Материалдар / «Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман талабына сай білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. Осы орайда балалардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттырумен қатар ақыл-ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін, тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру керек.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану»

А.Абдужаббарова

Түркістан облысы Жетісай қаласы «Алпамыс батыр» бөбекжай- балабақшасының тәрбиешісі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу, әр педагогтың күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісін жаңара отырып, балалардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту,  қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда педагог іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.

Қазіргі заман талабына сай білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. Осы орайда балалардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттырумен қатар ақыл-ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін, тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру керек.

Оқыту барысында инновациялық технологияларды іске асыру балалардың ойлана білу қабілетін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді.

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Мектепке дейінгі білім беруде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын  пайдалану балалардың өз бетінше белсенділігін арттыруға, шығармашылық ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын, балалардың өз бетінше, түрлі тәсілдермен қызықтыратын зат немесе құбылыстар туралы ақпарат табуға және бұл білімді шынайылықтың жаңа объектілерін құру үшін пайдалануға, сонымен қатар балабақшаның білім беру жүйесіне ата-аналардың белсенді қатысуы үшін мүмкіндік береді.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүйесін ұйымдастыру педагогтарды даярлау арқылы, ата-аналармен тәрбиелік жұмыс жүргізу және СТО технологиясының талаптарына сәйкес пәндік-кеңістік ортаны құру арқылы жүзеге асырылады.

Баланың сын тұрғысынан ойлауын қалай дамыту керек және ол не үшін қажет? Болашақта қандай бала көргіміз келеді, тыныш тыңдайтын немесе жан-жаққа қызығушылығы мол, өз пікірін ашық түрде ортаға айта алатын баланы ма? Міне осы ой бізді баланың сәби жасынан ойландыру керек.

Проблеманы қою

  • Тәрбиеленушілердің ойлау қызметін дамыту құралы ретінде сыни  тұрғыдан ойлау тиімділігін зерттеу.

  • Балалар өткен материал бойынша не білетіндерін анықтау.

  • Бар білімді жандандыру.

  • Баланы алдымен оқу материалымен, содан кейін басқа да ақпарат көздерімен жұмыс істеуге үйрету.

Осылайша, мұндай технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу әлеуметтік тапсырысқа сәйкес келетін, еркін шығармашыл тұлғаның дамуына ықпал етеді.

Мақсаты:

  1. "Сыни тұрғыдан ойлау" технологиясын балабақшаның  білім беру процесіне енгізу бойынша жұмыс жүйесін құру.

  2. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқу процесіне интерактивті қосу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуын қамтамасыз ету.

 Міндеттері:

1.Сын тұрғысынан ойлау бойынша педагогтардың жұмыс жүйесін ұйымдастыру: семинарлар, консультациялар мектепке дейінгі білім беруде СТО технологиясын игеру бойынша тренингтер. Оқыту процесін  жүйелі түрде қызықты ету.

2. Идеяны практикаға қалыптастыру, хабарды тарата білуге үйрету.

3. СТО технологиясының талаптарына сәйкес пәндік-кеңістіктік ортаны құру арқылы кез келген проблеманы шешудің дұрыс жолын таба алатын, сыни ойлайтын тұлғаның сапасын тәрбиелеу.

 Күтілетін нәтиже:

- Ақпараттық сауаттылықтың арттырылуы;

- Ойлаудың жаңа тәсілі, ол ашықтықпен, икемділікпен, рефлексивтілікпен сипатталады;

- Тұлғаның базалық қасиеттерін қолдану: сыни ойлау, коммуникативтік, креативтілік, мобильділік,

дербестік, төзімділік, өз таңдауына және өз іс-әрекетінің нәтижелеріне жауапкершілік;

- Жаңа білімді бағалау, қорытынды жасай білу және жалпылау;

- Проблемалық жағдайларда шешудің әртүрлі тәсілдерін таба білу.

Сын тұрғысынан ойлаудың технологиялық тәсілдері бір жағынан кәсіби жұмыс істеуге мүмкіндік береді, ал екінші жағынан – оқыту процесін дәлелді және негізді, яғни қызықты етеді.


