Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Балабақшаның жылдық жоспары 2022-2023 оқу жылы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ақерке» бөбекжай» КМҚК
БЕКІТЕМІН «Ақерке» бөбекжай» КМҚК директоы___________А.Назирова «_______»_______2022 жыл |
№1 педагогикалық кеңесінде
талқыланды
«_______»_______2022
жыл
«Ақерке» бөбекжай»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары
ТОПАР КЕНТІ
ІІ. Өткен оқу жылының тәрбиелеу мен оқыту жұмысы бойынша талдауы
2.1. Бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша білім беру салаларының мониторингі:
Бөбекжайдағы жемісті жұмыстардың көрсеткіштерінің бірі, балаларды мектепке сапалы дайындау болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруге жүргізілетін мониторинг балалардың бес білім беру саласы бойынша даму динамикасын қадағалауға мүмкіндік берді. Тәрбиеленушілердің білімін мөлшерлеуші ретінде, балаларды жетілдіруді дамыту деңгейінің диагностикалық картасы қолданылады. Бұл үшін барлық жастағыларды зерттеу картасы әзірленген. Мөлшерлеу құралы болып, әр түрлі тақырыптағы тапсырмалар, 5 білім беру саласы: «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» салалары бойынша әр түрлі жастағы топтарда жүйелендірілген дидактикалық материалдар қолданылады. Балаларды бақылау әңгілелесу, бала әрекетінің өнімдерін талдау, диагностикалық жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Тексеру нәтижелеріне өтпелі тақырыптық есеппен қорытынды жасалады және одан әрі жұмыс істеу үшін түзетулер енгізіледі.
Мектепке дейінгі білім беруде сапалы қызметті қамтамасыз етуде мектепке дейінгі жастағы балалардың біліктері мен дағдыларын дамытудың маңызы зор. Индикаторлар – білім беру салалары бойынша баланың жасына сәйкес күтілетін нәтижелерге жету көрсеткіштері. Күтілетін нәтижелер баланың әр жас топтарына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған. Баланың күтілетін нәтижелерге жетуі педагогтың баланың дамуын үнемі бақылауы яғни диагностика арқылы іске асырылады. Мониторинг баланың біліктері мен дағдыларының даму динамикасын оның түзетуді қажет ететін ерекшеліктерін ашуға, өзара әрекет ету тәсілдерін өзгертуге, педагог тарапынан қамқорлық пен көңіл бөлуді ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, жүйелі бақылау ретінде қарастырылады. Балаларды жектілікті дамытуды бағалау үшін «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығына сәйкес тәрбиеленушілердің білімін бағалау өлшемдері қолданылды. Балаларды тәрбиелеу мен оқыту деңгейлерін қадағалау баланың жасына сәйкес жетістіктерінің мониторингі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы дайындаған Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымына сүйеніп жасалынды. Стандарт талаптары бала дамуының 3 деңгейі болуын қарастырады және бала жетістіктерінің мониторингі негізінде жасына сәйкес іске асырылады:
1) 1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді қайталай алады;
2) 2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие;
3) 3-деңгей – бала өзінің білетінін жасай алады, білімін өз бетінше шығармашылықпен қолданады.
Диагностиканы жүргізу кезеңдері: жылына 3 рет – оқу жылының басында, ортасында және соңында жүргізіледі.
- бастапқы – қыркүйек;
- аралық – қаңтар;
- қорытынды – мамыр.
Индикаторлар көрсеткіш ретінде баланың даму мониторингін қамтамасыз етеді және оның жеке дамуын жоспарлауға негіз болып табылады. Осы диагностика негізінде тәрбиеші, психолог және педагог мамандармен бірге Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейін анықталды. Нәтижесіндеоқу жылының соңында жүргізілген зерттеу мониторингісінің салыстырмалы қорытындысы «Қатынас», «Денсаулық», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» бес білім беру салалалары бойынша анықталып, жүргізілді. Мониторинг баланың түрлі кезеңдегі біліктері мен дағдыларының даму динамикасын анықтауға, педагогтың алдағы іс-әрекетін жоспарлауға, мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуына қажетті жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік берді. Оқу жылының басында тәрбиеленушілерден бастапқы диагностика алынды. Нәтижесінде төмен деңгейдегі балалардың үлесі-42,5%, орташа деңгейдегі балалардың үлесі-54,2%, жоғары деңгейдегі балалардың үлесі-9,4%-ды көрсетті.
Аралық бақылау нәтижесінде, тәрбиеленушілерден аралық диагностика алынды. Нәтижесінде төмен деңгейдегі балалардың үлесі-31,5%, орташа деңгейдегі балалардың үлесі-64,2%, жоғары деңгейдегі балалардың үлесі 4,3%-ды көрсетті.
