Материалдар / Балабақшадақы дене тәрбиесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақшадақы дене тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2021
529
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Каспий өңірі Болашақ колледжі» ЖШС












Курстық жұмыс


Тақырыбы: «Дене шынықтыру сабағында ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбиелерін арттыру»

Пәні: Дене тәриесі теориясы мен әдістемесі







Орындаған: Қыдырқожа Р.

Тобы: ФК – 17 – 1

Тексерген: Айтжанова Г. Д.
















АShape1 қтау қаласы – 2021жыл

Жоспар

I.Кіріспе


1.1.Дене тәрбиесі теориясында әр түрлі ұғымдар, түсініктер

3

II.Негізгі бөлім


2.1.Дене тәрбиесі, оның сипаттамасы және дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәні міндеті,мазмұны

4

2.2.Сабақтың мазмұны мен құрылымы, типтері мен өткізу әдістемесі

10

2.3.Дене шынықтыру сабақтары процесінде баланы жан-жақты тәрбиелеу: адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық еңбек тәрбиелері

17

III.Қорытынды

21

IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

22


Shape2

I.Кіріспе


Курстық жұмыстық өзектілігі: Дене тәрбиесі теориясында әр түрлі ұғымдар, түсініктер бар: дене дамуы, дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі білімі, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті т.б. қолданылатын әр түрлі құбылыстарды көрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұғымдар қоғамның тарихи дамуының әр кезеңінде пайда болған. Олардың мазмұны дене тәрбиесі жөніндегі ғылымының және оның практика жүзінде жүзеге асырылуын дамуына қарай тереңдеп нақтыланып келеді.

Адамның түсінігі тек қоғамдық практика негізінде ғана қалыптасады. Адамзат тәжірибелерінің нәтижелері тіл формасында бекіп, қоғамдық мәнге ие болады. Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек.

Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты. Ендеше, дене тәрбиесі теориясында жиі қолданылатын ұғымдарға, түсініктерге тоқталып өтейік.

Курстық жұмыстың мақсат-міндеттері:

  • Дене шынықтыру сабағында балалардың жан-жақты қабілетінің даму барысын және икемділігі мен қызығушылығын зерттеу;

  • Дене шынықтыру пәнінің жалпы сипаттамасын беру;

  • Дене шынықтыру сабағында ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбиелерін арттыру жолдарын көрсету.

  • Оқу-тәрбие жұмысында ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбиелерін қолдана білудің маңызы туралы түсінік беру


Shape3

II.Негізгі бөлім

2.1. Дене тәрбиесі, оның сипаттамасы және дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәні міндеті,мазмұны


Дене тәрбиесінің барлық сабақтар бағытына қарай мынадай міндеттерді жүзеге асыруы тиіс. Олар: тәрбие, білім, сауықтыру.

а) Білім беру міндетінің мақсаты - оқушылардың білімін шыңдай түсу. Жаттығуларды ептілікпен және дағдымен орындату. Оларды өмірде қолдана алуға үйрету.

б) Сауықтыру міндеттерінің мақсаты - дене тәрбиесі жаттығуларының сабақ кезінде ағзаға сауықтыру әсерін тигізуіне тиімді жағдай жасау.

в) Тәрбиелеу міндеттерінің мақсаты – сабақ жүргізу жүйесінде оқушының адамгершілік қасиеттерін арттыру.

Дене тәрбиесі сабағында төмендегідей міндеттер жүзеге асырылуы керек.

Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау. Әдістемелік ұйымдастыру шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім оқушылардың әрекеттерін тиімді ұйымдастыру түрлері мен әдістерін таңдайды. Олардың тұратын, отыратын орындарын қозғалыс жолдарын анықтайды Снарядтарды жинау жолдарын көрсетеді. Қимыл-қозғалыс дайындығын мұғалім мектеп бағдарламасында кездесетін барлық жаттығуларды көрсете алуы керек. Сондықтан да мұғалім сабақта үйренетін жаттығуды қайталап өз мүмкіншілігін әрдайым тексеріп отыруы қажет. Теориялық жәнс сөйлеу дайындығы мұғалім өтілетін сабақты жақсы білумен қатар-шешен сөйлей алуы да керек. (әңгімені дұрыс жүргізу, баяндау команда беру, таңдау жасау т.б.) Сабақты материалдық жағынан қамтамасыз ету. (керек құрал жабдықтарды дайындау және спорттық снарядтарды табу т.б.).

Жеткіншектерді енбекке тәбиелеу дене тәрбиесі мақсаттарының бірі болып табылады. Дене тәрбиесі еңбекке ерікті түрде тәрбиелеудің негізін қалайды. Денені шынықтыру тұрақты дағды тәртібін, ерік-жігерді, қалыптасқан мінез-құлықты талап етеді. Еріншектікке жол бермейді. Өйткені, күнде таңертеңгі гимнастикалық, спорттық жаттығулармен айналысатын оқушының еңбекке деген ынтасы оянады. Еңбекке деген адамгершілік көзқарастарын қалыптастыруда дене тәрбиесі пәнінің мүмкіндіктері ете көп. Мысалы, «Өзің үшін, өз мақсатың үшін еңбек еткенің жаксы. Ал өзгелер үшін еңбск етуге калай қарайсың?» деген сұрақты қоя отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізудің тәрбиелік маңызына назар аудару

Дене тәрбиесі сабағындағы эстетикалық тәрбиенің маңызы өте зор. Адамның жан дүниесі қандай сұлу, таза болса, дене мүшесі де сондай сымбатты болуы керек. Бұл ретте окушыларға берілген тапсырманы мәнерлеп түсіндіру, әдеп сақтауға үйрету, музыкалық сүйемелдеу кезінде әуенге сай үйлесімді қимылдауға дағдыландыру игі нәтижеге жеткізеді. Мысалы, әдетте жаттығу барысында «жаксы», «дұрыс емес» деген сөздер жиі айтылады. Ал «Жарайсың, міне қандай әдемі!» деген жылы лебізді сирек естисің. Окушылардың қозғалыс қимылдарын орындау техникасына назар сала отырып, оның ынта-ықыласын сол жаттығулардың таза әрі үйлесімді, сұлу орындалуына аудара білген жөн. Жан сұлулығы мен тән сұлулығын кимыл-жаттығу кезіндегі іс-қимылдың әсемдігіне ұштастыруды басты мақсат етіп алу қажет. Ұстамдылық, қандай жағдайда да өз еркін билей алу, өзгелердің жүйкесіне кері әсер етпеу, кашанда көмекке дайын тұру, бәсекелесіне құрметпен карау, төзімділік сияқты ізгі касиеттер эстетикалық тәрбиелеудің нәтижесінде жүзеге асатын адамгершілік сипаттар болып табылады.

Дене тәрбиесі – тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Бұл анықтама дене тәрбиесінің салыстырмалы түрде даралық ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек т.б тәрибелермен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесінде қоғамдық тәрбие мақсатын туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.

Дене тәрбиесі ұғымын жалпы тәрбие деген кең ұғмның бір саласы деп ұққанымыз дұрыс. «Дене тәрбиесі» атауы педагогикалық процесс. Ол тәрбиелік және білімділік міндеттерді шешуге тиіс. Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелерден айырмашылығын айтатын болсақ біріншіден бұл процесті дене сапаларын дамытумен бірге тиімді дағды, әдет қозғалыстарын қалыптастыру арқылы дене жұмыскерлігін арттыру деп ұғынамыз. Қорытып айтқанда, «дене тәрбиесі» дегеніміз ол адам бойындағы морфофункционалдық қасиеттерді дамытатын, білімін байытып, шеберлігін, қозғалыс дағдыларын арттыру негізінде еңбек көрсеткіштерін жақсартумен бірге Отанымызды қорғауда жоғары жетістіктерге жетуге бағытталған педагогикалық процесс. «Дене тәрбиесі» ұғымының екі мағынасы болуы мүмкін. Біріншісі – дене жөніндегі білімділік, екіншісі – ден қасиеттерінің тәрбиесі.

Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.

Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.

Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.

Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.

Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:

шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.

оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.

Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:

оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.

шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.

спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.

негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.

Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.

Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.

Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.

Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.

Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.

Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.

Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.

Дене тәрбиесінің міндеттері:

- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;

- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;

- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;

- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;

- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;

- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;

- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.

Дене тәрбиесі жүйесі-өзара қарым-қатынастағы жеке дене тәрбиесі жүйесі және әртүрлі қоғамдық топ өкілдерінің ерекшеліктеріне қарай сипатталады (балалар дене тәрбиесі жүйесі, мектеп оқушылары дене тәрбиесі жүйесі т.б.) Балалар дене тәрбиесі жүйесі-әртүрлі жастағы топтардың денсаулығына жан-жақты бағытта қызмет жасайтын қоғамдық ұйым. Дене тәрбиесінің әр жуйесі дене тәрбиесіне тиянақты-тарихи түрін бейнелейтіндіктен қойылған мақсаттқа жету үшін осы немесе басқа ұйымдардан құралады. Жүйе айқын салалар құрылымымен олардың қызметі басқа да жүйелерінің қарым-қатынас ерекшеліктерімен айқындалады. Жүйенің ең басты қызметі — адамдардың дене мәдениетін жоғары сатыға көтеру үшін барлық осыған тікелей қатысты құрылады. Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары: 1.дене тәрбиесі негізі мен әдісі сауықтыру жағдайында тек заңды негізге сүйену керек. 2.дене жүктемелері оқушылардың мүмкіншіліктеріне байланысты берілуі керек. З.дәрігерлік педагогикалық бақылау мұғалімнің кез-келген оқу-тәрбие жұмысында болуы міндетті. 4.Санитарлық-гигиеналық қалыпты, күнді, ауа мен суды пайдалану-барлығы әрбір дене жаттығулары кезінде қолданылуы кажет.

Дене тәрбиесі,спорт ілімі мен әдістемесі жеке пән бола отырып жекелей ұғымдары бар. Олар бір-бірімен өте тығыз байланыста, мақсаттары оқу жүйесін жүйелеу, ағзаны шынықтыру, қоғамға дене сапалары жан-жақты тұлға дайындау.

Дене тәрбиесі - жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытуға, оның денсаулығын нығайтуға, еңбек ету мен әскери қызметті атқаруға даярлауға бағытталған қоғам мен жалпы мәдениетінің бір бөлігі.

Қызметі дене дамуын оңтайландыру, білімдік, ақыл-ой және қызметтің өзге де түрлерімен өзара бірге әрекет ету, таңдап алған мамандықты меңгеруге себепкер болу, тәрбиелік, жалпы мәдени, эстетикалық, адамгершілікті, әлеуметтік-экономикалық салауатты өмір салтын қалыптастыратын дене дайындығы.

Дене шынықтыру- дене жаттығуларын, табиғаттың сыртқы күштнерін (күн, ауа, су) пайдалана отырып ағзаны шынықтыру. Яғни мәдениеттің ажырамас бөлігі адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту, рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік кызмет саласы.

Қызметі қозғалыс қажеттілігін канағаттандыру, фукнкционалды рахаттану, бос уақытты оңтайды пайдалану. қызметі төмендеген дене мүшелерін қалыпқа келтіру, жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өсксн орта, спорт түрі.

Дене дамуы - ағзаның табиғи морфофункционалдық ерекшеліктерін өзгерту жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өскен орта, спорт түрі.

