Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Балабақшамен қоштасу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Балабақшамен қоштасу
кеші
Дауыс: Тыңдаңыздар,
тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата-аналар! Балалардың
балабақшамен қоштасу
ертеңгілігіне________________________
_____________________________тобының түлектері
"Бақытты балалық шақ" Ұшағымен келіп қонды. Ертеңгілік барысында
қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып, қолдарыңыздан
келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап,
өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз.
Залға балалар әуенмен кіріп кіреді.
Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам боп шығамыз
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс
1-жүргізуші:
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды
Бізден ұшып қанат қағып есейіп
Өздеріңмен қоштасатын күн туды
2-жүргізуші
Бәріңдіде сәбиім деп сүйетін
Өздеріңдң сағынып біз жүрейік
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті сапар тілейік
1-жүргізуші:
Қымбатты ата-аналар, ұжымдастар, қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл
мәпелеп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына
шығарып салғалы отырмыз.
2-жүргізуші:
Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады
Ән: "Біріншіге барамын"
1.Бала:
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып бала бақшамен
Мектепке біз барамыз
2.Бала:
Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз
1-Жүргізуші:
Бөбек еді ол рас
Кіп кішкентай кешегі
Бүгін міне азамат
Болды бәрі деседі
2-Жүргізуші:
Тіл дамытып сурет салып
Жаттықтырды қолдарын
Мектебіне шығарып сап
Тілейік ақ жолдарын
Би: "Мы мальенкие звезды"
Тақпақтар:
3.Бала:
Мәпелеген анамыз
Бақша болды панамыз
Мектепке енді барамыз
Оқып білім аламыз
4.Бала:
Мектепке енді барамыз
оқимыз сауық құрамыз
Қашық емес арамыз
Бақшаға келіп тұрамыз
1-Жүргізуші:
Көтеріп келіп қолымен
Жетектеп уйге қайтатын
Сәбиі еді былдырлап
Сағынышын айтатын
2-Жүргізуші:
Тілі таза бүгінде
Жүгірмейді аптығып
Жүректері тұрма әлде
Қоштасатын шақты ұғып
Би: Испан
Тақпақ:
5.Бала:
Балабақшам қош енді
Әркез аман бол деймін
Әкем менен шешемді
Енді ертіп келмеймін
6.Бала:
Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақта
Өз үйіміз сияқты
7.Бала:
Қоштасып мен бүгін балалықпен
Қоштасамын сиқырлы бала бақпен
Танысып мектеп деген әлемменен
Достасамын біліммен даналықпен
(Көңілді әуенмен атқа мінгесіп Қожа мен Сұлтан келеді)
Жүргізуші: Ау бұл кмдер шаңдатып жібердіңдергой мына
жерді?
Қожа: Менің атым Қожа, ал мынау менің досым-
Сұлтан.
Біз көрші ауылға сабан тойға бара жатырмыз.
Жүргізуші: Қайдағы той сабақ қайда?
Сұлтан:- Басыңды қатырып неге керек, мен мектепте оқыған емеспін,
сондада аштан өліп көштен қалған жоқпын, әкемнің жылқыларын
бағамын.
Жүргізуші: Сондада, қалайша ата-анаң мектепке апармадыма?
Сұлтан: Апарды гой, бірақ маған ұнамады, күштеп апармақшы болып
еді, мен көлге қарай қаштым, содан әкем оқымасаң, оқымай ақ қой деп
райынан қайтты.
Қожа сықылықтап күліп)- Ой қатырған екенсің менде солай
істемесем.
Сұлтан: Ой....... Ол өнерімде көпке бармады, бір күні әкем жұрттың
балалары білім алып жатыр, мен сияқты өмір бойы малдың соңында жүре
бересіңбе? мектепке бар деп зекіді. Мен бұрынғы әдетіме салып,
"Мектепке апарсаңдар көлге батамын" деп қорқытпақшы болып едім,
әкем ой жүгірмек, батқың келсе кел өзім ақ батыра қояйын- деп
шашымнан сүйремесі барма сүйтіп амал жоқ сүйретіліп, 17 ге келгенше
3- ақ сыныпты оқып шықтымғой.
Жүргізуші: Бүгін бізде той, келіңдер білім сайыстырайық.
Сұлтан: Ой мен ойын ойнағым келмейді, оданда асық ойнап күш
сынасайық. Былтырғы сабан тойда, сендердей майшабақтардың онын
жыққанмын.
Жүргізуші: Оның не сен үлкен жігітсіңғой.
