Материалдар / Балабақшада музыкалық тәрбие беру маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақшада музыкалық тәрбие беру маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
музыкалық тәрбие
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2021
561
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балабақшада музыкалық тәрбие беру маңызы

«Бала  әуен, екпін, ырғақ, сезім, айналадағы

шындықты- табиғатты, адам сезімдерінің әлемін,

тарихты, адамзаттың болашағын көрсететінін білу керек »
В.А.Сухомлинский.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде  халықтың ұлттық моделі мен сай-дәстүрлерін, мәдени- өнерін есепке ала отырып, білімімен білігі жағынан өркениетті елдердегі бүлдіршіндер сияқты, бойында ұлттық отандық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.

Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік білім беру стандартының жобасында «мектепке дейінгі білім беру- Қазақстан  Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі» деп айтылған. Бұл талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы  жұмысты үздіксіз  білім берудің алғашқы сатысы- мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудағы, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген бүлдіршінді тәрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор дей келе мектепке дейінгі ұйымда, баланы музыкаға баули отырып, оның өнерге, жан- жағына, отанына, туған жеріне, отбасына деген сүйіспеншілігін арттыруға болады.Музыкасыз, ойынсыз, ертегісіз баланың толық мәніндегі ақыл- ойы мен қиялын тәрбиелеуге болмайды.Баланың музыкалық мәдениетінің эстетикалық талғамының ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына сөздің шамасы келмеген жерде неғұрлым ойынның алатын орны зор. Эстетикалық талғамды эстетикалық тәрбие беру барысында бала бойына сіңіре алатынымыз сөзсіз.

Эстетикалық тәрбие беру – әдемілікті қабылдауға, сезінуге, бағалауға және көркем құндылықтарды жасауға қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастырудың мақсатқа бағытталған үдерісі (Б. Т. Лихачев). Осындай анықтаманың ересек тұлғаға қатысы бар. Алайда мектеп жасына дейін және ерте жастада да балалар оларды қоршаған ортаның әдемлігіне, әуезге, поэзияға, бейнелеу өнеріне, табиғатқа жауап беруге қабілетті, өздері сурет салуға, балшықтан сомдауға, ән айтуға, билеуге, тақпақ шығаруға тырысады. Балаларға жасалатын осы бақылаулар эстетикалық тәрбие беруді мектеп жасына дейінгі балаларға қолдану мүмкін және керек те деп санауға негіз береді.

Эстетикалық тәрбие берудің жағдайы мен құралы болып өнер табылады: бейнелеу өнері, музыка, әдебиет, сәулет өнері, театр. Балаларды нағыз жоғары өнерге ертеден тарту бала жүрегінде шындықты расында эстетикалық қабылдаудың туындауына ықпал етеді.

Әуез әлемі бала үшін өте тартымды. Анасының құрсағында жатып болашақ адам музыка дыбыстарына еліктейді, және дәл осы кезеңде музыкаға бейімділігін қалыптастыруға болады деген пікір бар.Баланың қабылдайтын және оған құлақ аударатын өнердің алғашқы түрі – бұл музыка екені сөзсіз. Бесік әндері әуезі, сөйлеу дыбыстары, оның тембрі арқылы сәби өзін қоршаған әлемді ажыратып, даралап қана қоймай, оны сезіне де бастайды. Ол біраз уақытқа дейін музыканың осы әсерін сезіне алмайды, бірақ тиісті түрде жауап береді: мұңды әуезді естіп, мұңайып қалады, кейде жылап жібереді; көңілді, ритмі бар әуезге күліп жібереді, қимылдайды.Тұлғаның эмоциялық тұрпатына музыканың әсер етуісөзсіз, алайда оның әсер ету механизмі соңына дейін ашылмаған. Біреуі ғана күмән тудырмайды – балаларды халық және классикалық музканың үздік үлгілерімен таныстыру қажет. Бұл баланың кішкентай кезінде танысатын өнердің кез келген түріне қатысты болады. Кезінде В. Г. Белинский: «Олар үшін (балалар) жаман таңдалған кітаптарды оқу - ештеңе оқығаннан гөрі нашар және зиянды»», - деп жазды.

