Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Балабақшада жаңаша инновациялық бағытта әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Первомай ауылы.
Бітік ОЖББМБ КММ
Тәрбиеші: Рахметуллина Нұрайла Әмірғалиқызы
Балабақшада жаңаша инновациялық бағытта әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру
“Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн” Н.Ә Назарбаев
Мектепке дейінгі тәрбие –баланың жеке бас ерекшілігін ескере отырып дамытатын орталық. Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы болғандықтан тәрбиешілерге мәдениетті, білімді, белсенді жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Заман талабы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде, мектепке дейінгі жастағы сәбилердің дамуына, тәрбиелеуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысына сәйкес Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын негізге ала отырып балалардың өмірін толыққанды ұйымдастыру балабақшаның міндеті. Міне, осындай жеке тұлғаны қалыптастыруда мақсатқа жеткізетін балабақшада оқу-тәрбие жұмысын жаңаша ұйымдастырып жүргізу. Ол кейінгі жылдары педагогика ғылымында жиі пайдалана бастаған жаңа ұйымдардың бірі- инновациямен байланысты.
Осы орайда қазіргі таңда балабақшалардың алдына қойған міндеті де жоғары. Себебі, ұрпақ бойындағы алғашқы білім мен тәрбие дағдылары дәл осы мектепке дейінгі мекеме табалдырығында қаланады.Соңғы уақыттағы демократиялық жаңарулар тәрбиешілердің, әдіскерлердің шығармашылық қызметіне заңды түрде еркіндік берді. Тәрбиешілерге ,пән мұғалімдеріне баланың жан-жақты дамуына жоғары деңгейде әсер ететін технологияны таңдау міндеті жүктелді.
Ал ол міндетті шешетін де, жүзеге асырушы да шебер тәрбиеші немесе пән мұғалімдері. Осы ретте тәрбиешілердің жаңа бағдарламаны тиімді пайдалану үшін олардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, шығармашылықпен еңбек етуіне бағыт беріп, қазіргі заман талаптарына сай инновациялық бағытта дұрыс ұйымдастыра білу- әдіскер ретіндегі үлкен ізденіс пен жауапкершілікті талап етеді.
Балабақша әдіскерінің негізгі міндеттері білімділік, зерттелушілік, ендірушілік, ақпараттық, кеңес берушілік, сараптамалық, бағалаушылық бағытта анықталады.
Инноватор тәрбиешілер дайындау үшін әдіскер жұмысы үнемі жаңарып, инновациялық бағытта дамып отыруды талап етеді. Балабақшадағы тәжірибеде бұрыннан қолданып келген жүйені өзгертіп, педагог мамандармен жүргізілетін жұмыстарға жаңалықтар енгізу; Балабақшада жүргізілетін көптеген жұмыстар білім сапасының өсуіне және де тәрбиешілердің шыңдалуына ықпалын тигізеді. Педагогтарды жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған әдістемелік жұмыс, олардың білімдерінің жоғарлауына, балалармен жұмыс жүргізу барысында жаңа тәсілдер таңдауға, зерттеу және шығармашылақ қабілеттерін анықтауға мүмкіндік туғызды, ал ең маңыздысы өздігімен кәсіби деңгейлерін жоғарлатып, мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен қатар инновация тек қана педагогтардың кәсіби шеберліктерін жоғарлату емес, әр педагогтың әлеуметтік және рухани деңгейінің жоғарлағандығын көрсетеді.
Сондықтан, ең алдымен, тәрбиеші өз жұмысын дұрыс ұйымдастырып, оқыту үрдісінде жаңа технологияларды, қызықты сценарийлерді, ойындарды, мағыналы тәрбие сағаттарын пайдалануда
Мысалы:
Сурет салуда дәстүрден тыс әдістер
Компьютерді қолдануда
және т. с. с. қолданса, қазіргі заманға сай, өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денсаулығын сақтай алатын,білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды тұлғаны өсіре алатыны сөзсіз. Осы тұста әдістемелік кабинеттің әдіскері – тәрбиешілер үшін жол көрсететін шамшырақ деуге де болады.Әдіскер өз жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырса, жұмысы да, тәрбиешілер жұмысы да нәтижелі болады.
Мақсаты:
- Педагогикалық үрдістің үздіксіз жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау;
- Инновациялық білім беру ортасын, педагогикалық және басқару
кадрларының потенциалын дамыту арқылы мектепке дейінгі білім берудің,
балабақшаның кешендік жетілуіне көмектесу.
Міндеттері:
- әдістемелік бірлестіктер, мастер-класстар, мәселелік тәжірибелік семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ж. т.