Бір жарым жасынан бастап балада көрнекілік бейне ойы дами бастайды., соның көмегі арқылы заттармен шешім шығарады. Қарапайым тілмен айтқанда әр сұраққа жауап табуы үшін ол сол затты ұстап , сипап сезуі керек. Ал 4-5 жасқа қарағанда оларда көрнекілік бейнесі қалыптасып, затты көз алдына елестетуі жеткілікті, сол арада ол затты есіне түсіреді, дегенмен бұл заттың барлық ерекшелігін білмесе де, сол кездегі туындаған сұрақтарға шешім тауып, жауап бере алады. Бала ішкі дүниесінен алған ақпараттарды талқылып, топтастыру модельдеу, схемалау пайда бола бастайды. Сондықтан балаға сын тұрғысынан ойлауын дамытуға көмекке келу керек.

Неліктен баланың жай ғана ойлауы емес, нақты сын тұрғысынан ойлауын дамытуы қажет? Егер оларды жалпылап алсақ сын тұрғысынан ойлау қиын ойлау процессі , ол баланың ақпарат алғанынан бастап, өзінің оған деген қарым- қатынасын қалыптастырып, ойын түйіндеуімен аяқтайды.

Сын тұрғысынан ойлау білетін бала әр кезде өзінің ойын жіті дәлелдеп бере алады. Ол өзінің логикалық ойына және қарсыласының пікіріне сүйеніп, неге онымен келісетінін немесе келіспейтінін түсіндіре алады.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға сын тұрғысынан ойлау өте қиынға соғады ма?

-Жоқ, олай деп те айтуға болмайды.

Теорияда қиын көрінгенмен, күнделікті өмірде ата-анасы баладын сын тұрғысынан ойлауды жиі көре алады. Баланың бітпес «неге?» деген сұрақтары соған тура дәлел. Балалар әрқашан үлкендердің іс-әрекеттерін, табиғаттағы құбылыстардың себебін білгілері келеді. Кей кезде баланың бұлай жиі сұрақ қоюы, өзіне жақын адамдарының көңілін өзіне аударғысы келгені. Бұл кезде дұрыс шешім қабылдап , баланың қызығушылығын басып тастамай, толық қанды жауап берген жөн.

Баланың талпынысына көңіл қойып оның неге қызығатынын түсініп, білген өте маңызды. Сонымен қатар алынған ақпараттарға, шешім қабылдап, жағдайды әділ таразылап, оған деген көзқарасын дұрыс қалыптастыруға көмектесу керек.

Баланың жан-жақты білуге құштарлығының төмендеуі –ол жаман. Бұл балаларға келешекте жаңа оқу бағдарламаларына ілесуге кері әсерін тигізеді. Қазіргі кезде мектепке бару үшін оқу, жазу, санай білу ол аз. Бала логикалық ойлап, әңгімеге қортынды шығара алуы керек. Кейде мұгалімге өзінің ойының дұрыстығын дәлелдей білу де артық болмайды. Сондықтан, бала мектепке жақсы дайын болуы үшін сын тұрғысынан ойлауды ертерек бастап үйреткен жөн.

  • Ерте жастан балаға логикалық түрде ойлауға үйрету керек. Баланың алдында жағдайды егер , әйтпесе, немесе деп ашық түрде талқылау керек.

  • Баланың ойлау қабілетін әр түрлі әдістерді қолданып, ойын түрінде дамыту керек

  • Заттарды салыстыра отыра, ортақ қасиеттерін тауып, оқылған ертегіге қортынды шығара отыра дамыту.

  • Затты дәлелдеуде «мен солай болғанды қалаймын» немесе «маған солай болғаны ұнайды» деген жауаптар қабылданбайды. Оның нақты себебін айтуы керек. Бірақ балаға дәлелде деп тікелей қадалудың да қажеті жоқ. Бағыттаушы сұрақтар қойып жауап табуына көмектескен жөн.

Баланы күмәндандыру керек. Бала күмәнданып, жауабында сенімсіздік танытса- ол өте тамаша. Онда бала өзінің ойының дұрыстығын дәлелдеуге тырысады. Ол талас кезінде бәрін білгісі келеді. Көп жаңалықтар ашады, қызығады, біледі және есіне сақтап қалады.