Оқу жылының соңында тәрбиеленушілерден қорытынды диагностика алынды. Қорытынды бағалау мониторингті жүргізу үшін аралық бақылау мониторингтің бағалау нәтижелерін басшылыққа ала отырып, карантинге дейін жұмыстанған екі айда жүргізген жеке жұмыстарының бағалау нәтижелері бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына қорытынды бақылау мониторингі жүргізілді. Нәтижесінде төмен деңгейдегі балалардың үлесі-16,8%, орташа деңгейдегі балалардың үлесі-42%, жоғары деңгейдегі балалардың үлесі 26,3%-ды көрсетті. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келесі оқу жылында тәрбиеленушілермен жеке жұмысты күшейту қажеттігі анықталды. Мониторинг нәтижесі бойынша балалардың құзыреттіліктерінің даму динамикасының оңтайлы екендігі байқалады. Бұдан ұйымдастырылған оқу қызметтері жеткілікті деңгейде жүргізілуде деген қорытынды жасауға болады. Биылғы жылы бөбекжайда балалардың даму құзыреттіліктерінің диагностикасы ғана емес, сонымен қатар балалардың мектепке дайындығына да талдау жасалған. Бітірушілер тобы біреу. Талдау нәтижесі төмендегідей:
-
№ р/с
Зерттелген білім беру салалары
Қыркүйек 2021ж.
Қаңтар 2022 ж.
Мамыр 2022 ж.
Балалардың даму деңгейі
І
ІІ
ІІІ
І
ІІ
ІІІ
І
ІІ
ІІІ
5 жастағы мектепалды даярлық тобы
1
Сауат ашу негіздері және сөйлеуді дамыту
9%
91%
-
8%
93%
4%
100%
2
Математика негіздері
17%
83%
17%
83%
11%
91%
Орташа пайыз:
13
87
-
12,5
88
-
7,5
85,5
Қыркүйек 2021ж. қаңтар 2022ж. Мамыр 2023 ж.
Салыстырмалы бақылау нәтижесінде, тәрбиеленушілермен тіл дамыту жұмыстарын жиі жүргізу, балаларды өз бетінше әрекет етуге, ойын ашық айта білуге үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сурет салу өнеріне баулу, ермексазбен жұмыс жасау технологиясын үйрету қажеттілігі анықталды. Тәрбиешілер мен басқа барлық мамандардың жұмыстары өте тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі. Балалардың даму деңгейін тексеру және бақылау әдіскер К.О.Жылкыбаеваның басшылығымен әдістемелік кеңесте талқыланды.
Ұсыныс: тәрбиеленушілермен жеке, топтық жұмыстарын күшейту, шығармашылыққа бейімдеу, жаңа технология элементтерін ұйымдастырылған оқу қызметінде жүйелі қолдану, ата-аналармен байланысты нығайту.
Шешу жолдары: Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сай дидактикалық материалдарды, көрнекіліктерді дайындау, тәрбиешілердің біліктіліктерін арттыру жұмыстарын жандандыру.
2.2. Жылдық жоспардың ұйымдастырылған педагогикалық қызметі жұмысының орындалуы бойынша талдау
«Ақерке» бөбекжай» КМҚК ұжымының оқу-тәрбиелік жұмысы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығы және «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрығы талаптарына сәйкес тәрбиеленушілердің білімділік құзіреттілігін қалыптастыру мақсатына бағытталған. Жан–жақты дамыған, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қиын да ұзақ үрдіс. Ол өмір бойы жалғасын табады. Бірақ ең белсенді сезімдер, өмірлік ұстанымдар, адамдарға деген көзқарас, өзін-өзі ұстау мәнері әсіресе мектепке дейінгі жылдарда қалыптасады. Баланың дағдыларын, ойлау қабілетін, шығармашылық қиялын, психологиялық икемділігін тұлғаға бағытталған оқыту қалыптастыратындықтан, балаларды тәрбиелеу және оқыту өте тиімді болып табылады.
Бөбекжай мақсаты: Балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау, мектеп жасына дейінгі балаларға экология құралдары арқылы, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты жалпылама түсініктерді қалыптастыру. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру.
Бөбекжайдың басымдылық бағыты:
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізі бағыттары:
- әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта құруды;
- балаларды қызықты ойын түрінде (шаршауды болдырмау үшін) тәрбиелеу, оқыту және дамытуды;
- баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субъект) деп тану;
- ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруды;
- мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіруді (қауіпті немесе қауіпсіз әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларын басқару; баланың жалпы когнитивтік дамуы);
- әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың сапалы мектепке дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету
Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі негізгі қағидаларды назарда ұстау ұсынылады:
- ойын арқылы оқыту; - білім беру салаларын кіріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту, дамыту.
