Материалдар / Балабақшаішілік бақылау - басқарудың маңызды функциясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақшаішілік бақылау - басқарудың маңызды функциясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманғы басшының іс әрекетінің түрлерінің негізгісі: ол оқу-тәрбие үрдісін және білім беру мекемелерін басқара алуы. Басқарудың мазмұнын жоспарлау, бақылау, бағалау функциялары құрайды. Сондықтан қазіргі заман талабына сай білім беру ұйымында педагогикалық үдерісті бақылайтын балабақшаішілік бақылау қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2020
1319
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балабақшаішілік бақылау – басқарудың маңызды функциясы


Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін жетілдірудің негізгі мәселесі- заман талабына сай білім сапасын жақсарту және қоғам мен мемлекеттің , тұлғаның келешекте маңызды қажеттіліктеріне сай білім жүйесінің барлық компоненттерімен қамтамасыздандыру. Қазіргі әлемдік жахандану жолдарының негізгі бағыты –өзгермелі бәсекелес жағдайға тез бейімделу және даму тұрақтылығының аса маңызды міндеттерін қанағаттандыру. Білім жүйесінің әлеуметтік капиталының дамуы мемлекеттің бәсекелестік қабілетімен анықталады.Қазақстанның білім жүйесінде жүргізіліп отырған реформа барлық білім жүйесін қамтиды. Осыған байланысты білім беру ұйымын басқарудың қазіргі қоғам талабына сай бағытын енгізу қажеттілігі туындап отыр. ЮНЕСКО анықиамасы бойынша сауатты басқарушы ол іс әрекеттің барлық түрлеріне қатыса алатын, сол әрекеттерде білім беру ұйымының тиімді жұмыс атқарылуы үшін сауаттылықты қажет ететін адам. Қазіргі заманғы басшының іс әрекетінің түрлерінің негізгісі: ол оқу-тәрбие үрдісін және білім беру мекемелерін басқара алуы. Басқарудың мазмұнын жоспарлау, бақылау, бағалау функциялары құрайды. Сондықтан қазіргі заман талабына сай білім беру ұйымында педагогикалық үдерісті бақылайтын балабақшаішілік бақылау қажет.

Балабақшаішілік бақылау – бұл жалпы мемлекеттік талаптар (стандарттар) мен қоғам сұранысы бойынша оқу-тәрбие үдерісіндегі барлық субъектілерді дамытатын және оны диагностикалық тұрғыда қарастыратын ауқымды шара. Балабақшаішілік бақылау – білім сапасын арттыруға және бекітілген стандарттар мен критерийлерге сәйкес білім беру ұйымдарында педагогикалық үдерісті тиімді ұйымдастыруға бағытталып отырған жұмыс.

Балабақшаішілік бақылау қарастырады:

- білім беру саласында заңнаманың орындалу барысын, республикалық және қалалық білім беру бағдарламаларының мақсатты түрде дамытылуын;

- білім беру ұйымдарында оқыту үрдісін реттеудегі нормативті құқықтық актілердің сақталуын;

- қаржы-шаруашылық қызметін және материалды-техникалық құралдардың қолданылуын;

- ұйым жарғысын, МІБ ережесінің сақталуын;

- педагогикалық үрдіс пен педагогикалық жұмыстың ұйымдастырылуын;

- тәрбиеленушілердің нәтижесін;

- білім беру саласындағы жобаларды жүзеге асыруда туындайтын кедергілерді анықтау.

Балабақшаішілік бақылаудың қағидалары:

Тұрақтылық;

Теориялық және әдістемелік сенімділік;

Жүйелілік;

Өзектілік;

Ашықтық.

Бақылау процесінің көрсеткіштер қатары:

бақылау процессінде өзара сыйластық көрсету;

жүйелілік және бақылау кезінде күтпеген жағдайдың болмауы;

педагогтердің кемшіліктерін ғана айтып қоймай, олардың жетістіктерін де ескеру;

жалпы бақылаудың нәтижесі оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.


Мақсаты: Педагогикалық ұжымды басқару әдісімен стилін жүзеге асыру,бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша оқу-тәрбие процесін нақты талдауды қамтамасыз ету. 