  • Бала талқылау кезінде қателікті табады немесе нақтылайтын сұрақтар қояды, яғни ол зейінін қойып, өзінің пікірін айтуға дайын, бәрін білгісі келеді. Ол кезде мадақтау керек.

  • Ең алдымен сол жайында барлық ақпараттарды біліп алып, шешім шығаруға үйрету керек. Дұрыс білмей кемшілігін айту ақылға жатпайды., міндетті түрде әр қашан дұрыс таразылау керектігін түсіндіру

Бала бес жасқа қарағанда достарымен қарым – қатынасы арта түседі. Солай бірлесе ойнап балалардың бірлескен қоғамы пайда болады. Қарым-қатынасқа түсе алуы дамиды. Өз ісіне , пікіріне сәйкесінше баға бере алуы дамиды. Осы жастан бастап балада жүйелі қарымқатынасы қалыптасады, жолдастары пайда болады. Зейіні тұрақтанады, өз бетінше есте сақтау қабілеті туындайды, кемелдік қабылдауы ұшталады, көз алдына елестетеді, бейнелі көрнекілігі жоғары түрде дамиды.Бала талқылай алады, ойын түйіндейді, топтастырады. Ақпараттармен алмасуы, тіл байлығы, талқылауы артады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Қазіргі балабақша тәжірибесінде қолданып жүрген сыни ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары баланың ойлауына, шығармашылық ізденісіне, педагогтың шеберлігіне жол ашты. Технология әдістерін қолдануда педагогтар нәтижесінде: баланың ойлауына, бала белсенділігіне, сөздік қорын дамытуға, баланың өзіндік пікірінің қалыптасуына мүмкіндік жасайтындығын айтып жетістікке жетуі. Бала өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой- өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, бірте - бірте педогогтың түсіндіргеніне қарағанда өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеті ұшталады. Оның ішінде ерекше бір жағдай: топта көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен балалардың да қызығушылығы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша іс-әрекеттерге қатысуға тырысуы байқалды, сөйтіп жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда ойын технологиясын пайдалану қажет. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болғандықтан, әрбір педагог ойын технологиясын жетік меңгеруі тиіс деп санаймын. Ойын барысында балалар тілдесу ережелерімен танысады. Балалар әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында мыналарды үйренеді :

-  заттардың белгілерін сипаттау ;

-  берілген белгілері бойынша заттарды тану ;

-  заттардың бірдей және әр түрлі қасиеттерін анықтау:

-  заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай жіктеу дағдыларын қалыптастыру;

-  іс -әрекеттердің бірізділігін анықтау;

-  қарама -қарсы құбылыстар туралы мінездеу;

-  өз қызметінде уақытша жақтауларды көру;

-  кеңістікте, қағаз бетінде бағдарлау ;

-  жалпылау, зейінді болу ;

-  есте сақтау қабілетін, қолдың кіші моторикасын дамыту;

-  әр түрлі түсініктерге анықтама беру :

-  тапқырлықты және ұғымталдықты дамыту.

Сын тұрғысынан ойлау -ашық қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және оларға үнемі жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу,сонымен қатар басқалардың пікірлерін ділірек қарастыруды және сол ділелдемелерді қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Сыни ойлау-адам өмірінің бір саласы. Олай делінетіні-бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін маңызды, әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата білуге көмектеседі.

Сыни ойлауды дамыту технологиясяның дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы-білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты- демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар,өзін-өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап, жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

«Сын тұрғысынан ойлау»- сынап қарау емес, баланың шыңдалған ойлау әрекеті.Бұл технологияның негізінде балалар өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді, іздене отырып, өз ойын айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік алады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Отбасы және балабақша №3 2019ж.

  2. «Ұстаз kz» сайты

  3. «STUD kz» сайты

  4. «Сын тұрғысынан ойлау» Л.Стил, С.Крутис, Ч.Темпл


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!