-) педагогикалық шеберліктің дамуына бағытталған жұмысты жүргізу.
- Жаңа педагогикалық технологиялардың енгізілуіне қолдау жасау
- Педагогтардың тәжірибелерін жалпылауға және таратуға көмектесу:
- Оқыту-тәрбиелік үрдісте қазіргі заманғы құралдарды қолдану
Әдістемелік кабинет әдіскер жұмысының құрылымы:
а)бақылау, бағалау, ынталандыру, қолдау, бағыттау
ә)үздік тәжірибе тарату шараларын ұйымдастыру
б)педагогикалық шеберлік дамуына бағытталған шараларын ұйымдастыру
в)сайыстарға, конференцияларға семинарларға,,жобаларға қатыстыру
г)оқу үрдісінде заманауи құралдарды қолдану
д)тәрбиешілер біліктіліктерінің арттыру
е)оқу-әдістемелік кешендермен оқу-тәрбие үрдісін қамтамасыз ету.
Балабақша сапалы білім мен тәрбие беруі қажет. Ол үшін әр тәрбиеші күнделікті жоспарларын жазумен шектеліп қоймай өз-өін дамытып, өз жұмысына жоғары жауапкершілікпен қарап, шығармашыл болуы тиіс.
Осыған байланысты әдіскердің міндеті:
-тәрбиешілерді ынталандыру, шығармашыл педагог болуына көмектесу
-жаңа технологияларды насихаттау барысында семинарлар өткізілуі тиіс.
Мысалы:
«Жобалық жұмыстар», «Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытудағы жаңа тәсілдер» . «Бейнелеу өнерінен дәстүлі және дәстүрден тыс технология»,
«Отбасы мен балабақша»,«Жаңа инновациялық технологиялар» және т. с.
Әдіскер семинардың ұйымдастырылуын қадағалайды:
мақсаттарын, міндеттерін айқындап, жоспарын құрады немесе құруға
көмектеседі.
Үздік тәжірибе таратылуын қамтамасыз ете отыра,
тәрбиешілердің зейінін арттыруға бағытталған, семинар мазмұнына
байланысты болатындай ойындар, викториналар, сергіту сәттерін өткізілуін ұсынады.
Әдіскер жұмысының міндеті – шығармашылық топ жұмысын ұйымдастыру, нәтижелілігін қадағалау.
Шығармашылық топ жұмысы әр әдіскерге үлкен көмек тигізеді.
Сан алуан қызықты ойлар,пікірлер ,балабақша жұмысын ұйымдастыруда жаңаша әдіс-тәсілдер ойлап табуы мүмкін.
Шебер педагог – не ойды, не технологияны дайын күйінде қабылдамайтын –оларға қатыстыны өздігінен анықтайтын және жеке шеберлігін қалыптастыра алатын маман. Тәжірибелі маман сабақты өз қабілетіне қарай тәжірибесіне сүйеніп өткізеді және өзінің «білім жиынтығын» қалыптастырады, оны кәсіби мәселелерді шешуге жұмсайды. Отандық мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қойылған мәселені шешу құралдарының бірі – әдістемелік жұмыс.
Мысалы:
Біздің балабақша педагогтары біріге отырып балабақша тақырыбына сай «Тілім-тірегім» атты әдістемелік нұсқаулық құрастырды.Бұл жинақ біріншіден, тәрбиешілер мен әдіскерлерді шығармашылық талпынуға ынталандырады, екіншіден вариативтік компанент бойынша шығармашылықпен жұмыстанатын тәрбиешілерге жылдық жоспар дайын, үшіншіден үздік материалдар бір жерде жинақталып оны әр жас маман, әр тәрбиеші өз жұмысында пайдалана алады.
Тәрбиешілер мен пән мұғалімдер біліктіліктерінің артуын қамтамасыз ету керек
1.Тәрбие мен білім беру үрдісінің ұйымдастырылуы нәтижелілігінің өсу
2.Жоғары біліктілігі бар педагогикалық мамандар үлесінің артуы.