Қызметі жеке тұлғаның даму ерекшелігі, айырмашылығы және әсер етуші факторлардың нәтижесінде дене мүшелерінің өзеріске ұшырау қалпы.

Дене тәрбиесінің мәдениеті-жалпы қоғам мәдениетінің бір бөлігі. Қоғамдағы адамдардың дене сапасының жан-жақты дайындығы мен өмірде әртүрлі жағдайда еңбек ету бағытында жасалатын күрделі жұмыстың бір түрі.

Қызметі білім беруді, ғылым мен әдебиетті, техникалық құрал тәсілдерін, әдістерін пайдаланып дене дайындығына жан-жақты жағдай жасау.

Спорт дегеніміз – түрлі жақтан арнайы мамандандырылған және алдағы істерде жарысу арқылы өз мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде көрсете білуге жан дүниесін дайындауды дене тәрбиесі ойындарында пайдалануға құрылатын материалдық, әрі рухани байлық.

Яғни спорт дегеніміз - әрбір жеке тұлғаның тандаған спорт түрінен жоғарғы нәтижеге жеткізу саласы. Яғни жарыс әрекетінің, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бір түрі.

Қызмет - спорттық әрекет. жарыстырушылык. интернационалдық. жүйкені реттсйтін. комуникативтік. ақпараттық, жалпы мәдениеттік. денені жетілдіру, эвристикалық бейбітшілік кызметі. ойын-сауықтық іс-әрекет..

Бұқаралық спорт- тұрмыс пен еңбек қызметіне керек дене қасиеттері мен қозғалыс дағдыларын дамытып. жетілдіруге және бір қалыпта ұстауға көмектесетін, тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік демографиялық тобының мұқтаждығын қанағаттаңдыратын спорт түрі болып табылады.

Жоғарғы жетістіктер спорты-жеке тұлғаның спорттағы мақсаты жоғарғы спорттық нәтижелерге қол жеткізуді рекорттар жасауды қамтамасыз ететін спорт саласы. Жоғарғы жетістікке жету жолы спартакияда, универсиада, чепионат және олимпиадалық ойындар.

Әуесқойлық спорт- азаматтардың дене тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі өзінің спорт шеберлігін жетілдіруге және спорттың әр түрінде жоғарғы нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін сан қилы спорт қозғалысы.

Кәсіпқойлық спорт-спорттық ойын-сауық шараларын ұйымдастыру және оларға қатысу арқылы пайда табу болып саналатын спорттық кәсіпкерлік қызметтің бір түрі.

2.2.Сабақтың мазмұны мен құрылымы, типтері мен өткізу әдістемесі


Дене шынықтыру сабақтары – балаларға дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. Сабақтың арнаулы міндеті барлық жастағы топтардың балаларын дұрыс қимыл қозғалысқа үйрету, дене қасиетін тәрбиелеу болып табылады. Сабақтың маңыздылығы өзара байланысты сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыру олардың орындалуы баланың дене күшінің дамуын, денсаулығының нығаюын, олардың дұрыс қитмыл-қозғалыс дағдыларын игеруін дене тәрбиесі мен спортқа эмоционалды-жағывмды қатынасын қалыптасрыуды, оның жеке басын жан-жақты қамтамасыз етеді.

Дене тәрбиесі теориясы – адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Дене тәрбиесі теориясы дене тәрбиесі жүйесінің мақсатын, міндеттерін, қағидаларын зерттейді, тәрбиенің басқа түрлерімен-ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек еңбек тәрбиесі мен дене тәрбиесінің заңды байланысын ашып көрсетеді. Дене тәрбиесі құралдарын оқып-білуге, дене жаттығуларын үйрету қағидалары мен әдістерін ашып көрсетуге дамытуға, спорттық жаттығулардың жалпы негіздерін, денені жаттықтыру сабақтарының әр түрлі формаларын сондай – ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке алуға көп көңіл бөлінеді. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі үнемі қоғамдық практикамен біргелікте дамып келеді.