Сұлтан: менің бойым ұзын болғанымен, арықпынғой. (балалардың қасына
барып қолының бұлшық етін көрсетеді)
(Әуенмен ортаға ғұлама Ғалым келеді)
Ғалым: Уа халайық, менің патшалығымда жайсыз жағдай болып тұрғаны
біздің патшалықтың көркі болған, білім байтерегі жеміс бермей солып
барады оған себепші, жалқау, сабақ оқымайтын уақытын бос өткізетін
балалар.
Өнерменен білімнен
Нәр алатын бәйтерек
Еңбекқормен талаптыға
Жеміс берер бәйтерек
Саясы оның талайға
Пана болған бәйтерек
Жемісін жеп талайлар
Дана болған бәйтерек
Енді солып барады
Кім құтқарып қалады
-Біздің байтеркті, өнерлі білімді балалар ғана құтқара алады.
Жүргізуші: -Бізде ондай балалар көп, қалай балалар көмектесеміз
бе?
Би: Циган
Тақпақтар:
8.Бала:
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызды қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
9.Бала:
Есіңдеме әке-ана
Бірден жаңа асқанда
Кіп-кішкентай мына мен
Әкелгенің бақшаға
10.Бала:
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біз мектепке барамыз
11.Бала:
Сен үйреттің сөйлеуді
Сенде ойым есейді
Мен мектепке барамын
Балабақшам қош енді
Ғалым: Жарайсыңдар балалар өнерлі екенсіңдер. Қане Сұлтан сенің
қандай өнерің бар.
Сұлтан: Мен санау білемін. 1,3,5,4,2
Ғалым:- Дұрыспа балалар? Қане кім санап береді?
(Балалар үш тілде санайды)
Ғалым: Рахмет, өркендерің өссін сендердің арқаларында біздің
бәйтерек қайтып жайнап көтерілді. Білім әлеміне атағалы тұрған
алғашқы қадамдарың құтты болсын.
Сұлтан: Сендерге қарап өзім үшін қатты ұялып тұрмын. Шынын айтсам
оқымағаныма өкінемін. Мен тек қолымдағы саусақтарым жеткенше санай
аламын. Мен сияқты болмаңдар оқыңдар балалар.
Қожа: Қой менде мектепке барайын сау болыңдар балалар!
1-Жүргізуші:
Ән саламыз бас қоса,
Бақшаменен қоштаса.
Күніміз тұрсын күлімдеп,
Жүрейікші достаса.
2-Жүргізуші:
Көңілді өскен баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Тойымызға сән беріп,
Ән де айта аламыз
Ән "Біз мектепке барамыз"
Көрініс: "Портфель"
1-Жүргізуші:
Алуға терең білімді,
Мектепке енді кеттіңдер.
өсті міне бойларың,
өсті ақыл ойларың.
Қуанышқа ортақпыз.
Құтты болсын тойларың!
Сәтті болсын жолдарың,
2-Жүргізуші
Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім,
Ерекше қызық тілдерің,
Естен кетпес үндерің.
Сүйкімді балғын бала шақ,
Сендердіке болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар
Би: "Прошальные игрушки
Жүргізуші:
Күтеді мектеп ана сіздерді
Басады аға-әпке салған іздерді
Қоштассада әсем балабақшамен
Ұмытпайды апайларды сіздерді
Тақпақтар:
12.Бала:
Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтанда біз үшін
Артықсыз біз басқадан
Гүлмира апай мың алғыс
13.Бала:
Өздеріңді ұмытпай
Есімізге аламыз
Әдіскер апай сізгеде
Ризамыз мың алғыс
14.Бала:
Баланың ойын әр кезде
Жан тәнімен түсінген
Гүлжазира апай сізгеде
Білдіреміз мың алғыс
15.Бала:Денсаулыққа болаттай
Ауыруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Дәрігер апай мың алғыс
16.Бала:
Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сыйпаған
Гүлнәсип апай мың алғыс
17.Бала:
Жайдары жүз ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ағылшын тілін үйретіп
Ақыл айтып тұратын
Ағылшын апай мың алғыс
18.Бала:
Үйренгенбіз өнерді
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Биші апай мың алғыс
19.Бала:
Ерекше біздің бір апай
Біз қараймыз таңырқай
Ән үйрендік апайдан
Ешқашанда жалықпай
Музыка апай мың алғыс
19.Бала:
Тәтті тағам пісрген
Алдымызға ұсынып
Айран, сүтін ішкізген
Айтамыз алғыс сіздерге
Шын көңілмен
19.Бала:
Бізде мұнда әрдайым
Төсегіміз дап дайын
Қамымызды ойлаған
Апайларға мың алғыс
Ән: "Қош бол балабақша"
Жүргізуші:
Жаңа өмір басталсын
Үміт сенім ақталсын
Ұмытылмай балабақша вальсі
Көңілде бәрі сақталсын
Би "Қоштасу вальсі