1.Балабақшаның тақырыбына сәйкес тәрбиешілер пән мұғалімдеріне өздерінің жеке шығармашылық тақырыптарын таңдату
2.Тақырыпқа сай жинақталған іс-тәжірибені шығармашылық іс әрекетпен жаңарту;
3.Тәжірибелі тәрбиешілермен біріге отырып әдістемелік көмектерді тәрбиешілерге ұсыну;
Мысалы:
Педагог мамандармен жүргізілетін жұмыстар журналы (Үлгі)
№ |
Тәрбиеші мен пән мұғалімдері-нің аты жөні |
Жеке шығарма-шылық тақырыптары |
Мерзі-мі |
Жаңа іс-тәжіри-бе |
Ұсыныла-тын әдістемелік көмектер |
Күтіле-тін нәтиже |
1 |
|
|
|
|
|
|
Тәрбиешілерге диагностикалық және жекелеу негізінде әдістемелік көмек көрсету, шеберлігін шындау мақсатында білім беру үрдісінің сапасын жоғарлату үшін балабақшада әдістемелік жоспарды төрт бөлімге бөлуге болады.
Бірінші бөлім –талдау;
Екінші бөлім – жоспарлау;
Үшінші бөлім – ұйымдастыру және үйлестіру;
Төртінші бөлім – бақылау
(Үлгі)
Талдау |
Жоспарлау |
Ұйымдастыру және үйлестіру |
Бақылау |
Тәрбиешілерге мониторниг, диагностика жүргізу нәтижелері арқылы белгілі бір проблеманы анықтау, яғни, тәрбиешілердің білім деңгейін, тәрбиеші қызметіндегі қиыншылықтарды анықтау және зерттеу, мәселеге бағытталған талдау жүргізу . |
Диагностика нәтижелері арқылы проблема анықталғаннан кейін жұмыс түрлері жоспарланады. Жұмыс жоспары жасалған кезде, оның: • Ғылымилығы ( жоспардың нақтылығы мен шынайлығы) • Оптималды (нақты есепке алу мүмкіндігі) • Белгілі бір мақсатқа бағытталуы •Перспективалық (болашақтағы мақсат пен міндеттердің қойылысы) • Мектепке дейінгі ұйым мен педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшілігін есепке алу ескеріліп отырылады. |
Тәрбиешілер дің мамандық деңгейін жоғарлатуына бағытталған әртүрлі әдістемелік жұмыс түрлерін дайындау арқылы жүзеге асады. |
Жасалған жұмысты оқып түсіну,өткізілген шараларға талдау жасап, әрекеттерді түзету. Жеке тұлға қалыптастыруда жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру арқылы білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Тәрбиешілердің қазіргі заман технология-ларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет. |
Қазіргі қоғамда ақпараттық мәдениет пен ақпараттық білім беруді ұйымдастыру аса маңызды. Оқу тәрбие үрдісінде балалардың танымдық белсенділіктерін ақпараттық технология арқылы дамыту төмендегідей мүмкіндік береді:
• Аудиовизуалды құралдарды қолдану оқу материалының мазмұнын түсінікті, қызықты етуге;
• Оқу материалын түрлі динамикалық суреттермен жан-жақты бірнеше қырынан түсіндіруге;
• Қарапайым жағдайларда қиындық туғызатын заңдылықтарды көрсетуге;
• Зертханалық жұмыстарды виртуалды түрде көрсетуге;
• Тұлғаға бағытталған оқытуды жүзеге асыруға;
• Баланың жас ерекшелігіне сай жағдай жасауға;
• Ақпаратық мәдениеттің дамуына, жаңа ақпараттық құралдармен жұмыс жасауына ықпал етуге;
• Блок-сызба, диаграммалар жасауға;
• Тірек сызба, көрнекіліктер көрсетуге;
• Ойын арқылы оқытуға;
• Сөзжұмбақ, ребустар шешуге, т.б.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің бір сарындылығы баланы тез шаршатады. Сондықтан іс-әрекет формаларын түрлендіріп отырған дұрыс. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңінде балаға өтілетін материал төңірегінде ақпарат беру, оның практикалық бағыттылығын түсіндіру, тақырып бойынша бақылау мен диагностикалау формалары жүзеге асады. Тәжірибелік іс-әрекетте кейбір зертханалық жұмыстар көрсету мүмкін болмайды. Тығырықтан шығу үшін виртуалды зертхананы пайдалануға тура келеді.
Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы обьектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі –мультимедиалық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану оқу іс-әрекеттің жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда тәрбиеші әрбір оқу іс-әрекеттерін өтер алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал мультимедиалық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары айқын.
Мультимедиалық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады. Екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік береді., сонымен қатар білім алу кезеңінде баланың белсенділігін арттыра түседі. Мультимедиалық оқулықтар балаларға таптырмас құрал. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге яғни әдемілікке, әсемдікке әуес болады.
Сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін педагогтың үздіксіз ізденуі, шыңдалуы, шығармашылықпен айналысуы, білімін жетілдіруі қажет. Сондықтан ғалымдар жаңа технологияны ойлап