Дене тәрбиесінің тәжірибесінде әдістер қаншама көп болғанмен, оның бәрі жан-жақты пайдаланыла бермейді. Сондықтан олардың анықтамаларын білу, біздің дұрыс бағыт алуымызға, әр түрлі міндеттерді орындауға тиімді әдістерді таңдауымызға көмектеседі. Әр түрлі жаттығушылар тобымен әр қилы жағдайда белгілі бір міндеттер орындау үшін дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану, пайдалану жолын дене тәрбиесінің әдістері дейміз. Мысалы, қайталау әдісі, үйрету әдісі. Әрбір әдіс өзінің құрамына кіретін әдістемелік тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылады. Нақтылы үйрету міндетіне сәйкес жаттығуларды орындауды әдістемелік тәсіл дейміз. Мысалы, үйрету әдісінің көрсету тәсілдері: жаттығуларды айла-тәсілмен көрсету, керекті қарқынды түрде немесе баяу қарқында көрсету т.б. Әдістемелік тәсілдер көп. Олардың бірі ескіріп, жоғалып жатса, екіншісі өзгеріп, ал келесі біреулері мұғалімнің ізденісімен өмірге келіп жатады. Сабақ беру деңгейінің әр түрлілігі мұғалімнің осы әдістемелік тәсілдерді көп білуіне, кеңінен қолдануына байланысты.

Әрбір жастағы топтарға арналған бағдарламадан туындайтын және балалардың қимыл әрекеттерінен көрінетін дене жаттығулары сабақтың мазмұныны құрайды. Дене жаттығулары мазмұны жағынан әр алуан. Бұл орайда айқын әрі дәл міндетті бағдарламаның жүргізілу жүйелілігін сақтау, сондай –ақ балалардың жасына байланысты, жеке басының ерекшеліктерін ескеру міндетті түрде қажет. Сабақтың құрылымы және жаттығуларын жүйелі түрде қажет. Сабақтың құрылымы дене жаттықтыруларын жүйелі түрде орындауынан көрінеді. Дене шынықтыру сабақтары өзара байланысты үш бөлімнен кіріспе дайындық , негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Сабақтың әрбір бөлімі үшін барлық білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерінің бірдей зор маңызы бар. Көрсетілген міндеттердің орындалуы балаларға жан-жақты ықпал етуді қамтамасыз етеді. Баланың ойының ширақ жұмыс істеуіне, сезіміне, игерген дағдыларына байланысты, тапсырмаға баланың реакциясы сабақтың кез келген бөлімінен және әрекеттің бүкіл сан алуандылығынан көрінуі тиіс.

Дене шынықтыру сабақтары ойын формасында өткізілуі немесе гимнастикалық жаттығуларды және қимыл қозғалыс ойындарын ұштастыру мүмкін. Жоғарыда қарастырылған бала организмінің жұмыс істеу қабілетінің динамикасын ескертетін, сабақ құрылымы сабақтың көрсетілген типтерін жасаудың негізін құрайды және олардың жоспарын анықтайды. Ойын формасындағы сабақ кез келген жастағы топта өткізіледі, әсіресе 1-4 сынып кішкентайлар тобында өткізу тиімді болады. Олар шартты формада баланы қоршаған әлемді бейнелейтін және негізі қимылдар мен денені жалпы дамытатын жаттығғулардан құралады, ал ересектер тобында сан алуан имитациялық-бейнелі элементтерінен тұратын тұтастай мазмұндық ойын жағдайының динамикасы мен жасқа байланысты мүмкіндігін ескертетін сабақ құрылымымен сай келуі керек. Ойын формасындағы сабақ мазмұны жөнінен әр түрлі қимыл-қозғалыс ойындарыда да құрылуы мүмкін, олардағы қимыл материалдарының жүйелілігі мен сипаты нақ жоғарыдағыдай құры

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!