Осы бөлімді жоспарлау барысында балабақша педагогтарының қызметін бақылау үшін төмендегі бақылау түрлерін қолдануға болады.Олар:

Фронтальді
Тақырыптық. 
Салыстырмалы. 
Ескерту.
Бақылаудың басты міндеті: ол педагогтарға дер кезінде көмек беру, қателіктерін түзету және алдын алу, озат педагогикалық шеберлікті шолу және тарату болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелерде инспекторлық тексеру ұсыныстарына, педагогикалық кеңес шешімдеріне, балабақша бұйрықтарына, бағдарламаның барлық бөлімдерінің орындалуына бақылау және басқарудың жүзеге асырылуына ерекше көңіл бөлу керек. Топтарда балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру, ата-аналармен жұмыс, мектеппен байланыс, қауіпсіздік техника және еңбекті қорғау, жарақаттанудың алдын алу жұмысы үшін жағдай жасау керек.
Жоспарда бір топтың жұмысына фронтальді тексеру (қажеттілік бойынша) қарастыру керек болса онда бұл бақылау 1 күнге немесе бірнеше күнге созылуы мүмкін.Мұндай тексеру тәрбиешінің топпен және әрбір баламен қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын, балаларды не қызықтыратынын, бағдармалық материалды қалай меңгергенін, балалардың дағдысы мен танымының деңгейін, тәрбиешінің балаларды қабылдауын, ата-аналармен қарым-қатынасын, ҰОІӘ-ін өткізу шеберлігін, балалардың ойыны мен еңбегін қалай басқаруын, күн тәртібінің сақталуын, балалардың өмірі мен көңіл сергітуін ұйымдастыруын бақылауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар тәрбиешінің жұмысындағы қиыншылық туғызатын мәселелеріне керекті көмек беруді қамтамасыз етеді. Фронтальді тексерудің қорытындысы педагогикалық кеңесте немесе өндірістік кеңесте қаралады.
Тақырыптық бақылау мектепке дейінгі мекемелерде кең тараған бақылаудың түрі. Бұл бағдарламада көрсетілген белгілі бір тақырыптың шеңберіндегі тәрбиешінің жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді.Педагоги калық шеберлігі жоғары жұмыс істейтін топтарда тақырыптық тексеру озық тәжірибиені үйрену мақсатында жүргізіліп,таратылады.

Мектепке дейінгі мекемелерде салыстырмалы бақылау ерекше орын алады.Бұл бақылау - екі тәрбиешінің жұмыс іс-әрекетін салыстырмалы түрде тексерумен ерекшеленеді.Салыстырмалы тексеру екі параллель топта өткізіледі.Бағдарламалық материалдардың топтардағы балалардың меңгеруін, ақыл-ой, адамгершілік қасиеттерінің дамуын, ҰОІӘ-дегі балалардың өз алдына жұмыс істеу қабілетін, тәрбиешінің балаларды оқыту әдістемесін салыстырады.Бұл тексеру қорытындысы педагогикалық кеңесте қаралады.Бақылау тәрбиешінің жұмысын, іс-құжаттарын тексеру бойынша жүргізілуі мүмкін.Тәрбиешілер мен әдіскер екі деңгейде өткізіліп жатқан жұмыстардың ең тиімді түрін бірлесе қабылдайды.Бақылаудың бұл түрі алдыңғы қатарлы іс-тәжірибиелерді есепке алуға және оқу тәрбие процесінің жақсаруына әкеп соғады.
Жас тәрбиешілер жұмыс істейтін топтарда ескерту бақылауы жүргізіледі. Ол тәрбиешілердің іс-әрекетіне бақылау түрінде немесе тәрбиешілермен әңгіме түрінде жүргізіледі. Педагогтың жұмыс күніне дайындығы, озық іс-тәжірибені енгізуі, оқу тәрбие әдісін меңгеруі ескерту бақылауының негізі.Салыстырмалы бақылаудың ең басты мақсаты- педагог жұмысының қателіктердің алдын алу,

жұмысынжандандыру.

