Материалдар / Балабақшада ойын арқылы сөздік қорын дамыту
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Балабақшада ойын арқылы сөздік қорын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың тілін сөздік қорын дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
270
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балабақшада ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы
Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі
заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде.
Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда
олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге,
құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн.
Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде
көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей
білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен
теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу ісәрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын
шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік
қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін
күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік
қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл
дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы
заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және
пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар
жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарымқатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде
тәрбиешінің:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет
саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде
басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын,
тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын
тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына
ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш
жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным
белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені
бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге
тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың
баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге
деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі
орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және
құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың
сөздік қорларын дамытады.
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы

ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен
салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге
үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті
меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды
ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға
бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады,
ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарымқатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да
ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке
ерекшелігін ескерген жөн.
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі
етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы
өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай
ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз»,
т.б. Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады.
Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?»,
«Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші
не артық?», «Есіңде сақта».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз
мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз
құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды
қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар»,
«Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу
тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу,
тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін
және саусақ бұлшық етін дамытады.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды
талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау
ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады.
Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі
және олардың іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырмажаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік
қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса
түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

Баяндама
Тақырыбы: «Балабақшада бала тілін дамытудың
маңызы»

1-кіші қазақ «Балапан» тобы
Тәрбиеші: Т.З. Майемерова

Балабақшада бала тілін дамытудың маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда төрт негізгі мақсат
қарастырылады.
1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту.
а) Айналадағы дүниені, табиғатты бақылату, таныту арқылы сөз қорын жаңа
сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған
сұраққа диалог түрінде жауап беруге үйрету.
ә) Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ) сөздерді үйрету.
б) Заттың сынын, сапасын, түр-түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту.
в) Заттың іс-әрекетін білдіретін (жүрді, жүгірді, келді, қияды, екті, септі)
сөздерді әрі қарай меңгерту.
г) Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, асты, астында, жоғарыда, төменде ) қосып
айтуға үйрету.

2. Сөз дыбыстарын дұрыс айту.
Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара білуге үйрете
отырып дауыссыз, қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға
үйрету. Үш-төрт сөзден тұратын сөйлемдер құрату.
3. Грамматикалық категорияларды меңгерту.
Зат есімге іс-әрекеттерді білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құратуға үйрету.
Сөздерді септеп, жіктеп, жекеше, көпше (менің досым, біздің
ойыншықтарымыз) айтуға үйрету.
4. Байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген-түйгенін,
сурет және оқылған ертегілер мазмұнын, ұнатқан ойыншықтары жайында
ауызша, сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілерді кейіптендіре
білуге үйрету. (сызбаның түрлері беріледі)
Мектеп жасына дейінгі баланы дамыту әдістері:
Баламен әңгімелесу, күнделікті өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені
бақылату; кейбір заттың өзін немесе суретін көрсетіп, сөйлесу; көрген-білгені
туралы әңгімелеп беруді үйретіп отыру; сөздік тапсырмалар орындату;
Әңгімелесуден соң, балаға сол оқиғаға байланысты әдеби шығарма оқып беріп,
тыңдату; түсінгені туралы оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.
Баланың тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету негізінен үш түрлі тәсіл арқылы
іске асырылады:
1. Затты бақылауға дағдыландыру;
2. Балалардың түсінігін байқау, сұраққа дұрыс жауап беруін қадағалау;
3. Бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көргенбілгендерін тиянақтап отыру. Мысалы: бала үй жануарларын бақылағанда
(қозылы қой, бұзаулы сиыр) олардың әрекеті, адамға келтірер пайдасы, бірбірінен айырмашылығы (қозы, қой, сиыр) ұқсас жақтары туралы салыстыра айта
білуі тиіс. Сондай-ақ, балаларға мақал-мәтел айтып, жұмбақтың шешуін сұрап,
сөз мәнісін, түсінігін айтуға, жануарларды суреттен танып көрсетуге,
мүсіндеуге үйретіп, жануарлар айтысы т.б. ойындар арқылы оқу іс-әрекетін
одан әрі жалғастыру.
Бала тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізіп отыруға болады:
1. Айналада бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім-кешек,
ыдыс-аяқ, тағам, үй мүліктері) көрсету, баланың қолына беріп, атын сұрап
айтқызу. Осы заттарды қайда, неден (ағаштан, шыныдан, шыттан, жүннен,
темірден т.б.) жасалатынын, кімге, неге, не үшін керек екенін ұғындыру.
2. Баланы белгілі заттардың атына байланысты сөздерден сөйлем құрап айтуға
үйрету. Мұндайда «Суретті сөздік» атты кітапшада жеке заттар мен оларға
байланысты іс-әрекеттер көрсетілген. Бала суреттен үйдегі затты көрсетіп, бірде
атын атаса, екіншіденсол заттардың көмегімен жасалатын іс-әрекет, оның
ерекшелігі туралы сипаттама айтуға жаттыға бастайды.
3. Балалар сөзді, сөйлемді дұрыс айтуға үйрене бастаған соң, шағын әңгіме
құрастыруға дағдылану керек.
а) Баланың бақылау кезінде көргендері жайлы жетекші сұрақ беріп әңгімелесу.
ә) Ойыншықтары, жақсы көретін кітабы жайында әңгіме айтқызу.

б) Оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын сұрап, әңгіме желісін бұзбай айта білуге
үйрету.
в) Сюжетті көркем картиналарды (суреттерді) көрсетіп, оның мазмұнын
әңгімелеп беруге баулу.
г) Жеке заттық атауларды білдірумен қатар киім, мал, төл, ағаш, тамақ, жеміс,
көкөніс т.с.с. жалпы ұғымды білдіретін сөздерді түсіндіру.
ғ) Белгілі грамматикалық формаларды дұрыс қолданып, сөйлей білуге үйрету:
ішінде, үстінде, астында, қасында, жанында, артында, ортасында, шетінде деген
сөздерді сөйлем ішінде қолдана білуін қадағалау. Ол үшін балаға сурет көрсетіп,
әңгімелескенде, нақтылы бір жұмыс түрін орындатқанда, ойын кезінде мынадай
сұрақтар беруді ұмытпаған жөн. Қуыршағың қайда отыр? (үстелдің немесе
диванның үстіне, астына, қасына қойып). Кітап қайда тұр? Немесе баланың бір
ойыншығын жасырып қойып, тапқызу, ол жөнінде сұрап (Сүт қайда тұр? т.б.)
әңгімелесу. Затты жекеше, көпше айтуға үйрету: кітаптар, қуыршақтар, кімнің?
ненің?кімдікі? неннікі? Деген сұрақтарға жауап ала отырып, жеке сөздерді
септік, көптік, тәуелдік жалғаулар жалғап айта білуге жаттықтыру.
Балаларға оқылатын шығармалар олардың ой-өрісіне, дүние танымына әсер
етерліктей болу үшін мына мәселелер мұқият ескрілуі жөн.
1. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттап айтуға таңдалған м
атериалдардың олардың даму деңгейіне, жас шамасына лайықты болуы.
Отбасында тәрбиеленуші әрбір бөбектің күнделікті іс-әрекеті, оның неге
қызығып әуестенетіні, оның алғашқы ұстазы ата-анаға белгілі.
2. Арнайы жинақталған суретті кітапшалар, әңгіме-ертегілердің, мақалмәтелдердің, баланың өмірден алған әсерін, білім, түрлі әдет-дағдыларын
айқындай түсіндіріп, тереңдете, кеңейте түсерлік дәрежеде болғаны жөн.
Шығарманың баланы отансүйгіштікке, достық, жолдастыққа, ата-анаға,
айналасындағы үлкен-кішіге, ата-әжесіне сүйіспеншілікке, мейірімділікке,
бауырмалдыққа, адамгершілікке, мінез-құлыққа тәрбиелейтін дәрежеде болған
жөн.
3. Оқылатын шығарманың суреттермен көрнекі бейнеленуіне аса назар аудару
қажет. Психологтардың дәлелдеуінше балалар оқиғалараының басталу, даму
процесіне, шиеленісіне, оқиғадан-оқиғаның өрістеуіне, өзгерістер мен оның
болу себептеріне, шешімінде кейіпкерлер мінездерінің әртүрлі іс-әрекет үстіне
көріну өзгешелігіне қызыға назар аударады. Оқиғаның негізгі себептері туралы
ой жүгіртіп, қорытынды жасауға ынталанады. Оқиғасы бала түсінігіне дөп
келетін, оған айырықша әсер туғызған шығарманы тыңдап отырғанда бала сол
оқиғаға өзі араласып кеткендей әсерленетін болады.
4. Айналадағы балаға танымал дүние табиғаттың тамаша көріністерін, жыл
маусымдарына қарай құбыла түрленетін ғажайып өзгерістерін, пейзаждың
суреттерін, оның себептерін,табиғат пен адам арасындағы заңды байланыстарды
айқара ашып, көркем де түсінікті түрде суреттеп бере білу, сәбиді
сезімталдыққа, эстетикалық талғампаздыққа баулып, оның зейін қабылдау,
таным әрекетін қалыптастыруға игі әсерін тигізеді.
5. Әдеби шығармалардың тілі жеңіл де, көркем, балаға түсінікті, олардың сөздік
қорын жаңа сөздермен байытатындай болуы тиіс. Бар жақсысын ұрпақ
тәрбиесіне аямаған халық – баланы сылау мен өсіре отырып, құлағына бесік