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру барысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру мақсатына сәйкес келесі күтілетін нәтижелерге жету ұсынылды:
мектепке дейінгі ұйым деңгейінде:
- мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы бақытты, дені сау, дербес, білуге құмар, тіл табысқыш, сын тұрғысынан ойлайтын балалардың толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға;
- вариативтік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, оқытудың әртүрлі әдістемелері мен технологияларын, білім беру процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалануға;
- баланың даралығы мен субьективтілігін қолдауға бағытталған трансформацияланатын ойын және тақырыптық аймақтар, инклюзивті дамытушы орта құруға;
- ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыруға;
- отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейтуге;
- ерте жастағы балалар үшін жағдай жасауға
Балаларға:
- физикалық аман-саулықты;
- әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттілікті;
- когнитивтік және қарым-қатынас дағдыларын дамытуды;
- таным мен зерттеуге деген жоғары ішкі мотивацияны дамытуды;
- бастамашылықты, дербестікті және жауапкершілікті дамытуды;
- өзіне және айналасындағыларға қамқорлық көрсетуді;
- өз бетінше саналы таңдау жасай білуді;
- командада жұмыс істей білуді;
- сын тұрғысынан ойлауды дамытуды;
- креативтілікті қолдауды;
- психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етуге;
ата-аналарға:
- білім беру процесінің қатысушылары болуға;
- баланың психикалық және физикалық денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге;
- баланың жеке мүмкіндіктерін дамытуға;
- көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға;
- үйде баланың толық дамуы үшін жағдай жасауда консультациялық көмек алуға мүмкіндік береді.
Алға қойылған тапсырмаларды МДББМ іске асыру жұмыстары:
-
Театрландыру элементтерін пайдаланып, театрланған ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет өткізу;
-
Күнделікті өмірде, өмірлік сәттерде қолдану;
-
Тақырыптық сұхбаттасу арқылы өзекті мәселені шешу;
-
Мемлекеттік тақырыптағы мереке (Конституция күні, Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл, 8 наурыз Наурыз, Халықтар достығы күні, Жеңіс күні және т.б.) іс-шара өткізу;
-
Бейнетаспалар көру, суреттер, мемлекеттің өмірін сипаттайтын суреттер көрсету;
-
Ата-аналарды қатыстырып, байқаулар ұйымдастыру.
Қорыта келе, бөбекжайдың оқыту-әдістемеліктің басты бағыттары мыналар:
- Баланың зияткерлік қабілеттілігін қалыптастыру үшін тиісті шараларды жасау;
- Баланың эмоционалды өмірі үшін қажетті талаптарды орындау;
- Мектепке дейігі білім беру мекемесінде өтетін сауықтыру шараларын ұйымдастыру.
Оқу-тәрбие жұмысы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрығыталаптарына сай іске асырылады. Әдістемелік оқытудың мазмұны ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 12 тамыз №499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізге алып және «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасымен жұмыс жасады. Оқу жылы бойы осы бағдарламаларды ескере отырып, болашақтағы жоспарларға түзету жүргізілді.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асыру үшін нақты жағдайлар жасалды және тәрбиеленушілердің зияткерлік қабілеттерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының туған күніне орай «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс-шаралар жоспары жасалынып, жоспар аясында 03 ақпан 2022 жылы «Сара-алтын жүрек анамыз!» тақырыбында кітап көрмесі, 04 ақпан күні «Еркетай» мектепалды даярлық тобында психолог Н.Иманбай «Көтеріңкі көңіл-адамгершілік бастауы» тақырыбында тренинг, 05 ақпан күні тәрбиеленушілер арасында «Ана, бейбітшілік, достық» тақырыбында сурет салудан шығармашылық сайыс, 10 ақпан күні «Жүрекке жол тапқан-мейірімді Сара Алпысқызы!» мерекелік ертеңгілік, 12 ақпан күні «Еркетай» мектепалды даярлық тобында тәрбиеші А.Б.Куршибаева ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өтіп, өткізілген шаралар басылым беттеріне, әлеуметтік сайттарға жарияланды. Балабақша топтарындағы тәрбие процесі СанПин талаптарына сәйкес ұйымдастырылды. Балабақшадағы тәрбие процесінің мазмұны мен ұйымдастырылуы педагогтардың перспективалық-тақырыптық жоспарларымен, әр жас топтары үшін апталық циклограммамен реттелді.
Оқу процесінің бағыты таңдалған білім беру бағдарламасының келесі принциптерге сәйкестігін қарастырады:
- балалардың табиғи қызығушылығына сену;
- балалардың жеке басының бағытын ескере отырып,
- балалардың танымдық белсенділігін ынталандыратын білім беру ортасын ұйымдастыру.
Бір жыл ішінде әдістемелік және оқу әдебиеттері, оқу құралдар, қаралып, талданды. Тәрбиешілер жаңа дидактикалық оқулықтар, түрлі тақырыптар бойынша тақырыптық материалдар дайындады. Бір жыл ішінде тақырыпты дамыту ортасын жабдықтау мәселесі шешілді. Оқу жылының басында жүзеге асырылатын білім беру бағдарламасының талаптарын және білім беру салаларының интеграциясын ескере отырып, оны құру үшін көптеген жұмыстар атқарылды. Барлық топтардағы дамытушы орта байытылды: рөлдік ойындарға атрибуттар, қуыршақтар жиынтығы, т.б. жинақталды.