Жүйелі бақылау 
Күнделікті бақылауды талап ететін мәселелер:
1.Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша нұсқаулықтың орындалуы.
2.Оқу-тәрбие процесі, балалардың білім, іскерлік және дағды деңгейі.
3.Балалардың медициналық байқау нәтижелері.
4.Күн тәртібінде сауықтыру шараларын өткізу.
5.Балабақша және мектеп байланыс жұмысы мәселелері.
6.Балабақша педагогтарының іскерлігі мен педагогикалық шеберлігін арттыру.
7.Ұжымда дұрыс психологиялық жағдай туғызу.
8.Ата-аналармен жұмыс жүйесі.
9.Ішкі күн тәртібі ережелерін сақтау.
10.Қауіпсіздік техникасы.
11.Мүліктің сақталуы.
12.Материалдық базаны нығайту.

Айына бір рет бақылауды талап ететін мәселелер.
1.Ауруды талдау
2.Тамақтану нормаларын орындау.
3.Балалардың келу жоспарын орындау.
4.Балалардың бос уақыттарын дене шынықтыру, көңіл сергітулермен өткізу.
5.Топтар бойынша құжаттар жағдайы.Балалардың сурет салу және қол еңбектері жұмыстарын талдау.
6.Педкеңес шешімдерін орындау.
7.Есеп беруге жауапты қызмеркерлердің құжаттары мен есептері.
8.Азық-түлік қалдықтарын тексеру
9.Байқау, сайыс қорытындыларын жүргізу.

Тоқсанына бір рет бақылауды талап ететін мәселелер
1.Әдістемелік бірлестік жұмысына қатысу.
2.Балалар ауруларын талдау.
3.Денсаулық күндерін өткізу.
4.Топтарда ата-аналар жиналыстарын өткізу деңгейі.
5.Тоқсандағы бағдарламаның орындалуы.( педагогикалық ұжым шешімі бойынша)

Шұғыл бақылауға арналған мәселелер.
1.Таңғы гимнастика және күндізгі ұйқыдан кейінгі жаттығуларды дайындау, өткізу және тиімділігі.
2.Шынықтыру түрлері, оларды тиімді үйлестіру.
3.Балалардың күн кестесіндегі қозғалыс белсенділігі.
4.Үстел басында мәдениетті ұстау дағдыларын талдау 
5.Қоғамдық орындарда балалардың өзін ұстау дағдыларын бағалау (балалармен әңгімелесу және олардың ата-аналарымен сауалнама жүргізу қорытындылары бойынша).

Бақылаупарағы

Мерзімі


Мазмұны


Мақсаты


Тексеру түрі


Әдістері


Бақылайтын
қызметкер


Қайда қаралады


Ескерту



Балабақшаішілік бақылау-негізгі басқару функцияларының бірі болғандықтан, өзекті болып табылады. Балабақшаішілік бақылау- қойылған міндеттерге сәйкес, балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісін талдау және жан-жақты зерделеу мақсатындағы барлық жұмысты үйлестіру болып табылады. Оқу және тәрбие үрдісін басқарудың тиімділігі, басшы оқу үдерісінің жағдайы туралы қаншалықты деңгейде білетіндігіне байланысты. Балабақша меңгерушісі әдіскермен бірлесе отырып, балабақшада педагогтардың, сонымен қатар, тәрбиеленушілер ұжымының іскерлігіне басшылық етеді, яғни меңгеруші бүгінгі күннің талаптарына сәйкес оқу-тәрбие үдерісіне басшылық етуге тиісті. Сондықтан да, бақылау- өсіп келе жатқан ұрпағымыздың жоғары деңгейде сапалы білім алып тәрбиеленуіне бағытталуы қажет.

Қорыта келе, әрбір қызметкердің қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен орындауы, дер кезінде балабақшадағы жұмысты ұйымдастыруда кемшіліктерді байқап, жойып отыру. Педагогтардың жұмыс әдістерін үйрене отырып, оларды бағыттап отыру, педагогикалық шеберлікті шыңдау.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!