жыры әуенін сіңіре білген. Нәресте есейген сайын ана сүтімен даритын сөйлеу
тілін дамытып, тазалыққа, имандылыққа баулып, ізеттілікке, жомартыққа
әсемдік сезімталдыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке үйретіп, еңбек сүйгіштікке
тәрбиелеу – әрбір отбасының арманы болған. Оған дәлел – халық даналығы,
санамақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар баланы ойландырып,
толғандыратын өтірік өлеңдер, ертегі-аңыз әңгімелер. Осылардың қай-қайсысы
болмасын баланың сезімін селт еткізбей қоймайды. Тіліне үйіріліп, еріксіз сөзге
еліктіреді. Өйткені ауыз әдебиеті халықтың ұрпағына деген сүйіспеншілігінен,
арман-мүддесінен туындаған. Тілге жеңіл, мазмұны түсінікті ойната сөйлететін
шығармаларды тыңдаған бала оны қиналмай жаттап алып айта береді.

Баяндама
Тақырыбы: «Отбасы мен балабақша
ынтымақтастығы»

1-кіші қазақ «Балапан» тобы
Тәрбиеші: Т.З. Майемерова

Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі
тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік
құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында
«Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың
жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен
балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс.
Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс
арқылы одан әрі жалғасады.«Жаста білген,басқа сіңген тәлімің,
өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас», - деп классик жазушы айтқандай балалық
шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз
өнері оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді.
Оны туған жерге, елге, халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу
– аса жауапты міндеттердің бірі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»дегендей бала
тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы.
Осы екі арнада жүргізілген тәлім тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана
мақсатымыз нәтижелі болмақ. Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың
бірі – айналаны тану, сезіну,қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне
мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден
жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа,
әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы –
мектепке дайындау.
Педагог ғалымдардың тұжырымдарына сүйенсек тұлғаның қалыптасу
нәтижелілігі ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты екенін білеміз.
Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп
жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым – қатынасын талап етеді.Бұл қарымқатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және «өзара қарым-қатынас»
деген түсініктермен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік
стандартында: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды
топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар

мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады. Мектеп
жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарым-қатынас барлық нысандары
мен түрлерінің негізгі мақсаты балалар, ата-аналар, педагогтар арасында
сенімділік қатынасты орнату, оларды бір командаға біріктіру, өздерінің
проблемаларымен бөлісу және бірлесіп шешу қажеттілігіне тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың өзара
сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға
болады:
- педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру;
- іс-әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу,
әртүрлі үйірмелер, клубтар) және қосымша қызмет көрсету;
- балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау;
- қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
- әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету;
І.Педагогикалық - психологиялық сауаттылыққа жетілдіру.
Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат,
міндеттерінің түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына ықпал етеміз.
Ата-ана баланың мүмкіндігін ескеру, сонымен қатар кідіріс те болдырмау
керектігін түсінеді. Ата-аналардың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтайтын
жағдайлардың кешені өз деңгейінде болу қажет. Олар отбасының тұрмыстық
жағдайы, құрылысы және отбасы мүшелерінің саны, психологиялық жағдайы,
мәдени білім деңгейі, ата-ана өнегесі.
Ата-аналарға педагогикалық сауаттылықтарын жетілдіру мақсатында
«Білгім келеді» сабағын өткіздім.
«Бала тілі - бал» тақырыбында арнайы топ газетін шығарып балалардың
қызықты сәттері мен өз қиялдарынан шыққан тәтті сөздерін жазып іліп қойдық.
«Жылжымалы папка» ата-анамен байланыс дәптеріне ата-аналар өз пікірлерін
жазып, кеңестермен танысты.
«Балам өсіп келеді...» тақырыбында ата-аналарға эссе байқауын өткізіп
пікірсайыста талқыладық
ІІ. Іс - әрекеттің түрлі формалары
Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатыстырудың маңызды
нәтижесі ата-аналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның
басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарымқатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ
па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады.
Бәрін мен дұрыс істеймін бе, неге менде тәрбиелеудің өзге нәтижесі
қалыптасқан, неге үйрену керек деген рефлекстік қызмет «іске қосылады».
Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып
жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселерді, отбасы
тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар атааналардың ұсыныс –тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған
әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын
алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен
таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.

Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейілінше қызықты етіп
өткізуіне үлес қосу үшін біздің балабақшада «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс
жасайды. Балаларды қол өнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге үйретсе, кейбір
ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар
дайындау сияқты жұмыстарға атсалысады.
Мерекелер, балаларды қорғау күні қарсаңында «Сүйікті ойыншықтарым»,
«Ғажайып балалар әлемі» атты акциялар өткізіп ата-аналарымыз өз қалаулары
бойынша демеушілік жасап балаларға сыйлықтар тарту етті.
ІІІ. Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дұрыс бағытта дамыту
үшін олардың жас ерекшеліктері мен нақты дара ерекшеліктерін ескере отырып
қалыптастыру қажет. Балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы
болмысты нақты әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп баяндап
баланың сөздік қорын молайтып,тілін байытамыз.Мектеп жасына дейінгі
балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық ұйымдастырылған оқу ісәрекеттерінен тыс уақыттарда шұғылдана алады. Барлық білім салалары
бойынша іске асыруға болады.
Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интелектуалдық дарындылығы, есте
сақтау қабілеттері түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың
шығармашылық қабілеті дамып, ақыл-ой белсенділігі арта түседі.
Шығармаларды, ертегілерді, әңгімелерді еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын
дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады. Ата-аналармен
жүргізілген жиналыстарда балалардың жұмыстарынан көрме жасап қоямыз.
Ата-аналармен біріге отырып қуыршақ театрлары мен ертегілерді бірігіп
сахналаймыз. «Тыңда балам, ертегі» айдарымен ұсынылатын әжелердің
ертегілерін тыңдаймыз.
Ата-аналармен, балалардың шығармашылықтарын шыңдай түсу мақсатында
«Жарасымды отбасы» сайысын өткіздім. Онда отбасылар өз өнерлерін көрсету,
қол өнер шеберліктерін, тест тапсырмаларын орындау сияқты сайыс
кезеңдерінен өтіп өз бағаларын алды.
IV. Қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.
Ата-аналармен мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік күні.
Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен,
тәрбиелеу - оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен
қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналармен топтарға
саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету (ұжымдық жұмыстар,
серуендеуге жинау т.с.с.) немесе әдіске ата-аналармен әңгімелеседі, олардың
алған әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді. Әңгімелерді
жеке дара, ұжымдық түрінде өткіземіз. Бұл екі жағдай да, нақты міндет: нені
анықтау қажеттігі, немен көмектесуге болатыны белгіленеді, ата-аналардың
пікірлерін де тыңдаймыз.
Ата-аналар конференциясы. Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық
тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу. Ата-аналар алдын-ала мәлімдеме
дайындайды, немесе оларды бірлесіп те дайындаймыз.

Кулекеева Макпал
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!