Балабақшада музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың түрлері: ән сабағы, баланың жеке музыкамен шұғылдануы, баланың күнделікті өмірдегі музыканың орны, мерекелік ертеңгіліктер т.б. Балаға музыкалық тәрбие берудегі мақсатымыз бен міндетіміз:

  • Музыкаға қалыпты қызығушылығын, әр түрлі музыкаға эмоциялық сезгіштігін қалыптастыру және дамыту;

  • Би билеу және ән салу дағдыларына үйрету;

  • Музыкалық қабылдауын, таныс шығармаларды әуенінен тану және есте сақтауын дамыту;

  • Музыкалық танымын кеңейту, машығын дамытуға жағдай жасау;

  • Музыкалық әрекеттің барлық түрі бойынша белсенділікті дамыту.
    Сол себепті, музыканың құдіретті күшін бала бойына дарыту, сіңіру мақсатында музыка, сазды әуен баланың күнделікті өмірінде орын алуы қажет.

Музыкалық оқу қызметінің музыка тыңдау бөлімі бойынша ән, күй, халық әуендерін, басқа ұлттық шығармаларды қолдана отырып, музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, ажырата білумен қатар, оның мазмұнын, көркемдік қасиетін түсіндіру қажет.
Әнді музыкамен, музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде дауысын дамытуға, өлең сөзін дұрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дұрыс ұстап, әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі. Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда (тіл дамыту, сахналау, дене шынықтыру, бейнелеу т. б) баланың көңіл хошы, өз күші мен ептілігіне қызығушылығы арта түседі.
Ән баламен ойын - сауықтарда, музыкалық кештерде, ертеңгіліктерде, билерде, ойындарда бірге жүреді. Демек, ойнай жүріп, баланың әнге деген құштарлығы арта түседі.

Музыкалық – дидактикалық ойындарды ойнау, балалардың музыкаға қызығушылығын арттырады және музыкалық іс - әрекет түрлерін тез, әрі дұрыс үйренуге көмектеседі.
Музыкалық оқу іс - әрекеттерінде музыкалық - дидактикалық ойындарды жүйелі түрде пайдалану – музыканы сипатына, көңіл - күйіне, динамикалық реңкіне қарай ажыратуды үйретеді. Балаларды әр түрлі музыкалық шараларға тек жеке өзін қатыстырмай, үлкендермен, ата - аналармен бірге қатыстырудың мәні зор. Бұл баланың өзіне - өзінің сенімін ұштап, шығармашылығын шыңдайды.
Музыкалық - ырғақты қимылдарды орындауда, би билеуде музыкалық аспаптарды қолдану музыканың ырғағын, динамикалық үнін, екпінін ажыратуға үйретіп, орындаушылық шеберліктерін шыңдайды.
Мерекелік ертеңгіліктердің, ойын - сауықтардың, сахналық қойылымдардың кезінде бала образдық бейнелерді дәл бере білуге, сахна мәдениетіне жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс істеуге үйренеді.
Қазіргі оқу - тәрбие жұмысын жан - жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің бірі бала тәрбиесіне қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан тұрмыс - салтына, әдет - ғұрпына, ұлттық дәстүріне байланысты әдебиет пен мәдениетке, өнерге үйрете отырып, баулу. Белгілі бір өнер иесіне арналған әсерлі әдеби - музыкалық кештер өткізу де бала санасында із қалдырады. Жақсыға, әдемілікке, үлкеннің маңызды да пайдалы ісін қайталауға, ұқсап бағуға талпындырады. Әр сазгердің немесе әншінің шығармашылығындағы, репертуарындағы әндерді, шығармаларды тереңірек талдау арқылы бала тағы да музыканың эмоциялық әсерін, бейнелеу күшін түсініп, жақсы мен жаманды ажырата алуға үйренеді.Сол сияқты баламен жеке жұмыс жасауда әр баланың бойындағы қабілетін тауып, дамытуға жол ашады.
Музыканы түсіне шығарма кейіпкерімен бірге жетіле, әсемдік пен әдемілікті сезіне өскен бала қоғамға тек пайдасын тигізетін, ұлттық қазынаны бағалай білетін, саналы да білімді, отансүйгіш, тәрбиелі, адал азамат болып өсері сөзсіз.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. С.А.Козлова, Т.А.Куликова «Мектепке дейінгі педагогика» Мәскеу «Академия» баспа орталығы 2015ж

  2. Р.Қ. Дүйсембинова «Музыкалық білім беру педогогикасы».- Талдықорған, 2006 ж.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!