға жеке жұмыс жүргізіліп, балалардан өз отбасы туралы жайлы әңгімеге тарту бала тілдік қорының молаюына септігін тигізеді.

Ертеңгілік қабылдау, жуыну, тамақтану уақытында, оқу қызметтерінде, серуенде жүргізілетін жұмыстардың бәрі, баланың сөйлеу тілін қалыптастыруға арналады. Тіл дамыту, көркем әдебиет оқу қызметтерінде балаларға тақпақтарды мәнерлеп жаттату, ертегілерді айтқызу. «Spring is green», «Rainy Day» және жыл мезгіліне байланысты көптеген тақпақтарды жатқа айта алады. “Turnip”, “Three Bears” ертегілерін әңгімелеп бере алатын қабілетте болулары керек. Тәрбиешілердің көпшілігі өз топтарындағы балалардың бәрін елгезек, алғыр деп айта алмайды. Дегенмен, мектепалды даярлық топтағы мен ересектер тобының балалары ертегінің мазмұнын тыңдап рөлдерге бөліп ойнай алады. Әрбір тәрбиеші өзінің жұмыс жасайтын топтарында баланы үш тілде еркін сөйлеу білуге, баланың сөздік қорын байыту және сұрақ – жауап арқылы әңгімелесу, әдіс - тәсілдерді қолдануды басшылыққа алып отыруы керек. Оқу қызметтерді жоспарлаудан бұрын оқу қызметінің мақсатын, көрнекілігін, әдіс-тәсілдерін шығармаларда кездесетін сөз тіркестерін балаға қойылатын сұрақтары алдын ала даярланып алуы керек. Мысалы: тіл дамыту оқу қызметінде қолданылатын негізгі әдістерді алатын болсақ:

1. Берілген шығармалар туралы әңгімелеу.

2. Балаларға түсінікті мәнерлі дауыс ырғағына келтіріп оқып беру.

3. Сабаққа атрибуттар қолдану.

4. Берілген шығармалар бойынша рөлдерге бөліп орындау

5. Әңгіменің, ертегінің, өлеңнің мазмұнын талдау, әдістері.


Грамматика бойынша жүргізілетін жаттығулар балалардың осыған дейін үйреніп болған лексикалық және фонетикалық материалдарын бекітуге арналған жаттығуларымен қатар жүргізіледі. Зат есімдердің түрленуі үстінде жүргізілетін жұмысты салыстыра отырып бастау керек, сонан соң өте нақты Where? What? Where from? Why? деген сұрақтардың айырмашылықтарымен таныстыру керек.

Балалар сөйлегенде үстеулерді пайдалана білуге үйрету кезінде оны интонация арқылы бөлектеп, ерекшелеп көрсеткен дұрыс: үстел үстінде, астында жатыр; үстел үстінен, терезе алдынан алып тастады; үстелдің астына қойды, үстелдің астында отырды. Where is the tree ? Where is the dog ? ( on the right, in the box, under the table, near the house, in front of the sofa). Баланың сөйлемдерді құрау дағдысын дамыту үшін ойын ұйымдастыру өте тиімді. Бірыңғай анықтауыштармен сөйлем құрау кезінде балалармен «Мынау не екенін тап» ойынын ұйымдастырып өткізуге де болады. Ойынды жүргізуші есіктен шығады, балалар бұл кезде тәрбиешімен бірге бір затты таңдап алып, оны сипаттайтын белгілерді атайды. Ойынды жүргізуші ішке кіреді, ал балалар: «It has round, yellow, sweet tail, it is usefull food», - деп сипаттай бастайды. What is it? – It’s a turnip.

Бес жасқа келген бала кейбір сөйлем типтерінің қиындық туғызатынына қарай жай сөйлеу кезінде күрделі сөйлемдерді пайдаланады. Оларда үстеулер мен көмекші сөздер әр түрлі мәнде жұмсалады. Ол әсіресе «жиһаз- furniture, тамақ- meal, ыдыс- pots, ойыншықтар-toys, транспорт- transport» деген сияқты жалпылауыш сөздерді көп қолданады. Сөздік қорының молая түсуіне байланысты оның тілі неғұрлым байланысқан, жүйелі бола береді.

Балаларға етістіктің осы шағы мен келер шағын қолдана білуді үйрету оқу қызметтерінің мүмкін болатын формаларының бірі қолданылған етістіктің осы шақ немесе өткен шақ тұлғасы көрсетіліп отырған қимыл-әрекетпен сәйкес келуі болып табылады. Тәрбиеші балаларға белгілі бір қимыл-әрекет жасауды ұсынады: сурет салу, құрылыс салу, жинау (бір нәрсені), киіндіру, тамақтандыру (қуыршақты). Сонан соң бұл қимыл-әрекеттерді орындау кезінде және одан кейін де ол әркімге көңіл аудара отырып, сол қимыл-әрекетті қалай аяқтағандарын сұрайды: «What are you doing now ?» деген сұрақтың айтылу интонациясын дәл айыруы керек және оған балалардың дұрыс жауап беруіне қол жеткізу кажет:– I’m writing, I’m painting, I’m singing, I’m eating, etc.

Арнайы жаттығулардың едәуір бөлігін сөйлемдер құру жұмысы алуға тиіс. Бұл үшін сөйлесудің сұрақ-жауап түрін пайдаланған жақсы. Мысалы, «Where is Asem?» –She is ill.

Грамматика, ең алдымен, сөздердің бір-бірімен қатынасын білдіреді. Ол қатынас – грамматикалық қатынас. Яғни сөйлемдегі сөздер грамматикалық формалар (жұрнақтар, жалғаулар) арқылы бір-бірімен байланысып, грамматикалық қатынасқа түседі. Сөйтіп, грамматика ойды түсінікті етеді. Грамматикалық білім беру арқылы жеке сөздері бір-бірімен байланыстыру арқылы қолдана алуға жаттықтырылса, қосымшалар арқылы сөз таптарына сәйкес сөз жасау қабілеттері мен дағдылары қалыптасады.



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Аяпова Т. Сөйлеу онтогенезі. Алматы, Раритет, 2003. - 280 б.

  2. Әмірова Ә.С. Сауат ашу және жазу. Әдістемелік құрал. Алматы кітап баспасы, 2008.

  3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010ж. 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы). Егемен Қазақстан, 2010, 14 желтоқсан.

  4. Қазақстан Республикасының Президенті – Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауы. Орал өңірі, 15 желтоқсан, 2012.

  5. Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға білім беру стандарты. Ресми басылым. Астана, 2007







3


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